3. Қыз балалар мен ер балаларға қатысты зорлық-зомбылықты ескертуге ерекше назар аударуға және оған барынша саяси маңыз беруге, оның ішінде, мысалы, зорлық-зомбылықтың барлық нысандарының ауқымдары мен жағымсыз салдарлары туралы хабардарлықтың деңгейін арттыру жөнінде қоғамдық және ақпараттық науқандар жүргізуге және оны балалармен, ата-аналармен, азаматтық қоғаммен, жекеменшік сектормен, ақпараттық технологиялар мен бұқаралық ақпарат құралдарының жаңа салаларымен тұрақты әріптестік ынтымақтастықты дамыту арқылы жүзеге асыруға;
4. Зорлық-зомбылық фактілерін анықтау және тиісті, фактілерге негізделген отбасылар мен балаларға қатысты стратегиялар мен нақты саясатты әзірлеу үшін зорлық-зомбылықты ескерту, оның құрбандары болған балаларға қолдау көрсету, сондай-ақ есептілікті, істерді қарауға беруді және қарсы іс-қимылдарды күшейту мақсатында білім беру, денсаулық сақтау, әділет, қорғау жөніндегі қызметтер мен еңбек инспекциясы сияқты тиісті салалардың техникалық, іс жүргізу және институционалдық мүмкіндіктерін күшейтуге;