3
АЛҒЫ СӨЗ
«Қазақстан тарихы» Қазақ ұлттық аграрлық университетіндегі мамандықтардың 1 курс
студенттерін кредиттік жүйе талаптарына сай оқытуға арналған оқу құралы.
Кеңес дәуірі кезеңінде Қазақстан тарихы КСРО тарихының мүддесіне сай жазылды.
Қазақ халқының мәдени және тарихи мұрасына айтарлықтай мән берілмеді. Қазақ халқы
«тек» көшпелі болды, оларда «қала» мәдениеті болмады деген жаңсақ пікірлер де орын
алғаны белгілі.
«Қазақстан тарихы» курсы ҚР Білім және ғылым министрлігі ұсынысымен бекітілген
және іске қосылған ҚР жалпыға бірдей міндетті мемлекеттік білім беру стандарты бойынша
жоғары оқу орнында оқытылады.
Қоғамның обьективті тарих біліміне ынта-ықыласы мен қажеттігін, Қазақстан тарихы
үрдісінің үздіксіздігін, қазақ халқы тарихы мен мәдениетінің ежелден
бастап қазіргі заманға
дейінгі сабақтастығын жаңа айқындамалар тұрғысынан ашып көрсету «Қазақстан тарихы»
пәнінің
негізгі
мақсаты
болып табылады.
Пәнді оқыту
міндеттері:
Қазақстан тарихын қазақ мәдениетінің ажырамас бөлігі
ретінде көрсету; ежелгі Қазақстан тарихын жан-жақты сипаттау; орта ғасырдағы қазақ
жеріндегі қағанаттардың тарихын, монғол шапқыншылығын, Қазақ хандығының тарихына
жан-жақты талдау жасау; Қазақстанды Ресей империясының жаулауы, әкімшілік-әміршіл
жүйенің қалыптасуын көрсету; жаңа және қазіргі замандағы Қазақстан тарихын сипаттап,
тәуелсіз Қазақстан тарихын жеке талдау.
Курсты меңгеру нәтижесінде студенттер
білуі
тиіс: көне Қазақстан тарихын,
мемлекеттілік туралы түсінікті, монғол шапқыншылығын, Қазақ хандығының тарихын,
Ордалар тарихын, Ресей империясының Қазақстандағы саясатын, кеңестік идеологияның
ықпалын біліп, қазіргі заманғы тарихымыздың аса ауыр тұстары кеңестік әкімшіл-әміршіл
кезеңмен сәйкес келетінін, осы кезеңнің қайшылықты тұстарының кейбір көлеңкелі,
мәселелерін жаңа көзқараспен сипаттауға үйреніп, кеңестік тоталитарлық жүйенің жазықсыз
жазалауына ұшыраған халқымыздың көрнекті мемлекет, ғылым мен мәдениет қайраткерлері
туралы, қазақ жеріндегі Тәуелсіздік жылдарында Қазақстан әлемдік қауымдастықтың
толыққанды мүшесі болғанын, Қазақстанның 2010 жылы Еуропадағы қауіпсіздік және
ынтымақтастық ұйымына төрағалық етуі туралы шешім оның сенімді дәлелі болғаны,
Қазақстан-2050 туралы мағлұмат алады.