Бюллетень зарегистриро-ванв Министерстве культуры, информации и спорта Рес-публики Казахстан



бет51/109
Дата04.01.2022
өлшемі2,69 Mb.
#10280
түріБюллетень
1   ...   47   48   49   50   51   52   53   54   ...   109
жұмыс пен табыс табуға;

  • тұрақты тұрғын үйі болуға;

  • әлеуметтік және өмір сүру машықтарына ие болуға (күнделікті өмірде қажет практикалық дағдыларды, қарым-қатынас жасай білуге, тартыстарды шеше білуге, біреуге қамқорлық жасай алуға, достаса білуге);

  • эмоционалдық тұрақтылыққа талпынуға (өзінің өткен өмірі мен жеке тарихын қабылдауға, өзінің әлсіз және пәрменді жақтарын білуге, тиесілілікті сезінуге, өмірге оң көзқараспен қарауға) тиіс.

    Жасөспірімдерді жеке әлеуметтік педагогикалық сүйемелдеуде педагог- ұстаз басты рольді ойнауға тиіс. SOS-ана өскелең балалар үшін әрқашан көмекке жүгінуге болатын қамқоршы ата-ана болып қалады.

    Бүгін өсіп келе жатқан ауыл балалары үшін олардың өз болашағын құруына мүмкіндік беретін жастар бағдарламалары әзірленуде. Жасөспірімдер үйіне ауысу – Балалар ауылының қорғаншылығындағы кез келген баланың өміріндегі маңызды кезең. Бірақ бұл ретте отбасылық байланыстар еш жағдайда үзілмейді. Nachbetreung ұғымы бар, бұл - тәрбиеленушілердің ауылдан тыс сыртта өмір сүруді жалғастыруына көмек көрсету, оның өміріне араласу, яғни балалар ауылының бақытсыздыққа ұшыраған ересек балаларына консультация, көмек беру және қамқорлық көрсету дегенді білдіреді.

    Мұның бәрі біздің жастарды қорғаншылыққа алу жөніндегі ұлттық тұжырымдамамызда көрсетілген, онда Kinderdorf тәрбиеленушісін дамытуды сүйемелдеудің 4 кезеңі қарастырылған:


    1. Балалар ауылы;

    2. Жасөспірімдер үйі;

    3. Жартылай тәуелсіз тұру бағдарламасы;

    4. Қаржылық қолдаусыз сүйемелдеу.

    Алматы, Астана және Теміртау қалаларындағы үш қазақстандық SOS-балалар ауылының күнделікті тынысы еліміздегі көптеген отбасылардың өміріне ұқсас: атап айтқанда, үйдің жағдайын жақсарту жөніндегі әрекеттер, Ауылдың 10-12 үйінің әрқайсысында балаларға қамқорлық жасау және балалардың іс-әрекеттері, қиындықтар, тартыстар, қуаныштар мен мерекелер. Әр үйде SOS-ана бар, кейбіреуі – ауылдың байырғы тұрғыны, ал кейбіреуі жұмысын енді ғана бастаған. Тәрбиеленушілерді Алматы қаласындағы Жастар үйі, құрылысы 2006 жылы басталатын Астана қаласындағы Жастар үйі қабылдауға әзір. Астана қаласындағы SOS-балабақша тұтастай және толығымен өзінің мақсатына сай. Оған балалар ауылының да, табыс деңгейі төмен отбасылардың балалары да, сонымен бірге табыс деңгейі жоғары отбасылардың балалары да барады. Ерекше мұқтаждары бар балалар үшін түзеу тобы жинақталған. Жуырда осындай жоба Алматыда да өз жұмысын бастайды.

    Қазақстанның әрбір SOS-балалар ауылында психологиялық, педагогикалық, әкімшілік және сервистік сала мамандарының өте ынтымақты тобы жұмыс жасайды. Ауылдағы ерекше тұлғалар – SOS-директорлар. Қазақстандық ауылдарда директорлардың бәрі – ер адамдар, солай қалыптасқан және алдағы уақытта да осылай сақталатын шығар. Стандарттарға сай ауыл директоры – ауылда жүзеге асырылатын барлық іс-әрекеттер үшін соңғы жауапкершілікті көтеретін ең басты қызметкер. Ол ауылдың жалпы дамуына және оның отбасыларына жетекшілік етеді, SOS-аналардың қызметіне бағыт береді және оларға қолдау көрсетеді, SOS-отбасылардың көмекші қызметтерді алуын қамтамасыз етеді, ауылдағы әкімшілік қызметті басқарады және т.б. Ауыл директоры оның аумағында өзгелер сияқты үйде тұрады.

    «Басшы - бағынысты» қарым-қатынастары мұнда ерекше сипатқа ие екенін атап кетейік, өйткені SOS-балалар ауылы – бұл жұмыс орны емес, оның мәртебесі едәуір жоғары. Гмайнер үлгісі тұтастай балаға көмек көрсетуге негізделген, оны достастық жағдайынан, бір пікірлестер қауымдастығынан тыс жалғыз басты жүзеге асыру мүмкін емес. Сонымен қатар «Мамандық бұл - қызмет ету» деген сөзтіркесті ауылда жұмыс жасайтын және тұратын барлық ересек адамдарға қатысты қолдануға әбден болады.




    Каталог: publish -> docs -> files
    publish -> Постановление Правления 2012 жылғы 24 тамыз №261 Алматы қ. г. Алматы Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің және оның ведомстволарының қызметшілерін лауазымға
    files -> Мазмұны Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің үндеуі 2
    publish -> Дәуренбек МӘжитов, Ұлттық банктің қолма-қол ақшамен жұмыс жасау департаменті директоры: Қажет болса, теңгедегі орысша жазуды алып тастау қолымызда тұр
    publish -> ЖАҢА Әлемдегі жаңА Қазақстан елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауы
    publish -> Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі Басшысының
    publish -> Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі 2011 2015 жылдарға арналған іс-шаралар жоспары
    publish -> Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі Басшысының 2010 жылғы 30 желтоқсандағы №001. 01-39. 144 бұйрығымен бекітілген


    Достарыңызбен бөлісу:
  • 1   ...   47   48   49   50   51   52   53   54   ...   109




    ©engime.org 2024
    әкімшілігінің қараңыз

        Басты бет