ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық- техникалық университеті
Математика талапкерге
(Оқу-әдістемелік құрал)
Орал 2013ж.
УДК 51(075)
ББК 22.1
М 34
Құрастырушылар:
Cадыкова Г.А., аға оқытушы; Нургазинова М.К., аға оқытушы; Берниязова
Ф.А., аға оқытушы
Рецензент: ф.-м.ғ.к., доц. Ш.Д.Махмудова
МАТЕМАТИКА ТАЛАПКЕРГЕ
(оқу-әдістемелік құрал)
«Физика и математика» кафедрасының отырысында талқыланды, протокол № 10, 20 мамыр 2013 жыл.
Политехникалық факультетінің оқу-әдістемелік бюросы мақұлдаған және ұсынған, протокол № 10, 26 мамыр 2013 жыл.
Басылымға Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университетінің оқу-әдістемелік кеңесі мақұлдаған және ұсынған; протокол №___
Оқу-әдістемелік құралда орта білім бағдарламасына сәйкес математиканың маңызды тараулары қазіргі заманғы талаптарына ұштастыра отырып жазылған. Мұнда элементар математиканың материалдары мен математикалық анализ элементтері қарастырылады.
Оқу-әдістемелік құрал жоғары оқу орындарына түсушілерге, оларды дайындайтын оқу бөлімдерінің оқытушыларына, репетиторларға және элементар математиканы өздігінше оқып дайындалатын оқырмандарға арналған.
Берілген оқу-әдістемелік құралдың мақсаты – дайындық бөлімі тыңдаушылары мен талапкерлерге КТ және ҰБТ-ге пайдаланатын мектеп курсының тақырыптары бойынша өз білімдерін тексеру.
РМК «Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық- техникалық университеті»