ДҮниежүзілік экономикалық форумның жаһандық БӘсекеге қабілеттілік индексінің индикаторын жақсарту жөніндегі 2016-2018 жылдарға арналған шаралар жоспары



бет5/25
Дата20.06.2018
өлшемі0,52 Mb.
#43464
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   25

Орындалуда

Қазақстан Республикасының 2018-2021 жылдарғы әлеуметтік-экономикалық дамуын болжаудың және мемлекеттік органдардың стратегиялық жоспарлары жобаларының параметрлерін есепке ала отырып, 2018-2020 жылдарға арналған республикалық бюджеттің жобасы жасалды және Қазақстан Республикасының Парламентіне енгізілді.

Республикалық бюджет жобасындағы шығыстар 2018 жылы – 9 217,9 млрд. теңгені құрады, бұл ағымдағы жылмен салыстырғанда 1 958,5 млрд. теңгеге төмен. (2019 жылы – 9 798,2 млрд. теңге, 2020 жылы – 10 219,7 млрд. теңге), бұл төмендегі факторларға:

- ағымдағы жылы бір реткі банк секторын сауықтыру шығыстарына;

- шығыстарды оңтайландыруды шығыс лимиттерін қалыптастыру барысында-ақ жүзеге асыруға байланысты.

Сонымен бірге, мемлекеттік борышты орташа деңгейде ұстап тұру үшін бюджет тапшылығы біртіндеп ІЖӨ-ге шаққанда 1%-ға дейін төмендетіліп, мынадай болады:

- 2018 жылы – 639,6 млрд. теңге немесе ІЖӨ-ге шаққанда 1,1%;

- 2019 жылы – 608,0 млрд. теңге немесе ІЖӨ-ге шаққанда 1%;

- 2020 жылы – 653,5 млрд. теңге немесе ІЖӨ-ге шаққанда 1%.


    1. Әкімшілік реттеудің ауыртпалығы» индикаторы (ҰЭМ, ҰКП (келісім бойынша))

Ағымдағы көрсеткіш - 54 орын



Мемлекеттік органдардың бақылау-қадағалау функцияларына ревизия жүргізу және бақылау және қадағалау функцияларын оңтайландыру мәселелері бойынша НҚА-ға өзгерістер енгізу

2017 жылғы 1 жартыжылдық

ҰЭМ,

мүдделі мемлекеттік органдар



Орындалды

Ақпарат және коммуникациялар министрлігі Ұлттық экономика министрлігімен бірлесе бақылау-қадағалау функцияларына ревизия жүргізді. Ревизия барысында

19 қадағалау функцияларыанықтылды, оның ішінде 4 қадағалау функцияларын қайталануына жол бермеу мақсатында алып тастау ұсынылды (05.04.2017 ж №04-16/7979 хат ҰЭМ).




Мемлекеттік органдарға тұрақты негізде ұсынылатын міндетті есептілікті (кәсіпкерлердің әртүрлі ақпаратты, анықтамаларды, есептерді ұсыну бойынша міндеттемелері) оңтайландыру арқылы ақпараттық құралдарды реформалау

желтоқсан,

2017-2018 жылдар



ҰЭМ


Орындалуда

Министрлік бизнес-ортаны түбегейлі жақсарту және кеңейту, сондай-ақ Мемлекет басшысының Қазақстан халқына 2017 жылғы 31 қаңтардағы Жолдауда берген бизнесті қайта реттеу бойынша тапсырмасын орындау мақсатында жүргізіліп жатқан жүйелік жұмыс шеңберінде түрлі салалардан бизнес өкілдерін тартып, сондай-ақ өңірлерде бизнес шығасыларын анықтау мақсатында сауалнама жүргізе отырып, үлкен сараптамалық-талдамалық жұмыс жүргізді.

Нәтижесінде, бүгінде бизнеске түсетін ең үлкен жүктеменің бірі ақпараттық құралдардың көптігі, яғни кәсіпкерлік субъектілерінің түрлі есептіліктерді, ақпаратты және мәліметтерді ұсыну бойынша заң жүзінде белгіленген міндеттемесінің болуы айқындалған. Бұл ретте мемлекеттік органдар мен ұйымдардың мұндай талаптарды енгізуі жүйесіз және бақылаусыз жүзеге асырылады.

Осыған байланысьы, заңнамаға тексеру жүргізілген, оның қорытындылары бойынша бизнеске қойылатын 1600-ден астам ақпараттық талап айқындалған. Мемлекеттік органдармен бірігіп әр ақпараттық құралды қажеттілігін анықтау және ақпараттық құралдардың соңғы тізбесін қалыптастыру үшін одан әрі оңтайландыру мақсатында талдау бойынша жұмыс жүргізілген.

Жүргізілген жұмыс қорытындылары бойынша ақпараттық құралдарды енгізу бойынша тәсілдер және оларды анықтау критерийлері қайта.

Қазіргі уақытта 2017 жылғы 21 желтоқсанда Парламент Мәжілісіне енгізілген «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне кәсіпкерлік қызметтің мемлекеттік реттелуін жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы шеңберінде әзірленген тәсілдерді заң жүзінде бекіту бойынша жұмыс жүргізіліп жатыр.

Негізінен, Кәсіпкерлік кодекске және салалық заңдарға мыналарға бағытталған түзетулер енгізу ескерілген:

- ақпараттық құралдар заңдармен тікелей ескерілген негіздемелерде және жағдайларда енгізілетінін белгілеу;

- Үкіметке соңғы тізбені бекіту құзыретін бере отырып, жаңа ақпараттық құралдардың енгізілуін реттеу;

- ақпараттық құралдарды және олардың түрлерін анықтау критерийлерін қайта қарау;

- жалпы ақпараттық құралдарды оңтайландыру.

Нәтижесінде, реформаның бірінші кезеңінде ақпараттық құралдардың санын 30%-ға қысқарту және олардың соңғы тізбесін бекіту ұсынылады.



    1. «Даулы мәселелерді шешудегі заңнаманың тиімділігі» индикаторы (Әділетмині, ЖС (келісім бойынша), БП (келісім бойынша))

Ағымдағы көрсеткіш - 58 орын



«Даулы мәселелерді шешудегі заңнаманың тиімділігі» индикаторын жақсарту бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізу:

  • даулы мәселелерді шешу бойынша туындайтын мәселелерді шешу тәсіодері туралы ақпаратты ашатын жадынамалар дайындау;




  • жергілікті соттармен, прокуратура органдарымен, өңірлікжеке сот орындаушылар палатасымен бірлесіп атқарушылық іс жүргізу құқықтары мен міндеттерін түсіндіру бойынша және неғұрлым жиі талқыланатын проблемалар бойынша түсінікті шаралар қабылдау үшін бойынша жеке және заңды тұлғалармен кездесулер өткізу;




  • «Даулы мәселелерді шешудегі заңнаманың тиімділігі» индикаторы бойынша құқықтық түсіндіру жұмысын жүргізу;






  • «Әділет министрлінің Жаршысы» журналында «Даулы мәселелерді шешудегі заңнаманың тиімділігі» индикаторы бойынша мақалалар жариялау;




  • Республикада сот жүйесі және сот ісін жүргізуді түбегеулі жетілдіру бойынша заңнамалық новеллаларды және Мемлекет басшысының бес институционалдық реформаларын іске асыру шеңберінде БАҚ-та жариялауды қамтамасыз ету

қараша,


2016-2018 жылдар
2016 жылғы желтоқсан
ай сайын,

2016-2018 жылдар

тоқсан сайын,

2016-2018 жылдар

2017 жылғы мамыр

тоқсан сайын, 2017 жыл





Әділетмині

Әділетмині
Әділетмині, ЖС (келісім бойынша)
Әділетмині, ЖС (келісім бойынша)

Әділетмині



ВС (келісім бойынша)

Орындалуда

2017 жылдың 4 тоқсанында террриториялық органдармен (соның ішінде аудандарда) 187 іс-шаралар, оның ішінде 87 дөңгелек үстелдер, 55 кездесу және ашық есік өткізіліп, сондай-ақ БАҚ 45 мақала жарияланды. Тұрақты негізде кәсіпкерлерге даулы мәселелерді шешу сұрақтары бойынша түсіндіру жүргізіледі.

А.ж. қарашада ӘМ аумақтық әділет органдарына тарату үшін даулы мәселелерді шешу бойынша жадынамалар әзірледі және жолдады. Сондай-ақ аталған жадынамалар ӘМ ресми сайтында орналыстырылды.

Аталған іс-шараны орындау бойынша ақпарат Жоғарғы Сот жоспарына сәйкес берілетін болады.

Жоғарғы Сот судьялары мен аппарат басшылығының бірқатар материалдары жарыққа шықты. Атап айтқанда, Жоғарғы Соттың қылмыстық істер жөніндегі сот алқасының төрағасы А.Рахметулиннің «В условиях нового времени» («Казахстанская правда», 23 қараша), Жоғарғы Соттың мамандандырылған сот алқасының төрағасы А.Қыдырбаеваның «Медиация хороша тем, что на первом плане стоят интересы обеих спорящих сторон» («Zakon.kz», 14 желтоқсан), Жоғарғы Сот судьялары Р.Жакудинаның «Обеспечить законность и обоснованность приговора» («Юридическая газета», 17 қазан), Ш.Иманиязованың «Иски об установлении сервитута являются одним из сугубо земельных споров» («Закон.кз», 30 қараша), И.Калашникованың «Неправомерное использование объектов интелектуальной собственности (товарных знаков) при параллельном импорте» («Заңгер» журналы, қараша), Ж.Қашқынбаеваның «Нормативные постановления Верховного Суда Республики Казахстан, их роль в эффективности отправления правосудия» («Человек и закон», 8 желтоқсан), М.Боровиктің «Судья: Наследство – это получение не только имущества, но и определенных обязанностей» («Zakon.kz», 15 желтоқсан). Т.Молдахметованың «Трудовой договор, может быть, расторгнут только при совокупности условий, определенных законом» («Zakon.kz», 20 желтоқсан).

Бұған қоса, Жоғарғы Сот судьялары Е.Максюта мен Е.Рахымбеков «Хабар24» телеарнасындағы «Приоритет» бағдарламасына қатысып, заң үстемдігі шеңберіндегі Ұлт Жоспарын іске асыру қорытындысы туралы айтты. Бағдарлама а.ж. 18 желтоқсанда көрсетілді.

Қылмыстық процесті жаңғырту туралы арнайы инфографикалық материалдар әзірленді. Аталған материалдар «Қазақпарат», «Bnews.kz» секілді жетекші ақпараттық агенттіктер беттері мен жоғары сот органының сайтында орналастырылды. Сонымен қатар, судьяларды іріктеуге қатысты кадрлық саясат реформасы мен «электронды сот төрелігінің» артықшылықтарын түсіндіретін екі инфографикалық ролик әзірленді. Аталған роликтерді «Фейсбук» әлеуметтік желісі мен ютубте орналастырылды. Орташа есеппен әр роликтің көрсетілімі 350 мыңға жуықтайды.

Жоғарғы Сот судьялар мен сот қызметкерлерінің қатысуымен 20 ақпараттық-талдамалық бейнеролик түсірді. Олардың ішінде судьяларды даярлау жөніндегі Сот төрелігі академиясының жұмысы, медиацияны дамыту, некені бұзғаннан кейін ата-ана мен балалардың кіммен тұру мәселесін реттеу туралы және т.б. Бейнероликтер ютубта, «Facebook» және «Vkontakte», соның ішінде «Адвокаты Казахстана», «Союз адвокатов Казахстан», «Юристы и адвокаты Казахстана» әлеуметтік желілерінде және т.б. орналастырылды. Орташа есеппен әрбір роликтің көрсетілімі 40 мыңды құрайды.

2017 жылғы IV тоқсанда атқарылған жұмыстың нәтижесінде БАҚ-та 500-ге жуық материал жарыққа шықты.



Қазақстанның тұрақты жұмыс істейтін төреліктерімен жұмыс кездесулерін өткізу

2016 жылғы қараша

Әділетмині

Орындалды

2016 жылғы 29 қарашада Әділет министрлігінде Палатаның басқару органдарының құрамын анықтау үшін Қазақстан Төрелік палатасының алғашқы құрылтай съезі алдында алдын-ала отырыс өткізілді.

Аталған отырысқа Қазақстаннның 17 тұрақты жұмыс істейтін төреліктер қатысты.

Отырыс барысында Палатаның құрылтай құжаттарының жобалары, сондай-ақ алғашқы құрылтай съезді өткізуді ұйымдастыру бойынша мәселелелер талқыланды және мақұлданды.

2016 жылғы 30 қарашада Әділет министрлігінде «Қазақстанда төрелікті дамытудың өзекті мәселелері» атты тақырыпта конференция өткізілді. Конференцияға қазақстандық тұрақты жұмыс істейтін төреліктер, төрелік саласындағы заңгер мамандар, қазақстандық ғалымдар, сондай-ақ Парламент пен Жоғарғы соттың өкілдері қатысты.




