ДҮниежүзілік экономикалық форумның жаһандық БӘсекеге қабілеттілік индексінің индикаторын жақсарту жөніндегі 2016-2018 жылдарға арналған шаралар жоспары


«Қоғамның саясаткерлерге деген сенімі» индикаторы



бет3/25
Дата20.06.2018
өлшемі0,52 Mb.
#43464
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   25

«Қоғамның саясаткерлерге деген сенімі» индикаторы (ОМО)

Ағымдағы көрсеткіш - 39 орын



Мыналар, шаралар жоспарын әзірлеу және іске асыру:

- мемлекеттік қызмет имиджін арттыру;

- мемлекеттік қызмет жүйесін жетілдіру және жүргізіліп жатқан реформалар туралы ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізу;

- моральдық әдептілік нормаларын сақтау бөлігінде саяси және әкімшілік мемлекеттік қызметшілерге қойылатын талаптарды қатаңдату бойынша



желтоқсан,

2016-2018 жылдар



МҚІжСЖҚІА,

АКМ


Орындалуда

2017 жылғы 1 қаңтар мен 25 желтоқсан аралығы мерзімінде республикалық және аймақтық БАҚ-та 2456 материал жарияланды. Соның ішінде республикалық телеарналар эфирінде 238 сюжет, республикалық баспаларда 173 материал, аймақтық телеарналар эфирінде 810 материал, аймақтық газеттерде 1235 материал жарияланды.

Республикалық телеарналар сюжеттері негізінен «Б» корпусының мемлекеттік қызметкерлердің аттестаттауына, олардың жеке қасиеттерін бағалауға, сонымен қатар мемлекеттік қызмет істері бойынша Агенттіктің жұмысы және ҚР жемқорлыққа қарсы істерге, құқық қорғау органдарына алғаш рет түсіп жатқан азаматтарды іріктеудің үшсатылы жүйесін енгізу, мемлекеттік қызметкерлердің қызметін бағалаудың жаңа жүйесіне арналған.

ҚР мемлекеттік қызмет және жемқорлыққа қарсы әрекет жөніндегі Агенттік басшысының «А» корпусының мемлекеттік қызметкерлер тізімі қысқататындығын атап өткені туралы материалдарды атап өткен жөн.

Сонымен қатар, «Рухани жаңғырту» бағдарламасын іске асыру тиімділігі асясында «Жобалық басқарудың негіздері» семинарының өткізілуін, сондай-ақ мақсаты мемлекеттік органдар баспа-хатшыларын жаңа коммуникативтік технологияларға оқыту болып табылатын, «Стратегиялық цифрлық коммуникациялар» семинар-практикумы өткізілуінің сюжеттерін жариялаған сюжеттерді атап өту қажет.

Мемлекеттік қызмет саласында аймақтық хабар жылсайынғы конференцияны өткізуге назар аудартады, осы конференцияның қатысушылары уәкілетті органдар басшылары, уәкілдер, 40 елден келген сарапшылар.

Республикалық телеарналарда 13 ақапарттық-аналитикалық бағдарламалар шығарылды, бағдарламаларда мемлекеттік қызметкерлерді аттестаттау, 5 институционалдық реформаларды жүзеге асыру тақырыптары қозғалды.

Ақпараттық жұмыс «Егемен Қазақстан», «Казахстанская правда» және «Экспресс К» мемлекеттік емес газеттерімен белсенді жүргізілді.

Газет мақалалары «Б» корпусының мемлекеттік қызметкерлерін аттестаттауға, 2 институционалды реформаны іске асыру аясында кәсіби мемлекеттік аппаратты қалыптастыруға арналған болатын.

«Мемлекеттік қызмет» («Экспресс К»), «Мемлекеттік қызмет» («Заң газета»), «Мемлекет» («Литер») келесі айдарларының шығуын атап өту керек :

Интернет-қорларда «А» корпусы мемлекеттік қызметкерлер лауазымдарының санын қысқарту туралы Жарғыға Президентің қол қоюына арналған материалдардың таратылуы орын алды. Сондай–ақ Парламент депутаттарының жалақыларын көбейту, жемқорлықпен белсенді күресу туралы материалдар орналастырылған болатын.

Сонымен қатар, «Дін қызметі және діни бірлестіктер мәселелері бойынша ҚР кейбір заңнамалық актілеріне өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасына арналған жарияланымдар белсенді тираждалды, осыған сәйкес мемлекеттік қызметкерлерге жұмыс уақытында діни қызметтерге қатысуға шектеу қойылады.

«Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 153 «Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдептілік нормаларын және мінез-құлық қағидаларын одан әрі жетілдіру жөніндегі шаралар туралы» және 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 150 «Мемлекеттік саяси және әкімшілік қызметшілер лауазымдарының тізілімін бекіту туралы» жарлықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Президенті 2017 жылғы 1 маусымдағы Жарлығының шеңберінде әдептілік бойынша дербес уәкілетті лауазымды енгізу мәселесі әзірленді.




Орталық атқарушы органдар басшыларының, әкімдердің, ұлттық жоғары оқу орындары ректорларының халықпен есеп беру кездесулерін өткізулерін қамтамасыз ету

екінші тоқсан,

2016-2018 жылдар



мүдделі Орталық мемлекеттік органдар

Орындалуда

2017 жылғы 26 маусымда Ұлттық экономика министрлігінің халықпен жыл сайынғы кездесуі өткізілді. Аталған кездесуге қоғам, бұқаралық ақпарат құралдары, үкіметтік емес ұйымдар, Министрліктің Қоғамдық кеңесінің өкілдері қатысты. Кездесу барысында азаматтарға Министрлік қызметінің 2016 жылғы нәтижелері және алдағы кезеңдегі міндеттері туралы баяндалды.

Қатысушылардың жалпы саны 1206 адамды құрады (оның ішінде: Астана қаласынан «Қазмедиаорталықта» - 579 адам, өңірлерде 627 адам).

Елдегі барлық өңірлер бейнеконференция байланысы тәртібінде қосылды.

Сонымен бірге, бұл халықпен кездесу www.bnews.kz сайтында тікелей ондайн-трансляция арқылы өткізілді.

Кездесу барысында 13 сауал қойылды, оның 10-ы залдан, 3-еуі Министрліктің www.economy.kz ресми интернет-ресурсы арқылы. Министр 11 сауалға жауап берді, 2 сұраққа Министрлік белгіленген мерзімде ресми түрде жауап берді.

Ақпарат және коммуникациялар министрінің халық алдында есеп беру кездесуі а.ж. 21 маусымында «Қазмедиа орталығында» өтті.

Министрдің халықпен есепті кездесуі 2017 жылғы 27 маусымда «Қазмедиа орталығында» өтті. Іс-шараға зейнеткерлер, жастар, қаржы саласының өкілдері, мемлекеттік қызметшілер, бизнес және бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.

Кездесуге сондай-ақ ҚР Президенті Әкімшілігінің мемлекеттік инспекторы, Премьер - Министр Кеңсесінің бөлім меңгерушісі, Қазақстан Республикасының Парламенті Сенатының Қаржы және бюджет комитетінің төрағасы, орталық және жергілікті атқарушы органдардың, «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ-ның, «Атамекен» Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасының басшылары, «ҚР Аудиторлар палатасы» АҚ Министрліктің Қоғамдық Кеңесінің мүшелері шақырылған болатын. Кездесу селекторлық режимде Қазақстанның барлық өңірлерінің қатысуымен өткізілді.

Жалпы қатысушылар саны 2105 адамды, оның ішінде Астана қаласы бойынша 760 адамды құрады.

2 онлайн транслация – (Министрліктің ресми сайтына, ақпараттық - талдау порталында «BNews.kz»)

Анонсты трансляциялау «Хабар 24» ұлттық теле арнасының жүгіртпе жолында және облыстардың өңірлік телеарналары бойынша және «Қазақ радиосында» болды. Жоспарланған кездесу туралы ақпарат жариялау үшін «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттеріне жіберілді және «Kazinform» Халықаралық ақпарат агенттігі, ақпараттық - талдау порталы «BNews.kz», «Zakon.kz» ақпараттық порталы сайттарында жаңалықтар бөлімінде орналастырылды.





Қазақстан Республикасы Парламенті Палаталарының, облыстардың, жергiлiктi өкiлдi органдардың, республикалық маңызы бар қалалардың астананың, ашық отырыстарының интернет-ресурстарындағы онлайн-транзакцияларды сондай-ақ жыл қорытындылары бойынша өтетін мемлекеттік органдардың алқаларын дайындау бойынша ұйымдастырушылық техникалық жұмыс жүргізу



2016 жылғы желтоқсан


ОМО, облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдіктері

Орындалды

Премьер-Министрі Кеңсесінің басшысы Е. Кошановтың 2016 жылы 14 желтоқсандағы № 21-34/4049 тапсырмасын орындау үшін, Ақпарат және коммуникациялар министрлігі мемлекеттік органдармен бірге алқа отырысының онлайин-трансляциясының өткізу кестесін дайындады, жылдың қорытындысы бойынша өткізілетін (бұдан әрі-Кесте) Алқа отырысының өткізілетін орны «Қазмедиа орталығы» ЖШС болып анықталды.

2017 жылы ақпан-наурыз айларында жоғарыда көрсетілген кестеге сәйкес АКМ «ҰАТ» АҚ-мен бірге Қазақстан Республикасы орталық мемлекеттік органдар алқа отырысын өткізуге техникалық көмекпен қамтамасыз етті.

ҚР АКМ 2017 жылы ақпан айында мемлекеттік органдардың халық алдындағы есеп беру кездесуін өткізу бойынша ұйымдастыру-техникалық дайындық жұмыстар жүргізді.

ҚР АКМ Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі Кеңсесінің 2017 жылғы 16 қаңтардағы 21-26/01-60 (12.2-т) тапсырмасын орындау мақсатында мемлекеттік органдардың халық алдындағы есеп беру кездесуі өтетін орнын анықтады.

ҚР АКМ 2017 жылғы мамыр-маусым айларында өткізілетін Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдардың халық алдындағы есеп беру кездесуін кестедегі уақытқа сәйкес «ҰАТ» АҚ-мен бірлесе техникалық қолдау көрсетті.

ҚР Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрілігі ақпараттардың құпия болуына байланысты халық алдындағы есеп беру кездесуі өткізілмейтіндігі жөнінде ҚР Президент Әкімшілігіне және ҚР Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі Кеңсесіне хат жолдады. Уақыты белгілі болған жағдайда ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігі техникалық көмек көрсетуге дайын.




Орталық және жергілікті атқарушы органдардың ресми интернет-ресурстарында есеп беру кездесулерінде халық көтерген проблемалық мәселелердің есептері мен тізбесін орналастыруды қамтамасыз ету

есепті кездесуден 10 күнтізбелік күннен кешікпей

ОМО, облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдіктері

Орындалды

ҚР ҰЭМ ресми интернет-ресурсында халыққа есеп беру кездесулеріндегі есебі және көтерілген түйткілді мәселелердің тізбесі орналастырылды

ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрінің есеп беру кездесуінің есебі және халық көтерген сұрақтар және оның жауаптары Министрліктің ресми интернет-ресурсында 2017 жылдың 30 маусымында орналастырылды.

Есепті кездесу қорытындысы бойынша Білім және ғылым министрі баяндамасының мәтіні және кездесу барысында халық көтерген проблемалық сұрақтардың тізбесі Министрліктің интернет-ресурсында орналастырылды





Саясаткерлерге қоғамдық сенімді жақсарту жөніндегі мәселелерді мемлекеттік органдар жанындағы Қоғамдық кеңес отырыстарында қарау

жартыжылда 1 рет,

2016-2018 жылдар



ОМО

Орындалуда

2017 жылдың 23 мамырында Қоғамдық кеңес отырысы өткізілді, онда Ақпарат және коммуникациялар министрі Д. Абаевтың Ақпарат және коммуникациялар Министрлігінің жұмыс нәтижелері туралы есебі тыңдалды.

Министр Президент қойған міндеттері туралы, Министрліктің егжей-тегжейлі жұмысының негізгі нәтижелері туралы айтты.

Тыңдау қорытындысы бойынша, министрдің есебіне Қоғамдық кеңестің Қарары қабылданды және ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің жұмыс нәтижелері оң бағаланды.

А.ж. 2 қазанында отырыс барысында Әлеуеттік жарнаманы орналастыру қағидаларының жобасы, БАҚ саласында мемлекеттік тілді дамыту мәселелері туралы сұрақ, Министрліктің халықаралық ынтымақтастықты дамыту бойынша мәселелері, «Ашық үкімет» порталының дамыту және жер қатынастары және жылжымайтын мүлік саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді жетілдіру туралы сұрақтар талқыланды.

Ақпарат және коммуникациялар министрі Д.Ә. Абаев және салалық ҮЕҰ өкілдерінің қатысуымен ағымдағы жылдың 5 желтоқсанында Қоғамдық кеңестің 2017 жылға арналған жұмыс жоспарына сәйкес Қоғамдық кеңестің кезекті отырысы өтті. Отырысқа Бас редакторлар клубы, «Қазақстанның IT-Компаниялар қауымдастығы» ЗТБ, «Қазақстандық интернет дамыту мен ресурстар қауымдастығы» ЗТБ, «Қазақстан Ұлттық телекоммуникация қауымдастығы» ЗТБ сияқты салалық ҮЕҰ өкілдері қатысты.

Сондай-ақ, Қоғамдық кеңес отырысына үкіметтік емес ұйымдармен өзара іс-қимыл жасау жөніндегі үйлестіру кеңес мүшелері шақырылды. Осылайша, отырыста «Еуразиялық құқық қорғау орталығы» ЖҚ Президенті Е.Н. Нұрғалиева қатысты.

Отырыста қоғамдық сананы жаңғырту Бағдарламасы жобаларының орындалуы, телекоммуникация саласын дамыту бойынша Министрліктің атқарып жатқан іс-шараларының жүзеге асырылу барысы мен перспективалық бағыттары, 2017 жыл бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-шаралар жоспарының орындалуы және 2018 жылға арналған Қоғамдық кеңестің Жұмыс жоспары жобасы талқыланды.

ҚР Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы № 163 бұйрығына сәйкес Білім, ғылым, жастар саясаты және балалар құқықтарын қорғау бойынша қоғамдық кеңес (бұдан әрі – Қоғамдық кеңес) құрылды.

Аталған мәселе қараша айына жоспарланған Қоғамдық кеңесінің кезекті отырысында талқыланатын болады.

2017 жылдың 23 маусымында мемлекеттік қаржы бойынша Қоғамдық кеңес отырысы өткізілді, бұнда Саясаткерлерге қоғамдық сенімді жақсарту жөніндегі мәселелер қарастырылды. Көрсетілген мәселені талқылау нәтижесінде Қоғамдық кеңес мүшелерімен Министрліктің басшыларына бірлескен сенім білдірді, сонымен қатар, бюракратиялық рәсімдерді қысқарту арқылы жемқорлыққа қарсы тұру, биік этикалық стандарттарды қамтамасыз ету, саясаткерлерге қоғамдық сенімді жақсарту, сыбайлас жемқорлықты қайшы әлеуметтік өрескел құбылыстарға аударушы бойынша.

2017 жылдың 23 маусымында мемлекеттік қаржы бойынша Қоғамдық кеңес отырысы өткізілді, бұнда Саясаткерлерге қоғамдық сенімді жақсарту жөніндегі мәселелер қарастырылды. Көрсетілген мәселені талқылау нәтижесінде Қоғамдық кеңес мүшелерімен Министрліктің басшыларына бірлескен сенім білдірді, сонымен қатар, бюракратиялық рәсімдерді қысқарту арқылы жемқорлыққа қарсы тұру, биік этикалық стандарттарды қамтамасыз ету, саясаткерлерге қоғамдық сенімді жақсарту, сыбайлас жемқорлықты қайшы әлеуметтік өрескел құбылыстарға аударушы бойынша.



    1. «Ресми емес төлемдер мен паралар» индикаторы (МҚІСҚА, АКМ, ОМО)

Ағымдағы көрсеткіш - 73 орын



Сыбайлас жемқорлықты түйсіну және ресми емес төлемдер мен паралардың таралу деңгейін анықтау үшін әлеуметтік зерттеу жүргізу

2016 жылғы желтоқсан


МҚІСҚА

Орындалды

2016-2018 жылдарға арналған республикалық бюджетті қалыптастыру кезінде елдегі экономикалық жағдайды есепке ала отырып, 2016-2018 жылдарда әлеуметтік зерттеулерді өткізуге мемлекеттік органдардың шығыстары Қаржы министрлігімен (соның ішінде МҚІСҚА) қолданбады.

Сонымен қоса, «Қызметтік әдеп, меритократияны қорғау және сыбайлас жемқорлықтың алдын-алу саласында мемлекеттік қызметтің реформаларын қолдау» бірлескен жобасының шеңберінде БҰҰ даму бағдарламасымен Қазақстанда қоғамдағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет деңгейін анықтау үшін әлеуметтік зерттеу өткізілді.

Сыбайлас жемқорлық деңгейін бағалау кезінде респондеттерге жауаптардың келесі нұсқалары ұсынылды: «жоғары деңгей», «орташа деңгей», «төмен деңгей», «Қазақстанда сыбайлас жемқорлық жоқ», сондай-ақ «жауап беруге қиналамын». Сонымен сұралған жеке тұлғалардың жартысынан көбі (53,9%) елде сыбайлас жемқорлық деңгейінің орташа екендігін атады.

Жеке кәсіпкерлер тобында сыбайлас жемқорлық деңгейіне ұқсас бағаны (51,2%) респондеттер «орташа деңгей» мәнімен жауабын таңдады, сондай-ақ заңды тұлғалар (51,3%) сыбайлас жемқорлық таралуының орташа деңгейін ұстанды.

Осылайша, зерттеу қорытындылары бойынша елдегі сыбайлас жемқорлық орташа деңгейде орналасу фактісін анықтау мүмкін болды.






Ресми емес төлемдер мен паралар жоғары деңгейінде таралған секторларды анықту

2017 жылғы 1 тоқсан


МҚІСҚА

Орындалды

2016 жылдың қорытындысы бойынша сыбайлас жемқорлыққа бейім мемлекеттік сатып алу (390 қылмыс), жер қатынатарында (239), білім (210), ауыл шаруашылығы (191), денсаулық сақтау (253), құрылыс және ТКШ (199) салалары анықталды.

Құқық қорғау органдарының арасында сыбайлас жемқорлықтың жоғары деңгейі ішкі істер органдарында сақталып, онда 412 қылмыс тіркелді.




Импорт және экспорт, қоғамдық инфрақұрылым, салық салу, мемлекеттік тапсырыс алу және лицензиялар саласындағы функцияларды жүзеге асыратын мемлекеттік органдар мен басқа да ұйымдардың қызметінде сыбайлас жемқорлыққа ықпал ететiн себептер мен жағдайларды анықтау

тоқсан сайын,

2016-2018 жылдар



МҚІСҚА

Орындалуда

«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңның 8-бабына сәйкес 2017 жылғы 24 ақпан мен 31 наурыз аралығында Ішкі істер министрлігінің Төтенше жағдайлар комитетінің және оның аумақтық бөлімшелерінің қызметінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне сыртқы талдау жүргізілді. Талдаудың қорытындысы бойынша 20 ұсынымдар енгізілді.

Ағымдағы жылғы 24 шілде мен 17 тамыз аралығында «Қазагро «ҰБХ» АҚ-ның қызметінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне сыртқы талдау жүргізілді. Талдаудың қорытындысы бойынша 39 ұсынымдар енгізілді.

Ағымдағы жылы аумақтық департаменттермен 313 мемлекеттік органдар мен ұйымдардың қызметінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне сыртқы талдау жүргізілді. Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін азайту бойынша 2532 ұсыным енгізілді.

2016 жылғы 5 желтоқсанда Агенттік пен «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасының төрағаларымен Агенттік пен «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы арасындағы ынтымақтастық туралы келісімді жүзеге асыру бойынша жол картасы бекітілді.

Бүгінгі күні Жол картаның шеңберінде бизнесті дамыту үшін маңызы бар 16 салада бірлескен талдау жүргізілді.



Анықтама: денсаулық сақтау, ЖАО кәсіпкерлік қызметті дамыту, ауыл шаруашылығы, сәулет және қала құрылысы, энергетика және ТКШ, жер қатынастары, ЖАО өткізілетін мемлекеттік сатып алу, салықтық әкімшілендіру, кедендік әкімшілендіру, табиғатты пайдалану және экология, ветеринарлық қадағалау, санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау, өрт қауіпсіздігі, өнеркәсіптік қауіпсіздік, сот актілерін орындау, көліктік бақылау салалары

Сонымен қатар, ағымдағы жылы 26 қыркүйек пен 19 қазан аралығында Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт Министрлігі және оның ведомстволық бағынысты ұйымдарының қызметінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне сыртқы талдау жүргізілді.

Ағымдағы жылы 7 қараша мен 6 желтоқсан аралығында Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі, оның ведомстволары және ведомстволық бағынысты ұйымдарының қызметінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне сыртқы талдау жүргізілді.

Қазіргі уақытта Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне сыртқы талдау жүргізу қағидаларының 11-тармағына (2017 жылғы 4 желтоқсандағы № 806 Үкімет қаулысымен бекітілген) сәйкес МСМ және БҒМ талдамалық анықтамалары жұмыс тобы мүшелерімен келісу рәсімінен өтуде.




    1. «Сот жүйесінің тәуелсіздігі» индикаторы (ЖС)

Ағымдағы көрсеткіш - 79 орын



Электрондық сот өндірісін дамытуды қамтамасыз ету

желтоқсан,

2016-2018 жылдар



ЖС

Орындалуда

«Сот кабинеті» ақпараттық сервисін жаңғырту, сервис арқылы жіберілетін құжаттар мәртебелерінің реквизиттерін және берілетін құжаттар тізбесін кеңейту бойынша жүргізілген жұмыстар тиімді нәтиже көрсетуде. Мәселен, тіркелген пайдаланушылардың жалпы саны 2017 жылы 200 344 құрады, ал 2016 жылы 120 000 құраған. Электрондық түрде берілген талап арыздар саны 60% дейін өсті. Пайдаланушылардың осы сервис арқылы сотқа электрондық арыздар мен өтініштердің 60-тан астам түрлерін жіберуге мүмкіндігі бар.

Ағымдағы жылдың 30 мамырында, сот процесінің қатысушыларына белгілі уақыт ішінде өзінің жұмыс бастылығы туралы деректерін енгізуге мүмкіндік беретін «Процесске қатысушылардың күнтізбесі» жаңа функционалы енгізілген, аталған функционалға енгізілген деректер судьялармен сот отырысының күні мен уақытын тағайындау кезінде ескеріледі. Көрсетілген «Процесске қатысушылардың күнтізбесі» бойынша 847 409 жазба бар.

Республика соттарына электрондық түрде сенімхат жіберуге мүмкіндік беретін «Электрондық сенімхат» сервисі арқылы тіркелген пайдаланушылармен 991 электрондық сенімхат толтырылған және 1 104 сенімді адамдарға берілген (бір сенімхатты бірнеше адам жазғызып алуы мүмкін).

Қазіргі таңда сот кабинетінің мобильдік нұсқасымен 10 173 адам пайдалануда.

Ағымдағы жылдың 1 қыркүйегінен бастап 31 қазанына дейін жекелеген соттардың ғимараттарында «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының қызметкерлерімен электрондық цифрлық қолтаңба беру бойынша пилоттық жобасы жүргізілген. Көрсетілген мерзімде 10 772 ЭЦҚ берілген.

Электрондық сот төрелігін дамыту, сондай-ақ судьялардың жұмысын оңайлату шеңберінде электрондық сот ісін енгізу бойынша жұмыстар жоспарлы түрде жүргізілуде.

Мәселен, республика соттарында бұйрық арқылы іс жүргізу істерін қарау а.ж. 17 шілдесінен бастап толық электрондық түрде жүзеге асырылған.

Одан басқа, судья жұмысын оңайлату және уақытын үнемдеу мақсатында «Төрелік» ақпараттық жүйелеріне сот бұйрықтарының үлгілері енгізілген, азаматтық және қылмыстық істер бойынша сот актілерінің (ұйғарымдардың, қаулылардың) үлгілері іске асырылу үстінде.

Әкімшілік істерді жөнелту» сервисі арқылы жергілікті соттарға қарау үшін электрондық түрде 270 523 әкімшілік материал жіберілген, олардың ішінде 239 664 тіркелген, ол 88,6% құрайды.

Құқық қорғау органдарымен бірлесе отырып, «Электрондық қылмыстық іс» жобасы Жамбыл, Атырау, Шығыс Қазақстан облыстарында және Ақмола, Алматы және Шымкент гарнизондарының әскери соттарында іске қосылған. А.ж. 4 желтоқсандағы жай-күйі бойынша тіркелген электрондық санкциялар саны 569 құрады, 426 электрондық қылмыстық іс тіркелген, олардың ішінде қаралғаны 356.

Қолданыстағы занамаға сәйкес, әр іс үшін жеке жасаған қылмыстың мөлшеріне және сотталғанның жеке басына байланысты жаза тағайындау бойынша бағдарлауға мүмкіндік беретін аналитикалық сервис әзірленген және енгізілген.

А.ж. 1 қарашасының жай-күйі бойынша соттармен қылмыстық істерді қашықтан қарау мүмкіндігі арқылы тергеу изоляторындағы және бас бостандығынан айыру орындарындағы сотталушыны сотқа жеткізбестен 10 498 іс қаралған.

Бірыңғай ақпараттық кеңістікті құру басқа мемлекеттік органдармен тиімді өзара іс-қимыл жасауға, сот қызметінің сапасын арттыруға, соттардың халықпен байланысын нығайтуға, сот ісін жүргізуді жеңілдетуге, бюрократтық кедергіні жоюға, сыбайлас жемқорлыққа ұшырауын төмендетуге ықпал ететін, сот жүйесі қызметкерлерінің азаматтармен байланыстарын төмендетуге, азаматтардың уақыттары мен қаражаттарын үнемдеуге мүмкіндік береді.





Республика соттарының сот отырысы залдарындағы ескі дыбыс, бейне жазу жүйелерін ауыстыруды қамтамасыз ету (республикалық бюджеттен бюджет қаражатының бөліну шамасына қарай бөлінгенде)

2016 жылғы желтоқсан


ЖС, Қаржымині


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   25




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет