7.10. «Жұмыс істейтін әйелдер, олардың ерлерге қатысты үлесі» индикаторы (ДСӘДМ)
Ағымдағы көрсеткіш – 28 орын
|
Әйелдердің меншікті салмағы кемінде 49 % құрайтын Жұмыспен қамту 2020 жол картасын іске асыруды қамтамасыз ету
|
наурыз,
2017-2019 жылдар
|
ДСӘДМ, мүдделі мемлекеттік органдар, облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдіктері
|
Орындалуда
Қазақстан Республикасы Президентінің тапсырмасына сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 29 желтоқсандағы №919 қаулысымен Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасы әзірленді (бұдан әрі - Бағдарлама).
2017 жылғы 1 желтоқсандағы жағдай бойынша бағдарламаға қатысушылардың қатарына 248 890 әйелдер қосылды. Бұл Бағдарламаға қатысушылардың жалпы санының 47,3%-ын құрайды (Бағдарламаның қатысушылары – 526 731 адам)
|
|
«Бизнестегі әйелдер» ЕҚДБ жобасы шеңберінде әйелдер кәсіпкерлігі жобалары іске асырылсын
|
2017 жылғы желтоқсан
|
ҰЭМ
|
Орындалуда
|
|
Одан әрі әйелдерді жұмысқа орналастыру үшін еңбек жағдайын жақсарту мақсатында әйелдер үшін тыйым салынған (денсаулыққа қауіпті) еңбек қызметі тізбесін қайта қарау
|
2017 жылғы желтоқсан
|
ДСӘДМ
|
Орындалуда
ҚР Еңбек кодексінде әйелдердің денсаулығын қорғауға бағытталған нормалар қарастырылған.
Кодекстің 26-бабында көрсетілген әйел еңбегін пайдалануға тыйым салынатын жұмыстардың тізіміне сәйкес (бұдан әрі – Жұмыстар тізімі), әйелдерді ауыр жұмыстарға, еңбек жағдайлары зиянды және қауіпті жұмыстарға орналастыруға жол берілмейді.
Жұмысберуші әйелдердің оларға бекітілген шекті нормалардан асатын ауыр заттарды қолмен көтеруінің және жылжытуына жол бермеуге құқылы (Кодекстің 182-бабы 5-тармағының 7-тармақшасы).
Кодекстің аталған бабын жүзеге асыру үшін ананы қорғау және әйелдердің денсаулығын қорғау мақсатында Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 8 желтоқсандағы №944 бұйрығымен әйелдер еңбегін пайдалануға тыйым салынатын жұмыстардың тізімі (бұдан әрі – Жұмыстар тізімі), әйелдердің ауыр заттарды қолмен көтеруінің және жылжытуының шекті нормалары бекітілді.
Әйелдерге қазіргі уақытта жаңа технологиялар мен роботтардың қолданылуына, өндірістің автоматизациялануына байланысты денсаулыққа зиянын келтірмейтін мамандықтарға қолжетімділікті қамтамасыз ету мақсатында аталған Жұмыстар тізімін өзектендіру жоспарлануда.
Бүгінгі күнде «ҚР зиянды еңбек жағдайларындағы әйелдер еңбегін реттеу механизмін жетілдіру» тақырыбында аналититикалық зерттеу жүргізу үшін мемлекеттік тапсырманы жүзеге асыру бойынша қызметтер көрсетуге «Еңбекті қорғау жөніндегі республикалық ғылыми-зерттеу институты» РМҚК-мен келісім-шарт жасалды (17.07.2017ж. № 54 келісім-шарт).
2018 жылы аналитикалық зерттеу қорытындысы дайын болған соң жоғарыда аталған бұйрық өзектендірілетін болады.
|
8. «Қаржы нарығының дамығандығы» факторы
|
8.01. «Қаржылық қызметтерінің қолжетімділігі» индикаторы (ҰБ (келісім бойынша), ҰЭМ, Қаржымині)
Ағымдағы көрсеткіш –95 орын
|
|
Халықтың қаржылық сауаттылығын арттыру жөніндегі 2016-2018 жылдарға арналған оқыту, медиялық, арнайы іс-шараларын (семинарларды, дөңгелек үстелдерді ұйымдастыру, брошюралар шығару және т.б.), арнайы оқыту интернет-ресурсын, телевизиялық бағдарламаларды іске қосуды және т.б. бағдарламаны іске асыру қамтамасыз етілген. Аталған іс-шаралармен қаржылық қызметтердің барлық түрлері қамтылатын болады.
|
желтоқсан,
2017-2018 жылдар
|
ҰБ (келісім бойынша)
|
Орындалуда
Ұлттық Банк 2016-2018 жылдарда халықтың қаржылық сауаттылығын арттыру бағдарламасы (бұдан әрі - Бағдарлама) аясында іс-шараларды іске асыру бойынша жұмыс жүргізіп жатыр.
2017 жылдың 4-ші тоқсанында Бағдарлама аясында «7 канал» телеарнасының эфирінде мемлекеттік және орыс тілдерінде «Tengemania Next» білім беру бағдарламасының 10 шығарылымы және «Астана» телеарнасының эфирінде «Школа финансов» балалар білім беру бағдарламасының 10 шығарылымы жарық көрді.
Мектеп жасындағы балаларға арналған қосымшалар баспасөз басылымдарында шыға бастады. Оқу орындарында қаржылық сауаттылықты арттыру тақырыбы бойынша ақпараттық-түсіндірме дәрістер жүргізіледі.
Халыққа қаржылық білім беруге арналған fingramota.kz бірыңғай интернет-портал жұмыс істейді. Реттеушінің қызметі және қаржылық қызметтерді тұтынушылардың құқықтарын қорғау мәселелері бойынша халықтың ҚР ҰБ-пен жедел өзара әрекет етуі үшін жасалған «ҚҰБ Online» ұялы қосымшасы белсенді жұмыс істейді. «ҚҰБ Online» пайдаланушылар KASE сауда-саттық қорытындысы, валюталар бағамы, қаржы нарығындағы деректер туралы ең соңғы ақпаратты және ҚР ҰБ басқа да жаңалықтарын алғашқылардың бірі болып алады. Есепті кезеңде «ҚҰБ Online» мобильді қосымшасының жаңалықтар желісінде Ұлттық Банктің негізгі қызметі туралы 80-нен астам жарияланымдар орналастырылды;
Ақпарат тұрақты түрде ҚР ҰБ ресми ресурсында «Қаржылық қызметтерді тұтынушылардың құқықтарын қорғау» бөлімінде орналастырылып отырады.
Халықты қаржылық ұйымдар ұсынған қаржылық қызметтер жөнінде ақпараттандыру мақсатында ҚРҰБ, ҚР ХҚКО қоғамдық қабылдау бөлмелерінде, ЕДБ филиалдарында ақпараттық буклеттер таратылады.
ҚР ҰБ қаржылық сауаттылықты арттыру саласындағы атқарған жұмыстары туралы ақпарат бұқаралық ақпарат құралдарында үнемі жарияланады.
|
|
Халық арасында қаржылық қызметтер бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмысын жүргізу, сондай-ақ қаржылық қызметтерді көрсету мәселелері бойынша консультативтік көмек көрсету бұл қажеттілігіне қызметтерді тұтынушыларға олардың қаржылық қызметтерге деген сұранысына сәйкес келетін қаржылық қызметтерді таңдауға мүмкіндік береді
|
жарты жылда 1 рет,
2017-2018 жылдар
|
ҰБ (келісім бойынша)
|
Орындалуда
2016-2018 жылдарға арналған халықтың қаржылық сауаттылығын арттыру бағдарламасын іске асыру бойынша жұмыс жүргізілуде.
Сонымен қатар, Ұлттық Банк қызметінің жеке бағыты қаржы қызметтері мен заң көмегін көрсету бойынша кеңес беру болып табылады. Осы жұмыс шеңберінде азаматтарды қабылдау және кеңес беру жүзеге асырылады, оның ішінде Ұлттық Банктің Қоғамдық қабылдауында.
|
|
Қаржылық қызметтерді онлайн сервистері арқылы көрсетуді дамыту жөніндегі мәселелерді қарастыру, бұл қаржылық қызметтерді алуға аз шығын жұмсай отырып оларды қол жеткізуді елеулі ұлғайтуды болжайды
|
желтоқсан,
2017-2018 жылдар
|
ҰБ (келісім бойынша)
|
Орындалуда
«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне сақтандыру және сақтандыру қызметі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» ҚР заң жобасы әзірленді, ол төрт негізгі міндеттерді шешуге бағытталған: сақтандыру нарығының қаржылық тұрақтылығын қамтамасыз ету, сақтандыру қызметтерінің аймақтық қолжетімділігін арттыру, сақтандыру өнімдерінің сапасын арттыру және құнын төмендету және сақтандыру қызметтерін тұтынушылардың құқықтарын қорғауды күшейту.
Негізгі түзетулердің бірі онлайн-сақтандыру қызметтерін ұсынудағы өзгерістер және туристертерді міндетті сақтандырудағы өзгерістер болып табылады.
Сақтандыру және төлем рәсімдері айтарлықтай жеңілдетіледі, ол барлық бизнес-үдерістерді жеделдетеді.
Қазақстан Республикасында қызмет көрсету салаларын дамытудың 2020 жылға дейінгі бағдарламасына сәйкес, халыққа банктік қызмет көрсету сапасы мен қолжетімділігін арттыру мақсатында банктерде тәуекелдерді басқару сапасын жақсарту, сондай-ақ онлайн қызметтерді ұсыну бойынша шаралар әзірленетін болады. Бизнес-процестерді тиімді құру және оларды автоматтандыру мәселелеріне ерекше назар аударылатын болады, бұл ұсынылатын банктік қызметтердің тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді.
|
|
Қаржы ұйымдары бекітілуі туралы уәкілетті органға хабарлайтын, қаржы өнімдері бойынша деректер базасын құру
|
жарты жылда 1 рет,
2017-2018 жылдар
|
ҰБ (келісім бойынша)
|
Орындалуда
Енгізілген хабарлама беру тәртібі шеңберінде қаржылық өнімдер бойынша дерекқор ағымдағы режимде құрылды және жұмыс істейді, ол Ұлттық Банктің ресми интернет ресурсында «рұқсаттар және хабарламалар» бөлімінде орналастырылған.
|
8.02. «Қаржылық қызметтерінің құны» индикаторы (ҰБ (келісім бойынша), Қаржымині)
Ағымдағы көрсеткіш – 95 орын
|
|
Халықтың қаржылық сауаттылығын арттыру жөніндегі 2016-2018 жылдарға арналған бағдарлама шеңберінде іс-шараларды іске асыру бұл тұтынушыларға қаржылық қызметтердің құнын қалыптастыруды түсінуіне мүмкіндік береді, тұтынушыларға қаржылық қызметтердің құнын салыстыру нәтижесінде неғұрлым қолайлы әрі пайдалы қаржылық қызметті айқындап, таңдауына мүмкіндік жасайды
|
жарты жылда 1 рет,
2017-2018 жылдар
|
ҰБ
(келісім бойынша)
|
Орындалуда
2017 жылдың 4-ші тоқсанында Бағдарлама аясында «7 канал» телеарнасының эфирінде мемлекеттік және орыс тілдерінде «Tengemania Next» білім беру бағдарламасының 10 шығарылымы және «Астана» телеарнасының эфирінде «Школа финансов» балалар білім беру бағдарламасының 10 шығарылымы жарық көрді.
Мектеп жасындағы балаларға арналған қосымшалар баспасөз басылымдарында шыға бастады. Оқу орындарында қаржылық сауаттылықты арттыру тақырыбы бойынша ақпараттық-түсіндірме дәрістер жүргізіледі.
Халыққа қаржылық білім беруге арналған fingramota.kz бірыңғай интернет-портал жұмыс істейді. Реттеушінің қызметі және қаржылық қызметтерді тұтынушылардың құқықтарын қорғау мәселелері бойынша халықтың ҚР ҰБ-пен жедел өзара әрекет етуі үшін жасалған «ҚҰБ Online» ұялы қосымшасы белсенді жұмыс істейді. «ҚҰБ Online» пайдаланушылар KASE сауда-саттық қорытындысы, валюталар бағамы, қаржы нарығындағы деректер туралы ең соңғы ақпаратты және ҚР ҰБ басқа да жаңалықтарын алғашқылардың бірі болып алады. Есепті кезеңде «ҚҰБ Online» мобильді қосымшасының жаңалықтар желісінде Ұлттық Банктің негізгі қызметі туралы 80-нен астам жарияланымдар орналастырылды;
Ақпарат тұрақты түрде ҚР ҰБ ресми ресурсында «Қаржылық қызметтерді тұтынушылардың құқықтарын қорғау» бөлімінде орналастырылып отырады.
Халықты қаржылық ұйымдар ұсынған қаржылық қызметтер жөнінде ақпараттандыру мақсатында ҚРҰБ, ҚР ХҚКО қоғамдық қабылдау бөлмелерінде, ЕДБ филиалдарында ақпараттық буклеттер таратылады.
|
|
«Қазпочта» АҚ ұсынатын қызметтер аясын кеңейту, бұл жеке клиенттерге банктік қызметтер (ағымдағы шот бойынша қызметтер, салымдар бойынша пайыздар төлеу, инвестициялар және зейнетақы мәселелері бойынша консультациялар беру) көрсетуде және кәсіби секторға қаржылық қызметтер көрсетуде бәсекелестікке әкеледі
|
жарты жылда 1 рет,
2017-2018 жылдары
|
ҰБ
(келісім бойынша)
|
Орындалуда
Бүгінгі күні «Қазпошта» АҚ қаржылық, брокерлік, агенттік, электрондық қызметтердің кең спектрін ұсынады. «Қазпошта» АҚ-ның иелігінде Қазақстанның барлық аумағын, әсіресе аудандық және ауылдық деңгейінде қамтитын елдегі ең ірі филиалдық желісі бар. Пошта желісі бизнес және халық үшін қаржылық қызметтерді насихаттаудың тиімді құралы болып табылады.
«Казпошта» АҚ-тың артықшылығы – бұл компанияның еліміздің ең шалғай елді мекендерінде ұсынылғандығы, және қазіргі жағдайда пошта байланысының бөлімшесі ауылдағы экономикалық қызмет орталығы болып табылады. Компания жаңғырту және сапалы қызмет көрсетуге көшу процесіне белсене қатысуда, бұл қызмет көрсетуді жақсартуды ғана емес, сонымен қатар пошта желісінің техникалық, операциялық, технологиялық, ақпараттық жаңаруын білдіреді.
|
|
Екінші деңгейдегі банктердің және «Қазпочта» АҚ-ның интернет-ресурстарында өнімдер бойынша мөлшерлемелер мен тарифтер туралы мәліметтерді орналастыруды қамтамасыз етіледі, бұл тұтынушылардың әрқашан хабардар болуына, сондай-ақ ұсынылып отырған өнімдердің құнына жүргізуге салыстыруына мүмкіндік береді
|
тоқсан сайын,
2017-2018 жылдары
|
ҰБ
(келісім бойынша)
|
Орындалуда
Ұлттық Банктің ресми ресурсында ақпарат тұрақты негізде «Қаржылық қызметтерді тұтынушылардың құқықтарын қорғау» бөлімінде орналастырылады
|
8.03. «Ішкі қор нарығында қаржыландыруды алу» индикаторы (ҰБ (келісім бойынша))
Ағымдағы көрсеткіш – 108 орын
|
|
Бизнестің инвестициялық тартымдылығын арттыру және эмитенттерді ынталандыру мақсатында бағалы қағаздар нарығы бойынша заңнаманы жетілдіру:
акциялар шығару рәсімін жеңілдету;
акциялардың листингіден өтуіне үшін либералдық жағдайлар жасау
институционалдық инвесторлардың инвестициялық мүмкіндіктерін кеңейту
бағалы қағаздар нарығының кәсіби қатысушыларын реттеуді ырықтандыру
|
2017 жылғы желтоқсан
2017 жылғы желтоқсан
2017 жылғы желтоқсан
2017 жылғы желтоқсан
|
ҰБ (келісім бойынша), ҰЭМ, KASE (келісім бойынша), Қаржымині, ҚҚН, ОД, БҚОД нарығының кәсіби қатысушылары
|
Орындалуда
Мәселенің пысықталуына қарай жоспарланған іс-шараларды кезең-кезеңмен орындау.
Институционалдық инвесторлардың әлеуетін арттыру мақсатында банктердің және банктік холдингтердің инвестициялық мүмкіндіктерін теңестіру үшін екінші деңгейдегі банктер мен банк холдингтеріне арналған облигациялардың бірыңғай тізбесін белгілейтін Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының «Облигацияларын банктер және банк холдингтері меншікке сатып алатын халықаралық қаржы ұйымдарының тізбесін және банктер мен банк холдингтері меншікке сатып алатын облигацияларға қойылатын талаптарды белгілеу туралы» 2017 жылғы 29 қарашадағы № 234 қаулысын қабылдады.
Банктік холдингтің борыштық нарығындағы инвестициялық саясатына қойылатын талаптар банктік холдингтердің алдында «якорлық инвестордың» жаңа класын құруға ықпал етеді. Бұл экономиканың қажеттіліктеріне жауап беретін «ұзақ ақша» жаңа көзін қалыптастыруға айтарлықтай үлес қоса алады.
|
|
«Ішкі қор нарығында қаржыландыруды алу» индикаторын жақсарту бойынша:
бизнес-қоғамдастықтың мен халықтың қор нарығының мүмкіндіктері мен реттеушілік өзгерістер туралы хабардарлығын арттыру;
қабылданған шаралар туралы түсіндіру жұмысын жүргізу үшін мақсатты аудиторияны анықтау;
қор биржасына шығу, бағалы қағаздар нарығы мәселелері бойынша брошюралар дайындау;
бағалы қағаздар нарығын дамыту мәселелері жөніндегі БАҚ-та ақпараттық-насихаттау жұмысын жүргізу, мақалалар, репортаждар шығару
|
тоқсан сайын,
2017 - 2018 жылдар
|
ҰБ (келісім бойынша), «Қазақстан қор биржасы» АҚ (келісім бойынша)
|
Орындалуда
«Қазақстан қор биржасы» АҚ-ның (бұдан әрі – KASE) мәліметтері бойынша 2017 жылдың 4-ші тоқсанында мынадай жұмыстар атқарылды:
− күн сайын ДС –БС дейін (жұмыс күндері) – "В курсе" бағдарламасы (KASE нарығындағы сауда-саттық күні қорытындысы);
− апта сайын ЖМ – "KASE апталығы" (KASE нарығындағы сауда-саттықтың апталық қорытындысы);
− 02.10.2017 – "Қор нарығы. PRO мәртебесі" хабарламасы, "KASE жеке инвесторларының байқауы " атты тақырыпта байқау;
− 05.10.2017 – KASE "Корпоративтік басқару негіздері" атты семинар өткізді;
− 06.10.2017 – KASE "Taldykorgan Invest - 2017" халықаралық форумында сөз сөйледі;
− 09.10.2017 – "Қор нарығы. PRO мәртебесі" хабарламасы, "Қазақстан қор биржасында стартаптар қалай қаржыландырылады?" атты тақырыптағы шығарылым;
− 12.10.2017 – KASE "Aktobe Invest-2017"V Халықаралық инвестициялық форумында сөз сөйледі;
− 13.10.2017 – KASE мен ДАМУ Ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойды;
− 16.10.2017 –"Қор нарығы. PRO мәртебесі" хабарламасы, "KASE Индексінің акциялары өсе ме?" атты тақырыптағы шығарылым;
− 19.10.2017 – KASE 2017 жылдың 9 айына және 3 тоқсанына негізгі жұмыс қорытындысы сондай-ақ Биржаның даму стратегиясының орындалуы туралы баспасөз хабарламасын өткізді;
− 20.10.2017 – KASE орыс тілді БАҚ үшін биржалық ақпарат бойынша семинар өткізді;
− 23.10.2017 – "Қор нарығы. PRO мәртебесі" хабарламасы, "Коммерциялық облигациялар несімен жақсы?" атты тақырыптағы шығарылым;
− 30.10.2017 – "Қор нарығы. PRO мәртебесі" хабарламасы, "ЗИҚ инвесторға қалай көмектесе алады?" атты тақырыпта шығарылым;
− 06.11.2017 – "Қор нарығы. PRO мәртебесі" хабарламасы, "Компаниялар инвесторлардың бейілділігіне қалай қол жткізе алады?" атты тақырыпта шығарылым;
− 08.11.2017 – KASE "Қор нарығының негіздері" атты оқыту бағдарламасын өткізді;
− 08.11.2017 – KASE 2017 жылдың қазан айында биржалық нарықтың қорытындысы бойынша баспасөз брифингін өткізді;
− 13.11.2017 – "Қор нарығы. PRO мәртебесі" хабарламасы, "Үздік жылдық есепті қалай жазу керек?" атты тақырыпта шығарылым;
− 15.11.2017 – KASE Қазақстан қаржыгерлерінің VII Конгрессіндегі "Қор нарығы – қаржыландыру көзі ретінде" атты сессияға қатысты;
− 16.11.2017 – KASE "БАҚ құнын қалай арттыру керек және қалай инвесторлар тарту керек. Негізгі құралдар мен жаңа мүмкіндіктерді іздестіру" тақырыбы бойынша X Медиа Құылтайға қатысты;
− 20.11.2017 – "Қор нарығы. PRO мәртебесі" хабарламасы, "ICO – сәндік тренд пе әлде нақты құрал ма?" атты тақырыпта шығарылым;
− 24.11.2017 – KASE Ақмола облысының ұлттық компания өкілдерімен жіне бизнес қауымдастығымен "KASE Day in Astana" бизнес-таңғы ас өткізді;
− 27.11.2017 – "Қор нарығы. PRO мәртебесі" хабарламасы, "ICO дәстүрлі компанияларға пайдалы бола ма?" атты тақырыптағы шығарылым;
− 04.12.2017 – "Қор нарығы. PRO мәртебесі" хабарламасы, "Жаңа жылдың алдында Қазақстан қор биржасынан не сатып алуға болады" атты шығарылым;
− 07.12.2017 – Басқарма Төрағасының орынбасары Н.Ю. Хорошевскаяның kursiv.kz үшін сұхбаты;
− 11.12.2017 – "Қор нарығы. PRO мәртебесі" хабарламасы, "Бағалы қағаздар нарығына ұлттық рейтингілік агенттіктер қажет па? атты тақырыптағы шығарылым;
− 13.12.2017 – KASE 2017 жылдың қараша айындағы биржалық нарықтың жұмыс қорытындысы бойынша баспасөз-брифинг өткізді;
− 13.12.2017 – KASE "Тенгри Финанс" АҚ арналған "Эмитент күнін" өткізді;
− 13.12.2017 – KASE "Қор нарығының негіздері" атты оқыту бағдарламасын өткізді;
− 18.12.2017 – "Қор нарығы. PRO мәртебесі" хабарламасы, "Жеке инвестициялау тәжірибесі" атты жұмысшы атаумен шығарылым.
|
|
Қазақстанның қор нарығына компаниялардың шығуын ынталандыру:
«Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ инвестициялық тұрғыдан неғұрлым тартымды компанияларныың Қазақстандық қор нарығынағы IPO немесе SPO-ға шығуы
|
желтоқсан,
2018 - 2020 жылдар
|
«Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ (келісім бойынша), Қаржымині, ҰЭМ
|
Орындалуда
|
|
IPO-ға 7 компанияның шығуы қамтамасыз етілсін: Қазақстан Темiр Жолы, ҚазМұнайГаз, ҚазАтомӨнеркәсіп, Самұрық-Энерго, Тау-Кен Самұрық, Казпошта және Эйр Астана
|
желтоқсан,
2017-2020 жылдар
|
«Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ, Қаржымині, ҰЭМ
|
Орындалуда
|
8.04. «Қарыз қаражатын алудың жеңілдігі» индикаторы (ҰБ (келісім бойынша))
Ағымдағы көрсеткіш – 98 орын
|
|
Кредиттер беру мерзімдерін қысқартуды, бір кредиттік желі шеңберінде қаржылық қызметтерді көрсету мәселелерін қарауды қоса алғанда, кредиттерді беру процесін оңтайландыру болжамын Заңды тұлғаларға қажетті қызметті алу мүмкіндігін кеңейту мәселелерін реттеу бойынша шаралар қабылдау
|
желтоқсан,
2017-2018 жылдар
|
ҰБ (келісім бойынша)
|
Орындалуда
Бүгінгі күні банктердің теңгерімінде проблемалық кредиттердің жоғары деңгейі және қарыз алушылардың қаржылық жағдайының тұрақсыздығы банктердің консервативтік кредиттік саясатын жүзеге асыруының негізі болып табылады, ол сәйкесінше кәсіпкерлердің қарыз өтінімдерін қарастыру мерзіміне әсер етеді.
Мемлекет басшысының Қазақстан халқына жолдауында жарияланған тапсырмасы бойынша, Қазақстан Республикасының банк секторының қаржылық тұрақтылығын арттыру арттыру бағдарламасы қабылданды. Жалпы, банктердің қаржылық тұрақтылығын 5 жыл ішінде жақсарту жөніндегі шаралар банктердің теңгерімін нашар қарыздардан тазартуға, банк секторының жиынтық меншікті капиталының ұлғаюына алып келеді, бұл, тиісінше, банктердің экономиканың нақты секторын кредиттеуіне мүмкіндік береді. Меншікті капиталдың өсуі және жұмыс істемейтін кредиттердің азаюы банктердің қолданыстағы стратегияларды және бизнес үлгілерді қайта қарауына және оңтайландыруына алып келеді, соның нәтижесінде банктердің кредиттеу, банк қызметтерінің жаңа тиімді түрлерін кеңейту және дамыту бойынша белсенділігін арттыру күтіледі.
|
|
Тұтынушының нарықта ұсынылатын кредиттеу талаптарын, минустері мен плюстерін тиісті түрде жариялауды, сондай-ақ қаржы ұйымның заңнама талаптарын бұзған жағдайда құқықтарды қорғау мәселелерін жариялауды болжамын қаржылық сауаттылығының деңгейін арттыру жөніндегі шараларды іске асыру
|
жарты жылда 1 рет,
2017-2018 жылдар
|
ҰБ (келісім бойынша)
|
|