Басқа мемлекеттердің омбудсмендерінен алынған шағымдар саны бойынша екінші (келіп түскен шағымдардың 3,60 %-ы) болып табылады. Мұндай шағымдар көбінесе балаға қорғаншылықты ресімдеу не шетелдік элемент бар істер жөніндегі алименттерді өндіріп алу мәселелеріне қатысты.
Халықтың әлеуметтік осал топтарының мүдделерін белсенді түрде қорғаудан туындаған азаматтық сектордың балалықты қорғау мәселелеріндегі белсенділігі өте төмен. Осылайша, шағымдардың 2,70 %-ы үкіметтік емес ұйымдардан келіп түскен. Уәкілге балалардың құқықтарын қорғау мәселелері бойынша Ақмола көп балалы отбасылар одағы, Қазақстандық халықаралық адам құқықтары және заңдылықты сақтау жөніндегі бюро мен басқа да қоғамдық бірлестіктер жүгінді.
Бір хат Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаты А. Айталыдан, біреуі – БҰҰ Балалар қорынан (ЮНИСЕФ-тен) келіп түсті.
Келіп түсетін шағымдардың көпшілігі – жеке шағымдар, шағымдардың тек 6,19 %-ы – ұжымдық, олар негізінен мектеп оқушыларының ата-аналарынан, балалар мекемелерінің қызметкерлерінен келіп түседі және аталған мекемелердің оқушыларының, қызметкерлерінің құқықтарын қорғау мәселелерін қозғайды.