Бюджет: отбасыңыз қай түрін таңдайды?



бет2/3
Дата30.01.2023
өлшемі49 Kb.
#166792
1   2   3
Байланысты:
Үнемшіл адам тиыннан теңге құрайды
бастауыш кезекш, Положение конкурс ср. школьников, 1606994396, Нурлыбаева жетістіктер, 7-сын 2 тоқсан бжб, 9 сын қмжж, Білімді ұрпақ жарқын болашақ, 5-9 класс РУКОВОДСТВО для педагогов 02.09.2022, P7.05 - kk - 10100634733505, санды теңсіздіктер, ЭССЕ ЖАЗУҒА МАШЫҚТАНДЫРУ электив, тапсырма 11 А, 9 сын тіл тәуелсіздік, Абай 09.2023 (1)
Үнемшілдік үлгісі
Әлия Тасқараева, қаржыгер:
− Отбасылық қаржыны дұрыс жарату үшін төмендегі қарапайым ережені ескерген абзал. Алдымен, отбасыға ең қажетті дүниені жалақы түскен күні алу қажет немесе одан келесі күні. Себебі, бірнеше күннен кейін ақша жоспарлы емес бағытта жұмсалып, шашырап кетеді.
Өзіңіз ойлағандай өмір сүру үшін қомақты қаражат табудың жолын қарастырған жөн. Болмаса ақшаны барынша үнемдеудің тәсілін табыңыз, мысалы бір айдағы шығын көлемін барынша азайту. Әдетте жас отбасылар өздері ойламаған шығынды ескере бермейді. Мысалы, серуендеуге шыққан сәтте табан астында тамақтануға қаржы жұмсауыңыз мүмкін. Әрине бұл сізге жақсы демалыс сыйлайды, бірақ әмияныңыздан 30-40 мыңның қалай алынғанын өзіңіз де елемейсіз. Сондықтан барынша жоспармен жүру керек.
Ай сайынғы төлемнің нақты есебін шығарып отыру керек. Мәселен су, жарық, жылу, газ, такси төлемі. Коммуналдық төлем бағасын өзгерте алмайтыныңыз белгілі, мысалы 1 м3 суға 70 теңге. Бірақ мұндай ресурсты үнемдемесек, шығынның азаймасы анық. Ал такси қызметін шұғыл жағдай болмаса, пайдаланбаған жөн. Оның орнына жаяу жүрген әлдеқайда пайдалы. Тағы бір мысал ретінде қарапайым салфетканы қарастырайық. Дастарқан басында оны пайдалану мәдениетті көрінеді, бірақ оған да қаржы жұмсалатынын ұмытпаңыз. Оның орнына әдемі майлықтар алып қойсаңыз қажетіңізге жаратып, кез келген уақытта тазарта аласыз. Жарықты да арнайы лампа көмегімен аз пайдалануға болады. Әрине, ондай лампаның бағасы қымбат болуы мүмкін, бірақ 2-3 айда шығынның орны толады. Мұның бәрі елеусіз дүние болғанымен, қалтадағы қаржыға едәуір әсер ететін факторлар.
Супермаркетке кірген сәтте менмұндалап тұратын акцияға қызығудың қажеті жоқ. Әсіресе азық-түлікті акция арқылы алмаған дұрыс, бұл көп жағдайда әйел адамға қатысты. Көбіне заттар «50% акция» деп тұрған сәтте адам миында «арзан баға, ертең бітіп қалуы мүмкін, бүгін үлгерейік» деген ой қылаң береді, солай қажетті, қажетсіз дүниені алу ықтималдылығы жоғарылайды. Сондықтан дүкенге бармас бұрын үйге нақты не қажет екенін жазып алыңыз. Мысалы, 5 кг пияз, 1 кг конфет деген тәрізді. Бұл жаңылысып, асығыс шешім қабылдаудың алдын алады.
Тез бұзылатын өнімдерді ертерек алмаған абзал. Егер сақтайтын қолайлы орын болмаса немесе азық-түлік көбейіп кетсе, оның бәрі жарамсыз болып қалады. Ысырапқа жол бермеңіз.
Шығын шықпас үшін...
Әдетте отбасылық шығын маңызына қарай негізгі және болмашы деп бөлінеді. Негізгі шығынды азық-түлік, коммуналдық төлем, несие, үйге қажетті жиһаз немесе техника құрайды. Ал екінші топқа киім-кешек, ойын-сауық, демалыс үшін жұмсалатын шығындар енеді. Қаржыгерлер отбасылық шығынды азайту мақсатында төмендегідей әдісті ұсынады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет