Орындаған: Әбіләкім Зерде Акмеологиялық білім беру ортасы
Әлеуметтік педагогикалық факторлар
Әлеуметтік-мәдени білім беру ортасы
Гуманитарлық білім беру ортасы
.
.
Тұлғаның акме-бағдарланған өзіндік дамуын, оны рухани байытуды қамтамасыз ететін, тұлғалық сапа ретінде акмеологиялық факторларын аса тиімді жүзеге асыруға ықпал ететін акмеологиялық орта құрылады. Осы аталған орта әлеуметтік-педагогикалық факторлармен анықталады.
Біріншіден, бұл әлеуметтік-мәдени ортадағы өзгерістер. Аса маңызды өзгерістердің бірі – білім беруді дамудың басым бағыты ретінде анықтау.
Екіншіден, халықаралық жағдайды талдау, интеллектуалды ресурстардың сапасы, білім берудің сапасы үшін елдердің арасындағы кеңейтілген бәсекелестікті білдіреді.
Білім беру ортасы, ең алдымен, әлеуметтік-мәдени ортаның жүйесі, яғни тарихи қалыптасқан факторлар, жағдайлардың жиынтығы, тұлғаны дамытудың арнайы ұйымдастырылған педагогикалық жағдайлардың тұтастығы Акмеологиялық ортаның түрлері: Қалыптас тырушы Қайта құрушы Рефлексивті Гуманистік білім беру ортасы Зерттеушілер оны жаңа мәдени білім беруші және әлеуметтік-педагогикалық ойлаудың негіздерін қалыптастыруды қамтамасыз етуге қабілетті шарт ретінде қарастырады.
Гуманистік құндылықтары басым, мәдени білім беру кеңістігі болып табылады, оның тұтастық, автономиялық сияқты сипаттамалары болады.
Субьективтілікті өзекті қайта құруларын, білім берудің интерсубьективті үдерісін дамыту үшін жағдай жасайды.
Акмеологиялық орта – бұл тұлғалық-бағдарлы тұғырдың негізгі принциптеріне сәйкес келетін, білім берудің тұлғалық субьектілерін ескеріп, оларды дамыту және өзіндік дамыту мақсатында жетістіктеріне ықпал ететін білім беру ортасы.
ААкмеологиялық орта –тұлғаның өзіндік дамуын және өмір жолының белгілі бір сатыларында рухани байытылуын, бірінші кезекте акмеологиялық мәдениетті қамтамасыз ететін орта.
В.А.Семкин білім беру ортасының аса маңызды сипаттамаларын көрсетті: Педагогтармен өзара қатынас;
Білімгерлермен өзара қатынас;
Эмоционалды жайлылық; Өзіне сыйласымды қатынас; Жаһандық деңгейге мәдениет, экономика, саясат, білім беруді дамытудың жалпы әлемдік үдерістерін, жаһандық-ақпараттық желілерді жатқызуға болады.
Жергілікті деңгейге – білім беру мекемелері, жақын аймақ, отбасы жатады.
Әлеуметтік-мәдени білім беру ортасының деңгейлері: Aкмеология атқаратын қызметіне қарай әртүрлі салаларға бӛлінеді. Атап айтсақ, әскери, медициналық, экстримальді жағдай акмеологиясы және педагогикалық. Акмеологияның пән ретінде құрылуы педагогикалық акмеологияның пайда болуына әкелді. «Педагогикалық акмеология» бүгінгі күні қолданбалы акмеологияның барынша кӛп қарастырылған бағыттарының бірі болып табылады. Педагогикалық акмеологияның қарқынды дамуы жалпы акмеологияның және оның қолданбалы бағыттарының қалыптасуына ықпал 38 етті. Ал қысқаша айтқанда, педагогикалық акмеология – педагог еңбегінде кәсібилікке жету жолдары туралы ғылым. Педагогикалық акмеологияға адамды тұлға, іс-әрекет субъектісі, индивид ретінде зерттеп, жалпы алғанда ақыл-ой әлеуеті қалыптасқан кӛпқырлы біртұтас адам ретінде оның жеке ерекшеліктерін анықтайды, адамның қол жеткізген нәтижелерін зерттеу негізінде оның әлеуетінің заңдылықтарын қарастырады. Сондықтан да педагогикалық акмеология білім сапасын арттыруда ӛте үлкен маңызға ие, болашақ педагогтардың кәсіптік даярлығының жаңа моделін құруға жол ашады және адам капиталды дамыту мәселесін тиімді шешуге бағытталады
Жоғары оқу орнынан кейін білім беру жағдайында педагогикалық акмеологияның пәндік саласы кең, осы ғылым саласы тұлға кәсібилігінің түрлі жақтары мен оның іс-әрекет кәсібилігінің деңгейлерін, сондай ақ педагог тұлғасының кәсіптік жетілуінің шыңына жетудегі шарттары мен заңдылықтарын зерттейді. Осыған орай оның пәндік саласына мыналар кіреді: а) болашақ педагог-акмеологтың кезең кезеңімен қалыптасу үдерісін зерттеу; ә) педагогикалық іс әрекетте кәсіби жетістіктерге жетудің мотивтерін анықтау, осыған байланысты білім алушылардың мотивтері, құндылықты бағдарлары, мақсаттарын зерттеу; б) жеке оқу пәндері мен құралдарының білім алушылардың тұлғалық дамуына ізгілікті бағдарлануы; в) магистранттың болашақ мамандығы бойынша кәсібилікке жетудің траекторияларын, акмеограммасын жасау; г) болашақ мамандарды даярлаудағы акмеологиялық технологиялар әзірлеу және т.б.
Aкмеология – адамның шығармашылық ғұмырына, кәсіптік шыңға жетуіне ықпал ететін факторлар мен заңдылықтарды зерттейтін ғылым; жаратылыстану, қоғамдық және гуманитарлық пәндер тоғысында пайда болған, белгілі бір ісәрекет саласында адамның жоғары дәрежеде акме дамуы жӛнінде ғылым. Кемелденуді ӛздігінен білім алу, ӛзін-ӛзі түзету, ӛзін-ӛзі басқару құралдары арқылы ӛзін-ӛзі жетілдіруге қабілеттілік деп қарастырады. Жеке тұлғаның дамуын зерттеуде психология мен акмеологияда ортақ және ӛзгеше кӛзқарастар бар. Бұл айырмашылықтар акмеологиялық білімнің және ғылым ретінде акмеологияның ӛзгешелігі мен ӛз алдына дербестігін сипаттайды. Aкмеологияның жоғарыда сипатталған ерекшеліктеріне мән беру оның педагогикалық мәселелерді шешудегі әлеуетін ашуға мүмкіндік берді, біз қарастырып отырған «акмеологиялық дайындық» ұғымын негіздеуге ықпал етті. Олар жайлы жұмысымыздың келесі параграфында баяндалады.