Төрелік палатаның Құрылтай съездін өткізу

2016 жылғы желтоқсан


Әділетмині

Орындалды

2016 жылғы 30 қарашада Әділет министрлігінде Қазақстанның Төрелік палатасының бірінші құрылтай съезі өткізілді. Аталған съезде Қазақстанның 18 тұрақты жұмыс істейтін төреліктер қатысты. Съезд барысында тұрақты жұмыс істейтін төрелік өкілдерімен әзірленген және келісілген Палатаның Жарғысы мен Құрылтай шарты қабылданды.





    1. «Әкімшілік реттеуге дау айту кезіндегі заңнаманың тиімділігі» индикаторы (Әділетмині, ЖС (келісім бойынша), БП (келісім бойынша)

Ағымдағы көрсеткіш - 73 орын



«Әкімшілік рәсімдер туралы» Заң жобасын (жаңа редакцияда) және оған ілеспе заң жобасын әзірлеу және Парламентке енгізу

2017 жылғы маусым



Әділетмині

Орындалуда

Мемлекет Басшысының Президенттің Әкімшілігі Басшысының орынбасары Т.С. Донаковтың 2016 жылғы 28 қарашадағы № 51-12/4218-13қбпү жазбахатына 2016 жылғы

2 желтоқсандағы № 4218-13қбпү қарарына сәйкес «Әкімшілік рәсімдер туралы» Заң жобасы (жаңа редакцияда), Әкімшілік рәсімдік кодексі (жаңа редакцияда) және оларға ілеспе заң жобаларды әкімшілік әділет параметрлері қосымша талқылау Мемлекет Басшысына кейнгі баяндамасымен қажеттілігіне байланысты кейінге қалдырылды.

Үкіметтің 2018 жылға арналған Заң жобалары жұмыстарының жоспарына Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексі және ілеспе заң жобасы әзірлеу енгізілген.

Осылайша аталған заң жобалардың ақпараттық қолдау 2018 жылда жүзеге асырылады.




Әкімшілік реттеуге дау айту тиімділігін арттыру мақсатында «Әкімшілік рәсімдер туралы» Заң жобасының (жаңа редакцияда) ережелерін және оған ілеспе заңжобасын ақпараттық сүйемелдеуді қамтамасыз ету

тоқсан сайын,

2017-2018 жылдар



Әділетмині



Әкімшілік іс жүргізу кодексінің жобасын (жаңа редакцияда) және оған ілеспе заң жобасын әзірлеу және Парламентке енгізу

2017 жылғы маусым

ЖС (келісім бойынша)



Әкімшілік процестік кодексі жобасының ережелерін ақпараттық сүйемелдеуді қамтамасыз ету

тоқсан сайын,

2017-2018 жылдар



ЖС



«Әкімшілік процеске дау айту кезіндегі заңнаманың тиімділігі» индикаторын жақсарту бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмысын жүргізу:

- Астана және Алматы қалаларында, Қарағанды, Атырау, Ақтөбе, Оңтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан және Маңғыстау облыстарында көшпелі семинарлар өткізу;

- әкімшілік реттеуге дау айту бойынша туындайтын мәселелерді шешу тәсілдері туралы ақпаратты ашатын жадынамалар дайындау;
- «Әкімшілік реттеуге дау айту заңнаманың тиімділігі» индикаторы бойынша «Әділет министрлігінің Жаршысы» журналында мақалалар жариялау;

- «Әкімшілік реттеуге дау айту заңнаманың тиімділігі» индикаторы бойынша құқықтық түсіндіру жұмысын жүргізу;


- әділет департаменттерінің әділет органдарының шешімдеріне, іс-әрекеттеріне (әрекетсіздіктеріне) дау айту мәселелері бойынша жеке және жалпы тұлғалармен кездесулер өткізу;

- әділет департаменттеріне мемлекеттік органдар тарапынан әрекеттердің және шешімдердің оңдығын жеке бизнестің дау айту мәселелерінде әлсіз тараптар бойынша жұмыс шеңберінде мақалалар жариялау;


- «Әкімшілік реттеуді дауласу кезіндегі заңнаманың тиімділігі» индикаторы бойынша газеттерде немесе журналдарда мақалалар жариялау;
- мемлекеттік органның интернет-ресурсында ДЭФ ЖБИ рейтингін жоғарлатуы бағытында жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы және қабылданған шаралар бойынша ақпаратты орналастыру.

қаңтар-ақпан

2017 жылғы
жыл сайын, қараша,

2016-2018 жылдар


2016 жылғы желтоқсан

тоқсан сайын,

2016-2018 жылдар
ай сайын,

2016-2018 жылдар

ай сайын,

2016-2018 жылдар

тоқсан сайын,

2016-2018 жылдар

тоқсан сайын,

2016-2018 жылдар



Әділетмині

Әділетмині

Әділетмині


Әділетмині, ЖС (келісім бойынша)


Әділетмині

Әділетмині


Әділетмині

Әділетмині


Орындалуда

1. Құқықтық түсіндіру жұмыс шеңберінде әділет аумақтық органдары 2017 жылдың 4 тоқсанда 85 кездесулер өтті.

Кездесулер әділет органдардың әрекет және әрекетсіздік дау айту мәселелері бойынша өткізілді.

Негізгі сұрақтар мемлекеттік қызметті сапалы беру бойынша, заңнаманың нормаларды түсіндіру, орта орта және шағын кәсіпкерлік субъектілеріне қатысты заңды тұлғаларды тіркеу мәселелері бойынша кездесулерде көтерілді.

Кездесулер кәсіпкерлердің, мемлекеттік органдар өкілдері, Атамекен Ұлттық кәсіпкерлер палатасының өкілдерімен және мүдделі тұлғалар қатысуымен өткізілді.

Аумақтық әділет органдары әділет органдарының әрекеттерінің, әрекетсіздігінің шешімдерін даулау мәселесі бойынша кездесулер өткізілді, құжаттарды қабылдау мәселелері, сондай-ақ әділет органдарының өзара іс-қимыл нығайту және сенімді қарым-қатынас құрудың басқа да мәселелері түсіндірілді.

2. Сондай-ақ мемлекеттік органдар тарапынан әрекеттердің және шешімдердің заңдылығына жеке бизнестің дау айту мәселелерінде әлсіз жақты нығайту бойынша жұмыс шеңберінде аумақтық әділет органдары 2017 жылдың 4 тоқсанда 135 мақалалар жарияланды.

А.ж. қарашада ӘМ «Әділет министрінің Жаршысы» журналына жариялау үшін «Ерекше талап өндірісі кейбір мәселелері бойынша» атты мақаласы әзірленді.

ӘМ «Мемлекеттік органдардың және лауазымды тұрғалардың шешімдер мен әрекеттерді дау айту тәсілдер бойынша» жадынаманы дайындап, ӘМ ресми сайтында орналастырды.


    1. «Мемлекеттік секторда шешімдер қабылдаудың ашықтығы» индикаторы (ОМО)

Ағымдағы көрсеткіш - 40 орын



ОМО-ның ресми интернет-ресурстарында әлеуметтік маңызы бар оқиғалар туралы ақпараттық материалдардың үш тілде уақтылы және сапалы орналастырылуын қамтамасыз ету

ай сайын,

2016-2018 жылдар



ОМО


Орындалуда

05.10.2017 ҚР ҚМ МСӘД директоры С.М. Ахметовтың «Мемлекеттік сатып алу бақылауда» ТА «Евразия» атты сұхбат;

7-8.12.2017 ж. Қазақстан Республикасы Қаржы министрі Б. Сұлтановтың «Хабар» ТА «Жеті күн» бағдарламасындағы «2018-2020 ж.ж. Республикалық бюждеттің жоспары» атты сұхбаты.

Ақпарат және коммуникацияларМинистрліктің интернет-ресурсының Жаналықтар бөлімінде мемлекеттік органның қызметі, оның жүзеге асыратын саясаты, заңнамалық базасы туралы ақпаратпен баспасөз реліздері жүйелі негізінде орналастырылуда.

Осылайша, а.ж. ІV-ші тоқсанына Министрліктің интернет-ресурсында 198 материал орналастырылған, оның ішінде қазақ тілінде – 85, орыс тілінде – 85, ағылшын тілінде – 28 материалдар.
Білім және ғылымМинистрліктің ресми сайтында әлеуметтік маңызы бар шаралар бойынша ақпарат күнделікті екі тілде орналастырылады www.edu.gov.kz.

Білім беру және ғылым министрі Е.Сағадиевтің білім беру реформалары туралы, ҰБТ жаңа форматында, үш тілдесуді енгізу деңгейі, бес күндік оқытуға көшу және негізгі оқулықтарды дайындау туралы және т.б. материалдар мен үзінділер орналастырылған.

Одан басқа, Министрліктің жаңартылған сайты іске қосылды. Сайтта 1-сыныпқа арналған жаңартылған бағдарлама бойынша жүктеуге болатын кітаптар орналасқан парақша әзірленді (орысша және қазақша тілінде).




Әкімшілік кедергілерді азайту, бизнес-ахуалды жақсарту бөлігінде нормативтік құқықтық актілерді әзірлеу және қабылдау кезінде бизнес өкілдерінің қатысуымен Мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдардың кеңейтілген және ашық отырыстарын/кеңестерін өткізу

тоқсан сайын,

2016-2018 жылдар



ОМО, облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдіктері


Орындалуда

2017 жылғы қаңтардан бастап тамызға дейін көрсетілетін қызметті алушылардың хабардарлығын арттыру жөнінде әртүрлі тақырыптарда 8882-кеңес семинар-кеңестер, «дөңгелек үстелдер», брифингтер, конференциялар және БАҚ-да сөз сөйлеулер өткізілді.

Апта сайын ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитетінің аймақтық бөлімшелері тарапынан семинарлар, дөңгелек үстелдер, ақпараттық құжаттар, кездесулер форматында оңалту және банкроттық саласындағы реформалар кеңінен талқылануда.

Министрлікте ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрінің 18.07.2016ж. № 43 бұйрығымен жеке кәсіпкерлік мәселелері жөніндегі Министрлік жанындағы сараптамалық кеңес құрылды.

2017 жыл бойынша нормативтік құқықтық актілерді қарастыру бойынша ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасының, сондай-ақ жеке кәсіпкерлік субъектілерінің аккредиттелген бірлестіктерінің қатысуымен жеке кәсіпкерліктің мәселелері бойынша сараптамалық кеңестің 34 отырыс өткізілді.

ҚР Үкіметінің заң жобалау жұмыстарының


2016 жылға арналған жоспарына сәйкес Министрлік:

  1. «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі мәселелері бойынша» Қазақстан Республикасы Заңы жобасының әзірлеушісі болып табылады, оның нормалары, әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметін жетілдіруге, сондай-ақ ұлттық заңнамадаға коллизияларды жоюға бағытталған.

Заң жобасы қоғамдық талқылауға салынды:

  • 2015 жылы 19 ақпанда Министрліктің интернет-ресурсына (www.mid.gov.kz) орналастырылды;

  • 2016 жылы 26 қаңтарда Ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталына (www.egov.kz) орналастырылды.

Заң жобасы жұмыс тобымен әзірленді, оның құрамына ОМО, ұлттық компаниялар, азаматтық авиация субъектілері, салалық қауымдастықтар мен өзге де мүдделі ұйымдардың, оның ішінде бизнес өкілдері кірген.

Жаңа реттегіш құралдардың және реттеуді қатаңдату, нормаларын енгізуді көздейтін қоғамдық талқылауларда 53 қатысушы қатысты.

Сондай-ақ, заң жобасы жеке кәсіпкерлік субъектілерінің аккредиттелген бірлестіктерімен (2016 жылғы 17 наурыздағы Сараптамалық кеңестің хаттамасы № 98) және Қоғамдық кеңес мүшелерімен (2016 жылғы 15 қаңтардағы Қоғамдық кеңесінің ұсыныстары) талқыланды және қаралды.

«Қазақстан Республикасының Стандарттау туралы және Өлшем бірлігін қамтамасыз ету және стандарттау мәселелері бойынша кейбір заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу» жобаларын әзірлеу кезінде осындай жұмыстар жүргізілді.

Заң жобалары өнімнің қауіпсіздігі мен сапасын, адам өмірі мен денсаулығы және қоршаған ортаға арналған процестерді қамтамасыз етуге, ұлттық тауарлар, жұмыстар мен қызметтерді бәсекеге қабілеттілігін арттыруға, сондай-ақ, бизнестің дамуына жағдай жасауға бағытталған.

Қоғамдық талқылау жүргізу мақсатында Заң жобалары:

- 2016 жылы 15 наурызда Министрліктің интернет-ресурсына (www.mid.gov.kz);

- 2016 жылы 16 наурызда Ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталына (www.egov.kz.) орналастырылды.

Аталған Заң жобалары жұмыс тобымен әзірленді, оның құрамына орталық мемлекеттік органдарының, ұлттық компаниялардың, стандарттау бойынша техникалық комитеттердің, салалақ қауымдастықтардың, өнеркәсіп кәсіпорындарының, ғылыми және білім беру мекемелерінің және өзге де мүдделі тұлғалар, оның ішінде бизнес өкілдері кірген.

Бірыңғай ұстанымын әзірлеу үшін заң жобалары:

- жұмыс тобының 4 отырыстарында;

- Техникалық реттеу және метрология мәселелері бойынша сараптамалық кеңесте (Техникалық реттеу және метрология мәселелері бойынша Сараптамалық кеңестің 2015 жылғы 29 қыркүйектегі хаттамасы)

- ҰКП, бизнес-қауымдастық пен салалық қауымдастықтары өкілдерінің қатысуымен өткізілген бірлескен аймақтық селекторлық кеңесте (2016 жылғы 12 ақпандағы және 12 тамыздағы хаттамалар);

- Қоғамдық кеңестің отырысында (Қоғамдық кеңестің 2016 жылғы 25 мамырдағы ұсынысы).

- Кәсіпкерлік мәселелері жөніндегі Сараптамалық кеңесінің отырысында (2016 жылғы 21 шілдедегі Сараптамалық кеңестің хаттамасы бойынша) талқыланды.

Сонымен қатар, заң жобалары Халықаралық стандарттау ұйымының (ISO стандарттау жөніндегі Еуропалық комитеттің CEN, Неміс институтының стандарттау бойынша DIN) халықаралық сарапшыларының қарауына жіберілді.

Заң жобалары бойынша 58 ұсыныстар мен ескертулер берілді, оның ішінде мемлекеттік органдардың, ҰКП, Қазақстан Ұлттық индустриалды палатасының, басқа да аккредиттелген қоғамдық бірлестіктерінен, стандарттау жөніндегі техникалық комитеттерден, сәйкестікті растау жөніндегі органдарынан және т. б.

Бұдан басқа, Министрлік «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» ҚР Кодексі жобасын және «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жер қойнауын пайдалану мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» ҚР Заң жобасын (бұдан әрі - Заң жобалары) әзірленді.

Заң жобаларының негізгі ережелер кеңінен қарастырылды:

- 7 МАЙНЕКС «Орталық Азия тау-кен-өнеркәсіптік» форумы «дөңгелек үстел» шеңберінде;

- AMM-2016 ірі бизнес-қоғамдастықтар мен ұйымдардың, Мәжіліс депутаттарының, ҚР мен халықаралық консалтингтік компаниялар өкілдерінің қатысуымен VII Халықаралық тау-кен металлургия Конгресі мен «Astana Mining & Metallurgy» көрмесі шеңберінде;

- 2016 жылғы 17 маусымдағы «EXPO-RUSSIA KAZAKHSTAN 2016» жетінші Халықаралық өнеркәсіптік көрмесі және (ҚҚҚ-2016) «Көлік және логистика ЕАЭС елдерінің бәсекеге қабілеттілігінің факторы ретінде шағын және орта бизнес кәсіпорындарының» Бесінші Алматы бизнес-форумы шеңберінде;

- «Нурикон» компаниясымен «дөңгелек үстел» шеңберінде;

- ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттарының жергілікті атқарушы органдарының, құқық қорғау және фискалдық органдарының, Ақтөбе облысының қоғамдық кеңесі, жер қойнауын пайдаланушы компаниялардың аккредиттелген қауымдастықтарының және БАҚ өкілдерінің қатысуымен Ақтөбе облысындағы көшпелі кеңес шеңберінде;

- жер қойнауын пайдаланушылар мен белсенді тұрғындардың қатысуымен; Қазақстан Республикасының өңірлерінде өткізілген дөңгелек үстелдер шеңберінде;

- «тау-кен металлургия өнеркәсібі» ұйымдасқан «ЗТБ Республикалық қауымдастығы тау-кен өндіруші және тау-кен металлургиялық кәсіпорындардың республикалық» (ТМКҚ) іс-шара шеңберінде;

Заң жобасының тұжырымдамасы қоғамдық талқылау үшін 2015 жылы 19 тамызда Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму Министрлігінің сайтында орналастырылған (www.mid.gov.kz).



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   25




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет