Бюллетень зарегистриро-ванв Министерстве культуры, информации и спорта Рес-публики Казахстан



бет43/109
Дата04.01.2022
өлшемі2,69 Mb.
#10280
түріБюллетень
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   ...   109
Бірінші. Тәуелсіздік жылдары біздің елімізде маңызды өзгерістер болды. Адам мен мемлекеттің өзара қарым-қатынасының негізгі тұжырымдамасы ретіндегі патернализм мемлекеттік міндеттердің нақты шағын көлемдерін білдіретін адам құқықтарының қалыптасқан жүйесі бар либерализмге орнын берді. Алайда, мемлекеттің балаларға қатысты міндеттерінің көлемі әлі де жеткілікті дәрежеде өзгере қойған жоқ: еліміздегі экономикалық жағдайға байланысты белгілі бір түзетулер болғанымен, басым түрде патерналистік көзқарас сақталуда. Бұл бүгінгі күні балалардың құқықтарына қатысты жаппай либералдық көзқарас қолдануға тиіс екенін білдіре ме? Олай емес. Балалар – қоғамның көрінеу артықшылықты бөлігі. Олар өз мүдделері үшін, қандай да бір экономикалық немесе саяси үстемдік ету үшін экспансияны қолдану арқылы күреспейді. Бірақ олар өздерінің қорғалмағандығымен-ақ күшті. Балаларға қатаң түрде дәстүрлі либералдық көзқарас талаптарын қою мүмкін емес, өйткені өзі үшін, өз құқықтары үшін әр адамның өзі жауапты. Сонымен бір уақытта бүгін балалардың құқықтарын қамтамасыз етудің патерналистік саясатын жалғастыру да мүмкін емес. Балалардың шығыстарын қаржыландыру, балалардың құқықтары мен мүдделерін қамтамасыз ету мәселелерінде қатынастарды либералдық социализм қағидаттарында құрған тиімді сияқты. Балалардың құқықтарын қамтамасыз ету барлық маңызды шешімдерді қабылдау кезінде саналы басымдық болуға тиіс, құндылықтар арасындағы таңдау әрқашан да балалардың пайдасына шешілуге тиіс. Балалар үшін социализм қазіргі уақытта өзі үшін жауапты, қиындықтарда мойымайтын, өз құндылықтарын, абыройы мен құқықтарын қорғай алатын жаңа тұлға үлгісін қалыптастыруға мүмкіндік беретін, балаларды жаңа либералдық құндылықтарға оқытудың дамыған жүйесімен, азаматтық білім беру жүйесімен ұштасуға тиіс. Либералдық экономика, жекеменшіктік қатынастар біздің балаларымызды экономикалық тұрғыдан жауапты және дербес болуға мәжбүр етеді. Біз, әрине, нарықтық даму ауыртпалығын балаларға арта салуымызға болар еді, алайда жауапкершілікті тәрбиелеудің неғұрлым ізгі тәсілі – балаларды осыған олардың қажеттіліктерін қамтамасыз ете отырып, үйрету. Біз оны қызығушылықпен талқылау мәніне айналдырамыз деп үміттенемін.

Екінші. Либералдық социализм тәсілін енгізу балалардың құқықтарына деген, біздің мәдениетімізге негізделген эмоционалдық көзқарасты рационалдық көзқарасқа өзгертумен ұштастырылуға тиіс. Біздің әзірге әлі дәстүрлі қоғамда балаларға, олардың мүдделері мен құқықтарына біз оларға деген сүйіспеншілікпен, қорғаншылықпен, қиындықтардан, күрделі өмірлік проблемалардан, жауапкершіліктен қорғау арқылы басым түрде эмоционалдық деңгейде көңіл бөлеміз. Біз оларды ересектер ретінде, өз жауапкершілігімен, саналы жеке құқықтарымен және бостандықтарымен бірте-бірте әлемге енуге мұқтаж адамдар ретінде қабылдамаймыз. Сонымен бір уақытта баланың мүліктік құқықтары, мұраға алу құқығы, жекеменшікке, тұрғын үйге, медициналық қызметтерге, білім алуға құқығы, ең маңыздысы, өз пікірін білдіру бостандығына, ақпарат алуға, ар-ождан бостандығына, жүріп-тұру бостандығына құқықтары бар, кемсітпеуге, азаптаудан, зорлық-зомбылықтан, қанаудан бостандыққа құқығы бар. Балалардың құқықтарына деген ұтымды көзқарас балалардың өз құқықтары мен бостандықтары мәселелерінде ересектермен бірдей, құқықтары олармен тең, тіпті олармен салыстырғанда тумысынан өздерінің құқықтары мен бостандықтары туралы деректерді уақытша білмеуіне орай артықшылығы бар адамдар екенін жорамалдайды. Бүгінгі конферения өз деңгейі және құрамы бойынша осы мәселеге баса көңіл аударуға мүмкіндік береді.

Үшінші. Балалардың құқықтарына деген құқық қорғау көзқарасы тек өзінің балаларға қатысты бүкіл саясатқа белгілі бір дәрежеде әсер етуімен ғана емес, сонымен қатар тұтастай адам құқықтарына қатысты ынталандырушы және жүйелеуші әсер ету тиімділігімен де артықшылыққа ие. Балалардың құқықтарын қорғау әлі де жеткілікті емес. Ол ауқымды ырықтандырушы катализатор әлеуетін қамтиды. Балалардың экономикалық, әлеуметтік, азаматтық құқықтарымен байланыстының барлығы саяси, діни, этностық немесе басқа да негізде қандай да бір не салмақты қарсы әрекет жасаған жоқ. Балалардың құқықтарын қорғау әр уақытта және барлық жерде игілікті іс болып табылатыны сөзсіз. Балалардың құқықтарын қорғай отырып, біз ұлттың қоғамдық ағзасына кемсітушілікке, тіпті адамзаттық абыройын, ар-намысын аяққа таптауға, адам құқықтары мен бостандықтарын саналы түрде, әдейі бұзуға қарсы тұру қабілетін дарытамыз. Бұл жерде «балалардың құқықтарын қорғау арқылы адам құқықтарына» деген қағидат іске қосылуға тиіс. Біз балалардың құқықтарын өзекті ету арқылы адам құқықтарына қосылу процесіне жарып өтудің бірегей мүмкіндігін кеңінен пайдалануға тиіспіз.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   ...   109




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет