Бурабай ауданының Тілдерді оқыту орталығының оқытушысы Маширова Анар Қалымжанқызы Cабақтың тақырыбы: «Тілім менің – тірлігімнің айғағы»



бет3/3
Дата08.12.2023
өлшемі322,88 Kb.
#195589
түріСабақ
1   2   3
Байланысты:
тілім менің Маширова А

Сергіту сәті «Бір адым» Екі тыңдаушы шығады, белгіленген жерге дейін кез келген сөзді айтып жетуі тиіс. Кім бірінші жетеді сол жеңімпаз.
ІІІ – кезең «Аудармашы» мәтінді аудару
«Тарлан» тобының мәтіні
Алматы
Алматы – Қазақстан Республикасының ірі қаласының бірі. Алматы – өте әдемі қала. Ол өндіріс, ғылым және мәдениет орталығы. Мұнда Қазақстан Республикасының Ғылым академиясы, 16 жоғары оқу орны, 8 театр, 13 мұражай бар. Қала маңында әсем жерлерде емханалар, демалыс үйлері және «Медеу» мұз айдыны орналасқан.
Сөздер: өндіріс – промышленный, мұражай – музей, мәденеит - культура
«Алғыр» тобының мәтіні
Біздің мекеме
Біздің мекеме үлкен. Онда көп қызметкер жұмыс істейді. Біздің мекемеде 12 бөлім бар. Әрбір бөлімде 7 маман істейді. Мен жоспарлау бөлімінде істеймін. Жұмысым өзіме ұнайды. Бұл мекемеде мен көп жылдан бері жұмыс істеймін. Біздің мекеменің адамдары білгір, іскер. Біздің мекеме Ж.Жабаев көшесінде орналасқан.
Сөздер: мекеме –учреждение, жоспарлау – планировать, іскер -деловой

Мұғалімнің сөзі:
Өнерліге кім жеткен,
Әр салада небір өнер көрсеткен.
Төртінші кезеңді біз бастайық,
Өнерлінің әрқашан да өрісі кең.
IV – кезең «Тапқырлар» берілген сөзден бірнеше сөз құрастыру
«Тарлан» тобына ( ҚАНАҒАТТАНАРЛЫҚ) - удовлетворительный
«Алғыр» тобына ( ҚАРАПАЙЫМДЫЛЫҚ) – простота, обыденность
Жүргізуші: Білекті бірді жығар,
Білімді мыңды жығар.
V –кезең «Мақалдар сайысы» қай топ ең көп мақал-мәтелдер біледі.
VI - кезең «Кім жылдам?» тақдада екі командаға екі сөз жазылған, қай команда осы сөздерге көбірек сөз тіркестер қатарын жазады.
«Тарлан» тобының сөзі - ТІЛ
«Алғыр» тобына - ҰЛТ
VI І – кезең Команда капитаның сайысы
Екі команда капитандарына екі тақырып беріледі, осы тақырыпқа әр команда ауызша шағын әңгіме құрастыру керек.
«Тарлан» тобының капитанына - Менің жұмысым.
«Алғыр» тобына капитанына - Менің қалам.
VІІІ Сабақты қорытындылау.
Бүгінгі «Тілім менің – тірлігімнің айғағы» атты сайыс сабағымыз осымен аяқталды. Бұл сабақта өздеріңіз көріп отырғандай көптеген тіл туралы мақал-мәтелдер, тапсырмалар орындалды. Сіздерге бүгінгі сайыс сабаққа қатысқандарыңыз үшін алғысымды білдіремін. Енді келесі сөз әділ қазылар алқасына беріледі. Әділ қазылар шешімі бойынша «Қазақ тілінің білгірі» - «Тарлан» тобы болып анықталды. «Тарлан» тобы «Алғыс хатымен» марапатталады.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет