Нақты бір органға балалардың құқықтарын қорғау саласындағы ведомствоаралық үйлестіру функцияларын беру туралы ҚР Үкіметінің қаулысын әзірлеу (мүмкін ҚР Білім және ғылым министрлігі жанындағы Бала құқықтары жөніндегі комитет қайта құрылар); немесе Қазақстан Республикасы Үкіметі жанынан мемлекеттік бюджеттен қаржыландырылатын (горизонтал және вертикал деңгейде қадағалау өкілеттіктері бар) Бала құқықтары мен мүдделерін қорғау жөніндегі ведомствоаралық комитет құру (Президент Жарлығымен) немесе қайта жаңарту;
Бала еңбегінің неғұрлым ауыр нысандарын де-институцоналдандыру, түп-тамырымен жою және алдын алу мәселелері жөніндегі ведомствоаралық өзара іс-қимыл жасау тетіктерін (техникалық, заңдық, іс жүргізу және институцоналдық) тетіктерін әзірлеу және іске асыру;
Әлеуметтік қорғау органдарына кемтар балаларға қатысты басқа секторлардың қызметін үйлестіру үшін өкілеттіктер беру;
Ювенал әділет жүйесін енгізу жөніндегі жұмысты үйлестіру жөнінде үкіметтік емес ұйымдармен (бұдан әрі - ҮЕҰ), мемлекеттік құрылымдармен және халықаралық ұйымдармен жұмыс тобын құру, ғылыми-теориялық әлеуетті тарту;
шұғыл телефон желілерін құру (Мектеп оқушылары сарайында орналасқан қоғамдық бала қабылдағыштағы сенім телефоны базасында болуы мүмкін);
ҚР Президенті жанындағы Отбасы және әйелдер істері жөніндегі ұлттық комиссия функцияларын (балаларды қорғау мәселелеріндегі күш-жігерді ведомствоаралық үйлестіру) кеңейту.