Bulletin «Педагогика ғылымдары» сериясы



Pdf көрінісі
бет295/314
Дата02.09.2022
өлшемі6,57 Mb.
#148644
1   ...   291   292   293   294   295   296   297   298   ...   314
Байланысты:
Майлыбаева Вестник

Абай атындағы ҚазҰПУ-ң ХАБАРШЫСЫ «Педагогика ғылымдары» сериясы, №1(57), 2018 
293 
Дамуы баяу балалардың психологиялық ерекшеліктерін ескеру, оқу материалын жай бҿліп қой-
май, керісінше жалпы дамуға бағытталған жаңа бағдарлама (баланың қоршаған ортаға бейімделуі
мінез-қҧлық ерекшеліктері, ҿзін-ҿзі тҿмен бағалауы, қоршаған ортаға сенбеушілікпен қарауы, ҿз 
кҥшіне деген сенімсіздігі, белсенділігі тҿмен) қҧруды талап етеді. Қазіргі кезде қоғам дарынды, қабі-
летті адамдарды қажет етеді. Жеке тҧлғаның рухани ҿсуіне психологиялық-педагогикалық жағдай 
жасай отырып, ҿз ортасында жҽне ҿзге ҧжымда ҿзін еркін сезіне алуға тҽрбиелеу, ҿзіне-ҿзі сенімді, 
жауапкершілік қасиетті сіңірген тҧлға ретінде қалыптастыру. 
Психикалық дамудың тежелуіне тҽн белгілер: 
- тез жалығу мен шаршаудың ҽсерінен ынта мен қабілеттің тҿмендеуі; 
- сезім мен еріктің жетілмеуі; 
- жалпы мҽлімет пен елестету қорының шектелуі; 
- сҿздік қорының жеткіліксіздігі; 
- интеллектуалды іскерлік, ойлау ҽдетінің қалыптасуы; 
- ойын іскерлігінің толық қалыптаспағандығы; 
- қабылдаудың баяулауы; 
- сҿйлеу логикалық операциясының ойымен қиылыспауы; 
- ақыл-естің барлық тҥрлерінің бҧзылуы; 
- сенсорлық мҽліметтерді қабылдау мен оны тҥсіну мерзімінің ҧзақтығы; 
- ҿзін-ҿзі бақылау деңгейінің тҿмендігі; 
- мектеп жасына келгенде оқу, ойлау операциясының қалыптаспауы – талдау, жинақтау, салыс-
тыру, қорыту ҽдістерінің негіздерін тҥсінбеу. 
Осы ҿзгерістердің дҽрежесіне сай, баланың жасын ескере отырып, оларды ҽлеуметтік бейімдеу
тҽрбиелеу, оқыту жҽне тҥзету жолдарын айқындайды. Нҽтижелі арнайы ҽдістерді қолдану осы бала-
ларға арналған арнайы балалар бақшаларымен мектептерде, мектеп - интернаттарда, немесе жалпы 
мектептің арнайы тҥзету сыныптарында дҧрыс жолға қойылған. 
Жазбаша сҿйлеу тілін зерттеудегі невропотолог Н.К. Монаковтың кҿзқарасы ҥлкен мағынаға ие 
болды. Ол бірінші болып дисграфияны ауызша сҿйлеу тілінің, сҿйлеу бҧзылыстарының жалпы 
сипаттамасымен немесе афазиямен байланыстырды. 
Е.Иллинг жазу бҧзылысы кезінде бҧзылатын ҥрдістер қатарын бҿледі: 
1) ҽріптің оптикалық бірлігі мен дыбыстың акустикалық бірлігін меңгеру; 
2) дыбысты ҽріппен сҽйкестендіру; 
3) ҽріп жҽне сҿзді синтездеу; 
4) сҿзді оптикалық жҽне акустикалық бҿлшектерге бҿле білу қабілеті; 
5) сҿздің екпінін, ҽуенін, дауыстыларын анықтау; 
6) оқығанды тҥсіну. 
XX ғасырдың 30-жылдарында жазу бҧзылуын психологтар, педагогтар, дефектологтар қарастыра 
бастады. Ең бірінші болып Ф.А. Рау жазудың бҧзылуы мен дыбыс айтудың байланысын кҿрсеткен, 
одан кейін М.Е. Хватцев. Р.М. Боскис, Р.Е. Левина зерттеулері жазудағы жетіспеушілік кҿп жағдайда 
фонематикалық қабылдаудың бҧзылысымен негіздігін дҽлелдеді. 
Дисграфия жҽйлі М.Е. Хватцев кҿп жҧмыс жҥргізген. Басында ол дисграфияны дыбыс айтылу 
кемшіліктерінің кҿрінісі деп қарастырған. Ал дыбыс айту кемшіліктері балаларда тҥзелгеннен кейін, 
М.Е. Хватцев ҽріп тҥрінде кҿрсетілген дыбыс стериотипті кҿруінің бҧзылуымен тҥсіндірген. 
Р.Е. Левина алғашқы жҧмыстарында жазудың бҧзылуын фонематикалық дамымаудың сипатымен 
тҥсіндірген. Одан кейінгі Н.А. Никашина, Л.Ф. Спирова жҧмыстарында жазу бҧзылуы тілдік даму-
дың алғашқы кезеңдеріндегі дҧрыс жҧмыс жҥргізілмегендігімен байланыстырады. [4]. 
Жазу ҥрдісінің психофизиологиялық қҧрылымы. Жазбаша сҿйлеу тілі сҿйлеу тіл іс-ҽрекетінің 
кҥрделі тҥрі жҽне кҿп деңгейлі ҥрдіс болып табылады. Оған тҥрлі анализаторлар қатысады: сҿйлеу – 
есту, сҿйлеу – қимыл – қозғалыс, кҿру, жалпы қимыл – қозғалыс. Олардың арасында жазу ҥрдісі 
кезінде ҿзара шартталған тығыз байланыс орнайды. Жазбаша сҿйлеу тілін меңгеру есту жҽне дыбыс 
айту қасиеттінің, кҿрінетін жҽне жазылатын сҿздің арасындағы жаңа байланысын орнату сипатынан 
тҧрады, ҿйткені жазу ҥрдісі тҿрт анализаторлардың: сҿйлеу қимыл-қозғалысты, сҿйлеу – есту, кҿру 
жҽне қимыл-қозғалыстардың бірлескен жҧмысымен қамтамасыздандырылады [5]. 
Қорыта келгенде психикалық дамуы тежелген баланы дамыту барысында жҧмыс нҽтижелі болу 
ҥшін, ҽр баланың физиологиялық, психологиялық, жас ерекшеліктерін ескере отырып, жеке тҧлғаны 
дамыту жҧмыстарын дҧрыс жҽне тиімді ҧйымдастыру болып табылады. Тҥзете-дамыту жҧмыстарын-


ВЕСТНИК КазНПУ им. Абая, серия «Педагогические науки», №1(57), 2018 
294
да тҿмендегі мҽселелерге кҿңіл бҿлген жҿн: психикалық дамуы тежелген балалардың танымдық жҽне 
тҧлғалық ерекшеліктері сауат ашуға, жазуға, математикаға, еңбекке ҥйрету, кезінде оқу мазмҧнын бас-
қаша іріктеуді қажет етеді. Бірінші кезекте оқуға деген жағымды тҥрткі қалыптастырып, жақын эмо-
ционалды кҿріністерді тудыратын, ой-ҿрісін кеңейтетін материал алынып міндетті тҥрде қолданылуы 
тиіс. 
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі: 
1. Қазақстан Республикасының «Кемтар балаларды әлеуметтік және медициналық-педагогикаылқ-психологи-
калық түзету арқылы қолдау» заңы //Егемен Қазақстан – 2002 ж.
 
2. Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары туралы Қазақстан Республикасының 2002 жылғы
8 тамыздағы N 345 Заңы.
3. Кушербаев А. Психикалық дамуы тежелген балалармен жүргізілетін түзете дамыту жұмыстарының 
ерекшеліктері //Дефектология. 2011. №3.

 17 б. 
4. Кальпебаева Г. Психикалық дамуы тежелген балаларды ақыл-есі тӛмен балалардан ажырату. 
//Дефектология. 2010. №4. 
– 
15 б. 
5. Мазанова Е.В. Логопедия. – Москва, 2004. 
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   291   292   293   294   295   296   297   298   ...   314




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет