45
Ақ Орданың әскери күшіне ие болған Тоқтамыс 1380 жылы Алтын Орданы алды.
Сөйтіп, ол бір мезгіл (1380-1395 жж.) Ақ Орда мен Алтын Ордаға хан болды. ХІV ғасырдың
80-жылдары Тоқтамыс Ақ Орда мен Алтын Орда жерін түгел бағындырып, Әмір Темірге
қарсы шықты. Осы кезде Әмір Темір мен Тоқтамыс арасындағы ұзаққа созылған қанды
соғыс басталды. 1395 жылы Кавказдағы Терек өзенінің аңғарындағы шешуші шайқаста Әмір
Темір Тоқтамысты жеңіп, Алтын Орданы талқандады.
ХІV ғ. аяғы – ХV ғ. басында сыртқы саяси ауыр жағдайлар мен ішкі қырқыстар кезінде
Ақ Орда әлсіреп кетті. Әмір Темірдің тонаушылық жорықтары және ішкі тартыстар Ақ
Орданы әлсіретті.
1423-1428 жж. Орыс ханның немересі Барақ біраз уақыт бойы Ақ Ордадағы өз
әулетінің билігін қалпына келтірді. Ақ Орданың соңғы ханы Барақ Самарқанның билеушісі
Темірдің немересі Ұлықбекті жеңіп, Сырдарияның бойындағы көптеген қалаларды өзіне
қаратады. Бірақ ол көп ұзамай қаза табады, сосын Ақ Орданың жеріндегі билік Шайбан
ұрпағы Әбілқайырдың қолына көшеді.
Саяси жағынан іс жүзінде дербес, экономикалық жағынан тәуелсіз болған, сыртқы
саясатта өзіндік бағыт-бағдары, билеуші хандарының әулеттік жөн-жосығы бар Ақ Орда
мемлекеттік бірлестігі ХІV-ХV ғғ. Шығыс Дешті-Қыпшақ пен Түркістан жеріндегі
этникалық топтардың, тайпалар мен халықтардың бастарын қосып, біріктіруде маңызды рөл
атқарды. Кейін Ақ Орда мемлекеті Қазақ хандығының құрылуына негіз болды.
Достарыңызбен бөлісу: