Чилдибаева асел жумагуловна



Pdf көрінісі
бет15/93
Дата15.10.2023
өлшемі5,89 Mb.
#185534
түріДиссертация
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   93
Байланысты:
Диссертация Чилдебаева А.Ж.
Сонғы ми (копия), lyaz
 
1.2.2 Геологиясы 
Шарын өзені аңғарынан геологиялық формациялардың әртүрлі жастағы 
жиынтығын кездестіруге болады. Оларға палеозойдың магмалық кристалды 
және метаморфты жыныстары, неоген дәуіріндегі түрлі-түсті шығындылар
және оларды жауып жатқан қазіргі төрттік шөгінділер жатады.
Іле Алатауы жотасының шөгінділерінен пайда болған ерекше 
бедлендтерді ойпаттың төменгі бөлігіндегі тасты гаммадалар құрайды. 
Іле тауаралық ойпатының аумағы мезозой және кайнозойдың күшті 
шөгінділі жынысты кең тектоникалық ойпатты. Ойпатты қоршап жатқан 
жоталар, сондай-ақ оның ішіндегі жекелеген тау сілемдері негізінен 
палеозойлық, біршама кең таралған кристалды және шөгінділі жыныстардан 
тұрады. Ойпаттың орталық, ең төменгі бөлігінде Іле өзені, ені әртүрлі 
аңғарды түзіп ағады.
Ойпаттың беткі бөлігін, біршама жас төрттік кезеңнің шөгінділері 
жауып тұрады. Іле өзенінің төменгі ағысында ұсақ шөгінділерден тұратын 
(суглинок глин, глинистый песок) қабаттың қалыңдығы 0,5-5 м құрайды, 
одан тереңдеу ашық-сұр және ашық-сары түсті ұсақ құмды жолақтар 
кездеседі, оның астында 5-8 м тереңдікте қызғыштау-сұр түсті малта тастар 
араласқан, қиыршық тастардан тұратын шөгінділер, ал оның астында ірілі-
ұсақты тастардың қабаты кездеседі. Оларды біршама ертеректе пайда болған 
үштік дәуірдің батпақты шөгінділері жауып тұрады. Мұз дәуірінен кейін 
құрғақ климат қалыптасқан, шамасы осы кезден бастап Балқаш маңында 
көшпелі құмдар (бархандар және жоталы құмдар) пайда болған. Осы 


24 
құмдардың көптеп жинақталуының нәтижесінде делювиальды және 
флювиногляциальды шөгінділер пайда болған. Олар тау етегінің үстіңгі 
қабатын жапқан конусты шығындыларын және Іле өзенінің аллювиальды 
шөгінділерін түзген.
Оңтүстік Балқаш маңының соңғы тарихы Тянь-Шань тау түзілуімен 
тікелей байланысты. Тау жоталарының түзілуі ауытқымалы болған, соған 
байланысты бірқатар террасалар пайда болған, олар қазіргі кездегіден 20 м 
биік болған. Ертедегі жағалық валдың биіктігі 2-4 м болған және олар Іленің 
төменгі ағысының ертедегі дельталық-көлдік шөгінділерін құраған. Қазіргі 
кездегі қалыптасқан климаттың жағдайында бұл құмдарда өсімдіктер 
жабыны жақсы жетілген. Кей жерлерде орын алатын сусымалы құмдар 
екінші реттік дефляцияның нәтижесі болып табылады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   93




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет