ДҮниежүзілік экономикалық форумның жаһандық БӘсекеге қабілеттілік индексінің индикаторын жақсарту жөніндегі 2016-2018 жылдарға арналған шаралар жоспары



бет11/25
Дата20.06.2018
өлшемі0,52 Mb.
#43464
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   25

Орындалуда

2017 жылдың 11 айының қорытындысы бойынша республикада 48 инсульт орталығы жұмыс істейді. 2017 жылдың 11 айында Қазақстан Республикасында 9 жаңа инсульт орталығы ашылды.

Атбасар ОАЕ, Шу қаласының ОАЕ, ОҚО Сарыағаш ауданының Абай ауылының ОАЕ базаларында инсульт орталықтарын ашу жоспарланып отырған емханалық ресусртарына мониторингі жасалды. 2015 жылғы 19 қазандағы «Қазақстан Республикасында неврологиялық көмек көрсетуді ұйымдастыру стандарты» № 809 бұйрығына сәйкес емхана ішінде инсультке күдікті науқастардың қозғалысы, нейровизуализационды жабдықтарын орнату, реабилитациялық жабдықтар, палаталардың, медбикелер мен инсульттің басқа бөлімшелерінің орналасуы бойынша ұсынымдар берілді.

Инсульттік қызметтің аудиті мен мониторингісі бойынша және Қазақстан Республикасының аймақтарында ауыр инсультпен ауыратын науқастарға күтім жасаудың кешенді моделін енгізу жөніндегі шараларды бақылау және мониторингілеу бойынша жұмыс жүргізілуде. 2017 жылдың 11 айында РКЦПИ қызметкерлерімен Қазақстан Республикасының өңірлерімен күрделі жағдайларды емдеу тактикасы бойынша 95 консультациялар өткізілді, соның ішінде жүктілік кезінде және босанғаннан кейін мерзімінде. Санитарлық авиация арқылы өңірлерге 12 рейс жүргізілді.





Балалар өлім-жітімін азайту, (нәресте өлімін, балалардың жарақаттанушылығын жолымен төмендету) (медициналық жұмыскерлерді оқыту, босандыруға көмектесу және балалық шақ ұйымдарын материалдық - техникалық жарақтандыруды жақсарту)

2016 жылғы желтоқсан


ДСӘДМ, ІІМ,

облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдіктері



Орындалды

2017 жылдың 8 айының қорытындылары бойынша оперативтік деректер бойынша ҚР бойынша балалар өлімі 1000 тірі туғандарға шаққанда 10,8, 2016 жылдың ұқсас кезеңінде көрсеткіш - 11,4 құрады.

Динамикада 6,5 %-ға төмендеуі байқалады.

Балалар өлімінің жас шамасындағы құрылымында нәрестелер өлімі 84%-ды құрайды. 2017 жылдың 8 айының орытындысы бойынша нәрестелер өлімінің көрсеткіші 2016 жылдың ұқсас кезеңінде 8,9 қарағанда 1000 тірі туғандарға шаққанда 8,1 құрап, 8,9%-ға төмендеді.

2017 жылдың 8 айының қорытындысы бойынша балалардың 576 қиын жағдайыа мониторинг жүргізілді. Мониторинг нәтижелері бойынша замануи көмек көрсетілді, телеконсультация ұйымдастырылды, республикалық санитариялық авиация желісі бойынша республикалық орталықтарға тасымалдау жүзеге асырылды.

2017 жылдың 5 айының қорытындысы бойынша балалардың өміршеңдігі 85,2%-ды құрады, бұл негізінен емдеудің заманауи әдістерінің практикада қолданылуының арқасында болды (туа біткен ақауларды және т.б. эндоваскулярлық түзету).

2017 жылдың 6 айында ЖТА кезінде балаларға 294 операция жасалды, соның ішінде ашық жүрекке операциялар – 217 (73,8 %), эндоваскулярлық араласулар - 77 (26,1%).

2017 жылдың 5 айының қорытындысы бойынша шала туған балалардың өміршеңдігі 500-999 грамм аралғында – 50 % (2016 ж. – 45%), 1000 – 1499 грамм аралығында -78% (2016 ж. – 75%), 1500-2499 грамм аралығында – 65 % (2015 ж. – 66%) құрады, жалпы ҚР шала туған балалардың өміршеңдігі - 50%.

2017 жылдың 1 маусымдағы ахуалы. 2012 жылдан бастап ГТЖ 83 трансплантациясы, соның ішінде туыстық донордан 35 аллогендік трансплантациясы (соның ішінде 5 гаплотрансплантация), аутологияның – 48 өткізілді.

Аллогендік трансплантация пациенттің 53%-на тиімді болды, балалардың 73 % -на ГТЖ аутологиялық трансплантациясы өткізілді. Трансплантацияның жалпы тиімділігі 56,4 % құрады.

Сонымен қатар онкогематологиялық аурулармен ауыратын науқас балаларға медициналық көмек көрсетуді жетілдіру мақсатында ҚР-да балалар онкологиялық және гематологиялық қызметін жетілдіру жөніндегі жол картасы бекітілді (2017 жылғы 28 ақпандағы), ол қолданыстағы нормативтік құқықтық актілерді, скринингтерді жетілдіруді есепке ала отырып клиникалық хаттамаларды, кадрларды оқытуды, медициналық ұйымдардың материалдық-техникалық базасын жақсарту, балалар өлімін төмендетуге мүмкіндік беретін орфандық аурулардың ерте белгілері бойынша халықты ақпараттандыру және олардың сауттылығын арттырды қайта қарауды көздейді.

2016-2019 жылдарға арналған ҚР-да босандыру және балалар қызметінің ықпалдастырылған моделін енгізу және оның жұмысының тиімділігін арттыру жөніндегі Жол картасын іске асыру шеңберінде халықаралық практика, медициналық көрсетілетін қызметтерге қажеттілік, перинаталдық көмекті өңірлендіру деңгейіне қарай медициналық ұйымдардың қолжетімділігі ескеріле отырып, нормативтік және құқытық базаға талдау жүргізілді.

ДДСҰ, ЮНИСЕФ-пен бірлесіп ана мен бала денсаулығын сақтау саласында халықаралық стандарттарды енгізу бойынша жұмыс жалғасуда.

МСАК және балалар стационарларының медицина қызметкерлері өңірлік оқыту орталықтарының, облыстық балалар және босандыру ұйымдарының базасында балалық шақтағы балаларды ықпалдастыра емдеу, тиімді перинаталдық көмек және антеналдық күтім бойынша тұрақты негізде оқытылады.

Сонымен қатар 2015-2017 жылдарға арналған балалар жарақатынан, жазатайым оқиғалардан болатын өлімді төмендету және балалар жарақатының профилактикасы жөніндегі ведомствоаралық кешенді жоспар – жол картасы іске асырылуда





Өлім-жітімнің негізгі себептерін төмендету (оның ішінде қан айналым жүйесі ауруларынан, қатерлі ісіктерден, оқыс жағдайлардан жарақаттанудан және уланудан және т.б.)

2017 жылғы ақпан

ДСӘДМ, ІІМ, облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдіктері

Орындалуда

Қайтыс болғандардың негізгі себептері қатерлі ісіктерден болғандардың саны 4,4% -ға төмендеді (анықтама: 2017 жылы 10 айында - 84,95, 2016 жылдың сәйкес кезеңінде - 88,95), жазатайым оқиғалардан, жарақаттар мен уланулардан 8,2 % азайды (анықтама: 2017 жылдың 10 айында - 70,95, 2016 жылдың сәйкес кезеңінде - 77,25), қан айналымы жүйесінің ауруларынан 0,6% -ға өсті (анықтама: 2017 жылғы 10 айында – 179,07, 2016 жылдың сәйкес кезіңде - 177,95).

5 нозология бойынша (миокард инфарктісі, инсульт, жарақат, онкологиялық аурулар, сондай-ақ бала тууға көмектесу және балалық) медициналық көмек көрсетудің кешенді моделін енгізу шеңберінде жол картасы мен медициналық көмектің сапасының көрсеткіштері әзірленді, Үйлестіру кеңесі құрылды. Медициналық ұйымдардың жағдайын талдау, медициналық ұйымдардың жабдықтар мен медицина қызметкерлерінің қажеттіліктеріне өңір арасында медициналық көмек деңгейлеріне баға беру. Кадрлар мен жабдықтардың тапшылығын азайту, сондай-ақ мамандардың біліктілігін арттыру және мамандарды қайта даярлау бойынша шаралар әзірленді.

Профильді медициналық ұйымдарының барлық деңгейлерде мониторинг, тиімділігін және сапасын қамтамасыз етудегі рөлі мен жауапкершілігі күшейтілді.






Медициналық көмек көрсету стандарттарын халықаралық диагностика мен емдеу тәсірлдеріне сәйкестікке жетілдіру бойынша іс-шараларды жалғастыру

2016 жылғы желтоқсан


ДСӘДМ, ҰЭМ

Орындалуда

Физикалық белсенділіктің таралуын арттыру және елдегі денсаулықты сақтау және жақсарту үшін жеткілікті физикалық белсенділіктің маңыздылығы туралы халықты хабардар ету мақсатында халық, топ, жеке деңгейде іс-шаралар жүзеге асырылады.

Республика бойынша барлығы 2017 жылы Денсаулық сақтау фестивалі аясында 9 749 іс-шара (2016ж.- 12 145) өткізілді, соның ішінде 1 289 531 адамның қатысуымен ауқымды 2542 іс-шаралар. Республикада спорттық жарыстары өткізілді.

12 пресс-конференциялар өткізілді, облыстардың, Астана мен Алматы қалаларының денсаулық сақтау және білім беру басқармаларының веб-сайттарында 13 585 ақпарат орналастырылды, медицина ұйымдардың веб-сайттарында - 17, әлеуметтік желілерде (ВКонтакте, Instagram, Facebook) 186 жағдай бойынша 38 000 адамды қамтумен SMS-хабарлама жіберілді.

Фестиваль шеңберінде физикалық белсенділік, салауатты өмір салты және аурулардың алдын алу мәселелері бойынша 244 229 дана ақпараттық- оқу материалдары таратылды.




Салауатты өмір салтын насихаттауға бағытталған спорттық-бұқаралық іс-шаралар өткізу


тоқсан сайын, есептіден кейінгі айдың 15 күніне дейін

МСМ, облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдіктері

Орындалуда

Республика бойынша 2017 жылдың 3-тоқсанында салауатты өмір салтын насихаттау шеңберінде 23,6 мың спорттық-бұқаралық іс-шаралар өткізілді, оның ішінде ауылдық жерлерде 4,5 мың іс-шара. Аталаған шараларда қамтылған адамдар саны 1,5 млн. адамды құрады, оның ішінде ауылдық жерлерде 567,8 мың адам.

Сонымен қатар, ү.ж. 3-тоқсанда республика бойынша 387 салалық спартакиадалар өткізілді, оның ішінде ауылдық жердерде 215 іс-шара, шараларда қамтылған адамдар саны 152 мың адамды құрады, оның ішінде ауылдық жерлерде 86 мың астам адам.

Ү.ж. қыркүйек айында Денсаулық фестивалі аясында спорттық іс-шаралар өтті, оған 50 мыңға жуық адам қатысты.

2017 жылдың 9 мен 16 қыркүйек аралығында Республикалық «Ақ бидай» ауыл спорт ойындары өтті.


4.09. «Бастауыш білім беру сапасы» индикаторы (БҒМ)

Ағымдағы көрсеткіш - 68 орын



Қазақстандық телеарналар мен интернет кеңістіктерде үш тілде оқыту, оқу бағдарламалардың жаңартылған мазмұны, 12 жылдық білім беруге көшу, инклюзивті білім беру, Қазақстан мектептерінің оқу жылына даярлығы және т.б. мәселелер бойынша ақпараттық видеоматериалдарды орналастыруды қамтамасыз ету (жаңалықтар, оқиғалар туралы сюжеттер, сұхбаттар, видеографикалар, ақпараттық материалдар, қойылымдық/көркем материалдар және т.б.)

желтоқсан,

2016-2018 жылдар



БҒМ

Орындалуда

Есептік кезенде қазақстандық телеарналар мен интернет кеңістіктерде 50 ден астам бейнематериалдар орналастырылды.

« Хабар» Телеарнасында:

- «В предпраздничные дни в Костанайской области сдали в эксплуатацию два детских сада» http://khabar.kz/ru/news/obshchestvo/item/ 98878-v-predprazdnichnye-dni-v-kostanajskoj-oblasti-sdali-v-ekspluatatsiyu-dva-detskikh-sada 14.12.2017 ж.;

- «Г. Абдыкаликова провела заседание Республиканской комиссии по подготовке кадров за рубежом» http://khabar.kz/ru/news/politika/ item/98272-g-abdykalikova-provela-zasedanie-respublikanskoj-komissii-po-podgotovke-kadrov-za-rubezhom 07.12.2017 ж.;

- «Бесплатное профобразование помогает решить кадровый дефицит» http://khabar.kz/ru/news/obshchestvo/item/97939-besplatnoe-profobrazovanie-pomogaet-reshit-kadrovyj-defitsit 04.12.2017 ж.;

- «Техническим и профобразованием в Астане охвачено более 26 тысяч человек» http://khabar.kz/ru/news/obshchestvo/item/95531-tekhnicheskim-i-profobrazovaniem-v-astane-okhvacheno-bolee-26-tysyach-chelovek 07.12.2017ж.;

- «Около 2 миллионов детей в стране охвачено дополнительным образованием» http://khabar.kz/ru/news/obshchestvo/item/93960-okolo-2-millionov-detej-v-strane-okhvacheno-dopolnitelnym-obrazovaniem 20.10.2017 ж.;

- «В Астане стартовала выставка «Образование и наука-2017»

http://kaztrk.kz/ru/news/obshestvo/v-astane-startovala-vystavka-obrazovanie-i-nauka-2017-105930 22.11.2017 ж.;

- «Студенты отправились на экспедицию проекта «Серпіннің серпілісі» http://kaztrk.kz/ru/news/obshestvo/studenty-otpravilis-naekspediciyu -proekta-serpinnin-serpilisi-103778 10.10.2017 ж.




Білім беру саласының өзекті тақырыптары бойынша ақпараттық кеңістіктің өзгеруін әрдайым қадағалау мақсатында баспа БАҚ-тарда тұрақты мониторинг жүргізуді қамтамасыз ету

тоқсан сайын,

2016-2018 жылдар



БҒМ, облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдіктері

Орындалуда

Жазба БАҚ-қа Білім беру саласының өзекті тақырыптары бойынша тұрақты күнделікті жүргізіледі.

ІV тоқсанның қорытындысы бойынша 300-ден астам мақала жарияланды, олардың 250-жағымды материалдар, 20- ден азы теріс және 30-дан астамы бейтарап сиппаттамада.




www.edu.gov.kz ресми сайтында орта білім туралы материалдарды, жаңалықтарды және басқа даақпараттарды жариялауды қамтамасыз ету

тоқсан сайын,

2016-2018 жылдар



БҒМ

Орындалуда

ІV тоқсанда www.edu.gov.kz ресми сайтында орта білім туралы 24 жаңалықтар жарияланды.

Мысалы:

14.12.17 ж.- «Министерство образования и науки Республики Казахстан Республиканский научно-практический центр «Дарын»;



4.12.17ж. - «Проходит заседание предметных комиссий по рассмотрению промежуточных результатов экспертизы, апробации учебников и учебно-методических комплексов»;

23.11.17 ж. - «Лучшие бизнес-практики внедряются в школьное образование»;

22.11.17 ж. – «ПРЕСС РЕЛИЗ о проведении совещания по актуальным вопросам системы дошкольного и среднего образования»;

19.10.17 ж.- «ПРЕСС-РЕЛИЗ по рабочей встрече разработчиков Типовых учебных программ обновлённого содержания образования для 6, 8 и 10 классов с авторами учебников и УМК обновлённого содержания» және т.б.

Сонымен қатар, келесі ақпараттар орналастырылған:

Пәндер бойынша оқу жоспарларының тізімі;

Оқущылардың критериалды бағалау тәртібі туралы;

Формативті бағалау туралы жиі қойылатын сұрақтарға жауаптар;

Жиынтық бағалау бойынша ЖҚС жауаптары;

Үш тілде оқыту және т.б.





Қазақстанның PIRLS-2016 халықаралық зерттеуіне қатысу қорытындысыбойынша қысқаша шолу әзірлеу және жариялау

желтоқсан

2017 жылғы



БҒМ

Орындалды

IEA Білім беру жетістіктерін бағалаудың халықаралық қауымдастығы 4-ші сынып оқушыларының PIRLS-2016 мәтінін оқу және түсіну сапасын халықаралық зерттеу нәтижелерін 2017 жылғы 5 желтоқсанда ресми түрде жариялады.

Зерттеуге әлемнің 50 елі қатысты. PIRLS қорытынды мәжілісіндегі көшбасшы болып - Ресей 581 ұпайммен (1 орын) табылды. Үздік бестікке Сингапур (575), Гонконг (569), Ирландия (567), Финляндия (566) елдері кірді.

Қазақстан PIRLS зерттеуінде бірінші рет қатысты. Зерттеуде Қазақстанды 172 мектептен 4 925 төртіншісынып оқушылары қатысты. Сонымен қатар, сауалнамаға 4 сынып оқушыларының ата-аналары, 4 сыныптың сынып жетекшілері және директорлар қатысты. Қазақстандық оқушылардың орташа баллы 536 ұпай құрады. Бұл қорытынды Қазақстанды 27 орынды иеленуге мүмкіндік берді. Бұл нәтиже Германия (537) және Словакия Республикасы (535) елдеріндегі құрдастарымен нәтиже көрсеткіштерін салыстыруға болады.

Қазақстанның PIRLS-2016 халықаралық зерттеуіне қатысу қорытындысы бойынша қысқаша шолу ҚР БҒМ-нің және «АТО» АҚ ресми сайтынды жарияланды.




Бастауыш сыныптар мұғалімдерінің біліктілігін арттыруды қамтамасыз ету

желтоқсан,

2016-2018 жылдар



БҒМ, облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдіктері

Орындалуда

«Өрлеу» БАҰО» АҚ-да және «НЗМ» ДБҰ-да бастауыш сыныптардың 17 860 мұғалімі орта білім мазмұнын жаңғырту аясында біліктілікті арттыру курстарында оқытылды (Астана қ. - 543, Алматы қ.-945, Акмола облысы -980, Ақтөбе облысы - 816, Алматы облысы -2034, Атырау облысы -666, ШҚО -1227, Жамбыл облысы -1337, БҚО-659, Карағанды облысы - 1174, Қызылорда облысы -942, Қостанай облысы -750, Манғыстау облысы - 663, Павлодар облысы -702, СҚО - 708, ОҚО-3714).




4.10. «Бастауыш білім берумен қамту (таза)» индикаторы (БҒМ)

Ағымдағы көрсеткіш -4 орын



ДЭФ сарапшыларымен ЮНЕСКО-ның түзетілген бастауыш біліммен қамту индикаторы есебінде есепке алу мәселесі бойынша келіссөздерді ұйымдастыру

2016 жылғы қараша-желтоқсан,

1 тоқсан 2017 жылғы



БҒМ, ҰЭМ

Орындалды

А.ж. 18 сәуірде Женева қаласында (Швейцария Конфедерациясы) Дүниежүзілік Экономикалық Форум сарапшыларымен Роберто Кротти – экономист және бәсекеге қабілеттілікті бағалау тобының басшысымен, Сальваторе Френи – экономист және Анастасия Калинина – Еуразия елдерінің координаторымен келіссөздер өткізілді.

Халықаралық сарапшылармен ЖБҚИ «Бастауыш біліммен қамту» көрсеткішінің есебің есепке алу мәселесі бойынша талқыланды.

Сарапшылар Қазақстаннан дәлелдермен келісіп және ЖБҚИ көрсеткіштерін әдістемелік есептеу тәртібін нақтылау кезінде ескеріліп 2017 жылдың қорытындысында Қазақстан «Бастауыш біліммен қамту» көрсеткіші бойынша 4 орынды (+114) ие болды.





«Білім туралы» ҚР Заңына оқытуды 6 жастан бастауды енгізу мерзімін 2017 жылға ауыстыру бөлігіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу бойынша мәселені пысықтау

2016 жылғы желтоқсан,

1 тоқсан 2017 жылғы



БҒМ

Орындалды

«Білім туралы» ҚР Заңына сәйкес 2019 жылғы 1 қыркүйектен бастап бірінші сыныпта оқуға оқу жылының басында 6 жасқа толған балалар қабылданады (№ 501-V-ЗРК от 9.04.2016ж.).

Қазіргі уақытта «Бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білімнің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың үлгі қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 19 қаңтардағы № 127 Қаулысына (бұдан әрі Жоба) 6 жастан бастап балаларды мектепке қабылдау бөлігінде өзгерістер енгізулуде. Бұл Жоба қазіргі танда мүдделі мемлекеттік органдармен келісуде (6.09.2017 жылғы № 46951/1 )




Халықаралық талаптарға сәйкес бастауыш білімде оқитындар контингентінің статистикалық деректерін толтыру

2017-2018 жылғы

2 тоқсан


БҒМ

Орындалуда

2017 жылы 26 маусымда Министрлікпен толтырылған сауалнамалар Статистика Комитетіне жіберілді.





«Жаһандық бәсекеге қабілеттілік индексі көрсеткіштері шеңберінде білім саласындағы сарапшылар мен жұмыс берушілерге сауалнама жүргізу» әлеуметтік зерттеуін ұйымдастыру және өткізу

2016 жылғы желтоқсан


БҒМ

Орындалды

2016 жылы білім беру саласының сарапшыларына және жұмыс берушілерге ДЭФ ЖБИ көрсеткіштерінің шеңберінде сауалнама жүргізілді (іріктеме – 5 271 респондент, оның ішінде 2 023 – жұмыс берушілер, 1 934 – білім және ғылым менеджерлері, 1 053 – мектеп оқушылары, ата-аналар, студенттер, бизнес-мектептердің түлектері, 165 – терең сұхбаттар, 96 – жалпы білім беретін мектептердің мұғалімдерімен фокус–топтық дискуссия).

Әлеуметтік зерттеу нәтижелерін талдау қорытындысы бойынша ДЭФ ЖБИ көрсеткіштерін жақсарту жөніндегі негізгі қорытындылар мен ұсынымдар әзірленді.




Білім берудің статистикалық көрсеткішті есептеу әдістемесін түсіндіру үшін ЮНЕСКО және ДЭФ өткізетін семинарлар мен өзге де диалог алаңдарына қатысуды қамтамасыз ету

тоқсан сайын,

2016-2018 жылдар



БҒМ, ҰЭМ

Орындалуда

А.ж. 25-27 қыркүйек аралығында Дүниежүзілік банк пен БҰҰ агенттіктерінің қолдауымен ТДМ (Тұрақты даму мақсаты) жетістіктеріне мониторинг жүргізу үшін жаһандық көрсеткіштерді «ұлттандыру» және қосымша ұлттық көрсеткіштерді анықтау мақсатында Ақмола облысының Бурабай ауданында халықаралық сарапшылардың қатысуымен ТДМ 2030 жылға дейін мониторинг жүйесін дамыту бойынша жұмыс тобының алғашқы кездесуі өтеді.

2017 жылғы 11-13 желтоқсан аралығында Астана қ. ЮНЕСКО Қазақстанда ұзақ мерзімді оқытуға арналған ашық білім беру ресурстарын (бұдан әрі - АБР) кеңейту бойынша ұлттық семинарды өткізді. Елімізде АБР бойынша ұлттық саясатты әзірлеу және іске асыру үшін қолайлы жағдайлар жасау. Семинарға ҚР БҒМ-нің құрылымдық бөлімшелерінің басшылары, ҚР БҒМ ведомстволық бағынысты ұйымдарының өкілдері, ЖОО ПОҚ қатысты.


5. «Жоғары білім беру және кәсіби дайындық» факторы

5.01. «Орта білім берумен қамту (жалпы)» индикаторы (БҒМ)

Ағымдағы көрсеткіш – 18 орын



9-сынып негізінде оқитын ТжКБ студенттері контингенті бойынша статистикалық деректер қалыптастыруды қамтамасыз ету

2 тоқсан,

2017-2018 жылдар



ҰЭМ, БҒМ


Орындалуда

9 сынып базасында оқитын ТжКБ білімгерлер саны – 298057 адам, бұл жалпы білім алушылар контингентінің 60,9% .

2017 жылы 26 маусымда Министрлікпен толтырылған сауалнамалар Статистика Комитетіне жіберілді.




5-11 сыныптарда оқитындар мен 9 сынып базасында оқитын ТжКБ білім студенттері контингенттерінің 11-17 жастағы халыққа қатынасы бойынша статистикалық деректерді халықаралық талаптарға сәйкес толтыру

2 тоқсан,

2017-2018 жылдар



БҒМ, ҰЭМ



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   25




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет