Bulletin «Педагогика ғылымдары» сериясы



Pdf көрінісі
бет22/314
Дата02.09.2022
өлшемі6,57 Mb.
#148644
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   314
Байланысты:
Майлыбаева Вестник

ВЕСТНИК КазНПУ им. Абая, серия «Педагогические науки», №1(57), 2018 
14
Мектепке дейінгі оқыту жҽне тҽрбиелеу мамандығы бойынша білім беру бағдарламасының 
мақсаты – мектепке дейінгі ҧйымның болашақ педагогтары кҽсіби іс-ҽрекетті тиімді жҥзеге асыруға 
қабілетті, бҽсекелестікке бейімделген, халықаралық стандарт талаптарына сай болуы, жалпымҽдени, 
кҽсіби жҽне пҽндік қҧзыреттіліктерді қалыптастыру, мектепке дейінгі ҧйымдарда оқу іс-ҽрекетін 
ҧйымдастыру мен басқаруда инновациялық технологияларды қолдануды меңгерту.
Қазақстандық жоғары білім беру жҥйесі ҥш деңгейлі негізге ауысуына байланысты бакалаврлар-
ды базалық жоғары білімді мамандар ретінде даярлауға мҥмкіндік береді. Осыған байланысты ЖОО 
тҥлегінің кҽсіби қызмет тҥрлерін жҥзеге асыруға кепілдік беру, еңбек нарығында маман ретінде 
оларға деген қажеттілік тудыру; кҽсіби қҧзыреттілігімен анықталатын "білім бакалаврларын" даяр-
лау, сонымен қатар жҧмыс берушілерді қызықтыратындай етіп дайындауды қайта қҧру сияқты 
мҽселе туындайды [1]. 
Кҽсіби-педагогикалық дайындықтың негізгі ҽдіснамалық идеясы білім берудің ҥш деңгейлігі ҿз 
кезегінде ҥздіксіз білім беруді ҧйымдастырудың нысаны ретінде қарастырылады. Ҥздіксіз білім 
берудің жиынтығы білім алушыға ҿзінің қажеттіліктері мен қоғам қажеттіліктеріне сҽйкес кҽсіби 
деңгейін жетілдіруге мҥмкіндік беретін базалық жалпы жҽне тиісті деңгейдегі кҽсіби білім беруге 
негізделеді [2]. 
Ҥш деңгейлі жҥйе бойынша қҧрылған білім ҿмірлік мҽселелерді шешу тҽжірибесін, негізгі ҽлеу-
меттік рҿлдер мен қызметтерді атқаруды кҿздейді. Бҧл жағдайда ең басты мҽселе студенттің ақпарат-
тылығы емес, шынайы, практикалық ҿмір қҧбылыстарын тану жҽне тҥсіндіру, ҽлеуметтік рҿлді 
орындау, жоғары оқу орында мамандықты меңгеру, ҿзін-ҿзі ҧйымдастыру, стиль мен ҿмір сҥру сал-
тын таңдау жҽне т.б. барысында туындайтын мҽселелерді шеше алуы болып табылады [3]. 
ЖОО-ң оқыту ҥдерісінде «Бакалавриат-магистратура-докторантура» ҥш деңгейлі дайындық бағ-
дарының ҥлгісін білім алушыларға таңдау қҧқығын бере отырып, оған қатысушы болу мҥмкіндігін 
береді. Елімізде бакалавриат мамандықтары бойынша оқу жоспарының мазмҧны мен жҥйесі қайта 
жасалып, таңдау курстарды қҧрастыру кезінде болашақ маманның тҧлғалық сапаларымен қатар
ҽдістемелік жақтарын дҧрыс дамыту жҧмысына да мҽн берілді. Жҧмыс оқу жоспарының ҽрбір мін-
детті блогына таңдау пҽндерін енгізу барысында ең керекті базалық, кҽсіби пҽндерді мазмҧн жағы-
нан да, ҽдістемелік тҧрғысынан да толықтыра тҥсетін жҽне бҧрын алған теориялық білімдерін терең-
детуге кҿмектесетін, кҥнделікті ақпарат ағымын пайдалануды қамтамасыз ететін, болашақ маманның 
жҧмыс істеу ҽдістерін жетілдіретін, коммуникативтік қҧзыреттіліктерін жетілдіре тҥсетін пҽндерді 
енгізу жағына да баса кҿңіл аударылды. Сонымен қатар, оқу пҽндерінің мазмҧны ҽлеуметтік-эконо-
микалық, гуманитарлық, жаратылыстану-ғылыми жҽне жалпы бағдарлы блоктары бойынша базалық 
іргелі дайындығын кҿздейді. Бакалавриат деңгейі кез келген кҽсіби қызмет ҥшін қажетті (ақпаратпен 
жҧмыс істей алу, қатынасқа тҥсу, жеке тҧлғаның қоғамдық орындарда ҽлеуметтік-қҧқықтық негіз-
дерін меңгеру жҽне т.б.) базалық қҧзыреттіліктерді жҽне белгілі бір кҽсіби қызметтің ерекшелігін 
кҿрсететін, оларды стандартты жағдайларда қолдануға мҥмкіндік беретін деңгейге дейін меңгеруге 
жеткізеді [4]. Бакалавриатта 
базалық цикл пәндеріне 
оқу жоспары бойынша 64 кредит бҿлінген, оның 
20 кредиті міндетті компонент болса, ал 44 кредитті таңдау компоненті қарастырылған. Бҧл дегеніміз 
студенттердің ҿздігінің таңдауына мҥмкіндік беру деген сҿз. Таңдау компонентіне 2 нҧсқадан бері-
леді. Білім беру бағдарламасында студенттердің кҽсіби қҧзыреттілігін қалыптастыруға басымдық 
мҥмкіндік туғызылды, оған дҽлел ретінде енгізілген пҽндерді атап айтсақ: баланы мектепке дайын-
дау, инклюзивті білім беру, педагогикалық шеберлік, мектепке дейінгі ҧйымдарда ҽртҥрлі жас топ-
тарында оқу-тҽрбие жҧмысын ҧйымдастыру, зерттеу жобаларын жоспарлау жҽне ҧйымдастыру, 
ертегі терапеясы,


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   314




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет