|
«Меншік құқығы» индикаторын жақсарту бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмысын жүргізу:
- меншік құқығы бойынша туындайтын мәселелерді шешу тәсілдері туралы ақпаратты ашатын жадынама дайындау;
- «Меншік құқығы» индикаторы бойынша газеттер мен журналдарда мақалалар жариялау;
- «Меншік құқығы» индикаторы бойынша «Әділет министрлігінің жаршысы» журналында мақалалар жариялау;
- ағылшын құқығының жекелеген ережелерін, оның ішінде меншік құқығын қорғауды жақсартуға бағытталған ережелерді ұлттық заңнамаға имплементациялау бойынша конференциялар өткізу;
- Астана және Алматы қалаларында, Қарағанды, Атырау, Ақтөбе, Оңтүстік Қазақстан, Солтүстік Қазақстан және Маңғытау облыстарында көшпелі семинарлар өткізу
|
2016 жылғы қараша
тоқсан сайын,
2016-2018 жылдар
2017 жылғы наурыз
2016 жылғы қараша
2017 жылғы
қаңтар-ақпан
|
Әділетмині
|
Орындалуда
Аумақтық органдармен (оның ішінде аймақтар) 2017 жылдың 4 тоқсанында БАҚ-да меншік құқығы мәселелері бойынша 85 мақала жарияланды.
ӘМ сайтында «Меншік құқығын қорғауды күшейте отырып» тақырыбындағы мақала орналастырылды.
2017 жылғы қантардан ақпанға дейін Әділетмині әзірленіп жатқан заң жобалары, және қабылданған заңдардың негізгі ережелердін түсіндіру үшін ірі және орта бизнес субъектілермен семинарлар өткізілді.
1) көшпелі – Алматы, Астана Шымкент, Ақтау, Атрыау, Ақтөбе қалаларында Әділетмині құрылымдық бөлімшелер, және Қазақстанның тұрақты әрекеттегі төреліктер қатысумен;
2) бейнеконференц-байланыс режимінде – Қарағанды, Өскемен, Павлодар қалаларында Әділетмині құрылымдық бөлімшелері қатысумен.
Семинардың мақсатты аудиториясы ірі және орта бизнес субъектілерінің өкілдері, қорғаушылар, нотариус, заң қоғамдастығы, судьялар, жеке сот орындаушылар, жұртшылық және т.б. алға шықты.
Барлық іс-шаралар жергілікті БАҚ-та кең түсіндірілді алды (Әділетмині қызметкерлер Қазақстан-Атырау, Қазақстан-Ақтау, Рика ТВ, Қазақстан, «Еуразия» 1 канал телеарналарда тікелей эфирде сөз сөйледі)
Тұтас алғанда, семинар сұрақтарын талқылауда аудиторияның белсене қатысқанын атап өту қажет.
Семинарларда Әділетмині әзірлеген зандары және әзірленіп жатқан заң жобалары бойынша негізгі ережелері түсіндірілген:
1) «Төрелік туралы» Заңы;
2) «Құқықтық актілері туралы» Заңы;
3) «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне азаматтық, банктік заңнаманы жетілдіру және кәсіпкерлік қызмет үшін жағдайды жақсарту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңы;
4) «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңнама мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заң жобасы;
5) «Әкімшілік рәсімдер туралы» және оған ілеспе заң жобасы.
Өткізілген семинарлар қорытындылары бойынша жұртшылықтың өкілдері, кәсіпкерлер Әділетминіне өз алғысын білдірді.
|
|
«Зияткерлік меншікті қорғау» индикаторын жақсарту бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізу:
контрафактылы өнімді таратумен күресу мәселелері бойынша мүдделі мемлекеттік органдарды құқық иеленушілерді, Ұлттық кәсіпкерлер палатасын тарта отырып БАҚ-та және мүдделі мемлекеттік органдардың интернет-ресурстарында үш тілде жариялаумен бірге дөңгелек үстелдер өткізу,
зияткерлік меншік құқықтарын қорғау және сақтау мәселелері бойынша мемлекеттік кірістер, ішкі істер және басқа мүдделі мемлекеттік органдардың қызметкерлері үшін құқық иеленушілерді, шетелдік және халықаралық сарапшыларды, оның ішінде Дүниежүзілік зияткерлік меншік ұйым мен ЭЫДҰ тарта отырып қатысуымен семинарлар, тренингтер өткізу;
жалған дәрілік заттарды таратудың алдын алу, анықтау және жолын кесу мәселелері бойынша республикалық және жергілікті деңгейде брифингтер өткізу;
Зияткерлік меншік саласындағы экономикалық және қаржылық қылмыстар мен құқық бұзушылықтардың алдын алу, анықтау, жолын кесу, ашу және тергеу, сондай-ақ кедендік шекара арқылы тауарларды өткізу кезінде зияткерлік меншік құқықтарын қорғауды қамтамасыз ету мәселелері бойынша республикалық және жергілікті деңгейде брифингтер өткізу;
зияткерлік меншік саласындағы заңнаманы бұзатын бұқаралық ақпарат құралдарын, оның ішінде интернет-ресурстарды (сайттарды) шығаруды тоқтата тұру мәселелері бойынша республикалық және жергілікті деңгейде брифингтер өткізу;
авторлық және аралас құқықтар саласында, оның ішінде Интернет желісіндегі қылмыстық құқық бұзушылықтардың алдын алу, анықтау, жолын кесу, ашу және тергеу мәселелері бойынша республикалық және жергілікті деңгейде брифингтер өткізу.
|
1 жартыжылдық,
2017- 2018 жылдар
жартыжылдықта 1 рет,
2017- 2018 жылдар
тоқсан сайын,
2016-2018 жылдар
тоқсан сайын,
2016-2018 жылдар
жыл сайын,
2016-2018 жылдар
тоқсан сайын,
2016-2018 жылдар
|
Әділетмині, ІІМ, Қаржымині, АКМ, ҰЭМ, БҒМ, ДСӘДМ, АШМ, БП, ҰКП
Әділетмині, Қаржымині, ІІМ, АКМ
ДСӘДМ
Қаржымині
АКМ
ІІМ
|
Орындалуда
Дүниежүзілік экономикалық форумның Жаһандық бәсекеге қабілеттілік индексінің көрсеткіштерін жақсарту мақсатында семинарлар, дөңгелек үстелдер, «Ашық есік күндері», шағын және орта бизнес өкілдерімен кездесулер және т.б. өткізілді.
Ағымдағы жылғы 27 қыркүйекте Қазақстар Республикасының Әділет министрлігі мен Қазақстан Республикасының Жоғарғы соты жанындағы Сот төрелігі академиясының ұйымдастыруымен «Тіркеу және тауар таңбаларын пайдалану бойынша дауларды қараудың сот тәжірибесі бойынша тәжірибе алмасу» тренингі өткізілді.
Тренингке Облыстық соттардың азаматтық істер жөніндегі алқа мүшесінің 33 судьясы Қазақстан Республикасының барлық аймақтарынан, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының судьясы, РМК «Ұлттық зияткерлік меншік институты», Бағалаушылар палатасының қызметкерлері, Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты жанындағы сот төрелігі Академия қызметкерлері қызметкерлері қатысты.
Осы оқытудың шеңберінде тауар таңбаларын пайдалануға қатысты даулары бойынша сот практикасының мәселелері, зияткерлік меншік құқық иелеріне келтірілген залал меншігін анықтау, Қазақстан Республикасында тауар таңбасын тіркеу тәртібін бағалау мәселесін талқыланды.
Әділет министрлігі Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігімен бірлесіп 2017 ж. 22-23 қарашада, сондай-ақ TAIEX Еуропалық комиссияның қаржылық және ақпараттық қолдауымен зияткерлік меншік құқығы және шекаралық бақылауға қатысты семинар өткізді.
Семинардың жұмысына Жоғарғы Сот, әділет, ұлттық экономика, қаржы (кеден органдары) министрліктерінің өкілдері, аумақтық әділет органдары, «Ұлттық зияткерлік меншік институты» РМК қатысты.
Спикерлер ретінде Даниядан, Венгриядан, Испаниядан Польшадан келген сарапшылар болды.
Семинар барысында зияткерлік меншік объектілерін тіркеу және қорғау, контрафактілік өнімдерді анықтау әдістері, авторлық және сабақтас құқықтар объектілеріне құқықтарды ұжымдық басқару, параллельді импорт, шекаралық бақылау әдістері, соның ішінде өнертабыстарға, пайдалы модельдерге, өнеркәсіптік үлгілерге, интегралдық микросхема топологиясына, өсімдік сорттарына және т.б. құқықтарды бұзу мәселелері талқыланды.
Талқылау барысында ескертулер айтылды, құқық қорғау тәжірибесінде туындайтын зияткерлік меншік құқықтарын қорғауға қатысты сұрақтар қойылды.
Бұдан басқа, 2017 жылғы төртінші тоқсанда аумақтық әділет органдары «ҰЗМИ» РМК филиалдарының өкілдері, ішкі істер органдарының аумақтық бөлімшелері, мемлекеттік кірістер мен «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасының өкілдерінің шақыруымен 39 брифинг пен «Ашық есік күндерін» өткізді.
Мүдделі мемлекеттік органдардың, қоғамдық және басқа да ұйымдардың, сондай-ақ олардың қызметіне зияткерлік меншік объектілерін пайдаланатын кәсіпкерлердің қатысуымен облыстар мен Астана, Алматы қалаларының әділет органдарында 187 семинар және 196 дөңгелек үстел өткізілді. Теледидар мен радиода 65 баяндама ұйымдастырылды, мерзімді басылымдарда 76 мақала жарияланды, әртүрлі ұйымдарда және оқу орындарында 472 дәріс оқылды.
Алматы қаласы Әділет департаменті ағымдағы жылғы 23 қарашада зияткерлік меншік құқықтары бөлімдерінің қызметкерлері «Заңсыз өнімдердің таралуына қарсы күрес» тақырыбында Алматы қаласының жеке және заңды тұлғаларының сауда орындарының қызметкерлері арасында түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
Осы іс-шарада Қазақстан Республикасындағы зияткерлік меншік құқықтары түсіндірілді, сондай-ақ зияткерлік меншік құқықтарын қорғау мәселелеріне толық жауаптар берілді.
2017 жылғы 31 қазанда Медиа-жоспарды орындау мақсатында Астана қаласы Әділет департаментінің Зияткерлік меншік бөлімі құқық қорғау органдарымен бірлесіп, «Контрафактімен күрес» тақырыбында брифинг өткізді.
Брифинг барысында, зияткерлік меншік саласындағы контрафактілікпен күресу мәселелері бойынша ақпарат айтылып өтті.
Министрлікпен ақпараттық-түсіндіру жұмыстарды жүргізу мақсатында барлық орталық мемлекеттік органдардың ұсыныстары негізінде медиалық жұмыстардың негізгі бағыттарын қамтитын, а.ж. 21 ақпанында Қазақстан Республикасы Үкіметінің мәжілісінде мақұлданған 2017 жылға арналған «Қуатты Қазақстан» бірыңғай республикалық медиа-жоспары (бұдан әрі – Медиа-жоспар) қалыптастырылды.
Бірыңғай медиа-жоспар «Құндылықтар картасы» (негізгі хабарламалармен және мақсатты аудиториямен) және «Мемлекеттік ақпараттық стратегия» (оқиғалардың желілік кестесімен) тұрады.Информационно-разъяснительная работа по защите интеллектуальной собственности проводится на различных площадках (республиканские и региональные телеканалы, печатные СМИ, интернет-ресурсы, брифинги).
Атап айтқанда, зияткерлік меншік саласындағы заңнаманы және ақпаратты тарату кезінде авторлық құқықтарды қорғау бойынша ақпарат «Хабар 24», «Первый канал Евразия», «Алматы», «31 Канал», «СТВ» телеарналардың эфирінде жаңалықтар сюжеттері мен бағдарламалары аясында («Бастау керек», «Бетпе бет», «Сұхбат», «Мәселе», «Давайте говорить») жарыққа шықты.
Сонымен қоса, «Қазақстан-Көкшетау», «Қазақстан-Қарағанды», «5 Канал», «Рика ТВ», «Жетісу» өңірлік телеарналардың ағымдағы бағдарламалар мен жаңалықтар аясында зияткерлік меншік саласындағы заңнамаға өзгерістер енгізу, құжаттарды рәсімдеу, зияткерлік меншік құқықтарын қорғау және сот шешімдерінің орындалуын бақылау бойынша материалдар шықты.
Бұдан басқа, «Казахстанская правда», «Егемен Қазақстан», «Курсив», «Караван», «Экспресс К» республикалық баспа БАҚ-та зияткерлік меншікті құқықтарын қорғау бойынша ақпарат жарияланды.
Сондай-ақ, inform.kz, zakon.kz, tengrinews.kz, bnews.kz, nur.kz, caravan.kz интернет-ресурстарында авторлық құқық қорғау жөніндегі мәселелері орналастыру арқылы кеңінен қолданылады.
Inform.kz, bnews.kz, ratel.kz, today.kz, total.kz, interfax.kz интернет-ресурстарында зияткерлік меншік саласындағы объектілерді тіркеу жүйесіндегі өзгерістер заң жобасы туралы Қазақстан Республикасының Әділет министрі М.Бекетаевтің қатысуымен пленарлық отырысқа ақпараттық қолдау көрсетілді.
Бұдан бөлек, зияткерлік меншік тақырыбы интернет–ресурстарда сарапшылардың пікірлерімен толықтырылды. Атап айтқанда, zakon.kz, inform.kz ресурстарында Астана қаласының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының судьясы Ш.Даниярованың қатысуымен өткен зияткерлік меншікті талқылауға арналған «дөңгелек үстел» бойынша жарияланды. Сондай-ақ, zakon.kz, ресурсында азаматтық-құқықтық зерттеулер ҒЗИ «ҚазМЗУ» профессор Т. Қаудыровпен сұхбат жарыққа шықты.
Сонымен қатар, тәркіленген тауарларды жою, басқа біреудің тауар таңбаларын заңсыз орналастыру және басқа да дараландыру әдістері бойынша сұрақтарды заңнамалық реттеудің тиімділігінің көрсеткіштері туралы Қазақстан Республикасы Әділет министрінің орынбасары Э.Әзімованың қатысуымен өткен ведомстволардың кеңейтілген кеңесінің жарыққа шығуы бойынша ақпараттық қолдау көрсетілді.
Ішкі істер органдары қызметкерлері авторлық және сабақтас құқық бұзушылықтармен қарсы күрестің өзекті проблемалары бойынша семинарларға, дөңгелек үстелдерге және брифингтерге (оның ішінде өңірлік) тұрақты түрде қатысты.
Ағымдағы жылғы 25 қыркүйек 7 қазан аралығында ІІМ Алматы академиясы базасында аумақтық органдардың «К» бөліністері қызметкерлеріне арналған «Авторлық және сабақтас құқық бұзушылықты анықтау мен ашу» тақырыбы бойынша біліктілікті арттыру курсы өткізілді. Қазақстандағы Түркия Үкіметінің Халықаралық ынтымақтастық жөніндегі агенттігімен (TIKA) бұрын жүргізілген келісімге сәйкес, Түркияның Ұлттық полиция қызметкерлері дәріскер ретінде шақырылды.
Қазан айында аумақтық әділет органдарымен бірлесіп құқық иеленушілердің қатысуымен (23 қазанда - Алматы, Тараз, Павлодар және Қарағанды қалаларында, 25 қазанда – Астана қаласында) «Зияткерлік меншік құқықтарын қорғау және тауар таңбаларды контрафактілі өнімдерден ажырату» тақырыбында өңірлік семинарлар жүргізілді.
Іс-шараларда контрафактіге қарсы күрестің нәтижелі әдістері, өнімдердің түпнұсқасын анықтау әдістемесі және т.б. талқыланды.
Ағымдағы жылғы 30 қарашада Қазақстан Республикасы Электрондық үкіметінде (egov.kz) «Ақпараттық технологиялар саласындағы қылмыстарға қарсы күрес» тақырыбында онлайн-тәртібінде интернет-конференция ұйымдастырылды және жүргізілді.
Тоқсан сайын республика аумағында ақпараттандыру және байланыс саласында жасалатын қылмыстық құқық бұзушылықтарды анықтауға, жолын кесуге және ашуға, сондай-ақ еркін айналымда тыйым салынған өнімдерді заңсыз әзірлейтін, тираждайтын және тарататын адамдарды анықтауға бағытталған «Контрафакт» жедел-профилактикалық іс-шарасы (ағымдағы жылғы 21-23 ақпан, 27-28 сәуір және 14-15 қараша) өткізіледі.
ЖПІШ жүргізу барысында бұқаралық ақпарат құралдарында өткізілген іс-шаралар нәтижелері жарияланды, сондай-ақ профилактикалық сипаттағы материалдар орналастырылды.
Сонымен қатар, ІІМ-нің веб-порталында, әлеуметтік желілердегі аккаунтарында өткізілген жедел-профилактикалық іс-шаралардың нәтижелері туралы ақпараттық материалдар, роликтер баннерлер және т.б. орналастырылады.
2016-2018 жылдардағы Дүниежүзілік экономикалық форумның Жаһандық бәсекеге қабілеттілік индексінің көрсеткіштерін жақсарту жөніндегі іс-шаралар жоспарының 13-тармағын орындау мақсатында ҚР ҚМ 2017 жылғы екінші жартыжылдықта кедендік шекара арқылы тауарларды өткізу кезінде зияткерлік меншіктің құқықтарын қорғауды қамтамасыз ету мәселелері бойынша құқық иеленушілердің және сыртқы экономикалық қызметке қатысушылардың өкілдерін шақыра отырып дөңгелек столдар өткізілді. Сондай-ақ кейбір Департаменттерде дөңгелек столдарға ҚР ӘМ облыстар бойынша Әділет департаменттерінің лауазымды тұлғалары шақырылды.
БАҚ жариялау үшін Алматы (КТК телеканалы), Ақтөбе және Солтүстік Қазақстан облыстарының Департаменттері зияткерлік меншік объектілерінің құқықтарын мемлекеттік кірістер органдары қорғау бойынша пресс-релиздер табыс етілді.
|