Ч. Дарвиннің эволюциялық теориясының қалыптасуындағы жалпы алғы шарттар


Тұқым қуалаушылықты эксперимент арқылы зерттеу



бет17/17
Дата06.02.2022
өлшемі27,02 Kb.
#81856
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   17
Байланысты:
ТЭ 1 тапср

Тұқым қуалаушылықты эксперимент арқылы зерттеу. ХІХ ғасырдың соңына дейін эволюцияның қозғаушы күштерінің проблемалары көбіне логикалық тұжырымға негізделеді. Енді оны эксперимент түрінде зерттеулер басталды. Бұған дейін неше түрлі гипотезалар болғанды. Мутациялық өзгергіштік анықталды. Оның эволюция процесіндегі ролі айқындала бастады. Мысалы, С.И.Коржинский түрлердің пайда болу жолдарын зерттеді. Оның эксперименттері нәтижесінде өсімдіктер түрлерінің өзгергіштігі туралы көптеген материалдар жинады. Коржинский мәдени өсімдіктер өзгергіштігін зерттеді. Ол бірнеше өзгергіштік ерекшеліктеріне назар аударды:
Өзгерістер әр түрлі белгілерді қамтиды;
Белгілердің барлық өзгерістері тұқым қуалайды;
Тұқым қуалайтын өзгергіштіктер пайдалы да, зиянды да, бейтарап та болуы мүмкін,
Өзгерістер бірден пайда болады.
Дәл осындай өзгерістерді голландық ботаник Г. Де-Фриз де байқады. Энотера өсімдігін өсіріп, олардың ұрпақтарында 0,5% өсімдіктердің ерекшеліктері түрлері бар екенін анықтаған (сабақтың ұзындығы, жапырақтар түсі, пішіні). Бұл өзгерістерді Г. Де-Фриз мутациялар деп атады. Мутациялар ұрпақтарға тұрақты беріледі. Кейін «мутация» түсінігі биологияға сіңіп кетті. Сонымен Коржинский, Г.Де-Фриз жұмыстары табиғи сұрыптау жұмыстарына генетикалық негіз жасады.
Табиғи сұрыптауды алғашқы экспериментальды жолмен зерттеу жүргізілді:
-бунақденелілердің қорғаныш реңдерінің эволюция себептерін энтемолог Е. Паультон дәлелдедеген қалақай көбелегінің әр түрлі түстеріне қойылған экспериментті айтуға болады (көбелек қуыршақтарын қалақайға салғанда аман қалып, басқа өсімдіктерге салғанда олардың көбін құстар тауып жеп қойған);
-А. Чеснола, дәуіттердің жасыл, қоңыр түсті болу себептерін анықтады;
-К. Суннертон бунақденелілердің сұрыптаушылары құстар екенін анықтады.
Ғалымдар эволюцияның нәтижесінде адаптация әсерінен неше түрлі өсімдіктер бейімдеушілігін дәлелдеді.
Эволюциялық биологиядағы үш ағым. XIX ғасырдың 60-шы жылдарында дарвинизмді жақтаушылардың өзі ажыраса бастады. Көбісі классикалық дарвинизмді қолдаса, бірқатары ламарко - дарвинизмді қолдады. Артынан неодарвинизм деген тағы бір ағым пайда болды.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   17




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет