Буйраева Ж.Ө., Ахантаева Ә. Ж. ҚАзақстан тарихы


Қазақстанда  ауыл  шаруашылығын  ұжымдастыру



Pdf көрінісі
бет59/78
Дата31.12.2021
өлшемі1,51 Mb.
#107177
1   ...   55   56   57   58   59   60   61   62   ...   78
Байланысты:
buiraeva zho akhantaeva zh kazakstan tarikhy

Қазақстанда  ауыл  шаруашылығын  ұжымдастыру. 
Большевиктер 20-шы  жылдары 
ЖЭС-ті ұзақ мерізімді  саяси стратегия деп есептеді. Сондықтан, олар ЖЭС аясында шаруа 
қожалықтарын  біртіндеп  кооперативтендіру  арқылы  ауыл  шаруашылығын  социалистік 
жолмен  қайта  құруды    көздеді.    Шаруалар  кооперациясы  мемлекеттік  тұрғыдан  еріксіз 
күштеу  арқылы  емес,  керісінше  экономикалық    қажеттіліктен  туындайтын  қозғалыс  болу 
керек  еді. 
Большевиктер қазақ ауылында әлеуметтік теңсіздікті жою мақсатында шабындық және 
жайылымдық жерлерді бөліске салды. Ф. Голощекин: «Жайылымдық жерді  бөлу деген не?» 
дей  отырып,  бұл  науқанға  зор  екпін  беру  үшін  және  өз  төңірегіндегі    большевиктерді 
жігерлендіру үшін   «Бұл кіші Қазан» деп атады.  
Қазақстан Орталық Атқару Комитеті-і (ҚОАК) және Халық Комиссарлар Кеңесі (ХКК) 
1926  ж.  20  мамырда  «Жерге  орналаспай  жерді  пайдаланатын  көшпелі  және  жартылай 
көшпелі  аудандардың  шабындық  және  егістік  жерлерін  уақытша    қайта  бөлу  туралы»  заң 
қабылдады. Оған сол кездегі Халық Комиссарлары Кеңесінің төрағасы және Орталық Атқару 
Комитеті төрағасы қызметін уақытша атқарушы Н. Нұрмақов қол қойды. 1927 ж. 3 ақпанда  
бұл  заңға  ішінара  толықтыру  енгізілді.  Онда  шабындық  және  жайылымдық    жерлер  жан 
басына  қарай  бөлінетінін,  мұндай  бөлініс  мүмкін  болмаған  жағдайда  үй  басына  қарай 
бөлінетіні туралы атап көрсетілді. Бұл жұмысты жоғарыдан жүргізу  Қазақстанның Егіншілік 
халық  комиссариатына    тапсырылды және    бұған  жоғарғы  қарқын  беру  үшін  губерниялық, 
уездік  және  округтік  атқару  комитеттері    жанынан  ерекше  жедел  «бестіктер»,  ал  болыстық 
атқару  комитеттері  мен  ауылдық  кеңестер  жанынан  «үштіктер»  ұйымдастырылды. 
Қазақстанда большевиктер 1926-1927 жылдары  1250 мың десятина жайылымдық және  1360 
мың десятина шабындық   жерлерді бөлді.  Бөлінген шабындық жердің  61,6 %-ін кедейлер, 
8,8%-ін ауқаттылар алды. Ал  жайылымдық   жердің 59,3%  кедейлерге, 31,7% орташаларға 
және 9% ауқатты қожалықтарға берілді.  
Қазақтың  дәстүрлі    шаруашылық  жүйесі  сақталып  отырған  жағдайда  шабындық  және 
жайылымдық    жерлерді  жәй    бөліске  салу    нәтиже  бермеді.  Екіншіден,  шабындық  және 
жайылымдық  жерді  бөлудің  өзі  дәстүрлі  егін  шаруашылығы  жүйесіндегі  заңдылықтар 
жетегінде қалып қойды. Ал қазақтың дәстүрлі шаруашылығында, керісінше,  жерді малдың 
санына  қарай  иемденді.  Үшіншіден,  жартылай  көшпелі  аудандардағы  жер  бөлінісі 
нәтижесінде жерге ие болған шаруалар үшін бұл кезеңде ол жерлерден келер пайда жоқ еді. 
Себебі  ауылдағы    кедей  шаруалардың  қожалықтары  ғана  емес,    тіпті  орта  шаруа 
қожалықтарында бұл кезеңде ауыл-шаруашылық құрал саймандарын, егетін тұқым және т.б. 
заттар тапшы болды.  
1927  жылы  желтоқсанда  ірі  бай  шаруашылығын  тәркілеу  жөніндегі  заң  жобасын 
әзірлейтін арнайы комиссия құрылды. 1928 жылы наурызда Қазақстан Өлкелік комитетінің 
бюросы ол заң жобасын бірнеше рет қарап, нақтылады.  Осы жылдың тамыз айында Өлкелік 
комитет    тәркілеу  науқанына  тікелей  басшылық  жасайтын  комиссия  ұйымдастырды.  
Комиссияның  төрағасы  болып  Е.  Ерназаров  тағайындалды,    оның  құрамына  О.  Исаев,  Н. 
Нұрмаков, Г. Тоғжанов, О. Жандосов және т.б. кірді. 1928 жылдың  27 тамызында Орталық 
Атқару  комитеті  мен  Халық  Комиссарлары  Кеңесінде  тәркілеу  жөніндегі    заң  жобасы 
қабылданды.    Заң  бойынша  малы,  дүние-мүлкі  тәркіленіп,  өзі  жер  аударылуға  тиісті  ірі 
байларға:  көшпелі  аудандарда  ірі  қараға  шаққанда    400-ден  астам  малы  бар,    жартылай 
көшпелі  аудандарда  300-ден  астам  малы    бар,  отырықшы  аудандарда  150-ден  астам  малы 
барлар және бұрынғы сұлтандар мен хандардың ұрпақтары  жатқызылды. 
1928  жылы  тамыздың  30-да  Қазақ  АКСР  ХКК-нің  «Қазақстанның  көшпелі,  жартылай 
көшпелі  және  отрықшы  аудандарын  белгілеу  туралы»  арнайы  қаулысы  қабылданып,  соған 
сәйкес  аудандар  белгіленді.    Науқанды  1928  жылдың  1  қарашасында  аяқтау  жоспарланды, 


124 
 
яғни  бір  ай  ішінде  бітіру  керек  деп  шешті.  Кейінірек  ол  тағы  10  күнге  ұзартылды.  1928 
жылғы 30 тамыздағы қаулыға  сәйкес сонымен қатар  тәркіленгендерді жер аударуға тиісті 
аудандар да анықталды.  
Тәркілеу  туралы  ереже  бойынша    жер  аударылғандардың  бәрі  сайлау  құқығынан 
айырылды.  Байларды  тәркілеуді  жүзеге  асыру  үшін  комиссиялар  құрылды.  Уәкілдер 
бастаған  комиссия  мүшелері  байларды  тәркілеу  туралы  ережені  өрескел  бұрмалады.  Ауыл 
белсенділері  жоғарыдан  келген  уәкілдің  қолдауымен  тіпті  ауқатты  адамдарды  да  қыспаққа 
түсірді. Республика көлемінде барлығы 696 «бай-феодалдар» тәркіленді. Қазақ қоғамында ірі 
байлардың  көп  болмағанын  осы  1928  жылғы    жүргізілген  тәркілеу  барысы  мен  оның 
нәтижелері дәлелдеді. Барлығы 144474 бас мал ғана тәркіленді: бұл белгіленген жоспардың 
64%  ғана.  
Шаруа қожалықтарын біртіндеп, ерікті түрде коперативтендіру арқылы социалистік ірі 
ауыл  шаруашылық  ұжымына  біріктіру    туралы    1927  жылы  желтоқсанда  өткен  партияның 
ХУ  съезінің  шешімдерін  жүзеге  асыруға  кірісті.  Алайда  үкімет  біртіндеп    құрылып  жатқан 
колхоздарға  материалдық    жағынан  көмекті  күшейту  шарасының  орнына,  керісінше  
нұсқаулар беру арқылы күштеу әдістерінің кең етек алуына жол ашты.  
Жергілікті  жерлерде  жоғары  басшылық  белгілеген  межеден  асып  түсу  үшін  күрес  
басталды.  Оның  күшеюіне  Қазан  революциясының  12  жылдық  мерекесіне  орай  «Правда» 
газетінде жарияланған Сталиннің «Ұлы бетбұрыс жылы»  деген мақаласы түрткі болды. 1929 
жылы  10-17 қарашада өткен Б(б)КП Орталық Комитетінің пленумында  Молотов та келесі 
жылы тек «ұжымдастырылған облыстар ғана емес ұжымдастырылған республикалар туралы 
да айтуға болады»  деген көзқарасты білдірді. 
1930  жылы  5  қаңтарда  БК(б)П  Орталық  Комитеті  «Ұжымдастыру  қарқыны  және 
мемлекеттің  колхоз  құрылысына  көмек  шаралары  туралы»  қаулы  қабылдады.    Қаулыда 
Орталық  комитет  жаппай  ұжымдастыруды  жүзеге  асыру  үшін  елдің  аудандарын  үш  топқа 
бөлді:  Бірінші  топқа  осы  ұжымдастыруға  белгілі  мөлшерде  даяр  деп  есептелінген  таза 
астықты  аудандар  жатты.  Оларға    Орта  және  төменгі  Волга,  Солтүстік  Кавказ  аудандары 
кірді. Ол аудандарда  шаруа қожалықтарын социалистік жолмен қайта құруды 1931 жылдың 
көктемінде  аяқтау  белгіленді;  Екінші  топқа    елдің  Украина,  Орталық  қара  топырақты 
облыстар,  Сібір,  Орал,  Қазақстанның    астықты  аудандары  жатты.    Бұл  аудандарда 
ұжымдастыруды  аяқтау  мерзімі  бір  жылға  ұзартылды,  яғни  шаруа  қожалықтарын 
ұжымдастыруды  1932 жылдың көктемінде аяқтау қажет болды. 
Ф.И.  Голощекин  Қазақстанның  кенже  дамыған  аймақ  екеніне  қарамай,  
ұжымдастырудың  жоғары  қарқынын  мақтаныш  етті.  Голощекин    Жер  халық 
комиссариатының  комиссары  Яковлевке  (ол  Бүкілодақтық  ауылшаруашылық  ұжымдары 
кеңесінің  төрағасы)  және  РКФСР  ХКК  төрағасының  орынбасары  Т.  Рысқұловқа  жіберген  
жеделхатында  1929-1930  жылдары  республикада  ұжымдастыруды    күшейту  үшін  
жоспардың қайта қаралғанын,  сөйтіп 1930 жылдың күзіне қарай ұжымдастырумен 350 мың 
шаруашылықтың    қамтылатынын  көрсетті.  Осыған  байланысты  бүкіл  республикадағы 
ұжымдастыру жоспары қайта қаралды. 
Қазақстанда 1928 жылы шаруа қожалықтарының тек 2 пайызы ғана ұжымдастырылса, 
1930  жылы    50  пайызы,  1931  жылдың  қазанында  65  пайызы  ұжымдастырылды,  яғни 
ұжымдастыру  қарқыны  жеделдетілді.  1931  жылы  республикадағы  122  ауданның  78 
ауданында  ұжымдастырумен  70-тен  100  пайызға  дейін  шаруа  қожалықтары  қамтылды. 
Шаруа қожалықтарын ұжымдастырудың жеделдетілген қарқыны күштеп жүзеге асырылды.  
Алайда  ұжымдастыруды  жүзеге  асыру  барысында    жіберілген  зорлық-зомбылықтар 
Орталық Комитеттің 1930 жылы 14 наурызда  қабылдаған «Колхоз қозғалысындағы партия 
бағытын  бұрмалаушылықпен  күрес  туралы»  қаулысында      партия  бағытын  бұрмалау    деп 
қана  бағаланды.  Большевиктік  орталық билік  ауыл шаруашылығында  жүргізіліп жатқан 
шаралардың  бәрін  дұрыс  деп  есептеп,  кемшіліктерді  жіберіп  отырғандармен  күресу  қажет 
деді.    


125 
 
Күштеп  ұжымдастыру  науқаны  кезінде  ауылда  әлеуметтік  жіктеу  саясаты  өте  жоғары 
қарқынмен жүргізілді.  КСРО ОАК мен ХКК-нің 1930 жылы 1 ақпанда қабылдаған «Жаппай 
ұжымдастыру  аудандарындағы  ауыл  шаруашылығын  социалистік  қайта  құруды  нығайту 
және  кулактармен  күрес  шаралары  туралы»  қаулысы    негізінде  ауқатты  шаруа 
қожалықтарына  қарсы  ашық  террор  басталды.    Шаруа  қожалықтарынан  бай-кулактарды 
бөліп  алып,    оларды  тап  ретінде  жою  жүзеге  асырылды.  Бай-кулактарды  үш  топқа  бөліп 
жазалады. Бірінші топқа контрреволюцияшыл белсенділер жатқызылды. Ондай топқа енген 
шаруалар  бірден  тұтқындалып,  олардың  ісі  сотқа  берілді.  Екінші  топқа  ірі  кулактар 
жатқызылды.  Бұл  топқа  енген  шаруаларды  да  бірден  ұстап,  солтүстікке  немесе  жаппай 
ұжымдастыру  аудандарынан  алыс  аудандарға  жер  аударды.  Ал,  үшінші  топқа  кулак 
отбасылары жатты. Оларды сол ұжымдастыру  аудандарындағы  колхоздар бөлген жерлерге  
қоныстандырды. 
1928-1929  жылдарда  бай-кулактар  есебіне  алынып  жазаға  тартылғандар,  яғни 
қудаланғандар есебі 54 625 болды.  1931 жылы 5500 шаруа  бай-кулак ретінде аласталды. Ал 
енді  1928  жылғы  тәркілеу  кезіндегі  қазақ  қоғамындағы  бай-феодалдар  саны  тек  696    ғана 
болғанын  ескерсек,  бұлардың да  кімдер  екені белгілі.    Бұл  сандарды  нақты деп  айту  қиын, 
себебі жауапқа тартатын органдардың саны өте көп болды.  
Күштеп  ұжымдастыру  саясаты  халықтың  наразылығын  тудырды.  Сол  жылдары  өлке 
басшыларының Сталинге жазған хаттары қазақ даласында осы наразылықтың өте зор көлем 
алғанын,  Алтайдан  Маңғыстауға  дейінгі  аймақты  түгел  қамтығанын,  бұл  туралы  Кеңес 
өкіметі  басшыларының  хабардар  болғанын  көрсетеді.  Бір  ғана  1929  жылдың  өзінде  
Қазақстанда 30-дан астам үлкенді-кішілі халық наразылығы болды. Олардың ішінде өте кең 
көлемде  болған  көтерілістерге  Тақтакөпір,  Бостандық,  Батпаққара  көтерілістері  жатады.  
1929-1930 жылдар аралығындағы қыс айларында наразылық өте күшті өршіді. Ол туралы Ф. 
Голощекин Сталинге хабарлауға мәжбүр болды. 1929-31 жж. өлкеде барлығы 372 көтеріліс 
болып, оларға 80 мыңдай адам қатысты. Большевиктер бұл наразылықтардың негізгі себебін 
байлар  мен  дін  басыларының  кеңес  үкіметіне  қарсы  халықты  ұйымдастыруынан  деп 
көрсетті. Кеңес үкіметі бұл көтерілістерді әскери күшпен басып жаншыды. 
Ұжымдастыру  мен  отырықшыландыру  кезінде  дәстүрлі  мал  шаруашылығының 
ерекшелігі  есепке  алынбай,  түгел  қауымдастырылған  мал  шығынға  ұшырады.  Сонымен 
қатар,  малдың    көп  бөлігі    үкіметтің ет  салығын  орындауға  жұмсалды.  О.  Исаев  Қазақстан 
өлкелік  комитетінің  VІ  Пленумында    1929  жылы  Қазақстанда  40  млн.  бас  мал  болғанын, 
содан 1933 жылы 4  млн. ғана мал қалғанын мойындауға мәжбүр болды. 
Ұжымдастыру  саясатының  нәтижесінде  1932-33  жылдары  халық    аштыққа  ұшырады. 
Аштыққа  ұшыраған  қазақтар  босқын  болып,  елден  шет  аймақтарға  үдере  көшті. 
Зерттеушілер  1930-1932  жылдары  шетелге  кеткен  қазақтар  санын,  қайтып  келгендерді 
шығарып тастағанда 1,3 млн. адамға жеткізеді.  
Қазақ  халқының  ауыр  жағдайын    Қызыл  крест  және  Қызыл  жарты  ай  қоғамының  
баяндама  хаттарынан  және  Ресейдің  басшы  мемлекет  қайраткері  ретінде  жергілікті 
жерлерден  Мәскеуге  келіп  түсіп  жатқан  басқа  да  мәліметтерден  хабардар  болған  Т. 
Рысқұлов, көп кешікпей-ақ Сталинге хат жазады. Аштыққа байланысты жоғарғы партия мен 
үкімет  басшыларына  жазылған  хаттар  қатарын  О.  Исаевтің  және  «Бесеудің  хаты» 
толықтырады. 
Ауыл  шаруашылығын  күштеп  ұжымдастырудың  осындай  зардаптары  сталиндік 
басшылықты  ойландырды.  1932  ж.  17  қыркүйекте  «Ауыл  шаруашылығы  туралы»  қаулы 
қабылданады.  Бұл  қаулыда  аштық  туралы  мүлдем  айтылмады.  Қаулы  егіншілік 
аудандарында  жеке  меншікте  2-3  бас    сиыр,  10-20  бас  қой,  ал  мал  шаруашылығы 
аудандарында  100  бас  қой,  8-10  бас  ірі  қара,  3-5  түйе,  8-10  жылқыға  дейін  ұстауға  рұқсат 
берді. Қазақстанда 624 ферма таратылды. Жойылған  товарлы фермалардан 216370 бас мал  
колхозшылардың  өзіндік  шаруашылықтарына    пайдалануға  берілді.  Колхоздар  мен 
совхоздардан 680 мың бас мал шаруалардың жеке меншігіне  сатылды.    


126 
 
1933-37  жылдары  екінші  бесжылдық  жоспарды  орындау  кезінде  Кеңес  үкіметі  ауыл 
шаруашылығында    ұжымдастыруды  аяқтау,  ауыл  шаруашылығын  қайта  құру,  колхоздарды 
ұйымдық-шаруашылық  жағынан  нығайту  міндеттерін  белгіледі.  Бұл  шараларды  жүзеге 
асыру  үшін  большевиктік  партия    республика  ауыл  шаруашылығын  саяси  нығайту  қажет 
деп, колхоздар жанынан  саяси бөлімдер құрды.  1935 жылы үкімет колхоздарға жерді мәңгі 
пайдалануға берді. Осы жылы ТОЗ-дардан ауылшаруашылық артельдеріне  көшіру басталды 
да, Бұл үдеріс 1937 жылы толық аяқталды. Үй маңындағы жерлерді кеңейту көптеген колхоз 
мүшелерінің кохоз ісіне деген селқостығын күшейтті. Үй маңындағы жерлерді өлшеп, артық 
жерлерді колхозға қайтарды.  
Большевиктер  шаруашылыққа  тікелей  араласуды  тоқтатпады.  Мал  шаруашылығының 
артта  қалуын  тікелей  араласу  жолымен  шешуді  көздеді.  1939  жылы  8  шілдеде  БК(б)П 
Орталық  комитеті  «Колхоздарда  қоғамдық  малды  дамыту  шаралары  туралы»  қаулы 
қабылдайды.  Осы  қаулыда  колхоздарда  екі-үш  товарлы  фермалар  (оның  ішінде  біреуі  ірі 
қара  мал,  екіншісі  қой  немесе  басқа  түліктен)    құру  белгіленеді.  Колхоздардың  еріктілігі 
шектелді,  әкімшілік басқару жүйесі одан әрі күш алды.   


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   55   56   57   58   59   60   61   62   ...   78




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет