ДҮниежүзілік экономикалық форумның жаһандық БӘсекеге қабілеттілік индексінің индикаторын жақсарту жөніндегі 2016-2018 жылдарға арналған шаралар жоспары


«Тауарлар нарықтарының тиімділігі» факторы



бет15/25
Дата20.06.2018
өлшемі0,52 Mb.
#43464
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   25

6. «Тауарлар нарықтарының тиімділігі» факторы

6.01. «Ішкі нарықтағы бәсекелестік қарқындылығы» индикаторы (ҰЭМ, ИДМ, АШМ)

Ағымдағы көрсеткіш – 114 орын

6.02. «Нарықтың монополизациялану деңгейі» индикаторы (ҰЭМ)

Ағымдағы көрсеткіш – 91 орын

6.03. «Монополияға қарсы саясаттың тиімділігі» индикаторы (ҰЭМ)

Ағымдағы көрсеткіш – 84 орын



Монополияға қарсы ведомствоның мәртебесі мен оның жұмыс тәртібін нақты регламенттей отырып, монополияға қарсы заңнаманы ЭЫДҰ стандарттарына сәйкестікке келтіруді қамтамасыз ету

2017 жылғы сәуір

ҰЭМ, ҰКП (келісім бойынша)

Орындалды

Министрлік монополияға қарсы орган жұмысының тұжырымдамасын өзгерту және оны ЭЫДҰ стандарттарына сәйкес келтіруге өтудің 2 кезеңін іске асырды.

I кезеңде (2015) – 2015 жылғы 30 қазанда Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік Кодексі қабылданды, онда «Бәсекелестік туралы» Қазақстан Республикасы Заңының нормалары имплементацияланды, сондай-ақ әкімшілік кедергілерді төмендету мен бизнес климатты жақсартуға және монополияға қарсы органның рөлі мен мәнін күшейтуге бағытталды.

II кезеңде (2016) – 2016 жылғы 28 желтоқсанда «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне бәсекелестік және тұрғын үй құрылысы мәселелері бойынша» Заң қабылданды.





«Yellow Pages Rule» қағидаттарының шеңберінде мемлекет қатысатын (50%-дан астам) заңды тұлғалардың қызмет түрлерінің тізбесін одан әрі өзектілендіруді қамтамасыз ету

2016 жылғы желтоқсан


ҰЭМ, мүдделі мемлекеттік органдар

Орындалуда

Көрсетілген міндеттің орындалуы «Мемлекет басшысының 2017 жылғы 31 қаңтардағы «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру жөніндегі Ұлт жоспарына енгізілген, оны іске асыру үшін ұйымдастыру-дайындық жұмыстарын жүргізу және Мемлекет басшысының тапсырмаларын практикалық іске асыру жөніндегі іс-шараларды көздейтін Жол картасы әзірленген.

Қазіргі уақытта мемлекеттік меншік кәсіпорындары мен ұйымдарының тізбесін қалыптастыру мақсатында лсы сұрау бойынша ОМО, ЖАО, ұлттық компаниялардың ұсынған ақпараттарын жинау және оған талдау жасау жүргізілуде.

Бұдан әрі ҚР Қаржы министрлігінің, ҚР «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасының, мүдделі мемлекеттік органдар мен ұйымдардың өкілдерін тартумен Мемлекеттік меншік кәсіпорындары мен ұйымдарына түгендеу жүргізу жөніндегі жұмыс тобын құру мен оның жұмысын ұйымдастыру бойынша жұмыстар жүргізілетін болады.

Жұмыс тобын құрудың мақсаты мүдделі мемлекеттік органдармен және ұйымдармен тауар нарықтарында жекелеген кәсіпорындар мен ұйымдардың болуының орындылығын (орынсыздығын) айқындау жөніндегі бірлескен жұмыс жүргізу болып табылады.

Жүргізілген жұмыстардың нәтижелері бойынша ҚР Премьер-Министрінің Кеңсесіне енгізу үшін 2020 жылға дейін Yellow Pages қағидаларына жауап бермейтін мемлекеттік меншік ұйымдарын жекешелендіру не тарату жөнінде ұсыныстар дайындалатын болады.

Одан басқа, Қаулының 4-тармағында Қызмет түрлерінің тізілімін Кодекстің 196-бабының 3-тармағына сәйкес 1 желтоқсанға дейін жыл сайынғы өзектендіру (қысқарту) көзделген.

Қаулының осы талабын орындау мақсатында Министрлік (алдын ала) мына қызмет түрлерін қысқартуды жоспарлап отыр:республикалық меншік бойынша – 20 ОКЭД-қа дейін;

ұлттық холдингтер бойынша – 70 ОКЭД-қа дейін.

Қызмет түрлерін (ОКЭД) қысқарту аясында монополияға қарсы орган әр тауар нарығы бойынша оларды қысқарту орындылығын/орынсыздығын анықтау мақсатында тиісті талдау жүргізілді, оның ішінде ҚР ҰЭМ Статистика комитетімен бірге тауарларды (жұмыстарды, қызметтерді) өткізу көлемдері және Қаулыдан алып тастау жоспарланған ОКЭД бойынша нарық субъектілерінің тізілімі жөніндегі мәліметтерді алу жұмысы жүргізілді.

Қазіргі уақытта мүдделі мемлекеттік органдар және ұлттық холдингтермен/компаниялармен келісу жүргізілуде.




Монополияға қарсы заңнаманы бұзушылықтардың алдын алу құралы ретінде монополияға қарсы комплаенс институтын енгізу, бәсекелестікке қарсы сипат кезінде зияткерлік меншікке айрықша құқықтарға қатысты алып қоюларды жою, үстем жағдайды асыра пайдалануға хабарлау институтын қолдануды бастау, монополияға қарсы заңнаманы ЭАДҰ ұсынымдарына сәйкестікке келтірудің 3-кезеңі щеңберінде Кәсіпкерлік колекске өзгерістер енгізуді іске асыру

2017 жылғы 1 тоқсан

ҰЭМ

Орындалды

Монополияға қарсы комплаенс институты, бәсекелестікке қарсы сипатта болған кезде зияткерлік меншікке айрықша құқықтарға қатысты алып қоюды жою, үстем жағдайды теріс пайдалануға хабарлама институтын қолдану Кәсіпкерлік кодексіне өзгерістер енгізу шеңберінде көзделген.





Тауар нарықтарына талдау жүргізу, кедергілерді азайту және бәсекелестікті дамыту жөнінде ұсыныстар әзірлеу, сондай-ақ олардың орындалуына мониторингті қамтамасыз етілсін

тоқсан сайын,

2016-2018 жылдар

ҰЭМ

Орындалуда

2017 жылдың басынан бастап монополияға қарсы органмен 80 –нен астам тауар нарықтарына талдау жүргізілді.

Сонымен қатар, Министрлік 70 заңнамалық актіге және 690 заңға тәуелді актіге ревизия жүргізді. Аталған заңнамалық актілерді тексеру нәтижесінде бәсекелестікке кедергі келтіретін 2097 норма анықталды.

Бүгінгі күні заңнамаға жүргізілген ревизия барысында анықталған нормалар бойынша мемлекеттік органдармен бәсекелестікке кедергі келтіретін нормаларды алып тастау және өзгерту бойынша ұсыныстар әзірлеу бойынша жұмыс жүргізіп жатыр.

Сондай-ақ, бірқатар анықталған нормалар бойынша «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне кәсіпкерлік қызметті реттеуді жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңы жобасының шеңберінде көзделетін түзетулердің тиісті пакеті қалыптастырылған.

Сондай-ақ, «Экономикалық зерттелер институты» АҚ бизнес шығасыларын түбегейлі төмендету бойынша жұмыс жүргізуде. Бизнес шығасыларын төмендету 2017 жылы 19 қыркүйекте Қазақстан Республикасы Үкіметінің қарауына енгізілген кәсіпкерлікті реттеуді жетілдіру мәселелері бойынша заң жобасы шеңберінде іске асырылатын болады.

Жалпы заң жобасы бизнес шығасыларын түбегейлі төмендетуге бағытталған шамамен 80 түзетуден (50 шарадан астам) тұрады. Ұсынылатын шаралар түрлі салалардағы бизнес шығасыларын төмендетуді көздейді.





Веб-сайт пен БАҚ-та бәсекелестікті қорғау мен адвокаттандыру туралы ақпараттық материалдардың орналасуын, мақалалардың жариялануын және ЭЫДҰ стандарттарына сәйкес бәсекелестікті дамыту мен қорғау бөлігінде заңнама нормаларын талқылау мен түсіндіру бойынша дөңгелек үстелдер, баспасөз конференциялары мен диалог алаңдарын өткізуді қамтамасыз ету

тоқсан сайын,

2016-2018 жылдар

ҰЭМ, АКМ, облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдіктері

Орындалуда

1 қазан мен 25 желтоқсан аралығында республикалық және аймақтық БАҚ-қа - 17 матерал жарияланды, соның ішінде телеарналарда - 4 сюжет, баспасөз басылымдарында - 12 мақала, интернет-қорларда - 3 жарияланым.

Республикалық телеарналар эфирінде осы тақырып бойынша материалдар «Бастау керек» әрекеттегі телебағдарлама шеңберінде, «Хабар 24» телеарнасында өндірістік сауықтыру тақырыбында, «Экономика» «Қазақстан» телеарнасында мұнай газ секторы саласында мониторинг тақырыбында жарияланды.

Республикалық баспасөз басылымдар парақшаларында материалдардың көпшілік бөлігі келесі тақырыптарға арналған: Новел қатарын қарастыратын жаңа салық кодексі туралы, Үкімет пен халықаралық қаржы ұйымдарының арасындағы серіктестік туралы шектеулі шартты іске асыру бойынша Үлестіру кеңесінің отырысына, сондай-ақ экономикалық ынтымақтастық және даму (ОЭСР) ұйымдарымен қарым-қатынас бойынша Кеңес.

Интернет-қорларда көп материалдар Ұлттық экономика министрлігінің қызметін, индустрализация күні, ауыл шаруашылығы саласында субсидия бөліну, автоматтық мәліметтер базасын енгізу бойынша жоспарлар туралы жарияланды.


6.04. «Инвестициялауды ынталандыруға салық салу әсері» индикаторы (ҰЭМ, Қаржымині)

Ағымдағы көрсеткіш – 69 орын

6.05. «Жалпы салық ауыртпалығы, пайдадан %-бен» индикаторы (ҰЭМ, Қаржымині)

Ағымдағы көрсеткіш – 34 орын



Салық рәсімдерін жеңілдету және жетілдіру бойынша қабылданып жатқан шаралар туралы түсіндіру іс-шаралары мен кең ауқымды кампания жүргізу

тоқсан сайын,

2016-2018 жылдар

Қаржымині, АКМ

Орындалуда.

Мемлекеттік кірістер органдары көрсететін салықтық рәсімдерді оңайлату және қызметтерді жетілдіру бойынша қабылданған шаралар туралы түсініктеме іс-шаралары өткізілді.

Осылайша, 2017 жылғы қаңтардан бастап қарашаға дейін көрсетілетін қызметті алушылардың хабардарлығын арттыру жөнінде әртүрлі тақырыптарда 18523-кеңес семинар-кеңестер, «дөңгелек үстелдер», брифингтер, конференциялар және БАҚ-да сөз сөйлеулер өткізілді.

Апта сайын ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитетінің аймақтық бөлімшелері тарапынан семинарлар, дөңгелек үстелдер, ақпараттық құжаттар, кездесулер форматында оңалту және банкроттық саласындағы реформалар кеңінен талқылануда.

Бұдан басқа, халықтың хабардарлығын жақсарту үшін мемлекеттік кірістер органының облыстық департаменттердің (бұдан әрі – МКД) Web-сайттары қызмет етеді, салық төлеушілер мен СЭҚ-қа қатысушыларға қажетті барлық мәліметті алуға мүмкіндік беретін Facebook әлеуметтік желілерде МКД аккаунттары құрылды.

Ағымдағы жылдың 1 қазаны мен 25 желтоқсан аралығында республикалық және аймақтық БАҚ-қа 933 материал жарияланды, соның ішінде республикалық телеарналарда - 167 сюжет, баспасөз басылымдарда - 77 мақала, интернет-қорларда - 123жарияланым, аймақтық БАҚ-қа - 689 материал (телеарналарда - 276 сюжет, газеттерде - 413 мақала).



Республикалық телеарналар эфирінде материалдар «Заң жобасы», «Деловой экспресс», «Көмек блогы», және «Салық саясаты» әрекеттегі бағдарламалар шеңберінде жарияланды.




Арнаулы салық режимдерін үш деңгейге дейін оңтайландыруды, тиімсіз салық жеңілдіктерін, жоюды салық саласының ашықтығын арттыруды көздейтін «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер және кедендік реттеу туралы» Қазақстан Республикасы Кодексі (Салықтық-кедендік кодексі), жобасын әзірлеу

2018 жылғы желтоқсан

ҰЭМ, Қаржымині, ҰКП (келісім бойынша)

Орындалуда

Қазақстан Республикасы Үкіметі мәжілісінің 2017 жылғы 4 ақпандағы № 5 хаттамасына сәйкес Қазақстан Республикасынының Премьер-Министрі Б.Сағынтаев ҚР ҰЭМ және ҚР ҚМ-не әкімшілендіруді түбегейлі жеңілдетуді, тиімсіз салық жеңілдіктерді және артықшылықтарды жоюды көздейтін бөлек жаңа Кеден және Салық кодекстерін әзірлеу тапсырыды.

Осылай, қазіргі уақытта жаңа ҚР Салық кодексін әзірлеу үшін ҰЭМ-де ҚР ұлттық экономика министрі Т. Сүлейменовтің төрағалығымен жұмыс тобы қызмет істейді, ал мәселелерді аса түбегейлі әзірлеу үшін жұмыс топшасы құрылды. Жаңа ҚР Салық кодексін әзірлеу шегінде келесі мәселелер қарастырылады:

- ҚҚС төлеу механизмін жетідіру;

- кірістер және шығыстардың салық есебін міндетті жүргізуді орнатумен қолданыстағы СНР реформалау;

- әлеуметтік салықты және әлеуметтік төлемдерді жетілдіру;

- ДСҰ қағидаларына қайшы келетін тиімсіз салық жеңілдіктерді және нормаларды жою;

- жер қойнауын падаланушыларына салық салу жүйесін жетілдіру;

- қаржы секторына салық салуды жетілдіру;

- жинақтар және төлемдер алу механизмін жетілдіру;

- салықтық әкімшілендіруді жетілдіру.

Осы шаралар қаражаттарды «көлеңкеден» шығаруға жағдай жасауы тиіс.

Жаңа Салық кодексінің жобасы ҚР Парламентіне 2017 жылғы 19 қыркүйекте енгізілді.



Салық салу саласындағы заңнамалық актінің атауын және «салық органы» және «салық қызметін органы» түсінігін «мемлекеттік кірістер органы» түсінігіне өзгертуді көздейтін «Қазақстан Республикасының кейбір конституциялық заңдарына салық салу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заң жобасын әзірлеу

2018 жылғы желтоқсан

ҰЭМ, Қаржымині, ҰКП (келісім бойынша)

Орындалуда.

Қазақстан Республикасының жаңа Салық кодексінің жобасына Президент 2017 жылдың 25 желтоқсанында қол қойды



Заңнамалық актілерді Салық-кеден кодексі жобасына сәйкестікке келтіруді көздейтін«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне салық салу және кедендік реттеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заң жобасын әзірлеу

2018 жылғы желтоқсан

ҰЭМ, Қаржымині, ҰКП (келісім бойынша)

Орындалуды.

Қазақстан Республикасының жаңа Салық кодексінің жобасына Президент 2017 жылдың 25 желтоқсанында қол қойды

6.06. «Бизнесті ашуға арналған рәсімдер саны» индикаторы (ҰЭМ, Әділетмині, Қаржымині, ИДМ, АШМ)

Ағымдағы көрсеткіш – 36 орын

6.07. «Бизнесті ашуға арналған күндер саны» индикаторы» (ҰЭМ, Әділетмині, Қаржымині, ИДМ, АШМ)

Ағымдағы көрсеткіш – 54 орын



ШОБ субъектілеріне автоматты түрде банктік шот ашуға және «Электрондық үкімет» порталы арқылы жұмыскерлерді сақтандыру туралы шарт жасасуға мүмкіндік беретін тетіктерді енгізу арқылы бизнесті ашу рәсімдерін жеңілдету

2017 жылғы 1 жарты жылдық


Әділетмині, ҰЭМ, Қаржымині, ДСӘДМ

Орындалды

Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне азаматтық банктік заңнаманы жетілдіру мен кәсіпкерлік қызмет үшін жағдайды жақсарту мәселелері бойынша өзгерістер мен Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 2017 жылғы 27 ақпандағы № 49-VІ ЗРК заңымен «Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу» заңының 6 бабына заңды тұлғаларды тіркеу сатысында банктік шотты ашу және сақтандыру шартын «Электрондық үкімет» веб – порталы арқылы жасау мүмкіндігін беру бөлігінде түзетулер енгізілді. (Көрсетілген түзету 2018 жылдың 1 қаңтарында қолданысқа енгізіледі).

Бұл түзету «электронды үкімет» веб-порталы арқылы тіркейтін шағын және орта кәсіпкердік субъектілеріне қатысты. Мұнда заңды тұлғаны тіркеу кезінде ағымдық шот ашуға, банктік шот келісімшартын жасауға және өмірді электронды форматта сақтандыруға өтінім беру мүмкіндігі қарастырылған.




БАҚ-та сөз сөйлеу, дөңгелек үстелдер, семинарлар және дәрістер, кездесулер өткізу арқылы бизнесті ашу және жүргізу саласында жасалған реформалар бойынша ақаратты халықтың қалың тобына, соның ішінде респонденттерге жеткізу бойынша жұмысты ұйымдастыру

2017 жылғы желтоқсан

Әділетмині, АКМ, Қаржымині, ДСӘДМ

Орындалуда

Түсіндіру жұмыстарын жүргізу мақсатында аумақтық әділет органдарымен 2017 жылдың 4 тоқсанында кәсіпкерлердің, «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасының өкілдерінің және «Үкімет азаматтар үшін»

Мемлекеттік корпорация қызметкерлерінің қатысуымен 43 дөңгелек үстелдер мен брифингтер ұйымдастырылды.

«Үкімет азаматтар үшін» Мемлекеттік корпорациясының қызметкерлерін, кәсіпкерлерді қатысуға тарту арқылы 29 оқыту семинар-кеңестер мен дәрістер, пресс-конференциялар өткізілді, «Үкімет азаматтар үшін» Мемлекеттік корпорациясының және әділет органдарының ғимараттарында ақпараттық жадығаттар орнатылды.

Телевидение, радио, баспа басылымдар мен әділет органдарының ақпараттық сайттарында Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу заңына енгізіліп жатқан негізгі өзгерістер бойынша 41 жариялымдар жарияланды.

Ағымдағы жылдың 1 қаңтары мен 25 желтоқсаны аралығы кезеңінде республикалық және аймақтық БАҚ-қа - 12142 материал жарияланды. Соның ішінде, республикалық телеарналарда - 1101 сюжет, республикалық баспасөз басылымдарында - 812 мақала, интернет-қорларда - 950 жарияланым. Аймақтық БАҚ-қа - 9279 материал жарияланды (телеарналарда - 4294 сюжет, газеттерде - 4985 мақала).

Республикалық телеарналар сюжеттер мемлекет Басшысының қатысуымен өткен кеңейтілген Үкімет отырысына арналады, отырыс барысында бизнес-климат мәселері, сондай-ақ ел Президентінің «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: ғаламдық бәсекелестік» Жолдауында айтылған мәселелерді іске асыруға арналған, «Атамекен» НПП брифингі талқыланды.

Сол сияқты, «Бизнестің жол картасы-2020» іске асыру барысы туралы сюжетт көрсетілді. Сонымен қатар, Мемлекет Басшысының «Қазақстанның үшінші жаңғыруы» Жолдауын түсіндіру мақсатында Мәжіліс пен Сенат депутаттарының аймақтарға іссапарлары туралы материалдар кеңінен тираждалды.





Тіркеу органдарына қайта жүгінулерді болдырмау үшін заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралыанықтаманың мазмұнын басшылар және құрылтайшылар туралы мәліметтермен кеңейтуді қамтамасыз ету

2017 жылғы 1 жарты жылдық


Әділетмині, ҰЭМ

Орындалды

Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне азаматтық банктік заңнаманы жетілдіру мен кәсіпкерлік қызмет үшін жағдайды жақсарту мәселелері бойынша өзгерістер мен Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 2017 жылғы 27 ақпандағы № 49-VІ ЗРК заңымен «Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу» заңының 12 бабына қосымша анықтамаларды алу үшін қайта жүгінуге жол бермеу мақсатында заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) анықтамасына оның берілген күнінен, тіркеуші органынан, бизнес-сәйкестендіру нөмірінен, мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) мерзімінен, заңды тұлғаның атауы мен заңды тұлғаның орналасқан орнынан басқа, сондай-ақ басшылар және құрылтайшылар (қатысушылар) туралы мәлімет болады.Сонымен қатар, Әділет Министрінің бұйрығымен 27.04.2017 жылғы № 485 «Қазақстан Республикасы Әділет министрінің өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» анықтаманың нысаны бекітілді.



6.08. «Аграрлық саясаттың ауыртпалығы» индикаторы (АШМ)

Ағымдағы көрсеткіш – 59 орын



АӨК-ті мемлекеттік қолдау шараларын ақпараттық-түсіндіру жұмысын:

- 2017 жылғаарналған Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі қызметін ақпараттық сүйемелдеу бойынша медиа-жоспарды бекіту;

- 2017 жылға аоналған «ҚазАгро» ҰБХ» АҚ қызметін ақпараттық сүйемелдеу бойынша медиа-жоспарды бекіту;

- Анықтамалар, баспасөз релиздер іжәне нормативтік-құқықтық актілерді дайындау және ресми интернет ресурстарда орналастыру арқылы кең қамту;


- Жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп «Агробизнес-2020» бағдарламасы шеңберінде көрсетілетін мемлекеттік қолдау шаралары туралы ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілері және өзге де мүдделі субъектілер арасында түсіндіру жұмыстарын ұйымдастыру арқылы жүргізу



2017 жылғы 25 қаңтар

25 января

2017 жлғы

тоқсан сайын,

2016 - 2017 жылдар

жартыжылда 1 рет,

2016 - 2017 жылдар



АШМ

«ҚазАгро» ҰБХ» АҚ (келісім бойынша)
АШМ, облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдіктері, үкіметтік емес ұйымдар, «ҚазАгро» ҰБК» АҚ (келісім бойынша), «ҰАҒБО» КЕҰ
облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдіктері


Орындалуда

2017 жылдың 1 мамырынан 31 желтоқсанына дейін 46 брифингтер, 98 сұхбат жүргізді мемлекеттік қолдау шаралары туралы баспасөз, 35 тірі қойылымдар бөлігі ретінде, сондай-ақ, бұқаралық ақпарат құралдарында ол 2364-ден астам материал жариялады, 198 баспасөз релизі таратылды





АӨК субсидиялау тиімділігін арттыру бойынша ұсыныстар жасау:

- субсидиялардың тиімдірек түрлеріне қаржыландыруды қайта бағыттау


- өсімдік шаруашылығында (көпжылдық шөптерді қоспағанда) «гектарға» субсидиялауды жою
- егістік алқаптарын әртараптандыру мақсатында рентабельді дақылдарды (бидайды қоспағанда) қолдау
- өсімдіктерді қорғау құралдарының субсидияланатын түрлері тізбесін кеңейту

2017 жылғы 1 тоқсан

АШМ, ҰЭМ, Қаржымині, БҒМ, облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдіктері,

«ҚазАгро» ҰБК» АҚ (келісім бойынша), ҰКП (келісім бойынша)




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   25




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет