ДҮниежүзілік экономикалық форумның жаһандық БӘсекеге қабілеттілік индексінің индикаторын жақсарту жөніндегі 2016-2018 жылдарға арналған шаралар жоспары



бет1/25
Дата20.06.2018
өлшемі0,52 Mb.
#43464
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   25
Қосымша
ДҮНИЕЖҮЗІЛІК ЭКОНОМИКАЛЫҚ ФОРУМНЫҢ ЖАҺАНДЫҚ БӘСЕКЕГЕ ҚАБІЛЕТТІЛІК ИНДЕКСІНІҢ ИНДИКАТОРЫН ЖАҚСАРТУ ЖӨНІНДЕГІ 2016-2018 ЖЫЛДАРҒА АРНАЛҒАН ШАРАЛАР ЖОСПАРЫ





Іс-шаралар

Орындау мерзімі

Жауаптылар

Атқару бойынша есеп

1

2

3

4

5


ДЭФ ЖБИ индикаторларын жақсарту бойынша кешенді ақпараттық-түсіндіру науқанын өткізуді қамтамасыз ету:




Мемлекеттік органдар мен ұйымдар жөніндегі тиісті мемлекеттік орган бекітілген ДЭФ ЖБИ әрбір индикаторын жақсарту жөніндегі егжей-тегжейлі медиа-жоспар әзірлеп ішкі бұйрықпен бекітсін:

- ДЭФ ЖБИ индикаторларын жақсарту бойынша жүргізіліп отырған реформалар мен қабылданған шаралар туралы ақпараттық әзірлеуді және мемлекеттік органның ҰКП интернет-ресурсында www.competitiveness.kz және бәсекеге қабілеттілік сайтында апта сайын жаңартыла отырып, орналастырылуы қамтамасыз етілсін

Қазақстандық интернет-ресурстарда (www.nur.kz, www.tengrinews.kz, www.informburo.kz, www.capital.kz) айына кемінде 1-2 мақала жариялау және ДЭФ ЖБИ индикаторларын жақсарту бойынша қабылданып жатқан шаралар туралы ақпаратты әлеуметтік желілерде орналастыру қамтамасыз етілсін

БАҚ-та айына кемінде 1-2 мақала жариялау және ДЭФ ЖБИ индикаторларын жақсарту бойынша қабылданып жатқан шаралар туралы ақпаратты әлеуметтік желілерде орналастыру қамтамасыз етілсін

- Мемлекеттік органдар мен ұйымдарға бекітіліп берілген ДЭФ ЖБИ тиісті индикаторларын жақсарту мәселелері бойынша айына кемінде айына 1 рет бизнес қоғамдастық және жұртшылықпен кездесулерді, дөңгелек үстелдерді, баспасөз конференцияларын өткізу қамтамасыз етілсін

Мемлекеттік органдардың, жергілікті атқарушы органдардың, ұлттық холдингтердің, компаниялардың және ҰКП интернет-ресурстарында баннер орналастыру арқылы www.competitiveness.kz бәсекеге қабілеттілік сайтына сілтеме көзделсін



2016 жылғы

25 қараша

ай сайын,

2016-2018 жылдар

ай сайын,

2016-2017 жылдар

ай сайын,

2016-2017 жылдар

ай сайын,

2016-2017 жылдар

2016 жылғы қараша


ОМО, ҰКП (келісім бойынша)

ОМО, облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдіктері, ұлттық компаниялар және холдингтер, ҰКП (келісім бойынша)


ОМО, ҰКП (келісім бойынша)

ОМО, облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдіктері, ұлттық компаниялар және холдингтер, ҰКП (келісім бойынша)

ОМО, облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдіктері, ұлттық компаниялар және холдингтер, ҰКП (келісім бойынша)

ОМО, облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдіктері, ұлттық компаниялар және холдингтер, ҰКП (келісім бойынша)


Орындалды

Министрлер мен жауапты хатшылардың бұйрығымен мемлекеттік органдар ДЭФ ЖБИ индикаторын жақсарту жөніндегі Медиа-жоспарды әзірлеп, бекітті.

ӘМ – Әділет министрінің 2016 жылғы 25 қарашадағы № 1083 бұйрығымен бекітілді

АКМ – Ақпарат және коммуникациялар министрінің 2016 жылғы 15 желтоқсандағы №287 бұйрығымен бекітілді

ҰЭМ – жауапты хатшының 2016 жылғы 26 желтоқсандағы №528 бұйрығымен бекітілді

ИДМ – жауапты хатшының 2016 жылғы 15 желтоқсандағы №859 бұйрығымен бекітілді

ҚМ – Қаржы министрінің 2016 жылғы 28 қарашадағы №621 бұйрығымен бекітілді

БҒМ – Білім және ғылым министрі 2016 жылғы 25 ақпанда бекіткен;

МҚІСЖҚІҚ- Агенттік аппараты басшысы 2016 жылғы 25 қарашада бекіткен;

ЭМ – Энергетика министрі 2016 жылғы 2 желтоқсанда бекіткен;

ІІМ – Ішкі істер министрі 2016 жылғы 18 қарашада бекіткен;
Орындалуда.

А.ж. төртінші тоқсанда ҚР ҰЭМ ресми интернет-ресурсында Министрліктің қызметі туралы 58 баспасөз хабарламасы орналастырылды және БАҚ-қа ақпарат жіберілді. http://economy.gov.kz сайтында және www.competitiveness.kz бәсекеге қабілеттілік сайтында ДЭФ ЖБИ индикаторларын жақсарту, оның ішінде инфляцияның орташа жылдық қарқыны, әкімшілік реттеудің ауыртпалығы, монополияға қарсы саясаттың тиімділігі, салық саясатын жетілдіру және басқалар бойынша ақпараттар мен жаңалықтар орналастырылады.

2017 жылдың 4 тоқсанда ӘМ сайтында «Меншік құқығын қорғауды күшейте отырып» тақырыбындағы мақаланы орналастырылды.

2017 жылдың 29 қыркүйегінде ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің ресми сайтында «Қазақстан технологиялық дайындық деңгейі бойынша БЭФ ЖБИ әлемдік рейтингінде» пресс релизі жарияланды.

ҚР БҒМ-нің интернет-ресурсының «Жаңалықтар» бөлігінде а.ж. IV тоқсанында ДЭФ ЖБИ индикаторларын жақсарту жөніндегі жүргізілетін реформалар мен қабылданған шаралар туралы 67 публикация жарияланды

Орындалды

ҚР Ұлттық экономика министрі Т.М.Сүлейменовтің а.ж. қазан-желтоқсанда елдің әлеуметтік-экономикалық дамуы, оның ішінде ДЭФ ЖБИ индикаторларын жақсарту бойынша Еуразиялық қаржылық-жкономикалық «Вестник» журналында және оның Eurasian financial & economic «Herald» ағылшындық нұсқасындағы мақаласын жариялау ұйымдастырылды;

а.ж. 17 қазанда «Заң» газетінде ҚР ҰЭМ Табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестікті және тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитеті төрағасының орынбасары А.К.Дарбаевтың табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау мәселелері жөніндегі сұхбаты жарияланды.

А.ж. 24 қарашада «Караван» газетінде ҚР ҰЭМ Стратегиялық жоспарлау және талдау департаменті директорының орынбасары Б.Т.Тұрлыбековтің ҰЭМ-нің ДЭФ ЖБИ индикаторларын жақсарту бойынша қызметі туралы сұхбаты жарияланды.

tengrinews.kz, informburo.kz, kapital.kz, nur.kz интернет-қорларында Дүниежүзілік экономикалық форумы бәсекелестігінің ғаламдық индексінің көрсеткіштерін жақсарту бойынша қолданылатын шаралардың 103 жарияланымы басылды.


Орындалды

Есептік кезеңде «Айқын»газетінде Ұлттық экономика бірінші вице-министрі Р.Е.Дәленовтің Қазақстандағы МЖӘ дамуы туралы сұхбаты жарияланды, «Современные наукоемкие технологии» журналында «экономикалық зерттеулер институты» АҚ ғылыми жетекшісі, профессор С.Б.Байзақовтың «О новой модели анализа макроэкономической динамики»мақаласы орналастырылды;

Сонымен қатар, Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрі Т.М.Сүлейменовтің «КТК» телеарнасындағы «Слуги народа» бағдарламасындағы сұхбаты, «31 каналдағы» «Информбюро» бағдарламасындағы сұхбаты, «Астана» телеарнасындағы «Открытая студия» бағдарламасындағы, «TRT» (Түркия) телеарнасындағы ағылшын тіліндегі сұхбаты өткізілді;

- Ұлттық экономика бірінші вице-министрі Р.Е.Дәленовтің «tengrinews.kz» ақпараттық агенттігі үшін, «Хабар» телеарнасының «Давайте говорить» бағдарламасы үшін Қазақстан Республикасының жаңа Салық кодексінің жобасы жөніндегі сұхбаттары;

Тұтас алғанда, әлеуметтік желілерде салықтық заңнамаларды, әкімшілік реттеудің ауыртпалығын, монополияға қарсы саясаттың тиімділігін жетілдіру және т.б. туралы 60-қа жуық жаряиланымдар шығарылды.

24.08.17г. КТК телеарнасында Министрдің орынбасары З.Х. Баймолдинаның «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне меншік құқығын қорғауды күшейту және төрелік мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заң жобасы бойынша сөз сөйлеу өткізілді

24.08.17г. «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне меншік құқығын қорғауды күшейту және төрелік мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заң жобасы бойынша жариялы тыңдау өткізілді.

Заң жобасы келесі кейбір мәселелерді:

- банктік қарыз шарттары бойынша қарыз алушының құқықтары мен мүделерін қорғау;

- жер учаскелерін мемлекет мұқтажы үшін мәжбүрлеп алып қою барысында оларды тең бағамен өтеу үшін бірыңғай негіздермен тәртіпті анықтау;

- қылмыстық процесстің барлық кезеңдерінде мүлікті тәркілеу қолдану кезде дәлелдеу «стандарттарын» көтеру, сондай-ақ басқа да сұрақтар;

- төрелік институтының жетілдіруді көздейді.

Әлеуметтік желілерінде (facebook.com, instagram.com, vk.com) «Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» және «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне меншік құқығын қорғауды күшейту және төрелік мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобалары бойынша парақшалар құрылды, онда заң жобалар талқыланады, азаматтардың түсініктер және ұсыныстар орналастырылады, өз кезегінде олар заң жобаларын әзірлеу бойынша жұмыс топтарының кезекті отырыстарында жете қарастырылады және талдау жасалынады.

Есепті кезеңде «Білімді ел» газетінде келесі мақалалар:

- 17.10.2017 ж.- «Вузы укрепляют узы»;

- 24.10.2017 г. - «SMART-технологии – в школы и колледжи»;

- 28.11.2017 г.- «Встреча в «Көрме» – на образовательной волне»;

- 05.12.2017 г. - «Универсальность плюс мобильность кадров» және т.б..;

Білім беру жүйесінің сапасын жоғарылату бойынша ақпарат әлеуметтік желілердің Facebook.com (https://www.facebook. com/edugovrk/), Вконтакте.ru (https://vk. com/edugovkz), Twitter.com (https://twitter.com/mon_rk) ресми парақшаларында күнделікті орналастырылады.


Орындалды

Есептік кезеңде «Bnews» бапасөз орталығының студиясында Министрлік басшылығының қатысуымен ДЭФ ЖБИ индикаторларын жақсарту мәселелері бойынша 6 баспасөз конференциясы, 5 online-конференция, түрлі диалогтық алаңдарда іс-шаралар (дөңгелек үстелдер, форумдар, таныстырылымдар) өткізілді (Бәсекелестік жөніндегі «Нарық субъектілерінің қызметін монополияға қарсы реттеу: түрлері, тетіктер және тиімділігі» I Еуразиялық форумы, Қазақстанда макроэкономикалық перпсективалар, салықтық-бюджеттік саясат бағамы мәселелері бойынша Халықаралық валюталық қор миссиясы өкілдерімен кездесу, «Реттеушілік әсерді талдауды өткізу тәжірибесі» тақырыбындағы тәжірибелік семинарлар топтамасы, Астана, Алматы, Шымкент және басқа қалаларда Салық кодексінің жобасын талқылау бойынша өңірлік семинарлар).

Республикалфық телеарналар эфирінде «заң басшылығын қамтамасыз ету» және судоөндірістің дамуы «Сұхбат», «В деталях», «Приоритет», «Бес реформа белестері» («Хабар 24») және «Арнайы репортаж» («Асыларна») аналитикалық бағдарламалар шеңберінде жария етілді.ҚР БҒМ-ға бекітілген ДЭФ ЖБИ индикаторларын жақсарту мақсатында ағымдағы жылғы ІV тоқсанда бизнес қоғамдастық және жұртшылықпен

келесі іс-шаралар жүргізілді:

27 қазан күні Қостанай жоғары политехникалық колледжінің базасында ҚР Білім және ғылым министрлігі мен «Кәсіпқор» Холдингі» КЕАҚ бірлескен «Техникалық және кәсіптік білім беруді дамыту және мазмұнының сапасын қамтамасыз ететін орталық ретінде ТжКБ ұйымдарының оқу-әдістемелік бірлестіктерінің моделі» атты халықаралық конференция өткізілді.

Конференция жұмысына 260 адам қатысты. Конференцияға қатысушылар әлеуметтік серіктестің кәсіпорны «Баян Сұлу» АҚ аралады.

Қолданбалы бакалавриат, WorldSkills чемпионаттарын ұйымдастыру және өткізу мәселелері бойынша талқыланды.

Халықаралық конференцияның қорытындысы бойынша нормативтік-құқықтық базаны жетілдіру, ұйымдық басқару құрылымын құру, ОӘБ қызметінің үлгілік ережелерін жасау бойынша ұсынымдар әзірленді.

2017 жылғы 24 қарашада Қазақ бас архитектуралық-құрылыс академиясы базасында ҚР Білім және ғылым министрлігі мен «Кәсіпқор» холдингі» КЕАҚ, «Кнауф Гипс Қапшағай. ДЭГ қатысуымен кәсіпорын» ЖШС бірлесе «Білікті мамандарды даярлаудағы өндірістік оқыту шеберлерінің рөлі мен орны» атты республикалық семинар-жиналыс өткізді.

Семинар-жиналыс жұмысына Астана мен Алматы қалалалары және облыстардың Білім басқармаларының, «Атамекен» ҰКП, құрылыс саласы ассоциациясының, колледждер директорлары, өңірлердің ең үздік өндірістік оқыту шеберлері, әлеуметтік серіктестер, барлығы 110 адам қатысты.



Орындалды

Бәсекеге қабілеттілік сайтының баннері мемлекеттік органдардың сайттарында, сондай-ақ, www.expo2017astana.com және www.post.kz сайтында орналастырылды





ДЭФ ЖБИ индикаторларын жақсарту жөніндегі шараларды Республикалық бірыңғай медиа-жоспарға қосып, олардың ақпараттық сүйемелденуі қамтамасыз етілсін

қаңтар-ақпан,

ДЭФ ЖБИ индикаторларын жақсарту жөніндегі шараларды Республикалық бірыңғай медиа-жоспарға қосып, олардың ақпараттық сүйемелденуі қамтамасыз етілсін

Орындалуда

Ақпараттық жұмыс а.ж. 21 ақпанында Қазақстан Республикасы Үкіметінің отырысында мақұлданған 2017 жылға «Қуатты Қазақстан» Бірыңғай республикалық медиа-жоспары аясында жүргізіледі.

Аталмыш Медиа-жоспар аясында ГИК ВЭФ индикаторларын жариялау бойынша жеке тематикалық желісі орналасқан. Бұл жерде елдердің жетекші БАҚ-тарда уәкілетті мемлекеттік органдар басшылары мен ұлттық компаниялардың сұхбат берулері, әртүрлі салаларда рейтингте Қазақстан ұстанымын жақсарту бойынша қабылданатын шаралар бойынша брифингтер мен баспасөз-конференциялар өткізілу қарастырылған.

Қазіргі уақытта 2018 жылға арналған Бірыңғай медиа-жоспарды қарастыру бойынша жұмыс жүргізілуде.

Осылайша, Министрлікпен, ұлттық экономика Министрлігімен бірлесе түйінді тематикалық желілер, сондай-ақ 2018 жылға Бірыңғай медиа-жоспары жобасына енгізу үшін әртүрлі салаларда ГИГ ВЭФ рейтингінде Қазақстан ұстанымын жақсарту бойынша қабылданатын шаралар туралы халықты ақпараттандыру бойынша баспасөз-іс-шаралар жасалынған.

2018 жылғы 30 қаңтарда Бірыңғай медиа-жоспар жобасының тұсау кесері ҚР Үкіметінің отырысында жоспарланып отыр.





ДЭФ ЖБИ жоспарланып отырған индикаторларының ықтимал төмендеу және/немесе оларға қол жеткізілмей қалу тәуекелдеріне талдау жүргізу, сондай-ақ, бекітілген индикаторлар бойынша тәуекелдер картасын жасап, және қажет болған жағдайда Мемлекеттік органдар және ұйымдарға бекітіп беруге сәйкес ДЭФ ЖБИ индикаторларын жақсарту жөніндегі іс-шаралар жоспарын пысықтау

2017 жылғы 2-3 тоқсан


ОМО, АКМ, облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдіктері, ұлттық компаниялар және холдингтер, ҰКП (келісім бойынша)

Орындалуда

ДЭФ ЖБҚИ индикаторлардың төмендеуі және/немесе жоспарланған индикаторларға жетпеу, сондай-ақ бекітілген индикаторлар бойынша төмендеу және/немесе ДЭФ ЖБҚИ көрсеткіштеріне жетпеу себеп-салдарлық қауіп қартасы дайындалды. Сонымен бірге, қолданыстағы ДЭФ ЖБҚИ индикаторларын жақсарту бойынша іс-шара Жоспарын пысықтау бойынша ұсыныстар ҰЭМ 2017 ж. 5 қыркүйекте № 3-9-8/32232-1//20-10/06-167п.2.4//20-5/05-1686(3т.) шығ. номерімен жолданды

Министрлікпен бекітілген индикаторлар бойынша тәуелкелдер картасын дайындап 2017 жылғы 28 қарашадағы №ДПС-4-36257//20-5/07-533(п.3)-15154 хатымен Ұлттық экономика министрлігіне жіберілді, және де Министрлікпен ДЭФ БҚИ рейтинг қорытындыларын ескере отырып, халықаралық индикаторлар бойынша сауалнама өткізген «CSI» консалтты компаниясымен және «Атамекен» ҰКП – мен ДЭФ БҚИ индикаторларын жақсартуға бағыттлаған Дүниежүзілік экономикалық форумның Жаһандық бәсекеге қабілеттілік индексінің көрсеткіштерін жақсарту жөніндегі 2016-2018 жылдарға арналған іс-шаралар жоспары бойынша жұмыс атқарылды. Бүгінгі күнде Министрліктің барлық ұсыныстары ҚР Ұлттық экономика министрлігіне Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі Кеңсесінде бекіту үшін ресми түрде жіберілді.

Ақпарат және байланыс министрлігі белгіленген көрсеткіштер бойынша келесі жұмыстарды жүргіздлді:



«Тіркелген телефон желілері» индикаторы бойынша (43 орын)

Тіркелген байланыстың соңғы 5 жылдағы даму серпiнi(Тіркелген телефон желілерінің саны):

2013ж. – 4 392,0 мың.бір.

2014ж. – 4 338,2 мың.бір.

2015ж. – 4 143,1 мың.бір.

2016ж. – 3 925,2 мың.бір.

01.12.2017ж. – 3 711,3 мың.бір.

Қазіргі таңда тіркелген телефон байланысының қызметтеріне сұраныс қысқаруда – бұл пайдаланушылардың тіркелген телефон қызметтерінен ұялы байланыс және Интернеттің пайдасына бас тартуы, бұл әлемдік үдерістерге сай келеді және өз кезегінде сымды (тіркелген) телефон байланысы абоненттерінің өсу қарқынының азаюын тудырады.



Аталған көрсеткіш бойынша Қазақстанның орнын сақтау шарасы 2016-2018 жж. ДЭФ БҚИ индикаторларын жақсарту жөніндегі шаралар жоспарына қосылған:

Ауылдық жерлерде телекоммуникацияның әмбебап қызметтерін көрсетуші байланыс операторларының шығындарын субсидиялау.



Интернетті өткізу қабілеттілігі» индикаторы бойынша (49 орын)

яҚазіргі кезде байланыс операторларымен өткізу жолағының жеткілікті көлемі қамтамасыз етілуде.

Аталған көрсеткішті санау кезінде өткізу жолағының нақты көлему емес, кеңейтуі Интернет пайдаланушылардың қажеттіліктерінен тәуелді болатын тек қана қолданылатын жолағы есепке алынады.

Аталған көрсеткіш бойынша Қазақстанның орнын сақтау шарасы 2016-2018 жж. ДЭФ БҚИ индикаторларын жақсарту жөніндегі шаралар жоспарына қосылған:

Магистральды байланыс арналарының өткізу қабілетін одан әрі кеңейтуді қамтамасыз ету



«Мобильді КЖҚ абоненттері» индикаторы бойынша (56 орын)

Телекоммуникация саласындағы жаһандық үрдіс сымсыз ұялы желілер жаққа қарай бұрылды.



Қазіргі кезде, Қазақстан Республикасында мобильді КЖҚқызметтері3G және 4G сымсыз технологиялары бойынша көрсетіледі.

Осыған байланысты, елде КЖҚ қызметтерімен қамту үшін сымсыз технологиялар көбірек дамуда.

Аталған көрсеткіш бойынша Қазақстанның орнын сақтау шарасы 2016-2018 жж. ДЭФ БҚИ индикаторларын жақсарту жөніндегі шаралар жоспарына қосылған:

2018 жылға дейін Қазақстан Республикасының барлық аудан орталықтарының тұрғындарын жаңа буынды 4G стандартымен қамту.



«Тіркелген КЖҚ абоненттері» индикаторы бойынша (58 орын)

Тіркелген КЖҚ соңғы 5 жылдағы даму серпiнi(Интернет желісіне тіркелген КЖҚ абоненттерінің саны):

2013ж. – 100 адамға шаққанда 11,6 абонент

2014ж. – 100 адамға шаққанда 12,1 абонент

2015ж. – 100 адамға шаққанда 12 абонент

2016ж. – 100 адамға шаққанда 13 абонент

01.12.2017ж. – 100 адамға шаққанда 14 абонент

Қазақстан Республикасының аумағы үлкен және халқының тығыздығы төмен болғандықтан мұндай елдің халқын Интернет желісіне сымды технологиялар арқылы кең жолақты қолжетімділікпен қамтамасыз ету экономикалық тұрғыдан тиімсіз.

Осыған орай, байланыс қызметтерімен қамтамасыз ету үшін елде көбінесе тіркелген КЖҚ абоненттерінің санының жәй өсу қарқынына әкелетін сымсыз технологиялар дамуда.

Аталған көрсеткіш бойынша Қазақстанның орнын сақтау шарасы 2016-2018 жж. ДЭФ БҚИ индикаторларын жақсарту жөніндегі шаралар жоспарына қосылған:

Абоненттерді кең жолақты Интернет желісіне FTTН/В, ADSL технологиялары бойынша желілерге қосу.





ДЭФ ЖБИ индикаторларын жақсарту бойынша жүргізілген ақпараттық-түсіндіру науқаны туралы есепті АКМ мен ҰЭМ-ге ұсыну

ай сайын,

айдың 15 күніне дейін,

2016-2018 жылдар


ОМО, облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдіктері, ұлттық компаниялар және холдингтер, ҰКП (келісім бойынша)

Орындалуда

ДЭФ ЖБИ индикаторларын жақсарту бойынша мемлекеттік органдар, облыстар және Алматы. Астана қалаларының әкімдіктерімен атқарылған ақпараттық-түсіндіру кампаниясы бойынша есеп ұсынылды.



  1. «Институттар» факторы

    1. «Меншік құқығы» индикаторы (Әділетмині)

Ағымдағы көрсеткіш - 81 орын



«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне азаматтық заңнаманы жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заң жобасын Парламентте өтуін ақпараттық сүйемелдеуді қамтамасыз ету. Меншік құқығын қорғау күшейтілетін болады, атап айтқанда:

- азаматтық құқықтық қатынастарға қатысушылардың диспозивтік және адалдық қағидаттарын күшейту

- шарттық міндеттемелердің қорғалуына кепілдік беру

- мәмілелердің жарамсыздығы институтын және меншік құқығы және өзге де заттық құқықтар туралы ережені жүйеге келтіруді жетілдіру



2016 жылғы 4 тоқсан


Әділетмині

Орындалды

«Меншік құқығын корғау институтын жетілдіру» тақырыбындағы мақала zakon.kz ақпараттық порталына порталына шығарылымға 2016 жылғы желтоқсанда жіберілді. Мақала 2016 жылғы 31 желтоқсанда жарық көрді.





«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне азаматтық заңнаманы жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заң қабылданғаннан кейін, ол бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізу:

  • жарамсыз мәмілелер бойынша заңнама новеллалары туралы ақпараттық стендтерді соттарда орналастыру мәселесін пысықтау;

  • Республикалық нотариаттық палата мен Республикалық адвокаттар алқасын ақпараттық ескертпелер мен брошюраларды таратуға тарту

тоқсан сайын,

2016-2018 жылдар



Әділетмині

Орындалды

2017 жылдың 27 ақпанда «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне азаматтық, банктік заңнаманы жетілдіру және кәсіпкерлік қызмет үшін жағдайды жақсарту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заң қабылданды.

Осыған байланысты, мәмілелерді жарамсыз деп тану бойынша заңдылықтардың новеллалары туралы, оның ішнде АПК-тің 149, 165, 166 және 173 баптарына енгізілген өзгерістер туралы слайдтар және кітапшаларды сот ғимараттарының ақпараттық тақталарына және соттардың интернет-ресурстарына орналастырылды. Орындалды. Бақылаудан алу үшін.

ЖоғарғыСоттыңресмисайтындаӘділетминіұсыныстарыбойыншажарамсызмәмілелерітуралызаңңнаманыңновеллаларыбойыншаақпараттықстендтерорналастырылды. Сондай-ақ аталған ақпараттық стендтер жергілікті соттарда орналастырылды.

Аталған ақпараттық стендтер, сондай-ақ меншік құқықты қорғауды күшейту мәселелері бойынша жадынамалар тарату үшін Республикалық нотариалдық палатасына және Республикалық адвокаттар алқасына жолданды.




Азаматтарға меншік құқығына тиесілі жер учаскелерін алып қою кезінде мемлекеттің құнды тең бағамен өтеуге (нарықтық құн бойынша) кепілдік беруін қамтамасыз ету бойынша тетіктерді күшейтуді көздейтін «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жер қатынастарын реттеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заң жобасын әзірлеу және Парламентке енгізу

2017 жылғы 3 тоқсан


АШМ

Орындалды

Әділетмині әзірлеген «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне меншік құқығын қорғауды күшейту және төрелік мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заң жобасы шеңберінде бірдей бағада өндіріп беру шарттарын жасау арқылы мемлекет мұқтажы үшін алынатын мүліктің құнын төлеу бойынша түзетулер тобы көзделеді:

- жер учаскесін алып қою кезіндегі өндіріп алу көлемі жер пайдалану құқығы немесе мүліктің құқықтық пайда болу негіздемесіне сілтемей жасамай нарықтық баға құнымен айқындалады;

- басқа да жер учаскесін беру арқылы мемлекет мұқтажы үшін мүлікті алу кезінде «табиғи өндіріп беру» мүмкіндігі енгізілуде (құнын өндіріп беру баламасы).




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   25




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет