Кәсіби өзін-өзі анықтау психологиясы Орындаған: Әбдікәрім Айгерім



Дата13.12.2021
өлшемі385,71 Kb.
#125001
Байланысты:
7.психология

Кәсіби өзін-өзі анықтау психологиясы

Орындаған: Әбдікәрім Айгерім

Қабылдаған: Үмбетова Арайлым

Тобы: ЖМА-012


Қазіргі қоғамда болып жатқан әлеуметтік-эконмикалық және саяси өзгерістер, барлық әлеуметтік топтарға, соның ішінде жастар қауымына да әсер етеді. Жастардың мінез-құлқы аталған топқа тән мінез-құлық сапаларымен, сонымен бірге олардың қоғамда алатын орнымен негізделген:психалық жылдамдық,иэмоцияладың ақыл-ойдан басымдылығы.

Жастардың тұлғалық және әлеуметтік нормаларын қалыптастыру мен меңгеру, олардың мінез-құлқын әлеуметтік-психологиялық реттеу мәселесінің ерекше мәні болады, себебі жастар қоғамның жарқын болашағын білдіреді.

Қазіргі кезде акмеологияның, психология және педагогика ғылымдарының алдына, алғаш рет жастықт шақ кезеңінде тұлғаны оңтайлы дамыту міндеттері білім беру мекемелерінде толыққанды қойылып отыр.

Жастық шақ кезеңінде тұлғаны акмеологиялық дамытудың қажеттілігі, мынадай себептермен анықталады:

  • Қазіргі жағдайда акмеологиялық дамудың рөлі мен мәнінің артуымен;
  • Психологиялық мәселелерді шешуде акмеологиялық құбылыстарының кең таралуымен;
  • Жастық-шақ кезеңінде тұлғаның іс-әрекетінің нәтижелілігін арттыру қажеттілігімен
  • Жастар мен педагогтардың тұлғалық-кәсіби сапаларын жан-жақты дамыту және өзіндік жетілдіру, өзін-өзі тану, өзін-өзі көрсетудің құралы ретінде, олардың тұлғасын акмеологиялық дамуын оңтайландырудың қажеттілігіне негізділеді.

Өзін-өзі ұйымдастыру, өзіндік білім алу, өзін-өзі бақылау, білімгерлер үшін маңызды қарама-қайшылықты шешудің құралы болып табылады:

“Кәсіби идеалды Мен” және “кәсіби шынайы мен” бейнелердің арасындағы, олардың кәсіби өзін-өзі жетілдірудің құралдары ретінде болады

Жастық шақ кезеңі – өмірдің мәнін және оның мақсаттарын саналы ұғынуды қамтитын, тұлғаны қалыптастырудың жауапты кезеңдерінің бірі. Г.С.Абрамова, В.А.Алексеев, Е.Л.Волкова, И.В.Дубровина, Н.С.Кон және т.б. Жастық шақ кезеңінде мынадай компоненттер анықталған: тұлғаның дайындығы және өзін-өзі жүзеге асыру қажеттілігі.

Жастық шақ кезеңінде тұлғаның акмеологиялық дамуы барысында, оның құрылымы қалыптасады, яғни компоненттердің жиынтығы қалыптасады, онда кез келген компонент басқалармен үйлесімді түрде өзара байланысты, адамның даралыққа қозғалысы ретінде тұлғалық дамуын негіздейді, болашақ кәсіби іс-әрекеттің сценарийін қалыптастырады.

Жастық шақ кезеңінде тұлғаның дамуының осындай мәнді, адамды социумға әрекет субьект ретінде көрсететін, оның көпжоспарлы, белсенді шығармашылық іс-әрекеттегі субьектілі қорын, тқлғаның психикалық дамуының нәтижесі ретіндегі меңгерілетін, жинақталатын, адамзат әлеуетін жүзеге асыруды қамтиды. Субьектілі тұғыр бойынша, жастық шақ кезеңінде тұлғаның акмеологиялық дамуы, оның жүзеге асыру қажеттілігі мен өзін-өзі ашуға дайындықты білдіреді.

Жастық шақ кезеңінде тұлғаның акмеологиялық дамуы, студенттер мен оқытушылардың өзара әрекеттестігі үдерісінде, осы үдерістің басқа субьектілерінің үдерісінде жүзеге асырылады. Жастық шақ кезеңінде тұлғаны дамытудың мәні, тұлғаның психикалық дамуының нәтижесі, тұлғаның көпжоспарлы белсенді шығармашылық іс-әрекеттегі субьектілі қорын, интеграциялық түрде өзін-өзі жүзеге асыру үдерісі болатын, жинақталатын, меңгеретін, адамзат әлеуетін жүзеге асыруды қамтиды.



“Мен тұжырымдамасы” феномені

Бұл “өзіндік” үдерістердің заңдылықтарын түсінудің ішкі шарты: өзіндік бағалау, өзін-өзі анықтау, өзін-өзі реттеу, өзін-өзі жүзеге асыру, өзіндік іс-әрекет ету, өзін-өзі ұйымдастыру және өзін-өзі теңестіру.

Субьектінің енгізілетін белгілі жағдаят контекстінде зерттеледі. Мұнда зерттелінетін феноменнің мазмұны мен динамикасының негізі алынады. Бұл тұрғыла Рубинштейн атап өтті: “жағдаятқа енгізілген адамда оны жағдаяттан шығаратын нәрсе болады, тек оның әрекетін анықтайды”.

Қорытындылай келе, көптеген зерттеушілердің пікірі бойынша, жастық шақ кезеңі, өзіндік сенімдерді және өзінің өмір жолын дербес құру шеберлігін қалыптастырудың басты кезеңі болып табылады.



Жастық шақ кезеңінде тұлғаны акмеологиялық дамытудың әлеуметтік мәдени заңдылықтары, аталған үдерістің тұлғаны әлеуметтендіруге және оны басқа субьектілермен өзара әрекетіне тәуелділігін көрсетеді. Жастық шақ кезеңінде тұлғаны акмеологиялық дамыту үдерістерінің әдістерін құру жастық шақ кезеңінде тұлғаның акмеологиялық дамуына тәуелді болады

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет