Ч. Дарвиннің эволюциялық теориясының қалыптасуындағы жалпы алғы шарттар



бет9/17
Дата06.02.2022
өлшемі27,02 Kb.
#81856
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   17
Байланысты:
ТЭ 1 тапср

Тұқым қуалаушылық теориясы. Дарвин мәдени түрлер мен табиғи түрлер пайда болу әрекеттерінің тарихи даму нәтижесі екендігіне көзі жеткен соң, ол әрекеттің бір екендігін дәлелдеуге кіріседі. Үй жануарларының тұқымдарын зерттеу, оларды қолда асырай бастағаннан бері едәуір ірілене бастағанын және бұл өзгерістер ұзақ уақыт бойы тұқым қуалай алатындығын көрсетті. Егер тіршілік жағдайлары сол қалпында сақталып отырса, бірнеше ұрпақтар бойы тұқым қуалап келе жатқан өзгерістер, олардың келешек ұрпақтарына шексіз беріле беретіндігі Дарвин жұмыстарынан белгілі болды. Қолға үйретудегі әрекеттер табиғи жағдайда да өздігінен сыртқы орта жағдайының әсерінен жүріп отыратынын ғалым негізгі еңбегінде көрсеткен болатын. Тұқым қуалаушылық, ағзаның өзгергіштік қабілеті сияқты, барлық ағзаға тән қасиет. Бұл, ата-тегінің белгілері ұрпақтан ұрпаққа берілу және сақталу қасиеті болып табылады. Тұқым қуалаушылық жынысты және вегетативтік көбеюде де жүреді. Дарвин тұқым қуалауды басқарып тұрған қандай заңдылық екендігіне аса назар аударып, «пангенезис» (шығу тегінің жалпыға бірдейлігі) теориясын жете тексерді. Ол теория бойынша ағзаның тұқым қуалайтын белгілерінің әрқайсысы белгілі заттық ең кіші бөлшекке – «геммулаға» сәйкес келеді. Ағза жасушалары жеке даму барысында қайтадан иелене алатын геммулалар бөліп шығарады. Бұрынғылары сияқты қайтадан иеленген бұл геммулалар ұрықтық жасушаларға беріледі де, олар бөлінген кезде еншілес жасушаларға беріледі, деп дұрыс түсндіре алмады. Дарвин өзінің осы жорамалының дұрыс еместігін көрсете отырып, тұқымқуалаушылық пен өзгергіштікті терең зерттеу қажеттілігін өз еңбектерінде бірнеше рет айтады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   17




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет