93
жүйесін енгізді. Алғаш Кіші жүз қазақтары шекаралық комиссия арқылы басқарылды, ал
Орта жүз қазақтары шекаралық басқармаға бағынды. Кейін 1822-1824 жж. Ресей империясы
Орынбор және Сібір ведомстваларының территориясында тұратын Кіші және Орта жүз
қазақтарын басқару туралы Жарғыларды қабылдады.
Осы және одан кейін жалғасқан ХІХ
ғасырдың 30-50 жылдарындағы реформалар патшалық Ресейдің қазақ жерлерін одан әрі
отарлау үшін жағдай жасады. ХІХ ғасырдың 60 жылдарының аяғына қарай қазақ даласы
тұтастай Ресей империясына бағынышты болды және жаңа заңдар қабылданып, Ресейлік
басқару жүйесіне қарай жақындатылды.
Бақылау сұрақтары:
1.
ХІХ ғ. қазақ даласында болған көтерілістердің себептерін жүйелеп көрсетіңіз.
2.
Тентек төренің Қоқан үстемдігіне қарсы көтерілісі қашан болды және ол қалай
аяқталды?
3.
Ақмола бекінісі үшін Кенесары бастаған шайқас қашан болды?
4.
1841-1842 жылдары Қоқан хандығының қол астындағы қазақ жерлерін азат ету
үшін болған күресте Кенесары қандай қалаларды азат етті?
Достарыңызбен бөлісу: