Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Орынбасары Әбдіқалықова Г. Н. қатысумен өтетітін Қазақстан Республикасы Спорт және дене шынықтыру істері агенттігінің кеңейтілген алқа отырсына анықтама



Дата17.02.2017
өлшемі130,02 Kb.
#9794
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Орынбасары Әбдіқалықова Г.Н. қатысумен өтетітін Қазақстан Республикасы Спорт және дене шынықтыру істері агенттігінің кеңейтілген алқа отырсына АНЫҚТАМА
2013 жылы Қазақстан Республикасы Спорт және дене шынықтыру істері агенттігінің (бұдан әрі – Агенттік) қызметі «Қазақстан 2030» Қазақстанның стратегиялық даму жоспарын, Қазақстан Республикасының 2020 жылға дейінгі даму стратегиясына, Қазақстан Республикасы Президентінің 2012 жылғы 18 желтоқсандағы № 449 Жарлығымен бекітілген Мемлекет басшысының 2012 жылғы 14 желтоқсандағы «Қазақстан-2050» стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты», сонымен қатар 2011 - 2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасына және соның шеңберінде қабылданған Қазақстан Республикасында Дене шынықтыру және спортты дамытудың 2011 – 2015 жылдарға арналған салалық бағдарламасын және 2012 – 2016 жылдарға арналған стратегиялық жоспарын іске асыруға бағытталған.

Аталған стратегиялық және бағдарламалық құжаттарды іске асыру шеңберінде Агенттік спорт инфрақұрылымын дамытуға және халықаралық стандартар талаптарына жақындату мақсатында республикадағы спорттың материалды-техникалық базасын жақсартуға және елдегі бұқаралық спортты дамытуға бағытталған бір қатар шаралар қабылдады.

2013 жылы Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісіне мынадай Заң жобалары әзірленіп еңгізілді:

1) «Дене шынықтыру және спорт туралы» жаңа редакцияда;

2) «Дене шынықтыру және спорт мәселелері бойынша кейбір заңнамалық актілерге өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы»;

3) «Лотерея және лотерея қызметі туралы»;

4) «Лотерея және лотерея қызметі мәселелері бойынша кейбір заңнамалық актілерге өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы»;

5) «Ойын бизнесі мәселелері бойынша кейбір заңнамалық актілерге өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы».


Бұқаралық спортты дамыту

Дене шынықтырумен және спортпен шұғылданатын азаматтардың саны 2007 жылы 2,3 млн. адамнан 2013 жылы 3,9 млн. адамға дейін тұрақты түрде арту байқалуда (23,2% жалпы адам санынан қамтылуы).

Облыстар деңгейінде 2013 жылы шұғылданушылардың ең көп қамтылуы Қарағанды (27,9%), Қостанай (27,2%), Павлодар (26,5%) областыранда қамтамасыз етілген, ал ең төмен көрсеткіш – Оңтүстік Қазақстан (18%), Маңғыстау (19,5%) облыстары және Астана қаласы (20,9%).

Дене шынықтырумен және спортпен шұғылданушылар саны ауылды жерлерде 2007 жылы 899,4 мың адамнан (12,3% ауыл тұрғындарынан) 2013 жылы 1 549,9 мың адамға (20,1% ауыл тұрғындарынан) өсті (1,7 есеге өсу).

Кәсіпорындар мен ұйымдарда 2013 жылдың қортындысы бойынша 1,4 млн. адам (1 389,1 мың) немесе жалпы жұмыс істейтін халық санынан 16,3%-ы дене шынықтыру және спортпен шұғылданады (2012 ж. – 1 264,5 мың адам немесе 14,9%).

Сонымен қатар, денсаулық мүмкіндіктері шектеулі тұлғалар арасында дене шынықтыру және спортпен шұғылдануға тартылған адамдар санының ұдайы өсуі сақталуда.

Елімізде мүмкіндігі шектеулі 626 700 адамнан, 3,6% халық санын құрайтын, 210 мың адам спортпен шұғылдана алады. Осы санаттағы тұлғалар арасында 2013 жылдың қортындысы бойынша 18,2 мың адам немесе 8,7% дене шынықтыру және спортпен шұғылданады (2012 жылы 16,6 мың адам немесе 8,3%).

Олардың мүмкіндіктерін арттыру үшін қазіргі таңда Агенттік Дене мүмкіндіктері шектеулі тұлғаларға арналған спорттық даярлау орталығын ашуда, тиісті қаулы ҚР Үкіметіне енгізілген.

2013 жылдың қорытындылары бойынша 250 229 адам ұлттық спорт түрлерімен шұғылдануда. Осы спорт түрін насихаттау мақсатында 3 мыңнан астам жарыстар өткізілді. 2013 жылы халықаралық аренда ұлттық спорт түрлері бойынша спортшыларымыз 139 әр түрлі дәрежедегі медальдарға қол жеткізді.

Бұқаралық спортты дамыту және насихаттау мақсатында 2013 жылы 6,5 млн. астам адам қатысуымен 35 мың 800-ден астам спорттық-бұқаралық іс-шаралар өткізілді.

2013 жылы 1 шілдеде тәулігіне 20 сағат, екі тілде (тілдік баланс, мемлекеттік тілде – 50%, орыс тілде – 50%) хабар тарататың «Қазспорт» спорттық телеарнасы ашылды. Таралу ортасы – «Отау ТВ» спутник желісі кабельді және спутник операторы.

Сонымен қатар, «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде баспалық продукциялар әзірленіп таралуы және өңірлердегі билбордтарда жариялануы, қазақстандық спортшылардың қатысуымен салауатты өмір салтын насихаттау туралы республикалық телеарналарда бейнероликтер көрсетілуі қамтамассыз етілді.

Қазақстан Республикасында дене шынықтыру және спорт саласында әлеуметтік стандарттарды қалыптастыру және қолдану үшін ғылыми-дәлелдік қағидаттарын және әдістерін орналастыру мақсатында Агенттік Евразиялық интеграция институтымен бірлесіп саладағы ең төменгі әлеуметтік стандарттарды анықтау бойынша зерттеу өткізді.

Зерттеудің нәтижесінде спорт және дене шынықтыру саласында халыққа қажет ең төменгі әлеуметтік стандарттар мен нормативтер әзірлеу жоспарланды.

Халықтың денсаулығын күшейтуге арналған дәлелделген басқарушылық шешімдерді қабылдау үшін қажетті ақпаратты алу мақсатында Агенттік «Халық денсаулығының, балалардың, жасөспірімдердің және жастардың дене шынықтыру дайындығының жай-күйін республикалық мониторингілеу» жобасын әзірледі.

Мектеп спорты

Салауатты өмір салтын қалыптастыру мақсатында жергілкті жерлерде сабақтан тыс спорттық жұмыстары кеңейтілуде, әр мектепте мектептік спорттық клуб және мамандандырылған спорт түрлері бойынша сыныптар ашу және мектеп лигасы жарыстары ұйымдастырыу бойынша шаралар қабылдануда.

Дене шынықтырумен және спортпен айналысатын балалар мен жасөспірімдердің саны 318 123 адамды немесе 12,5%-ды (2012 жылы 269 370 адамды немесе 10,8%-ды) құрайды.

2013 жылы спорт бойынша мектеп секциларында 700 мыңға жуық адам қатысқан, орташа арнайы білім беру ұйымдарында – 282 300 адам, жоғары оқу орындарында – 168 500 адам.

Бүгінгі таңда 3 сағаттық дене шынықтыру сабақтары 7 261 жалпы білім беру мектептерінде қайта жандандырылды, бұл жалпы мектептер санының 98% құрайды.

Мектептерде дене шынықтыру сабағын 21 459 мұғалім ұйымдастырады, олардың ішінде 14 366 адам ауылда, арнайы дене шынықтыру білімі – 20 722 адамда бар. Сабақтан тыс уақытта спорттық жұмысты білім мекемелерінің дене тәрбиесі мұғалімдері өткізеді.

Бүгінгі күні республика бойынша 427, оның ішінде республикалық маңызы бар бір балалар мен жасөспірімдердің спорт мектебі жұмыс істейді (бұдан әрі - БЖСМ). Онда спорт түрлері бойынша 2 547, оның ішінде олимпиадалық спорт түрлері бойынша – 1 770 және олимпиадалық спорт түрлері бойынша 777 бөлімше жұмыс істейді.

2013 жылы БЖСМ-де спортпен 281841 балалар мен жасөспірімдер айналысып, 2012 жылмен салыстырғанда адам саны 16 828 адамға көбейді.

Сонымен қатар, республикада спорт және дене шынықтырумен шұғылданатын 124 мың балалар мен жеткіншектерді қамтитын 652 балалар-жеткіншектер клубы жұмыс істейді.

2013 жылғы 20 сәуірден 20 мамырға дейінгі аралықта республика бойынша Қазақстан Республикасы халқының дене дайындығының Президенттік тестілерінің нормативтерін тапсыру жөнінде республикалық айлық өткізілді. Нормативтерді тапсыру ережесіне сәйкес, 5,9,11 сынып оқушылары, 8-24 жастағы және 24 жастан жоғары жастар қатысты.

Талдау көрсеткендей Президенттік деңгейде нормативтерді тапсырған 5,9,11 сынып оқушылары мен 8-24 жастағы жастар саны 63463 адамды құрады. Бұл ретте осы нормативтерді тапсырғандар саны 2012 жылмен салыстырғанда 4296 адамға немесе 7%-ға, оның ішінде ауылды жерде 7196 адамға қысқартылған.

Ал, Ұлттық дайындық деңгейі бойынша тапсыру нормативтер көрсеткіші 2012 жылмен салыстырғанда 5,5%-ға немесе 6136 адамға артқан.

Бұқаралық спорт түрлерін және жоғары спорт жетістіктерін дамыту насихаттау және дамыту, дене шынықтыру және спорт саласы арқылы салауатты өмір салтының қағидаттарын ендіру, жасөспірімдер арасында есірткіге қарсы насихатты күшейту мақсатында Агенттік спорттық іс-шараларды өткізді.

2012-2013 оқу жылында спорттың ойын түрлері (волейбол, баскетбол, футбол) бойынша Мектеп лигасы пилоттық жобасында үш жас топтары арасында Ақмола, Маңғыстау, Павлодар, Қостанай, Қызылорда және Оңтүстік Қазақстан облыстары мен Астана, Алматы қалаларының қатысумен жарыстар өткізілді.

Мектептік және мектепаралық жарыстарда жалпы 356 мың қатысушы тіркелген.

Студенттік спорт

2013 жылдың қортындысы бойынша еліміздің ЖОО-да білім алатын студенттер арасында спорттық секцияларға дене шынықтыру және спортпен шұғылдану үшін жалпы 46% немесе 168,5 мың адам қатысады.

2013 жылдың 1 қыркүйектегі жағдай бойынша 139 ЖОО-да 64 спорт клубы, ал 75 ЖОО-да – спорт секциялары бар. Бұл ретте клубтар санының 9 бірлікке өскенін атап өту қажет (2012 жылы – 56). Қазіргі уақытта Қазақстан Республикасының мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарында тек 1-2-курс студенттеріне дене шынықтыру сабақтары өткізіледі.

Студенттік спорттың дамуы 2017 жылы Алматы қаласында өтетін Бүкіләлемдік қысық Универсиаданы өткізуге ықпалын тигізеді.

Аталған жарысты өткізуге дайындық шеңберінде Халықаралық студенттік спорт федерациясымен келісілген және бекітілген логотип, талисман және слоган әзірленді.

Маркетингтік бағдарламаны және бренд-букты әзірлеу жұмыстары аяқталды.

2017 жылғы Универсиада объектілерінің құрылысы бойынша жобалық-сметалық құжаттарды әзірлеу аяқталу кезеңінде.

2014 жылдың бірінші тоқсанында жобалық құжаттарды мемлекеттік экспертизасын өткізуге тапсыру жоспарланған. Құрылыс-монтаждық жұмыстардың басталуы 2014 жылдың бірінші жартыжылдығына белгіленген.

Агенттік мәдениет және ақпарат және білім және ғылым министрліктерімен және Алматы қаласы әкімдігімен бірлесіп насихаттау және Универсиаданы дайындау және өткізу барысын жариялау бойынша Медиа-планды әзірледі.

Білім және ғылым министрлігі қысқы спорт түрлері бойынша федерацияларымен және мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесіп Универсиадаға қатысуға жас спортшыларды кезенді таңдау және даярлау Кешенді жоспарын әзірлеуді аяқтады.



Әлемдік спорттық аренда қазақстандық спорттың бәсекелестікке қабілеттілігін күшейту

Елімізде спорт резервін даярлау мақсатында 17 олимпиадалық резервті даярлау орталығы, оларда қазір 1359 спортшы спорттық шеберлігін арттыруда, 9 республикалық мамандандырылған олимпиадалық даярлау орталығы жұмыс істейді, 1275 спортшы спорттық шеберлігін арттыруда және центрдің 95% спортшысы Қазақстанның ұлттық құрама командаларының негізгі, жастар немесе жасөспірімдер құрамына кіреді.

Сонымен коса, 2 988 келешегі бар оқушылар оқитын 11спортта дарынды балаларға арналған өңірлік мектеп-интернаты және 1429 адам қамтитын 4 республикалық мектеп-интернат-колледжі құрылған, оларды тәлімгерлер орташа арнайы білімімен және «спорт түрі бойынша жаттықтырушы» мамандығымен бітіреді.

Осымен қатар, эксперименталды мектеп сыныптары бар республикалық спорт колледжі қызмет істейді, оның контингенті 444 оқушыдан құралады. Аталған білім беру орындары спорттық кадрлардың, соның ішінде ауылда және кадрлық резервті толтыру проблемаларын шешуге арналған.

2013 жылы жаттықтырушы-оқытушы кадрлардың біліктілігін арттыру және қайта даярлау курстарынан барлығы 979 адам өтті.

Одан басқа, 2013 жылғы 17 мамырда Агенттік және Ресей Халықаралық олимпиадалық университеті арасында Қарым-қатынас және ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды.

Тұңғыш рет, 2013 жылы «Болашақ» Қазақстан Республикасы Президенті халықаралық шәкіртақысы шеңберінде магистратура және тағылымдама бағыттары бойынша конкурстық таңдаудан өткен 11 жетекші спортшылар мен жаттықтырушылар Ресей Халықаралық олимпиадалық университетіне тағылымдама алуға жіберілді, ал Олимпиада чемпионы Серік Сәпиев Ұлыбританияда магистратура оқуда.



Спорт түрлері бойынша құрама командалар спортшылары 2013 жылы 732 әр түрлі дәрежедегі медальдар жеңіп алды.

Олимпиадалық емес спорт түрлері бойынша 279 медаль ұтып алынды, оның ішінде 112 – алтын, 80 – күміс, қола – 87. Олардың ішінде 92 – әлем чемпионаттарында, 43 – Азия, 144 – халықаралық жарыстар.

Дене мүмкіндігі шектеулі спортшылар халықаралық жарыстарда 28 медальға қол жеткізді, соның ішінде 9 алтын, 13 күміс және 4 қола.

Ұлттық құрама команданың спортшылары жазғы және қысқы Олимпиадалық спорт түрлері бойынша Әлем және Азия чемпионаттарында ересектер арасында 61 медаль және жастар мен жеткіншектер арасында 211 медаль жеңіп алынды.

2013 жылғы 6 шілдеден 17 шілдеге дейінгі аралықта Қазан қаласында (Татарстан, Ресей) өткен XXVII Дүниежүзілік жазғы универсиададағы біздің спортшылардың өнерін атап өткен жөн. Онда спортшылар 3 алтын, 11 күміс және 16 қола медаль, барлығы 30 медальді иеленіп, жалпы командалық есепте 19 орында болды.

Сондай-ақ 2013 жылғы тамыз айында жеткіншектер құрама командасы Нанкин қаласында (Қытай) өткен 2-ші Азия жасөспірімдер ойындарына қатысты, онда 13 медаль: 1 алтын, 4 күміс және 8 қола медальды жеңіп алып, жалпы командалық есепте 10 орынды иеленді.

2013 жылғы 11 желтоқсаннан 21 желтоқсанға дейінгі аралықта Италияның провинциясы Трентино қаласында XXVI Дүниежүзілік қысқы универсиада – дүниежүзілік студенттік спорт жарыстары өтті, онда әлемнің 50 елінен спортшылар қатысты. Студенттік спорт ойындары 12 (биотлон, шаңғы жарыстары, керлинг, шаңғы қоссайысы, трамплиннен шаңғымен секіру, сноуборд, коньки тебу, мәнерлер сырғанау, шорт-трек, фристайл және хоккей) спорт түрлері бойынша өтті. Турнирде 73 медаль жиынтығы ойнатылды.

Трентино қаласында (Италия) өткен XXVI Дүниежүзілік қысқы универсиадаға 6 (хоккей, шаңғы жарысы, тау шаңғысы, сноуборд, мәнерлеп сырғанау және фристайл) спорт түрі бойынша 49 қазақстандық спортшы қатысты. Ойынның қорытындысы бойынша 29 спортшы медальмен марапатталды, оның ішінде 5 адам – чемпион атағын иеленді.

Қысқы ойын түрлері бойынша Әлем чемпионаттарында 2013 жылы 1 алтын, 1 күміс және 2 қола медальдар ұтып алынды.

Есептік кезеңде Дене шынықтыру – бұқаралық, сауықтыру іс-шараларына және негізгі республикалық және халықаралық жарыстардың күнтізбелік жоспарына сәйкес, ресми халықаралық жарыстарға дайындалу және өнер табысты қатысу үшін олимпиадалық спорт түрі бойынша 480 оқу-жаттығу жиыны өткізілді.



Агенттіктің 2013 жылы басты міндеттерінің бірі Сочи қаласында (Ресей) өтетін ХХІІ қысқы Олимпиада ойындарына Қазақстанның ұлттық құрама командасының дайындығын және қатысуын қамтамасыз ету болып табылды.

Спортшылардың шеберлігін арттыруға 2012 жылы желтоқсанда құрылған АҚ ҰӘҚ «Самрұқ-Қазына» жанындағы «Астана» Президенттік кәсіби спорттық клубы ықпал етуде, құрамына «Астана» баскетбол командасы, «Астана» футбол командасы, «Астана» судағы поло спорттық командасы, «Барыс» хоккей клубы, «Astana Dakar Team» ралли-командасы, «Astana Arlans» бокс клубы, «Қазақстан барысы» қазақ күресі бойынша ұлттық күрес, боксшы – Геннадий Головкин, зілтемірші – Илья Ильин, мәнерлеп сырғанаушы – Денис Тен кіреді.



Алматы қаласында 2022 жылы 24-ші қысқы Олимпиада ойындарын өткізу үшін Халықаралық Олимпиада комитетіне Агенттік өтінімді беруді қамтамасыз етті.

Қазіргі таңда 2014 жылдың 14 наурызына дейін Халықаралық Олимпиада комитетіне Өтінімдік кітапты әзірлеу қажет.

Бұдан әрі ХОК регламентіне сәйкес Халықаралық Олимпиада комитетінің жұмыс комитеті 2014 жылдың шілдесіне дейін ақтық таңдау процедураларына өткен кандидат-қалалар кандидатурасын жариялайды.

2015 жылдың 1-3 тамыз айында Халықаралық Олимпиада комитеті 2022 жылы 24-ші қысқы Олимпиада ойындарын өткізетін елді жариялады.



Дене шынықтыру және спортты дамыту мақсатында спорттық инфрақұрылымды дамытуға айрықша көңіл бөлінеді.

2013 жылы республикамызда 34 234 спорт ғимараты жұмыс істеді, оның 21 915 ауылда, 1 710-ы жекенікі.

2011 жылмен салыстырғанда спорт ғимарарттарының саны 1620 бірлікке көбейді, соның ішінде 738-і ауылда. Спорт ғимараттары санының 7916-ы (23,1%) дене шынықтыру-спорттық мақсаттағы нысандар, 1442 (4,2%)- спорт мектебі және білім мекемелеріндегі спорт залдары -24 876 (72,7%).

