79
көтерілісшілер жағына шығуға үгіттейді. Бірақ хан Сырым батыр жағына шықпайтынын
білдіреді. Ол «бүкіл қазақ халқы, бауырларым, балаларым менен бөлініп кетсе де мен
патшаға берген антымнан, адалдығымнан таймаймын»- деп бар үмітін патша әкімшілігінде
екендігін көрсетті. Сырым Датұлы бастаған ұлт-азаттық соғыстың бірнеше кезеңінде Кіші
жүздегі саяси дағдарыс Нұралы ханның кетуіне әкелді, қазақтар біршама жеңістерге жетіп,
Сырым батырдың беделі өсті. 1786 жылы 3 маусымда патша Нұралыны хандықтан айырып,
Уфаға жер аударды.
1786-1790 жылдарда Кіші жүз қазақтарының қоғамдық-саяси өміріне жаңаша сілкініс
әкелуі. О.М. Игельстром қазақ жеріне жаңа орыс билігін орнату үшін дәстүрлі хандық
биліктің орынына орыс әкімшілік-басқару жүйесін іске асыру үшін, реформа жүргізуге
кірісті. Хандық жойылғаннан кейін патша әкімшілігі мен сұлтандар арасында халықты
қалпына келтіру үшін күрес күшейе түсті. Сырым батыр мен старшындар халық билігін
орнату үшін күресін жалғастырды. Халық кеңесін құру және оны шақыру XVIII ғасырдың
80-90-жж. қазақ демократиясының тұңғыш идеясы болды. Тарихшы С. Мәшімбаевтың
пайымдауынша, Дала демократиясының іске асуына жетекші жасаған Сырым Датұлы
болды.
О.А. Игельстромның орнына жаңа тағайындалған генерал-губернатор А. Пеутлинг
Нұралының інісі Ералымен байланыс жасап, қазақ қоғамына қатысты қатал саясат ұстанды.
Губернатордың саясатына сәйкес Жайық казак-орыс әскерлері қазақ ауылдарына
шабуылдарын қайта үдетті. Старшындарға қарсы саясат жүргізіп, олардың билігіне шек қоя
бастады. 1790 жылы Орынборға барған билер мен старшындар қамауға алынады. Осы жылы
Уфа қаласында Нұралы хан қайтыс болып, орнына билер мен ру басылары жиналып Есім
сұлтанды Кіші жүздің ханы етіп сайлайды. Бірақ патша әкімшілігі бұл сайлауды
мойындамай, хандыққа Ералыны ұсынды. 1791 жылы күзіне қарай генерал-губернатордың
қатысуымен Ор қаласының жанында өткен жиналыста билер мен ру басыларының шешіміне
қарамастан Ералы хан сайланды. Ералының хан сайлануы ел ішінде наразылық тудырып,
стихиялық баскөтерулер байқалды. С. Датұлы Кердері және Табын руларының
старшындарына хат жазып, ауылдарды Мұғаджар тауларына көшіру керек
екенін және өзінің
патша үкіметіне қарсы күреске шығатынын хабарлайды. Бірақ оның пікірі старшындар
арасынан қолдау таппайды. Оған қарамастан азаттық күресі жалғасып, негізінен шекара
өңіріндегі руларды қамтиды. 1792 жылы қыркүйекте Сырым бастаған
көтерілісшілердің Елек
қаласына жасаған шабуылы сәтсіз аяқталады.
1794 жылы Ералы хан қайтыс болғаннан кейін патша үкіметі жаңа хан сайлауға
біршама ойланып барып, 1795 жылы Нұралының баласы Есім хандыққа сайланады.
1786 жылы хандық биліктің орынына «Халық Кеңесін» еңгізді. Әрбір руды
старшындар басқарып, ел арасында тыныштық орнату үшін арнай жасауылдар құрған.
Жасауыл аға старшындарының сенімді адамына айналды. Бас старшын болып Сырым
Датұлы тағайындалды. Кіші жүзде 1785, 1786 және 1787 жылдарда Халық Кеңесінің
съездері
шақырылды.
1786-1787 жылдар қысында Кіші жүз қазақтары тыныштықта Еділ-Жайық аралығын
қыстады. Олар ішкі бетке өтерде орыс әкімшілігіне адалдық танытып, ант берумен қатар,
шекара бекіністеріне аманат қалдырған. Бұл старшындар билігі негізінде жүзеге асты.
Сырым батыр бастаған ұлттық азаттық қозғалыстың басты нәтижесі Еділ-Жайық өзені
аралына қазақ -руларының көшуі болды. Сырым Датұлы Нұралының ұлы замандасы Бөкей
ақыл кеңісін беріп жігерлендіріп отырған. Бөкей Ордасы тарихын зерттеуші Академик С.
Зиманов «Халық тарапынан кеңінен қолдау тапқан, үлкен сеніммен абыройға ие болған
Сырым батыр және оның төңірегіндер Жайықтың оң жағына өтудегі алғашқы жол сілтеген
болды. Бөкей сұлтан осы істі жүзеге асыруды Сырымның қолдауын, ақыл-кеңесін
басшылыққа алды»- деп жазды.
Үшінші кезеңде 1790-1797 жылдарда орыс-казак бекіністеріне шабуылдарын
жалғастырылды. 1792 жылы Сырым бастаған 1000 қазақ жігіттері 29 қыркүйекте Елек
81
асырылмады. “Игельстром реформасы” жүргізілуі барысында қазақтар Еділ мен Жайық
өзендерінің арасындағы жерлерге көшіп-қонуға рұқсат алған соң, кейінірек, 1801 жылы
қосөзен аралығында екінші хандық - Бөкей Ордасы (Ішкі Орда) құрылған еді.
Бұл жағдайдың
барлығы Кіші жүздегі түрлі әлеуметтік топтардың арасындағы қатынастардың шиеленісуіне
әкелді.
Бақылау сұрақтары:
1.
Е. Пугачев неге өзін ІІІ Петр патшамын деп жариялады?
2.
Нұралы мен Пугачев арасындағы келіссөздерге талдау жасаңыз және олар
қалай аяқталды?
3.
Сырым Датұлы бастаған көтеріліс қашан болды және ол қалай аяқталды?
4.
Айшуақ сұлтан қай жылы хан тағына тағайындалды?
Достарыңызбен бөлісу: