Сұрақтар:
1.Сынып жетекшiсiнiң мектептiң тәрбиелеу жүйесiн
үйлестiру қызметi
әр оқушының даму ерекшеліктерін психологиялық-педагогикалық картада көрсету;
оқушыларға оқу әрекетінде көмектесу;
әрбір оқушыға және ұжымға жеке дара ықпал жасау;
оқушыларға үйірмелер, клубтар, секциялар, бірлестіктер арқылы қосымша білім алуға көмектесу;
оқушыларға өзін-өзі дамытуға, өзін-өзі тәрбиелеуге жағдай жасау, мектеп психологымен бірігіп оқушыларға психологиялық білім беру;
оқушылардың дербестігі мен құқықтарын қорғау;
оқушылардың отбасымен байланыс ұйымдастыру: ата-аналар жиналысын өткізу, ата-аналарға кеңес беру, ата-аналарды мектепке көмек беруге тарту, оқушылардың денсаулығы мен өміріне байланысты төтенше жағдайларда ата-аналармен жедел түрде байланысу;
өз сыныбы оқушыларының үлгеріміне байланысты кіші педагогикалық кеңестер
жұмысын ұйымдастыру, пән мұғалімдерінің сабақтарына қатысу;
мектептен тыс мекемелермен байланыс орнату;
2.А. Савенков дарынды балаларды анықтаудың принциптері
А.Савенков дарынды балаларды анықтаудың келесі принциптерін ұсынды:
1. Кешенді бағалау принципі. Баланы зерттеу жан-жақты және
кешенді болуы керек. Баланың интеллектуалдық қабілеттілігінің даму деңгейінен басқа психо-физикалық қасиеттері мен құбылыстарының мүмкіндігінше кең аймағын зерттеуіміз қажет. Зерттеуші үшін баланың шығармашылық қабілеттілігінің дәрежесін, психо-әлеуметтік және физикалық даму деңгейін зерттеу маңызды бола бастайды.
Кешендік бағалау принципіне тікелей қатынасы бар бағалаудың сапалы жақтарында есте ұстау қажет. Бұл арада бала психикасының құрылымындағы жеке функциялары мен қабілеттерінің даму деңгейінің сәйкестілігін анықтау туралы сөз болып отыр.
2. Ұзақ мерзімдік принцип.
Балалар дарындылығының деңгейін анықтау мақсатында жүргізілетін диагностикалық зерттеулердің бір уақыттық шара болуы мүмкін емес. Бұлай жасауға осы мәселенің теориялық жағынан қарастырылу деңгейі ғана емес,сонымен қатар осы үрдістің әдістемелік жағынан қамтамасыз етілу деңгейінде мүмкіндік бермейді.
3. Тренингтік әдістер мен тапсырмаларды қолдану принципі.
Бір реткі зерттеуге арналған кәдімгі диагностикалық әдістемелердің кемшілігіне баладан арнайы стандартты тапсырмалар арнасын шешуді талап ету және оның нәтижесі бойынша бағалау жатады. Сонымен қатар,бір реткі тапсырмалар бір уақыттық диагностиканың қызметін атқарады, олар кейбір жағдайларда балаларда табиғи стресстен туған қателіктердің алдын алуға да мүмкіндік бермейді.
Тренингтік әдістемелер диагностиканың мақсатын өзгертуге, яғни оларды ең әуелі бала қабілеттілігін коррекциялау мен дамытуға бағыттауға мүмкіндік жасайды. Тренингтік әдістемелерді қолдана отырып, ұзақ мерзімдік диагностиканы жүзеге асыруға сол арқылы бір реттік зерттеуде міндетті түрде болатын кейбір психологиялық бөгеттерді шектеу мүмкін болады. Тренингтің көмегімен ұзақ зерттеуге алынған бала біртіндеп қысымнан құтыла отырып, өзінің табиғи қабілетін көрсете бастайды.
4. Баланың потенциалдық мүмкіндіктерін ескеру принципі.
Көптеген мамандар баланың дарындылық деңгейін бағалауда қанша актуальды жағын бағаласақ, сонша потенциалдық мүмкіндігін бағалау керек дегенді айтады. Бұдан басқа, педагогикалық және әлеуметтік жағынан баланың сол сәттегі істегені емес, одан болашақта не күтуге болады сол маңыздырақ болады.
5. Диагностикалық экологиялық әдістерді тірек ету принципі.
Экологиялық әдістерді баланың жасанды, зетханалық жағдайда емес кәдімгі жағдайдағы мінез-құлқы мен іс-әрекетін бағалау әдістері жатады. Дегенмен, бұл арада біздің мүмкіндіктеріміздің шектелетінін ұмытпау керек.
6. Әр түрлі мамандардың қатысу принципі.
Диагностикалық зерттеулерде психологтардан басқа педагогтар, физиологтар, ата-аналар және балалар қатысуы қажет. Балалар тек зерттелуші арналған арнайы өңделген, әдістемелік құралдары болуы керек. Тек осы мәліметтерді қатар қойып салыстыру ғана шынайы көріністі бере алады.
7. Балалардың өз дарындылығын бағалауға қатысу принципі.
Жалпы балалар психодиагностикалық жұмыстарға зерттелуші рөлінде ғана қатысады. Әйтседе дарындылықты объективті бағалау үшін баланың өз мүмкіндіктерін өзі бағалауын ескерудің маңызы өте зор болмақ. Балалар дарындылығының диагностиалық үрдісін фундаментальдық идеялар ретінде жоғарыда аталған принциптерді басшылыққа алып, келесі ретпен жүзеге асыруға болады:
Тапсырма
1. Әдебиет көздерін пайдалана отырып «Қиын
бала» ұғымының шығуы және ғалым-педагогтардың ойпікірлеріне конспект жасаңыз
1.Дарынды оқушылардың шығармашылығын
қалыптастырудың жолдары
Дарынды балаларды қоғамның ғылыми келешегі ретінде қарап, танып білу үрдісі өте ертеде басталды.Ал ХХ ғасырдың басында дарындылық, оны зерттеу әдістеріне арналған алғашқы ғылыми еңбектер пайда болды.Қазіргі уақытта дүниежүзілік тәрбие балалар дарындылығын зерттеу және қолдау тәжірибесін жеткілікті мөлшерде жинақтаған. Дарынды балалармен жұмыс көбінесе «дарындылық», «дарынды бала» ұғымдарының мазмұнын дұрыс түсінуге байланысты. «Дарындылық» термині «Дарын» сөзінен шыққан.Дамудың ерекше қолайлы,ішкі алғы шарттары дегенді білдіреді. Дарынды балаларды айырықша оқшауландыратын ерекшеліктер – ақыл-ой еңбегіне бейімділік, жоғары зерттеушілік қабілеті мен танымдық мотивация, білімді, жаңа хабарды ұдайы қабылдауға ұмтылыс, яғни танымдық қажеттігі. Бақылау көрсеткендей жоғары танымдық қажеттілік баланың өз талпынысымен болады. Дарынды балалар қиын тапсырманы құштарлықпен оңай орындайды. Дайын жауаптарды ұнатпайды.Оларға тән қасиет өз бетімен іздене отыра шығармашылықпен еңбектену. Көбінесе “дарынды оқушы – бұл жақсы оқитын оқушы” деген пікір қалыптасқан. Белгілі ағылшын психологі П.Торранстың зерттеулері бұл пікірдің мұғалімдер арасында жиі кездесетінін анықтады. Оларға оқуда қиыншылық туғызбайтын, тәртіпті, ұйымшыл, білімді, тұрақты, ұғымтал, өз ойын нақты және түсінікті жеткізе алатын оқушылар көбірек ұнайды. Ал қисынсыз сұрақ қоятын, өз жұмысымен ғана айналысатын, тәуелсіз, көбіне түсініспеушілік туғызатын, қияли, әр нәрсеге көзқарасы бөлек оқушылар ұнамайды. П.Торранстың зерттеулері нақ осы қасиеттер оқушының шығармашылық дарындылығын көрсететін және оның нашар оқитын оқушылардың арасында да аз емес екендігін айқындаған. Сондықтан мұғалімдер осы зерттеулердің нәтижесін есте ұстағаны жөн.
Дарынды оқушымен жұмыстың негізгі мақсаты- олардың шығармашылық жұмыста өзінің қабілетін іске асыруға дайындығын қалыптастыру. Ал мақсатқа жету оқу бағдарламасын тереңдетіп оқыту және оқушының танымдық белсенділігін дамыту арқылы жүзеге асады.
2.Дарынды балалармен жұмыс жүргізудегі мұғалім іс-әрекетінің мазмұны
Оқушының шығармашылық іс — әрекетіне жағдай туғызу дегеніміз — оқушыны ойлай білуге үйрету екені сөзсіз. Мектеп табалдырығын жаңа аттаған бүлдіршіннен шығармашылық қабілетті талап етпес бұрын, оны соған үйреткен жөн. Оқушының зейінін, есін, қиялын, интеллектісін дамыта отырып, ойлау қабілетін, шығармашылық іс — әрекетін жоғары деңгейде көтеруге болады. Оқушының математика сабағындағы шығармашылық қабілетін дамыту. Мысалы:
Зейінді дамытуға бірнеше шығармашылық тапсырмалар орындауға болады.
Тапсырма
1. Әдебиет көздерінен қазіргі таңда дарынды
балалармен жүргізілетін жұмыстардың әдістері мен түрлерін
жетілдіру мақсатында қандай шаралар орындалып жатқанын
анықтаңыз
Жалпы жеке тұлға дарындылығының деңгейлік көрсеткіштері, ғалымдардың пайымдауы бойынша, жоғары дарынды, дарынды, орташа дарынды болып сипатталады. Дарынды балаларды айқындауда негізгі жұмыс мектеп психологы мен пән мұғалімі, мектеп әкімшілігінің бірлескен қызметі арқылы іске асырылуы қажет.
Дарынды балаларды айқындауда кешенді түрде әр түрлі әдістер қолданылады:
-Балаларды бақылау (сабақты, сабақтан тыс);
-Баланың ата-анасымен байланыс;
-Арнайы психодиагностикалық тренингтер;
-Топтық шығармашылық жұмысқа араластыру
-Түрлі интеллектуалдық, пәндік олимпиадар, ғылыми зерттеушілік жұмыстар, сайындар, спорттық жарыстар, т.б.
-Педагогикалық консилиумда қарау.
-Диагностика жасағанда пән мұғалімдерінің, кітапханашы мен дәрігердің пікірін ескеру.
-Жаратылыстану және гуманитарлық пәндерді тереңдетіп оқыту;
- Кеңейтілген, тереңдетілген тапсырмалар беру;
Дарынды балаларды анықтау – нақты бір баланың дамуын талдауға байланысты ұзақ мерзімді процесс. Дарындылықты бір реттік тестілеу процедурасымен анықтай салу мүмкін емес. Сондықтан да дарынды баланы бір сәтте таңдаудың орнына оны арнайы бағдарламамен оқытуда (қосымша білім беру жүйесінде), немесе дербестендірілген білім беруде (жалпы білім беретін мектеп жағдайында) біртіндеп, кезең-кезеңімен анықтауға күш жұмсау керек.
Оқушылардың өзіндік шығармашылық қабілеттерін іске асыру бағытындағы дайындығын қалыптастыру – дарынды балалармен жұмыс жүргізудің негізгі мақсаты. Бұл үдеріс оқу бағдарламасын тереңдетіп оқыту мен оқушының танымдық белсенділігін дамыту арқылы жүзеге асырылады. Әр баланың жеке қабілетін анықтап, оны сол бағытта жетелеу – ұстаз парызы болса, баланы заманына қарай икемдеп, өз заманының озық өнегесін оның санасына сіңіре білу, оларды шығармашылық бағытта жан-жақты дамыту –бүгінгі күннің басты талабы екені сөзсіз.
Психометрикалық тесттер дарынды балаларды идентификациялау бағдарламасының аясында қосымша ақпарат көздерінің бірі ретінде қолданылады. Бірақ ол да баланы «дарынды» немесе «дарынды емес» деп шешім шығарудың жалғыз критерийі емес. Дарынды балаларды анықтау мақсатында қолданылатын психология-педагогикалық мониторинг бірқатар талаптарға жауап беруі керек:
1) баланың бейімділіктерінің кең спектрін қамтуға және ақпараттың түрлі көздерін қолдануға мүмкіндік беретін оның мінез-құлқы мен әрекетін жан-жақты бағалаудың кешенді сипаты;
2) идентификациялау процесінің ұзақтығы;
3) баланың бейімділіктері мен қызығушылықтарына барынша сәйкес келетін әрекет саласындағы мінез-құлқына талдау;
4) балалар әрекетінің өніміне (суреттер, өлеңдер, техникалық модельдер, математикалық есептерді шешу тәсілдері және т.б.) сарапшыларды (белгілі бір пән саласы бойынша жоғары білікті мамандар – математик, шахматист, филолог, инженер, т.б.) тарта отырып, сараптамалық баға бергізу;
5) баланың дарындылық белгісін анықтауда оның психикалық дамуының актуалдық деңгейі ғана емес, оның жақын даму аймағын да ескеру керек. Ерекше бағдарламамен проблемалық сабақтар өткізу, баланың психологиялық «кедергіден» өтуіне игі ықпал ететін тренинг әдістерін қолдану тиімді;
6) нақты бір баланың өзіндік ерекшелігі мен дарындылық түріне сәйкес таңдалатын көптеген психодиагностикалық процедураларды қолдану арқылы тексерудің көпкезеңділігі;
7) диагностикалық тексеруді шынайы өмірлік жағдаят жағдайында, табиғи экспериментке ұқсас формада жүргізу;
8) зерттеушілік әрекетті модельдейтін және балаға барынша әрекет еркіндігін беретін пәндік жағдаятты қолдану;
9) балалар мен жасөспірімдердің пәндік олимпиадалардағы, конференциялардағы, спорттық жарыстардағы, шығармашылық байқау, фестивальдардағы жетістіктерін талдау;
10) психодиагностиканың экологиялық валидті әдістерін – баланың шынайы жағдаяттағы шынайы мінез-құлқын бағалауға мүмкіндік беретін - әрекет нәтижесін талдау, бақылау, әңгімелесу, ата-аналар мен мұғалімдердің сараптамалық бағасын тірек ету;
Оқушы дарындылығының дамуы, қабілетінің ашылуы көбіне мұғалімнің кәсіби біліктілігіне байланысты. Көбіне “Дарынды оқушы – бұл жақсы оқитын оқушы” деген ұғымды қамтымау керек.
Дарынды оқушымен жұмыстың негізгі мақсаты – олардың шығармашылық жұмыста ерекше қабілетті болуына байланысты.
Қолданылған әдебиеттер:
1. ҚР Білім туралы Заңы. Астана. 2004 жыл.
2. Н.Назарбаев “Біздің халқымыз жаңа өмірге бейімделуі керек”.//”Егемен Қазақстан”. 31 мамыр. 2000 ж.
3. Бабаева Ю.Д. Динамическая теория одаренности. Основные современные концепции творчества и одаренности. М. 1997г.
4. Хмель Н.Д. Теоретические основы профессиональной подготовки у
5. Қазақстан мектебі «Дарынды бала ұғымы» №12, 2009жыл
6. Қазақстан мектебі «Дарынды оқушымен жұмыс» №2, 2011 жыл
Достарыңызбен бөлісу: |