Ауылды жердегі 4483 спорт залдарының 3650-і жалпы білім беретін мектептерде орналасқан және сабақ өткізуге пайдаланылады, ал спортзалдардың тек 20%-ы халыққа қызмет көрсетуге қол жетімді.

Мемлекет Басшысының «Әлеуметтік –экономикалық жаңғыру – Қазақстан дамуының басты векторы» атты халыққа Жолдауын іске асыру жөніндегі Жалпыұлттық жоспарына сәйкес Агенттікпен барлық спорт объектілеріне тексеріс жүргізу қорытындысы бойынша тұрғындардың дене шынықтырумен және спортпен жаппай шұғылдануы үшін қажетті 1 млн.300 мың ш.м. спорт инфрақұрылымдарының көлемінен жалпы қажеттілік 747 мың ш.м. құрайтынын айқындалды.

Осыған орай, Агенттікпен өңірлерде дене шынықтыру-сауықтыру кешендерінің (ДШСК) құрылысы бастама жасалды. Республикалық бюджеттік комиссияның отырысында 2014 жылы 15 ДШСК-ң құрылысы республикалық бюджеттен – 70%, жергілікті бюджеттен – 30% бірлесіп қаржыландыру қағидаты бойынша қолдау тапты.

Осы кешен Сәулет және қала құрылыс қызметі бойынша уәкілетті органмен келісілген типтік жобаға сәйкес, ең жоғары деңгейдегі қолжетімді 6 (Қарағанды, Солтүстік Қазақстан, Батыс Қазақстан, Қызылорда, Оңтүстік Қазақстан және Шығыс Қазақстан) өңірлерінде салынады.

Осыны ескере отырып, халықтың бұқаралық дене шынықтыру және спортпен айналысу үшін спорт инфрақұрылымына қолжетімділік қамсыздандырылады.

Бұдан басқа, Агенттікпен жалпы білім беретін мектептер мен тұрғылықты мекенжай маңында эконом-сыныпты тезқұрылымды жүзу бассейіндерді енгізу бойынша жоба бастама жасалды.

Жобаны іске асыру келесі міндеттерді шешуге мүмкіндік береді:



  • Жүйелі түрде оқушыларды суда жүзуге бұқаралық түрде тәрбилеуге;

  • Жүзу бойынша президенттік тесті тапсыруға;

  • тұрғылықты мекенжай бойынша оқушылар мен ересек адамдар арасында сауықтыру тиімділігін арттыруға;

  • судағы қайғылы оқиғалардың алдын алуға.

Сондай-ақ, «Астана ЭКСПО-2017» халықаралық көрмеге дайындық аясында Астана қаласында веложолдарды салу бойынша жобаға бастама жасалды.

Осыған орай, 2020 жылға дейінгі Астана қаласында велоинфрақұрылымды дамыту бойынша концепцияны әзірлеу бойынша жұмыстар жүргізілуде.



Бірінші кезеңнің іске асырылуы «Астана ЭКСПО-2017» халықаралық көрменің басталуы уақытында аяқталады.

2014 жылға міндеттер:

  • Дене шынықтыру және спорттың заңнамалық және нормативтік құқықтық басазын жетілдіру;

  • 2012-2016 жылдарға арналған Агенттіктің Стратегиялық жоспарын және 2012-2014 жылғы Елбасы жолдауларын іске асыру;

  • 2011-2015 жылдарған арналған дене шынықтыру және спортты дамыту бойынша салалық бағдарламаны және спорттағы ынтымақтастық бойынша халықаралық шарттарды іске асыру;

  • 2014 жылғы Инчеон қаласында (Корея Республикасында) 17-жазғы Азия ойындарына дайындық және қатысуды қамтамасыз ету;

  • 2017 жылы Алматы қаласында қысқы Дүниежүзілік Универсиада ойындарын ұйымдастыру және өткізу бойынша жұмыстарды үйлестіру;

  • 2022 жылы Алматы қаласында қысқы Олимпиада ойындарын өткізу бойынша дайындықты іске асыру.


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет