Чилдибаева асел жумагуловна



Pdf көрінісі
бет16/93
Дата15.10.2023
өлшемі5,89 Mb.
#185534
түріДиссертация
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   93
Байланысты:
Диссертация Чилдебаева А.Ж.
Сонғы ми (копия), lyaz
1.2.3 Климаты
Іле ойпатының жоғарғы және төменгі бөліктерінің климатында 
айтарлықтай айырмашылықтар байқалады: ойпаттың жоғары бөліктерінен 
төмен гипсометриялық деңгейге дейін температура күрт жоғарлайды және 
жауын-шашынның мөлшері төмендейді. Сондай-ақ аумақта шығыстан 
батысқа қарай біртіндеп құрғақшылыққа ауысу байқалады. Ойпаттың 
Жоңғар провинциясының анклавына жататын жоғарғы бөлігінің климаты 
Шарын өзені бассейнінің климатына сәйкес келеді. 
Шарын өзені бассейнінің климаты - шөлді континентальды. Мұның 
басты себебі, Тянь-Шань тауларының ылғал көзі Атлант мұхитынан біршама 
қашықтықта орналасқандығына байланысты болса керек. Орташа жылдық 
температура шамамен +5°С, ең суық ай (қаңтар) -6°С, ең жылы (шілде) - 
шамамен +27°С. Аязсыз кезеңнің ұзақтығы - 180 күн, атмосфералық 
құрғақшылық - шамамен 40 күнге созылады. Қар жамылғысы қалың 
болмайды. Жер бетін қардың жауып жатуы (10-20 см), шамамен 60 күнге 
созылады. Алғашқы қар шамамен 20 желтоқсанда түседі, 20 ақпанда ери 
бастайды. Жауын-шашынның жалпы жылдық мөлшері шамамен 150 мм 
құрайды.
Шарын өзені бассейні территориясына интенсивті күн радиациясы тән. 
Радиацияның жылдық ағыны жазық аудандарда 135-150 ккал см
2
, ал тау 
етегімен таулы аймақтарда бұлтты күндердің жиі болуына байланысты 
радиация ағыны 125-130 ккал см
2
азаяды.
Атмосфералық жауын-шашын Шарын өзені бассейні территориясында 
біркелкі түспейді. Оның негізгі себебі физико-географиялық жағдайларға 
және жер бедерінің формасы мен жартастардың экспозициясына 
байланысты. Су қоры 300 мм аспайды. 
Ауа ылғалдылығы.
Жылдың суық мезгілінде ауаның ылғалдылығы 
төмен, ал булармен қанығуы жоғары деңгейде болады. Жаз айларында бұл 
көрсеткіш керісінше өзгереді. Ауаның жылдық абсолюттік орташа 
ылғалдылығы жазық аймақтарда 5-5,5 мм - 7,3 мм дейін өзгереді, ал таулы 


25 
аудандарда абсолютті биіктіктің жоғарылауына байланысты орташа есеппен 
6 мм - 3,5 мм дейін азаяды. 
Жазы ыстық, құрғақ және қысы суық жартылай шөлді және шөлейттің 
климатымен сипатталады. Тауға жақындаған сайын ылғал мөлшері көбейе 
түседі және ауаның температурасының біртіндеп төмендегендігі байқалады. 
Шарын өзенінің бip жері үшін көктемгі мезгіл ең жауын-шашынды ай - 
мамыр болып табылады. Екінші бip учаскелері үшін - сәуір айы, жылдық 
ылғалдылықтың 16-17% осы айларда жауады. Ылғалдың көп түсуі жағынан 
күз айлары eкінші орында болады. Қазан мен қараша айларында жылдық 
жауын-шашын мөлшері 10-11%-ды құрайды [133].
Жаз жылдың құрғақ мезгілі саналады. Орташа жылдық жауын- шашын 
мөлшері 19-25%. Жауын-шашынның аз мөлшері тамыз бен қыркүйек 
айларына келеді. Ал жауын-шашынның біраз бөлігі қыс мезгілінде, әсіресе 
қаңтар-ақпан 
айларында 
түседі. 
Қыс 
мезгілінде 
осы 
жерлерде 
антициклонның қалыптасуына байланысты ылғал көп түседі (8-14 мм). 
Сонымен жауын-шашынның түсуінде маусымдық сипат байқалады. 
Жерді қар басып жататын күндерi көп емес: жазықтықта қардың жатуы 59-88 
күнге, ал тау етегінде 100 күнге созылады, ақпан айында қардың қалыңдығы 
тау етегінде 26-28 см жетеді, ал жазықтықта 15 см аспайды. 
Ауаның жылдық орташа температурасы 6,4-8,7° аралығында ауытқып 
отырады. Жылдың ең суық айының (қаңтар) орташа температурасы 9,4-
14,1°С арасында болады, ең ыстық айда (шілде) температурасы +23-25°С 
жетеді. Жылдық температураның ауытқуы 32,5-38,7°С аралығында болады. 
Температураның ең төменгі деңгейі - 44°С құрайды, ал ең жоғары деңгейі 
+45°С 
дейін жетеді. Мұның өзi Шарын өзенінің климатының 
континентальды екендігін көрсетеді. 
Температураның 10°С жоғары болатын кезеңінің ұзақтығы 168-190


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   93




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет