Бюллетень зарегистриро-ванв Министерстве культуры, информации и спорта Рес-публики Казахстан


ТҰЖЫРЫМДАМАНЫ ЖҮЗЕГЕ АСЫРУ ЖӨНІНДЕГІ СТРАТЕГИЯНЫ ІСКЕ АСЫРУ КЕЗЕҢДЕРІ



бет45/109
Дата04.01.2022
өлшемі2,69 Mb.
#10280
түріБюллетень
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   109
ТҰЖЫРЫМДАМАНЫ ЖҮЗЕГЕ АСЫРУ ЖӨНІНДЕГІ СТРАТЕГИЯНЫ ІСКЕ АСЫРУ КЕЗЕҢДЕРІ

Баланың әл-ауқатының негізгі қағидаттарын іске асыру:



  • ведомствоаралық қызметте;

  • қызметтер саласында;

  • мемлекеттік статистикада;

  • баланың әл-ауқатын зерттеу мен мониторинг жүргізу саласында;

  • баланың әл-ауқатымен байланысты мекемелер мен институттар жүйесінде;

  • адам ресурстарын жоспарлау кезінде;

  • қаржылық ресурстарды жоспарлау кезінде қол жеткізілуге тиіс.

Литва Үкіметі 2005 жылғы 17 ақпандағы қаулысымен Баланың әл- ауқатын қамтамасыз ету жөніндегі мемлекеттік саясат тұжырымдамасын және оны іске асыру жөніндегі іс-шаралардың 2005-2012 жылдарға арналған жоспарын бекітті.

Стратегияда Тұжырымдамада айтылған барлық басты проблемалар аталған. Баланы қорғаумен, отбасы мен балаға көмек көрсетумен байланысты ұлттық және халықаралық проблемаларды ескере отырып, баланың әл-ауқатын қамтамасыз ету жөніндегі мемлекеттік саясаттың мынадай басымдықтары ұсынылды:



  • ата-аналардың баланың құқықтарын жүзеге асыруы үшін жауапкершілігін арттыру;

  • мемлекеттік және муниципалды мекемелер мен институттар, үкіметтік емес ұйымдар және жұртшылық арасындағы үйлестіруді және ынтымақтастықтық ынталандыру;

  • баланың әл-ауқатымен байланысты мекемелер мен ұйымдардың жүйесін жетілдіру;

  • отбасы мен бала үшін қажетті қызметтер желісін құру, осы қызметтердің сапасын қамтамасыз ету және жақсарту;

  • бала денсаулығы үшін қауіптілікті төмендету;

  • балаларды зорлық-зомбылық пен қанаудың барлық түрлерінен қорғауды жақсарту;

  • баланың әл-ауқатының жай-күйіне тұрақты мониторинг жүргізу;

  • баланың әл-ауқаты саласындағы мамандардың біліктілігін арттыру.

Осы Стратегияны іске асырудың негізгі қағидаттары – бұл бала мүдделерінің басымдығы, кемсітушіліктің болмауы, ұлттық құқық жүйесінің халықаралық келісімдерге сәйкестігі, баланың қатысуын қамтамасыз ету, баланың әл-ауқатын қамтамасыз ету үшін жауапкершілікті отбасы мен мемлекет арасында бөлу, барлық мүдделі мекемелер мен ұйымдардың, қоғамдық топтардың қатысуы мен ынтымақтастығы.

Осы Стартегияда баланың әл-ауқатына қол жеткізу үшін ерекше өзекті салалар аталған. Бұл - заңнамалық базаны жетілдіру, ведомстоаралық қызметті ынталандыру, бала мен отбасы үшін қажетті қызметтер желісін құру, балалар туралы статистикалық ақпаратты, баланың әл-ауқаты жөніндегі зерттеулерді жетілдіру, баланың құқықтарын қорғау саласында жұмыс жасайтын мамандардың біліктілігін арттыру.



Баланың әл-ауқатын қамтамасыз ету жөніндегі мемлекеттік саясат стратегиясын іске асыру жөніндегі іс-шаралардың 2005-2012 жылдарға арналған жоспарында заңнамалық базаны 2007 жылы-ақ жетілдіру көзделген. Жауапты орындаушылар – Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі, Оқу және ағарту министрлігі, Ішкі істер министрлігі, Әділет министрлігі, Денсаулық сақтау министрлігі, Сот приставтары үйі.

Баланың әл-ауқатын қамтамасыз ету саласындағы ведомствоаралық қызмет үшін Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі, Оқу және ағарту министрлігі, муниципалитеттер мен уездердің бастықтары жауапты.

Бала мен оның отбасына қызметтер тізбесін жасау жөнінде барлық аталған ведомстволар, Қаржы министрлігі, Қоршаған ортаны қорғау министрлігі, сондай-ақ бірқатар мемлекеттік емес ұйымдар, Ішкі істер министрлігі жанындағы Полиция департаменті, Бас прокуратура, Ұлттық сот әкімшілігі жұмыс жасауда.

Балалар туралы статистикалық деректер тек 2012 жылға қарай толық жиналып болады. Баланың әл-ауқатын қамтамасыз ету саласында сапалы мониторинг жасау үшін де осынша уақыт қажет.

Адам ресурстары – бұл негізінен балалармен тікелей жұмыс жасайтын адамдардың біліктілігін арттыру, сондай-ақ әлеуметтік қорғаншыларды даярлау жүйесін жасау.

Баланың әл-ауқатын қамтамасыз ету жөніндегі мемлекеттік саясат стратегиясын іске асыру жөніндегі шаралар жоспары үшін 12 миллионға жуық лит көзделген, бұл шамамен - 3,5 миллион евро.

Баланың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау – жалпыға бірдей қажеттілік, онсыз балалардың өсіп-өнуі мүмкін емес. Баланы лайықты дәрежеде қорғау мынаны білдіреді: балаларға қатысты қайыршылық, зорлық-зомбылық және нашар қарау, қанау мен кемсітушілік, сондай-ақ басқа да жағымсыз әрекеттер дер кезінде байқалып, олардың дамуына тежеу салынады. Балаларды қорғау үшін ата-анасынан, отбасынан, көршілерінен, мұғалімдерінен, полициядан бастап, мемлекеттердің басшыларына дейін барлық ересек адамдардың күш-жігері қажет. Баланың құқықтарын қорғау мәселелері ұлттық саясатқа, заңнамаға, басқа да құқықтық актілерге енгізілуге тиіс. Барлық мүдделі үкіметтік және үкіметтік емес ұйымдардың іс-қимылдары балаларға қарсы зорлық-зомбылықтың алдын алатын басқыншылық және сақтандыру шараларын біріздендіретін әрі жүзеге асыратын бағдарламаларға сүйенуге тиіс.

Жоғарыда аталған кезеңдер Еуропа мен әлемнің кез келген елі үшін, әсіресе біз үшін маңызды, өйткені Литва балаларын әлі күнге дейін жалғасудағы экономикалық және әлеуметтік ауыспалы кезеңнің проблемалары айналып өтпеді, олар баланың әл-ауқатын қамтамасыз ету және күтім жасау саласында жаңа проблемаларды туындатты. Осы кезеңнің әсері – қылмыстар санының, балаларға қатысты зорлық-зомбылық, нашар күтім жасау, қанау және кемсіту фактілерінің өсуі.

Адам құқықтарын қорғау жөніндегі тәуелсіз құрылымдардың қызметін талдайтын халықаралық көздердің әр мемлекетте құқықтық өкілеттіктерге ие және баланың адам ретіндегі құқықтарын бақылайтын, насихаттайтын және қорғайтын тәуелсіз органдарды құру үшін барлық күш-жігерді жұмсау қажеттігімен бірауыздан келісуі осындай жағдайларға ғана байланысты емес шығар.

Баланың құқықтарын қорғау жөніндегі пәрменді тәуелсіз ұлттық құрылымдар әлемнің көптеген елдерінде құрылған, ал Еуропа елдерінің балалардың құқықтары жөніндегі омбудсмендері бала құқықтарын қорғау жөніндегі ұлттық мекемелер үшін минималды стандарттарды қалыптастыратын, еуропалық омбудсмендер үшін өздерінің тәжірибесімен және идеяларымен бөлісу мүмкіндігін жасайтын өздерінің тәуелсіз ұйымын – Еуропа балалар омбудсмендерінің желісін (ENOC) құрды. Литва да осы желінің нақты мүшесі болып табылады. Еуропа балалар омбудсмендері желісінің мақсаты – барлық Еуропа балаларының өмірін жақсарту:
1) Еуропа мен әлем құрылымдарындағы балалардың құқықтары мен заңды мүдделерін ұжымдық және жеке қорғауды белсенді ету;

2) балалардың өмір сүру жағдайларын жақсарту жөнінде ақпарат, стратегия, әдістер алмасу;

3) жаңа идеялардың пайда болуына ықпал ететін және әр түрлі жобаларды жүзеге асыруда қолдау көрсететін жекелеген қызметтердің форумдарын ұйымдастыру;

4) тек балаларды қорғайтын әр түрлі ведомстволардың қызметін қолдау.

Еуропа балалар омбудсмендері желісі заңнамаға сәйкес құрылған және балалардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғайтын барлық ұлттық мекемелер үшін ашылды.

Еуропадағы балалардың құқықтарын қорғау жөніндегі тәуелсіз құрылымдардың әр түрлілігі көптеген факторларға, атап айтқанда, үкіметпен қарым-қатынастарға, мемлекеттің көлемі мен халқының санына, елдің әлеуметтік және экономикалық дамуына, қоғамдық ұйымдардың әлеуеті мен ықпалына, адам құқықтары жөніндегі тәуелсіз құрылымдардың қызметіне, олардың мүмкіндіктері мен өкілеттіктеріне байланысты.

Бала құқықтары туралы конвенция заң жүзінде балалардың адамға тән тәуелсіз құқықтарының болуы және осы құқықтар саяси, экономикалық және әлеуметтік шешімдер қабылдау кезінде ең бастылары болуы керек екені туралы қағидатты білдіреді. Бала құқықтары туралы конвенция 18 жасқа дейінгі балалар туралы халықаралық келісім болып табылады. Бұл Конвенцияны әлемнің Америка Құрама Штаттары мен Сомалиден басқа барлық елдері бекітті. Конвенцияның баптары баланың құқықтарын жүзеге асырудың, оның қажеттіліктерін қанағаттандырудың, оның әл-ауқатына қол жеткізудің негізгі көрсеткіштері болып табылады. Осы көрсеткіштерді мүше мемлекеттер өздерінің ұлттық заңнамасына енгізуге міндеттенді. «Тек бүкіл әлемнің балалары алдында ғана жауапты» мүше мемлекеттердің 10 сарапшысынан тұратын тәуелсіз орган БҰҰ бала құқықтары жөніндегі комитетінің мандаты –барлық балалардың Конвенцияда көзделген құқықтарының жүзеге асырылуын бақылау. Осы мандатқа сай Бала құқықтары туралы конвенцияны бекіткен мемлекеттер жария түрде және халықаралық масштабта балаларға деген өз көзқарасы үшін жауапты болады. Конвенцияда мүше мемлекеттердің Конвенция қағидаттарын барынша жүзеге асыру үшін барлық ресурстарды ескере отырып, барлық тиісті құқықтық, әкімшілік және басқа да шараларды пайдалануы және, қажет болса, халықаралық ынтымақтастықты да пайдалануы көзделген.

Сондықтан адам құқықтарының мәдениетін жасауға талпынушы әрбір мемлекет балаларға айрықша көңіл бөлуге тиіс, өйткені адам құқықтарының мәдениетін жасау өскелең ұрпақтың қолында, яғни біздің балаларымыздың қолында екені даусыз.

Баланың зорлық-зомбылық пен қанаудан қорғалуға құқығын қамтамасыз ету және тиісті көмек көрсету мақсатында БҰҰ Бала құқықтары туралы конвенциясының талаптарын жүзеге асыру қажет. Конвенцияға сай мемлекет қанаудың, теріс пайдаланудың, қинаудың, қорғаншысы жоқтықтың немесе басқа да оның абыройын кемсітетін айуандық немесе кемсітетін әрекеттердің құрбаны болған баланы дене жағынан және психологиялық қалпына келтіру және әлеуметтік қайта кіріктіру үшін қажетті тәсілдердің бәрін пайдалануға тиіс. Сондай-ақ бала мен оның қорғаншы адамдарына көмек көрсетуге және жоғарыда аталған қатігез әрекет жағдайларында анықтауға, хабарлауға, қарау үшін жіберуге, тергеуге, емдеуге немесе басқа да қажетті тәсілдерді пайдалануға, ал қажет болса, қылмыстық іс қозғауға мүмкіндік беретін тиімді әлеуметтік бағдарламаларды әзірлеу қажет.

Менің баяндамамда аталған осы проблемалардың барлығын қазіргі уақытта Литва Республикасының Бала құқықтарын қорғау жөніндегі бақылаушы мекемесі шешуге тырысуда.






Каталог: publish -> docs -> files
publish -> Постановление Правления 2012 жылғы 24 тамыз №261 Алматы қ. г. Алматы Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің және оның ведомстволарының қызметшілерін лауазымға
files -> Мазмұны Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің үндеуі 2
publish -> Дәуренбек МӘжитов, Ұлттық банктің қолма-қол ақшамен жұмыс жасау департаменті директоры: Қажет болса, теңгедегі орысша жазуды алып тастау қолымызда тұр
publish -> ЖАҢА Әлемдегі жаңА Қазақстан елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауы
publish -> Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі Басшысының
publish -> Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі 2011 2015 жылдарға арналған іс-шаралар жоспары
publish -> Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі Басшысының 2010 жылғы 30 желтоқсандағы №001. 01-39. 144 бұйрығымен бекітілген


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   109




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет