Бюджет: отбасыңыз қай түрін таңдайды?



бет1/3
Дата30.01.2023
өлшемі49 Kb.
#166792
  1   2   3
Байланысты:
Үнемшіл адам тиыннан теңге құрайды
бастауыш кезекш, Положение конкурс ср. школьников, 1606994396, Нурлыбаева жетістіктер, 7-сын 2 тоқсан бжб, 9 сын қмжж, Білімді ұрпақ жарқын болашақ, 5-9 класс РУКОВОДСТВО для педагогов 02.09.2022, P7.05 - kk - 10100634733505, санды теңсіздіктер, ЭССЕ ЖАЗУҒА МАШЫҚТАНДЫРУ электив, тапсырма 11 А, 9 сын тіл тәуелсіздік, Абай 09.2023 (1)

Үнемшіл адам тиыннан теңге құрайды, ысырапшыл табыс тапқанмен тақырға отырады. Қаржыгерлер тұлғаның табысты болуы тікелей өзіне байланысты екенін айтады, яғни басты мәселе − жоспарда. Осы орайда жас отбасылар үшін бюджетті қалай жоспарлау керек екенін мамандармен бірлесе отырып талқыладық.
Бюджет: отбасыңыз қай түрін таңдайды?
Отбасы бюджеті − отбасы кірісі мен шығысын есептей отырып жасалған қаржылық жоспар. Қаржы жоспарын дұрыс құру мен нақты орындау отбасы мүшелеріне тікелей қатысты. Мамандар отбасының қаржылық жоспарын құру сіз таңдаған бюджет түріне байланысты екенін айтады, яғни алдымен бюджет түрін анықтап алған дұрыс. Оған төмендегі 3 категория кіреді:
1.Бірлескен отбасылық бюджет;
2.Бөлек отбасылық бюджет;
3.Араласқан отбасылық бюджет.
Бірлескен отбасылық бюджет деп − ерлі-зайыптылардың кірістерін бірге жинақтап, қаражатты барлық отбасы шығыны мен жеке шығындарға жоспарлы түрде жұмсауын айтамыз. Көп отбасылар осы тәсілді қолданады.
Бөлек отбасылық бюджетте әр отбасы мүшесі өз табысына жеке иелік етеді. Мұндай отбасылар батыс мемлекетінде жиі кездеседі. Олар бір-бірне қаржы жағынан тәуелді болғысы келмегендіктен, отбасы шығынын жеке төлейді, тек аса көп қаражат қажет шығындарда ғана бірлесіп шешім қабылдайды.
Араласқан отбасылық бюджет − бірлескен және бөлек отбасылық бюджет сипатына ие қаржылық жоспар. Бұл жерде отбасы мүшелері бірлесіп ақша жинайды, алайда оған барлық табысын бермейді, алдын-ала келісіп жоспарланған соманы ғана жинап отырады. Ал табыстың қалған бөлігін өз қалауынша жұмсайды.
Әдетте отбасылық бюджетті есептеу барысында келесі айда жұмсалатын шығын мен кіріс назарда болады. Осы орайда барлық отбасы шығыны, балаларды қамтамасыз ету, отағасының және әйелінің жеке шығынынан бөлек, жуық арада болуы мүмкін тосын жағдайға қаржы қарастырған дұрыс.

Отағасы & отанасы: кім басқарған дұрыс?

Жас отбасы мүшелері отау құрған сәттен бастап бәрінің ортақ мүдде үшін жұмсалатынын ескеру керек. Енді сіз жалғыз емессіз, яғни табысыңызды оңды-солды жұмсай алмайсыз. Көп жағдайда жастар «отбасы бюджетін қайсысымыз басқарған тиімді?» деген сауалға жауап іздеп, әр тарап өз пікірін дәлелдеуге тырысады. Осы орайда ел арасында жиі кездесетін бірнеше жайтқа назар аудардық.


Ер адам – үйдің асыраушысы, бірақ оны жаратып, бәріне жеткізуші –отанасы. Себебі, базардағы азық-түлік бағасы, коммуналдық төлем, тұрмыстық заттар, баланың киімі мен оқу құралына жұмсалатын қаржыны әйел адам жақсы біледі және орнымен жұмсайды. Бірақ бұл кезде «ақша кімде, билік сонда» немесе «кімнің табысы көп, сол бюджетті басқарады» деген қате пікірден аулақ болған дұрыс.
Әдетте ер адамның отбасында беделі биік, бірақ бюджетті әкелер жоспарласа ұсақ-түйек дүниелер ескерілмей қалуы мүмкін. Алайда ер адам қаржыны нақты жоспармен жұмсап, қатаң қадағалай алады. Ең дұрысы, табысты бірге жоспарлап, жеке меншікке айналдырмау керек дейді қаржыгерлер. Себебі, ақша − билік немесе абырой емес, бар болғаны екеуіңізге ортақ дүние. Бастысы, отбасы бірлігі, содан кейін ғана бюджеттік жоспар.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет