Буканова асель кайратовна



бет16/31
Дата18.10.2023
өлшемі7,27 Mb.
#186441
түріДиссертация
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   31
Байланысты:
bukanova-a-k-povtor-phd-s-sp

Курс міндеттері:

  1. Информатиканың ғылым ретіндегі тарихи тәжірибесін, қозғаушы күштері мен оның даму жолдарын қазіргі заманғы көзқараспен түсіну;

  2. Информатика саласындағы атақты тұлғалармен, өмір жолдарымен таныстыру;

  3. Информатиканың негізгі ұғымдарының өзара тәуелділігі мен шығу тегі бойынша бағдарлау қабілетін дамыту.

Қойылған мақсат пен міндеттерді жүзеге асыру үшін арнайы курс мазмұны жасалды. Бұл ретте білім берудің жалпы мақсаттарына сәйкес келетін және белгілі бір пән бойынша мазмұнды іріктеу тетігін нақтылайтын критерийлер қажет болды. Информатика тарихы курсы үшін оқу материалының мазмұнын іріктеудің әзірленген критерийлерін ұсынамыз:
– мазмұн тұтастығының критериі. Бұл жағдайда тұтастық терминін мазмұнның ішкі байланысы, оның бірнеше негізгі ұғымдар, заңдар, әдістер төңірегінде шоғырландыру мағынасында қолдану болып табылады. Бұл болашақ мұғалімдердің күш-жігерін бір бағытқа бағыттауға мүмкіндік береді, ұсынылған оқу материалының қол жетімділігін арттырады;
– ғылыми және практикалық маңыздылық критерийі. Бұл критерий оқу курсы теория мен практиканы дамытудың маңызды бағыттарының бірін көрсетеді. Мазмұнның ғылыми және практикалық маңыздылығы критерийін жүзеге асырудың бір тәсілі – зерттелетін материалдың пәнаралық байланысын ашу;
– мазмұнның оқытудың тәрбиелік және дамытушылық мақсаттарына сәйкестігі критерийі. Курстың мазмұнын арнайы тарих элементтерін, заманауилықты, қызықты деректерді кірістіре отырып құру қажет;
– мазмұнның қолжетімді уақытқа сәйкестік критерийі. Бұл критерий әр сабақтың оқу материалы көлемінің оған бөлінген уақытқа сәйкестігін, сондай-ақ курс мазмұнының бүкіл көлемінің оны оқуға бөлінген уақытқа сәйкестігін қамтиды.
Аталып өткен критерийлерге сәйкес Информатика тарихы курсының негізгі мазмұнымен таныстырайық. Оқу курсы 2 кредитке сәйкес құрылған. Оның ішінде 15 лекция, 15 семинар сабақтары қарастырылған. Курста қамтылатын тақырыптарға нақтырақ тоқталып өтетін болсақ, барлығы 8 тақырып қозғалған, оларды төмендегі кестеден көруге болады (1-кесте).

Кесте 1 – Информатика тарихы курсының жаңартылған төңкерілген сынып мазмұны





Информатика тарихы

Цифрлық контент

1

2

Мақсаты

информатика тарихы курсын оқуға деген ынталарын арттыра отырып, болашақ информатика мұғалім дерінің тарихи-ақпараттық білімдерін арттыру және жан-жақты дамуын қамтамасыз ету

аудио

видео

баспа

Білім алушылар:

4 курс

үйде

2-кестенің жалғасы



1

2

3

4

Ғылым тарихы

1.1 Информати каның ғылым ретінде қалыптасуы.

Информатиканың ғылым ретінде қалыптасуы туралы білімдерін жетілдіру

Сыныпта:
Уақыт ленталарымен жұмыс жасау
Деңгейлік тапсырмаларды орындау

1.2 Қазіргі әлем дегі информати каның рөлі

Қазіргі әлемдегі информатиканың рөлін білу

Есептеу машиналарының пайда болуы және дамуы

2.1 Абактан компьютерге дейінгі идеяларға хронологиялық шолу

Абактан компьютерде дейінгі идеяларға хронологиялық шолу жасау

Сыныпта:
Ментальды карталармен жұмыс жасау



2.2 IT индустриясының дамуы

IT индустриясының дамуы кезеңдерін білу

Информатиканың дамуы мен қалыптасу тарихындағы атақты адамдар

3.1 Информатика ғылымының дамуында ерекше рөл атқарған адамдар.

Информатика ғылымының дамуында ерекше рөл атқарған адамдар өмірбаянымен танысу.

Сыныпта:
Ментальды карталармен жұмыс жасау

Деңгейлік тапсырмаларды орындау





3.2 Даму тарихына әсер еткен оқиғалар

Информатика даму тарихына әсер еткен оқиғаларға шолу жасау

Есептеу техникасының тарихы

4.1 ЭЕМ буындары.

ЭЕМ буындарын даму кезеңдерімен білу

Сыныпта:
Уақыт ленталарымен жұмыс жасау

Деңгейлік тапсырмаларды орындау





4.2 Есептеу техникасының дамуы

Есептеу техникасының дамуымен қазіргі жағдайы туралы ақпарат әзірлеу

4.3 Есептеу техникасының тарихы

Есептеу техникасының тарихымен таныс болу

Мектеп информатикасы мен ЖОО-да информатиканың қалыптасу тарихы.

5.1
Қазақстанда информатиканың дамуы

Қазақстанда информатиканың дамуы мен оны дамутыға атсалысқан ғалымдар туралы білу

Сыныпта:
Уақыт ленталарымен жұмыс жасау

Деңгейлік тапсырмаларды орындау





5.2 Шетелде информати
каның дамуы

Шетелде информатиканың дамуы мен қалыптасуын білу

2-кестенің жалғасы



1

2

3

4

Ақпарат және кибернетика.

6.1 Автоматтар.

Алғаш пайда болған автоматтар туралы білу

Сыныпта:
Ментальды карталармен жұмыс жасау

Деңгейлік тапсырмаларды орындау





6.2 Соңғы автоматтар тарихы

Соңғы автоматтар тарихымен таныс болу

Программалау тілдерінің тарихы

7.1 Программалау тілдерінің тарихы

Программалау тілдерінің тарихын білу

Сыныпта:
Уақыт ленталарымен жұмыс жасау
Деңгейлік тапсырмаларды орындау



7.2 Программалаудың қазіргі парадигмалары

Программалаудың қазіргі парадигмалары туралы хабардар болу

Қоғамды ақпараттандыру және цифрландыру.

8.1 Қоғамды ақпараттандыру

Қоғамды ақпараттандыру тарихын білу

Сыныпта:
Уақыт ленталарымен жұмыс жасау

Деңгейлік тапсырмаларды орындау





8.2 Цифрландыру.

Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасымен таныс болу

8.3 Робототехника.

Робототехниканың өмірде алып жатқан орны туралы білу

8.4 STEAM оқыту.

STEAM оқытудың қазіргі жағдайы мен болашағы туралы ақпарат алу.

Семинар сабақтары лекция тақырыптарына сәйкес тақырыптарда берілген. Семинар сабақтары студент-бейіндік әдісіне негізделген, яғни білім алушыға 3 деңгейлі тапсырмалар ұсынылады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   31




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет