Cабақтың тақырыбы: «Тілім менің – тірлігімнің айғағы» сайыс сабақ Сабақтың мақсаты: Тіл үйренушілердің мемлекеттік тілді қаншалықты меңгергендігін тексеру, әр түрлі тапсырмалар арқылы тыңдаушылардың алған білімдерін бекіту;
Келген қонақтармен сәлемдесу. (Сәлемдесудің түрлерін көрсету). Оқытушының кіріспе сөзі: Құрметті тіл үйренушілер мен әріптестер! Сіздерді халықаралық тілдер мерекесімен құттықтаймын, тілдің мәртебесін көтеріп, тіл үйренуде жоғары деңгейге жетулеріңізге тілектеспін. Көп тіл білсең көкжиегің кең болар. Құрметтейді кісі екен деп төрге озар. Қай елде жүрсең де бұл дұрысы, Мемлекеттік тілді үйренген жөн болар. Біз бүгін «Тілім менің – тірлігімнің айғағы» атты сайыс сабағын өткізгелі жатырмыз. Сабағымыздың соңында «Қазақ тілінің білгірі» кім болатыны анықталады. Сайысқа екі команда қатысады. Команданың атын анықтау үшін жребий тартамыз және команда капитанын таңдауымыз керек.