Орындалды
Қазіргі кезде «Ақтау теңіз солтүстік терминалы» ЖШС сатып алған құрғақ жүктердің барлық түрлерін өңдеуге мүмкіндік беретін жүк тиеу-жүк түсіру техникасы бар (12 айырлы жүк тиеуші, 6 терминал сүйрегіш, 2 мобильді кран, 2 портальді кран және 2 козловый кран).
2.05. «Әуе көлігі инфрақұрылымының сапасы» индикаторы (ИДМ)
Ағымдағы көрсеткіш - 90 орын
|
|
Петропавл қаласы әуежайының ұшу-қону жолағын және жолаушылар терминалын реконструкциялауды аяқтауды қамтамасыз ету
|
2016 жылғы желтоқсан
|
ИДМ, облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдіктері
|
Орындалды
2016 жылы Петропавл қаласы әуежайының ҰҚЖ және жолаушылар терминалын реконструкциялау аяқталды.
|
|
Астана қаласы әуежайының жаңа терминалын салу және ұшу-қону жолағын реконструкциялау бойынша шаралар қабылдау
|
2017 жылғы наурыз
|
ИДМ, облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдіктері
|
Орындалды
Астана қаласы әуежайының жолаушылар терминалын салу жұмыстары жалғасуда. ҰҚ-дан 39 млрд. теңге бөлінді және олар толық көлемде игерілді (2015 жылы – 29 млрд. теңге, 2016 жылы -10 млрд. теңге). Экономикалық өсімді ынталандыру және 2016-2017 жылдары жұмыс бастылықты қамтамасыз ету бойынша қосымша шаралар жоспарына (2-топтама) 28-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің арнайы резервінен 5 млрд. теңге бөлінді (2016 жылғы 21 қазан № 597).
Қазіргі уақытта жаңа жолаушылар терминалы ғимаратының металл және темірбетон қаңқасын тұрғызу бойынша жұмыстар аяқталды. Жабын қондырғысы (95%), фасад (75%), лифтті орнату (25%), багажды өңдеудің автоматтандырылған жүйесін орнату (20%), вокзал жанындағы алаңды абаттандыру (30%), инженерлік инфрақұрылым (30%), перрон (25%) бойынша жұмыстар жүргізілуде. Терминал бойынша орындалған жұмыстардың көлемі 83% құрайды.
Сондай-ақ, VIP терминалы ғимаратының қаңқасын орнату бойынша жұмыстар аяқталды. Фасадты мрамор плитасымен қаптау (60%), жабын (75%), перрон (28%), кіреберіс автомобиль жолдары (95%) бойынша жұмыстар жүргізілуде. VIP терминал бойынша атқарылған жұмыстардың жалпы көлемі 49% құрайды.
|
|
Семей қаласы әуежайының ұшу-қону жолағын реконструкциялауды қамтамасыз ету
|
желтоқсан,
2017-2018 жылдар
|
ИДМ, облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдіктері
|
Орындалуда
2016 жылдың сонында Семей қаласы әуежайының ҰҚЖ және терминалын реконструкциялау жобасын іске асыру басталды. Бас мердігер ЖШС «ТЕРЕЗЕ» болып табылады.
|
2.06. «Авиаорынның қолжетімділігі, км/апта, млн» индикаторы (Жолаушылар әуе тасымалының қуаттылығы, млн. пкм) (ИДМ)
Ағымдағы көрсеткіш - 60 орын
|
|
Қазақстандық авиакомпаниялардың әуе кемелерін сатып алуын қамтамасыз ету
|
желтоқсан,
2016-2018 жылдар
|
ИДМ, әуе компаниялары (келісім бойынша)
|
Орындалуда.
АО «СКАТ» АҚ Boeing 737-300 әуе кемесін сатып алды. «Bek Air» АҚ Fokker 100 әуе кемесін сатып алды.
|
|
Әлемнің негізгі қаржы орталықтарына жаңа бағдарлар (Нью-Йорк, Токио, Сингапур) ашу бойынша шаралар қабылдау
|
желтоқсан,
2016-2018 жылдар
|
ИДМ, әуе компаниялары (келісім бойынша)
|
2017 жылдан бастап Астана-Токио әуе қатынасын ашу
Орындалды
2016 жылғы 9-13 қазанда Токио қ. (Жапония) Қазақстан мен Жапония авиациялық билік органдарының екі жақты келіссөздері өтті. Келіссөздер барысында екі ел арасында тікелей әуе қатынасын ашуын мәселесі талқыланды.
2016 жылғы 7 қарашада Мемлекет басшысының Жапонияға сапары барысында ҚР Инвестициялар және даму министрлігі мен Жапонияның Жер, инфрақұрылым, көлік және туризм министрлігінің арасында Келіссөздер меморандумына қол қойылды, ол екі елдің тағайындалған авиакомпанияларына Қазақстан мен Жапония арасында аптасына 14 рейс жиілікпен тұрақты ұшуды орындауға құқық береді.
Астана-Сингапур әуе қатынасын ашу мәселесі бойынша
Орындалуда
2015 жылғы 13-14 шілде аралығында Сингапур Республикасында Қазақстан мен Сингапур авиациялық билік органдары арасында келіссөздер өтті, оның барысында екі ел арасында тікелей әуе қатынасын ашу мүмкіндігі талқыланды. «Эйр Астана» АҚ бизнес-жоспарына сәйкес 2019 жылы Сингапурға ұшу жоспарланып отыр.
Астана-Нью-Йорк әуе қатынасын ашу мәселесі бойынша
Орындалуда
Министрлік ҚР мен АҚШ арасында тікелей әуе қатынастарын ашу бойынша ҚР СІМ-мен бірлескен жұмыстар жүргізуде. Мысалы,
2014 жылғы желтоқсанда ҚР мен АҚШ арасында әуе қатынастарын ашуға қатысты АҚШ Федеральдық азаматтық авиация басқармасымен (FAA) келіссөздер жүргізілді.
FAA талаптарына сәйкес Америка аумағына ұшуды жүзеге асыратын барлық авиакомпаниялар Халықаралық әуе қозғалысының қауіпсіздігін бағалау бағдарламасынан өтіп, оның қорытындысы бойынша «1-санатқа» ие болуы қажет. FAA ақпараты бойынша осы бағалауды жүргізу АҚШ-қа ұшуды орындайтын қолданыстағы әуе кемелері, яғни бұл жағдайда - Боинг-787 әуе кемесі болғанда мүмкін.
Әуе қатынасын ашуға кедергі болатын негізгі фактор «Air Astana» АҚ паркінде екі ел арасында тікелей қонусыз ұшуды жүзеге асыруға қабілетті Боинг-787 типі әуе кемесінің болмауы.
«Air Astana» АҚ алғашқы Боинг-787 типті әуе кемелерін 2019 жылы сатып алуды жоспарлайды. Авиакомпания АҚШ-қа тұрақты рейсті 2020 жылдың екінші тоқсанында ашуды жоспарлап отыр.
Осыған байланысты, Министрлік ҚР Премьер-Министрінің бірінші орынбасары
|
|
Ішкі тұрақты бағдарларды субсидиялау бойынша шаралар қабылдау
|
желтоқсан,
2016-2018 жылдар
|
ИДМ
|
Орындалуда
2017 жылы республикалық бюджеттен 10 ішкі маршрут субсидиялады: Алматыдан Балқаш, Үржар, Көкшетау және Петропавлға, Астанадан Петропавл және Балқашқа, Қарағандыдан Өскемен және Қызылордаға, Көкшетаудан Ақтауға және Атырауға. Сонымен бірге, Республикалық бюджеттік комиссиямен бюджеттің толықтырылуы барысында 5 авиамаршруттарды субсидиялауға қолдау көрсетілді: Астанадан Үрджарға, Үшаралдан Талдықорғанға, Шымкенттен Петропавл және Көкшетауға.
|
2.07. «Электрмен жабдықтау сапасы» индикаторы (ЭМ)
Ағымдағы көрсеткіш - 82 орын
|
|
Электр энергетикасы саласындағы (электрмен жабдықтау желілеріне қосылу; электрмен жабдықтау сапасы) реформалар бөлігінде БАҚ-та сөз сөйлеуді, дөңгелек үстелдерді, семинарлар мен конференцияларды қамтамасыз ету
|
желтоқсан,
2016-2018 жылдар
|
ЭМ, ҚР АЭҚБК (келісім бойынша)
|
Орындалуда
Министрлікпен тұрақты түрде бұқаралық ақпарат құралдарында мақалалар, сұхбаттар мен инфографикалар жарияланады, «Doing Business» рейтингіндегі Қазақстанның ұстанымын жақсарту бойынша, сондай-ақ электрмен жабдықтау жүйесіне қосылған кезде көрсетілетін процедураларды жеңілдету бойынша дөңгелек үстелдер мен кеңестер өткізілуде.
Ағымдағы жылдың екінші жартыжылдығында бұқаралық ақпарат құралдарында 16 мақалалар мен сұхбаттар жарияланса, 1 инфографика жарияланды Курсив.kz, Закон.kz, Bnews.kz, i-news.kz, forbes.kz, bnews.kz, liter.kz, kt.kz, 24.kz, kaznews.kz, inform.kz, meta.kz, kapital.kz, mk-kz.kz, informburo.kz и today.kz.
Ағымдағы жылдың екінші жартыжылдығында Министрлік «Электрмен жабдықтау жүйесіне қосылу» индикаторы бойынша түсіндіру жұмыстарын қамтамасыз етуде «Doing Business» методологиясының презентациясын өткізді, осы семинарға ЭТҰ және ЭЖҰ, Ақтөбе, Қарағанды, Қостанай, Шығыс Қазақстан, Павлодар, Оңтүстік Қазақстан облыстарының, сонымен қатар Астана және Алматы қалаларының әкімдіктері өкілдерінің қатысуымен өтті.
Қосымша, «Doing Business» индикаторы бойынша ұстанымын жақсарту бойынша жүзеге асырылған шараларын туралы ақпарат Министрліктің және Комитеттің ресми интернет-қорында жарияланғандығын хабарлаймыз.
|
|
Электр энергиясын тұтынушылардың электрмен жабдықтау сапасына, оны жеткізуге, сондай-ақ энергетикалық кәсіпорындардың электр желілеріне қосудың (ШОБ) техникалық шарттарын беру бөлігінде электр энергетикасы саласындағы ҚР заңнамасының мерзімдері мен талаптарын сақтауына қанағаттануын анықталсын
|
желтоқсан,
2016-2018 жылдар
|
ЭМ, ҚР АЭҚБК (келісім бойынша)
|
Орындалуда
Қазақстан Республикасының Энергетика министрлігі (бұдан әрі – Министрлік) ағымдағы жылдың екінші жарты жылдығында электр энергиясын тұтынушылардың энергия таратушы ұйымдармен (бұдан әрі – ЭТҰ) электр қондырғыларын қосуға техникалық шарттар беру мерзімімен, электр қондырғыларының жобалық шешімдерді келісу мерзімімен және энергия жабдықтаушы ұйыммен (бұдан әрі – ЭЖҰ) электрмен қамтамасыз ету келісім-шартын жасасу мерзімімен қанағаттану жөніндегі сауалнама жүргізуде, және де заңнама бұзылуы тіркелмеген.
Сауалнамада қатысқан адамдар саны 2500 құрайды (14 облыс, Астана мен Алматы қалалары бойынша).
Жүргізілген сауалнама нәтижесінде келесі анықталды.
Энергия жабдықтаушы ұйыммен келісім-шарт жасасу (толық пакет берілген жағдайда) орташа мерзімі 2,5 жұмыс күнді құрайды.
Электрмен жабдықтау келісім-шартын жасасу жеңілдігі бойынша респонденттер «5» баллдың «4,5» баллды ғана беруде.
Электрмен жабдықтау сапасы мен сенімділігі бойынша «7» баллдың «5,7» баллды ғана беруде.
Сауалнама респонденттерінің сөзінше ҚР электр энергетикасы саласындағы заңнама тәртібі сақталуда.
Министрліктің және Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитетінің (бұдан әрі – Комитет) ресми интернет-қорында онлайн сауалнама жариялаған. Жүргізілген жұмыс нәтижесінде электр энергиясының тұтынушылары электр энергиясымен жабдықтау сапасына, оның жеткізілуіне, сондай-ақ, энергетикалық кәсіпорындардың электр желісіне қосылу үдерісіне бағасын бере алады.
|
|
Электр желілеріне қосудың техникалық шарттарын беру бөлігінде электр энергетикасы саласындағы ҚР заңнамасының талаптарын сақтауға мониторинг жүргізілсін
|
желтоқсан,
2016-2018 жылдар
|
ЭМ, ҚР АЭҚБК (келісім бойынша)
|
Орындалуда
Министрлік электрмен жабдықтау жүйесіне қосылу бөлігінде электр энергетикасы саласындағы ҚР заңнамасы талаптарының орындалуын бақылау аясында электрмен жабдықтау жүйесіне қосылу бөлігінде электр энергиясы саласындағы ҚР заңнамасы талаптарына, яғни ЭТҰ электр қондырғыларын қосуға техникалық шарттар (бұдан әрі – ТШ) беру мерзімінің, электр қондырғыларының жобалық шешімдерді келісу мерзімінің және ЭЖҰ Электрмен қамтамасыз ету келісім-шартын жасасу мерзімінің сақталуына Қазақстанның 16 аймақтарында, оның ішінде Астана және Алматы қалаларында, талдау жүргізілді. Талдау нәтижесінде келесі анықталды:
ЭЖҰ аталған мерзім аралығында 36524 Электрмен жабдықтау келісім-шарттары (бұдан әрі – Келісім-шарт) жасалды. Оның ішінде заңды тұлғалармен 3112, жеке тұлғалармен 31152. Талдау нәтижесінде Келісім-шартты толық құжаттарды тапсыру жағдайында 3 жұмыс күн ішінде жасауға болады.
ЭТҰ аталған мерзім ішінде 20307 ТШ берілді, оның ішінде заңды тұлғаларға 7146 ТШ, жеке тұлғаларға 13818 ТШ. Тұтынушылардың қуаты 200 кВт дейінгі электр қондырғыларына ТШ беруде мерзімнің бұзылуы анықталмаған. ТШ берудің орташа мерзімі 4,1 жұмыс күнін құрайды.
Ескертпе: Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 25 ақпандағы № 143 бұйрығымен бекітілген (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 6 наурызда № 10403 тіркелді) Электр энергиясын пайдалану қағидаларының 13-тармағына сәйкес энергия беруші немесе энергия өндіруші ұйым тұтынушыдан өтінім алғаннан кейін төмендегі мерзімде жаңа енгізілген немесе жаңартылған электр қондырғыларын қосуға техникалық шарттарды қуаты 200 кВт дейінгі электр қондырғыларына - 5 жұмыс күнінің ішінде береді.
3.Қарастырылып отырған мерзім ішінде ЭТҰ электр қондырғыларының жобалық шешімдері берілген ТШ сәйкестігі мәніне заңды тұлғалардың 2700, жеке тұлғалардың 1708 жобалық шешімдері келісілді. Қуаты 200 кВт дейінгі электр қондырғыларына жобалық шешімдерді келісу мерзімінің бұзылуы анықталмады. Жобалық шешімдерді келісудің орташа мерзімі 2,8 жұмыс күнін құрайды.
Ескертпе: Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 25 ақпандағы № 143 бұйрығымен бекітілген (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 6 наурызда № 10403 тіркелді) Электр энергиясын пайдалану қағидаларының 15-тармағына сәйкес электр қондырғыларының жобалық шешімдері берілген техникалық шарттарға сәйкестігі мәніне қуаты 200 кВт дейінгі электр қондырғыларына - 3 жұмыс күнінің ішінде келісіледі.
ТШ беру мен жоба шешімдерді келісу жөніндегі электр энергетикасы саласындағы заңнамамен орнатылған мерзімді келешекте бұзу фактілерін алдын алу үшін Комитеттің территориялық департаменттерімен ЭТҰ арасында түсіндіру жұмыстары жүргізілуде.
|
|
Энергия беруші ұйымдардың электрмен жабдықтау сенімділігі көрсеткіштерінің нормативтік мәндерін сақтауына мониторинг жүргізу
|
желтоқсан,
2016-2018 жылдар
|
ЭМ, ҚР АЭҚБК (келісім бойынша)
|
Орындалуда
Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2016 жылғы 20 мамырдағы № 214 бұйрығымен бекітілген Электрмен жабдықтаудың сенімділігі көрсеткіштерінің нормативтік мәндерін айқындау қағидаларының 8-тармағына сәйкес.
|
2.08. «100 адамға шаққанда ұялы байланыс абоненттері» индикаторы (АКМ)
Ағымдағы көрсеткіш - 17 орын
|
|
2018 жылға дейін Қазақстан Республикасының барлық аудан орталықтары тұрғындарын жаңа буынды 4G стандартымен қамтуды қамтамасыз ету
|
2017 жылғы желтоқсан
|
АКМ, байланыс операторлары
|
Орындалуда.
Қазіргі кезде 4G желісі барлық облыс орталықтарында, Алматы және Астана қалаларында және халық саны 50 мың және одан да көп елді мекендерде орнатылды.
2017 жылғы 1 желтоқсандағы жағдай бойынша 4G абоненттерінің саны 4,6 млн. құрады.
Ағымдағы жылдың соңына дейін Қазақстан Республикасының барлық аудан орталықтарының тұрғындары жаңа буынды 4G стандартымен қамтылады.
|
2.09. «100 адамға шаққанда тіркелген телефон желілері» индикаторы (АКМ)
Ағымдағы көрсеткіш - 43 орын
|
|
Ауылды жерлерде әмбебап телекоммуникация қызметтерін көрсететін байланыс операторлары шығындарын субсидиялау бойынша шаралар қабылдау
|
тоқсан сайын,
2016-2018 жылдар
|
АКМ, «Қазақтелеком» АҚ (келісім бойынша)
|
Орындалуда.
2017 жылдың 1, 2, 3 және 4 тоқсандары бойынша ауылды елді мекендерде операторлардың әмбебап байланыс қызметтерінің шығындары субсидияланды:
«Қазақтелеком» АҚ 7 169 444,0 мың.теңге сомасына;
«Қазпочта» АҚ 2 924 673,0 мың.теңге сомасына
|
3. «Макроэкономикалық қатысты орта» факторы
|
3.01. «Бюджет сальдосы, ЖІӨ-ге % бен» индикаторы (ҰЭМ, Қаржымині)
Ағымдағы көрсеткіш – 97 орын
|
|
ЖІӨ-нің алдын ала бағалауына республикалық бюджет тапшылығы 2,0% деңгейде сақталсын
|
2016 жылғы желтоқсан
|
ҰЭМ, Қаржымині
|
Орындалуда.
«2016-2018 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы «Қазақстан Республикасының Заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2016 жылғы 7 қазандағы №15-VI Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес бойынша республикалық бюджеттің тапшылығы 2016 жылы ЖІӨ-нің 2,0% деңгейінде жоспарланып отыр
Сондай-ақ, 2016 Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан кепілдендірілген трансферт туралы «Заңға өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес - «2018 жылға республикалық бюджетке Ұлттық қордан кепілдендірілген трансферттің мөлшері 2016 жылы 400,3 млрд теңгеге қысқартылды.
|
|
2017 жылы республикалық бюджеттің тапшылығын ЖІӨ-ге қатысты 1,2%-дан аспайтын деңгейде ұстап тұру және Ұлттық қорды 3 321,6 млрд. теңгеден аспайтын мөлшерде пайдалану бойынша шаралар қабылдау, бұл 2017 жылы шоғырландырылған бюджет тапшылығын ЖІӨ-ге қатысты 4,0%-ға дейін төмендетуге және 86-орынға көтерілуге мүмкіндік береді (мұнай бағасы барреліне 35 АҚШ доллары болған кезде)
|
2017 жылғы желтоқсан
|
ҰЭМ, Қаржымині
|
Орындалуда
Ағымдағы жылғы ақпанда 2017 жылға арналған республикалық бюджетті нақтылау жүргізілді. Бюджет параметрлері мұнай бағасының баррелі 50 АҚШ доллары болған кезде есептелді. 2017 жылға арналған республикалық бюджет тапшылығы ЖІӨ-ге қатысты 2,9 % деңгейінде жоспарланды.
2017 жылға арналған шоғырландырылған бюджет балансы ЖІӨ-ге қатысты 6,8 % деңгейінде болжанды, бұл келесі жылға арналған ДЭФ ЖБИ бойынша ХВҚ есебіне сәйкес 117-орынға сәйкес келеді.
|
|
Мұнай бағасы барреліне 50 АҚШ долларында сақталған кезде 2017 жылға арналған республикалық бюджетті нақтылау және Ұлттық қордан кепілдендірілген трансферт мөлшерін қосымша кірістердің түсуін ескере отырып, 431,3 млрд. теңгеге қысқарту, бұл 2017 жылы шоғырландырылған бюджет тапшылығын ЖІӨ-ге қатысты 2,5%-ға дейін қысқартуға және 51 орынға көтерілуге мүмкіндік береді
|
2017 жылғы желтоқсан
|
ҰЭМ, Қаржымині
|
|
2018-2019 жылдары жаңа бастамаларға арналған шығыстардың өсуін тұрақтандыру және мұнай емес секторлардан түсетін кірістердің өсуін ынталандыру
|
желтоқсан,
2018-2019 жылдар
|
ҰЭМ, Қаржымині
|
Орындалуда.
2018-2020 жылдарға арналған республикалық бюджетті қалыптастыру кезінде
|
3.02. «Жалпы ұлттық жинақтар, ЖІӨ-ге қатысты %-бен» индикаторы (ҰБ (келісім бойынша), Қаржымині, ҰЭМ)
Ағымдағы көрсеткіш – 60 орын
|
|
Жинақтау қажеттігі мәселелерін жариялауға бағыттарлған Халықтың қаржылық сауаттылығын арттыру 2016-2018 жылдарға жөніндегі бағдарламаны іске асыру шеңберінде шаралар қабылдау
|
желтоқсан,
2016-2018 жылдар
|
ҰБ (келісім бойынша), Қаржымині, ҰЭМ
|
Орындалуда
Ұлттық Банк 2016-2018 жылдарда халықтың қаржылық сауаттылығын арттыру бағдарламасы (бұдан әрі - Бағдарлама) аясында іс-шараларды іске асыру бойынша жұмыс жүргізіп жатыр.
2017 жылдың 4-ші тоқсанында Бағдарлама аясында
«7 канал» телеарнасының эфирінде мемлекеттік және орыс тілдерінде «Tengemania Next» білім беру бағдарламасының 10 шығарылымы және «Астана» телеарнасының эфирінде «Школа финансов» балалар білім беру бағдарламасының
10 шығарылымы жарық көрді.
Мектеп жасындағы балаларға арналған қосымшалар баспасөз басылымдарында шыға бастады. Оқу орындарында қаржылық сауаттылықты арттыру тақырыбы бойынша ақпараттық-түсіндірме дәрістер жүргізіледі.
|
|
Баға тұрақтылығын қамтамасыз ету бойынша шаралар қабылдау
|
желтоқсан,
2017-2018 жылдар
|
ҰБ (келісім бойынша), ҰЭМ, АШМ, АКМ, ЭМ, облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдіктері
|
|