Чилдибаева асел жумагуловна



Pdf көрінісі
бет18/93
Дата15.10.2023
өлшемі5,89 Mb.
#185534
түріДиссертация
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   93
Байланысты:
Диссертация Чилдебаева А.Ж.
Сонғы ми (копия), lyaz
 
1.2.5 Өсімдіктер жамылғысы 
Іле ойпатының топырақ-өсімдік жамылғысының таралуы барлық 
ойпаттарға тән заңдылықтарға бағынады, гипсометриялық деңгейдің 
төмендеуіне байланысты ландшафтардың аридтілігінің жоғарылауы 
байқалады. Тауларға іргелес аумақтың жоғары бөлігі ауа турбуленттілігінің 
жоғарылауына және атмосфералық фронттардың белсенділігіне байланысты 
өсімдіктер жабыны өзгеріп отырады.
Іле ойпатының жоғарғы бөлігіне жататын Шарын өзені аумағында 600-
ден астам өсімдіктер кездеседі, олардың ішінде 22 эндемдік түрлер бар: 
тораңғы (
Populus diversifolia
Schrenk. - туранга), жібілген
 
(
Clematis
L. - 
ломонос), шырғанақ (
Hippophae 
L. - облепиха), жиде (
Elaeagnus 
L. - лох), Іле 
бөріқарақаты (
Berberis iliensis
M.Pop. - барбарис илийский),
 
Іле үшқаты 
(
Lonicera iliensis
Pojark. - жимолость илийская), Іле итмұрыны
 
(
R.iliensis
Chrshan. - шиповник илийский) және т.б. 
Шарын флорасы алуан түрлі келеді. Мұнда өсімдіктер жабынының 7 
типі тән: далалы, шөлді, бұталы, орманды, тоғайлы, шалғынды және 
батпақты, 
70-тен 
астам 
формациялар 
және 
көптеген 
өсімдік 
қауымдастықтары бар.
Сарытоғай шатқалындағы саябақта ауданы 5,014 мың га реликті 
жалпақ жапырақты шаған орманы өседі. Мұнда талдар (
Salix
L.), Іле 
итмұрыны (
R.iliensis
Chrschan.), Альберт итмұрыны (
R.albertii
Regel) сондай-
ақ сирек кездесетін Қызыл кітапқа енген түрлер Іле бөріқарақаты (
Berberis 


29 
iliensis
M.Pop.) және Іле үшқаты (
Lonicera iliensis
Pojark.) жиі кездеседі. 
Шөптесін өсімдіктерден: орал миясы (
Glycyrrhiza uralensis
Fisch.), дәрілік 
қасқыржем (
Asparagus officinalis 
L. - спаржа обыкновенная), сары қияқ 
(
Elymus multicaulis
Kar. et Kir.) кездеседі. Бұталардың тығыз қопалары 
барлық жерде кездеседі. 
Таралуы шектеулі эндемдік түрлер 8, олардың үшеуі Недзвецкий 
кекіресі (
Oxytropis Niedzweckiana
M.Pop.), Сөгеті сасыры (
Ferula sugatensis 
L.), жартас далазығыры (
Galatella saxatilis
(M.Pop) Novopokr.) сирек 
кездесетін, Қазақстанның Қызыл кітабына енген түр. Монотипті (бір ғана 
түрден тұратын) туыстардың сирек кездесетін екі түрі ерекше қызықты 
Кауфман иконниковия (
Ikonnikovia kaufmanniana
(Rgl.) Lincz.) және кекіре 
плагиобазис (
Oxytropis 
DC.).
Қызыл кітапқа енген түрлер - 21. Жоғарыда аталған 8 түрден басқа, бұл 
жерде төмендегі өсімдік түрлері кездеседі: Іле бөріқарақаты (
Berberis iliensis
M.Pop.), ірі юринея (
Jurinea robusta
Schrenk.), жоңғар түймебасы (
Serratula 
dshungarica
Iljin.), Шарын астрагалы (
Astragalus tscharynensis
M.Pop.), жым 
астрагалы (
A.dshimensis 
Gontsch.), Алматы кекіресі (
Oxytropis
almatensis
Bajt.), Тянь-шань сылдыршөбі (
Silene tianschanica
Schischk.), Голоскоков 
лепидолопсисі (
Lepidolopsis Goloskokovii
), кіші сүйелжазар (
Heliotropium 
parvulum
M.Pop.), шаған (
Fraxinus
L.), Іле үшқаты (
Lonicera iliensis
Pojark.) 
және тораңғыл (
Populus diversifolia
Schrenk.). Саябақ аумағындағы 
өсімдіктердің көпшілігі сәндік өсімдіктер. Олардың ішінде жатаған 
жастықша тәрізді, көбінесе тікенді шөптер, бұташықтар немесе жартылай 
бұташықтардан: трагакант (


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   93




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет