Абай атындағы ҚазҰПУ-ң ХАБАРШЫСЫ «Педагогика ғылымдары» сериясы, №1(57), 2018
111
Жаңашылдықтың артуына байланысты рефлексияның педагогикадағы алатын орнының мҽні
артып отыр. Ҿзін-ҿзі дамытумен қатар индивидтің жан мен тҽн ҥйлесіміне сҽйкес ҿз ойын жинақтау
қабілетін бейнелейтін рефлексия ҧғымы пайда болды. Соңдықтан бҧл қазіргі кездегі білім саласын-
дағы кҿкейтесті мҽселелер қатарына жатады.
Рефлексия сҿзі латын тілінен кірген «reflexio – кейінге айналым» мағынасын білдіреді. Бҧл терминді
Джон Локк 17 ғасырда берген. Рефлексия – адамды, білімді дамытудың шарттарының бірі. Рефлек-
сияның мҽні – адамның ҿзінің білімін, білімінің негізін, оларды меңгерудің жолдарын анықтау.
Ғалымдар «рефлексия» ҧғымын жан-жақты ашуға тырысты. Мысалы, В.В. Давыдов, А.З. Зак,
Е.И. Машбиц «Рефлексия – субъектінің іс-ҽрекетінің қҧралын ҿзгертуді сезінуі» деген болса, О.С.
Анисимов, Г.П. Щедровицкий «Рефлексия – басқа субъектінің іс-ҽрекетіне қатысты бір субъект іс-
ҽрекетінің сыртқы бағыты» деген анықтама ҧсынды. [2,25 б.]
Рефлексияны адамның рухани ҽлеуетін ашу мен анықтаудың инновациялық жолдарының бірі деп
тани отырып, Б.З. Вульфов пен В.И. Харькин «Рефлексияны ешкім жҽне еш нҽрсе
алмастыра
алмайды» деген пікір білдіреді. [3,98 б.]
Белгілі зерттеуші А.А. Бизяева рефлексия терминін «кең ауқымды практикалық мағынада адам-
ның ҿзін-ҿзі талдау, қоршаған ҽлеммен ҿзінің заттық-ҽлеуметтік қатынастарын ҧғыну жҽне ол жайын-
да қайта ойлану қабілеті жҽне дамыған интеллектінің қажетті қҧрамды бҿлігі болып табылады», -
деп қарастырады. [4,105 б.]
Рефлексияны тҥсінуге ҿте кҿп мҽнді ҥлес қосқан С.Л. Рубинштейн болды. Оның пікірінше, реф-
лексия адам санасының дамуының белгілі бір деңгейі, адам ойша ҿз ҿмірінің шегінен шығады жҽне
одан тыс позицияға барады деген пікірде болған.
Осы жерден рефлексияның қазіргі таңда зерттелу жағдайы қуантарлық деңгейде екенін байқаймыз.
Рефлексия іс-ҽрекетпен тығыз байланысты. Рефлексиялық іс-ҽрекет болашақ педагог-психолог-
тың ҿзіндік талдау кезінде ғана байқалатын ҿзіндік жеке дара қабілеттерін тануына мҥмкіндік
туғызады. Осы тҧста Н.Г. Алексеев, В.К. Зарецкий, В.И. Слободчиков, Г.А. Цукерман жҽне т.б.
сияқты ғалымдар «Рефлексиялық іс-ҽрекет – іс-ҽрекеттер арасындағы қатынасты орнату ҥдерісі»
деген анықтамасына тоқталып кетсек болады. [5, 61 б.]
Педагогикадағы рефлексиялық іс-ҽрекет – мҧғалімнің ҿзіне, ҿзінің қылықтарына объективті баға
беру, оны балалар, басқа адамдар, ең ҽуелі педагогикалық қатынас процесінде мҧғалім ҽрекеттесетін
адамдар қалай қабылдайтынын тҥсінуі. Педагогикалық рефлексия орталығында - оқушы тҽрбие-
шімен ҿзара қарым-қатынасында нені қабылдайтынын жҽне тҥсінетінін, тҽрбиешінің ҽрекеттеріне
қалай икемделе алатынын ҧғуы тҧрады.
Рефлексиялық іс-ҽрекеті қалыптасқан педагог тҽрбиелеу – бҥгінгі заман талабы.
Осындай адам
ҿзінің тҧлғалық жҽне кҽсіби таптаурынын (стереотиптерін) шығармашылықпен ҿзгерте алады. Бҧл
дегеніміз – сана, ҿзін-ҿзі ҧйымдастыра білу, ҿз-ҿзіне талдау жасау, ҿзін-ҿзі іске қосу, бағалау сияқты
сапалармен сипатталады. Рефлексиялық іс-ҽрекет студентке ҿзіндік талдау кезінде ғана байқалатын
ҿзіндік жеке дара ерекшеліктерін тануына мҥмкіндік туғызады. Білімді саналы тҥрде ҿзіндік қорыту,
яғни рефлексия нҽтижесінде ғана жҥзеге асады. Рефлексиялық қабілеті бар педагог алдында отырған
білім алушының бойына осы дағдыны кіріктіріп,
дамытады, ҿмірлік қажеттілік екенін есінен
шығармайды. Оқытушының басты міндеті – білім алушыны рефлексия жасауға ҥйрету.
Білімді саналы тҥрде ҿзіндік қорыту, яғни рефлексия нҽтижесінде ғана жҥзеге асады. Болашақ
педагог-психологтарды даярлау мҽселесінде олардың рефлексиялық іс-ҽрекетін
қалыптастыру
маңызды. Олардың белгілі бір педагогикалық мҽселелер туралы барлық ақпаратты жинақтай алуы,
оның тиімдісін таңдай білуі, нақты жағдайды шешуге байланысты оған ҿзіндік қолтаңбамен ҿзгеріс-
тер енгізе білуі, осылайша мҽселені шешудің ҿзіндік жолын таба білуі сыни ойлау нҽтижесінде жҥзе-
ге асады. Бҧл жағдайда сонымен бірге шығармашылық, тапқырлық пен ҿнертапқыштық сияқты сапа-
лар қатар дамуға мҥмкіндік алады.
Болашақ педагогтаррефлексиялық іс-ҽрекет жағдайында алынған білімдерін ой елегінен ҿткізеді
жҽне оның мотивтері мен мақсаттары анықталады. Рефлексиялық іс-ҽрекет бҧл тек қана адамның
ҿзін-ҿзі білуі мен тҥсінуі ғана емес, сондай-ақ басқалар ҿзінің жеке тҧлғалық ерекшеліктерін, эмо-
ционалдылық реакцияларын, когнитивтік кҿзқарастарын қалай білдіретінін білу болып табылады.
Олай болса, педагогикадағы рефлексиялық іс-ҽрекет мҽселесі болашақ педагогтың ҿзінің тҧлғасын
ҿзі ҿзектендірумен тығыз байланысты. Ҿзін-ҿзі ҿзектендіру тҧлғаны дамыту тетігі ретінде адамның