Bulletin «Педагогика ғылымдары» сериясы



Pdf көрінісі
бет294/314
Дата02.09.2022
өлшемі6,57 Mb.
#148644
1   ...   290   291   292   293   294   295   296   297   ...   314
Байланысты:
Майлыбаева Вестник

ВЕСТНИК КазНПУ им. Абая, серия «Педагогические науки», №1(57), 2018 
292
балық бейнелерді тани алмайтындығынан (егер олар сызылып тасталған немесе бірінің ҥстіне бірі 
орналастырылған болса) байқауға болады. 
Есте сақтау ҥдерістерін зерттеу ырықты есте сақтау нҽтижесінің жеткіліксіздігінен, есте сақтау 
кҿлемінің аздығын, есте қайта жаңғырту қиынға тҥсіп, оның нақты болмайтынын кҿрсетті. 
Мҧндай балалардың танымдық қызметінің дамуында да айқын артта қалушылық пен ҿзгешелік-
тері бар. Олардың барша ойлау формаларының артта қалуы байқалады, мектептегі оқудың басталуы-
на қарай мҧндай балаларда, ҽдетте ҽлі негізгі ойлау операциялары талдау, топтау, салыстыру, қорыту 
қалыптаспаған. Танымдық белсенділігінің тҿмендігі айқындалған. 
Психикалық дамуы тежелген балалармен жҥргізілетін тҥзете дамыту жҧмыстарының тҥрлері кҿп. 
Тҥзету жҧмыстарын жҥргізудің басшылыққа алатын ҧстанымдық қағидалары тҿмендегідей: 
- баланың жеке тҧлғалық ерекшеліктерін анықтау; 
- шаршап кетпеуін анықтау
- оқу ҽрекетін ойын тҥрінде ҧйымдастыру, кеңістікті бағдарлауын дамыту; 
- сыныптан тыс тҽрбие сағаттарына қатыстыру;
- ойын дағдыларын оқу ҽрекетіне аудару; 
- арнайы ҽдістемелермен оқытуды ҧйымдастыру; 
- жылдық диагностикалық даму деңгейін салыстыру. 
Мамандардың оқыту тҥзету ҥдерісінде ҽдістемелік нҧсқауларды дҧрыс жҽне жоғары деңгейде 
ҧйымдастыруына байланысты психикалық дамуы тежелген балаларды ҿз жасындағы балалардың 
даму деңгейіне жеткізуге болады. Білім беру мекемесінде оқитын ПДТ балалар ҽр уақытта нҽтижеге 
жету ҥшін бақылаудан тыс қалмауы қажет. Психолог, сынып жетекшсі, ата-ана тығыз байланыста 
болған жағдайда баламен жҥргізілетін жҧмыс нҽтижелі болады, яғни баланың ҿз-ҿзіне деген сенім-
ділігін арттыру арқылы тҥзете дамыту жҧмыстарын жҥргізу тиімді. 
ПДТ баламен жҥргізілетін жҧмыстар жҥйелі тҥрде ҧйымдастыру керек. Дидактикалық материал-
ды жеткілікті тҥрде қолдану, қазақ тіліндегі оқулықтардың жеткілікті болуы, кҿрнекі қҧралдардың 
эстетикалық жҽне педагогикалық талаптарға сҽйкес келуі, ойын қҧралдарының ҽртҥрлігі, іс-ҽрекет-
тен тыс техникалық қҧралдардың жеткілікті қолданылуы – бҧл баланың сҿз сҿйлеуін жақсы мең-
геруінің бір шарты болып табылады. 
Танымдық жҽне сҿйлеу іс-ҽрекетінің дамуына жеткізетін ҽдістерінің бірі – ойын. Ойын баланың 
ҿзінің қарым-қатынасқа деген қажеттігін, сезімдерін, ойларын жҽне эмоцияларын сыртқа шығаруын 
қамтиды. Ойынды дҧрыс ҧйымдастыру арқылы баланың сҿздік қоры дамиды, басқа балалармен 
қарым-қатынаста ҿзін еркін сезінуі жҽне қоршаған ортаға байланысты білімдерін кеңейтеді. Ойын 
барысында қолданған сҿздерді бала кҥнделікті ҿмірде қолданатын сҿздік қорына кіргізеді. 
Бала белгілі ҽлеуметтік ортада ҿсіп, айналасындағы заттар мен қҧбылыстарды танып біледі, олар-
мен тікелей қарым-қатынастарда ҽсерленіп, бойындағы табиғи қасиеттерін жетілдіріп, ақыл-ой сезі-
мін таным ҽрекетімен байланыстырады. Сезімнің бҧл тҥрі балалардың оқып білім алуын, дҥниетаны-
мын, кҿзқарасын қалыптастырады. Баланың шындықты тануға деген ең алдымен таңданудан баста-
лады, таңдауы баланың бҽрбір нҽрсенің, қҧбылыстың, оқиғаның мҽн-жайын жан-жақты танып, олар-
ды тереңірек тҥсінуіне жетелейді, оның ізденімпаздық ҽрекетін тудырады [1]. 
Психикалық дамуы тежелген балаларды оқытудың негізгі ҽдісі біріктіру болып табылады. Қазіргі 
шақта біріктіру – зейін орталығы. Біріктіре оқыту арқылы бала дамуының ерекшеліктерінен жалпы 
білім беру стандартының қалыпты уақытқа жақын болуымен сипатталады. 
Біріктіру ҽдісі білімді тҥзетудің, дамытудың заңдылығы болып есептеледі. 
Тҧжырымдамаға сҽйкес біріктіре оқыту келесі қағидалар негізінде жҥргізіледі: 
- дамуындағы кемшілікті ерте бастан тҥзету, дамуында ауытқуы бар балалардың бірнеше қызмет-
терін қалпына келтіру қабілеттері; 
- біріктіре оқыған ҽрбір балаға тҥзету кҿмектері міндетті; 
- біріктіре оқуға негізделген балаларды таңдау. Психоэмоционалдық дамуы терең бҧзылған бала-
лар қалыпты балалар арасында тҽрбиелене алмайды. 
Психикалық дамуы тежелген балалармен дҽрігерлік-психологиялық-педагогикалық жҽне тҥзету 
шараларын жҥргізгенде мамандар мынадай маңызды ҧстамдарды сақтауы тиіс: 
- жеке жҽне топ арқылы олармен тҥзету-дамыту сабақтарын жҥргізу; 
- қимыл-қозғалысы мен психикасының дамуының жетілуін бағалап жетілдіре тҥсу; 
- психикалық дамуы тежелген балалардың психологиялық қауіпсіздігін сақтау, сол ортаға мейі-
рімділік пен қамқорлық жағдайын туғызу, олардың қиыншылығын тҥсіну жҽне жағдай жасау [3]. 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   290   291   292   293   294   295   296   297   ...   314




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет