Чилдибаева асел жумагуловна



Pdf көрінісі
бет12/93
Дата15.10.2023
өлшемі5,89 Mb.
#185534
түріДиссертация
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   93
Байланысты:
Диссертация Чилдебаева А.Ж.
Сонғы ми (копия), lyaz
1.1.2 
Rosa 
L. туысы өкілдерінің экологиясы және практикалық 
маңызы 
Rosa 
L. туысында 100-деген түрлер мен 1000-даған мәдени өсімдіктер 
бар. Ол сөзсіз экономикалық маңызды және сәндік өсімдіктердің бірі. 
Миллиондаған 
раушан 
бұталары 
бақтарға 
немесе 
құмыраларға 
отырғызылады, ал жыл сайын миллиардтап кесілген раушандар бүкіл әлемде 
сатылады [47]. Раушандар тұқымдары және қалемшелері арқылы көбейтіледі 
[48-50]. 
Rosa 
L. гүлдері араб кухняларында, кремдерде, мусстарда немесе жеміс 
шырындарымен, салаттармен, десерттермен, джемдермен және лимонад пен 
апельсин шырыны сияқты сусындармен бірге экзотикалық түс беру үшін 
кеңінен қолданылады. Сонымен қатар, гүлдерін кондитерлік безендіру 
мақсатында ұсынуға болады [51-52].
Интродукциямен және сұрыптаумен байланысты итмұрындарды 
кеңінен зерттеулер Сібірде, Ресей Ғылым академиясының Орталық Сібір 
ботаникалық бағында жүргізілгені кездейсоқтық емес [53], сұрыптау 
нәтижесінде алғашқы ірі жемісті, өнгіштігі жоғары итмұрын сорттары 
алынды [54-55]. 


18 
Итмұрынның декоративті қасиеті адамзатты ежелде-ақ қызықтырған. 
Итмұрынның қасиеті тек қана дәрілік, профилактикалық және азықтық 
қасиеттерімен ғана шектелмейді. Сонымен қатар сыртқы ортаның 
қорғалуында да маңызды рөл атқарады. Көптеген зерттеушілердің айтуы 
бойынша, итмұрындар эрозияға қарсы тұратын өсімдіктер болып табылады.
Итмұрын көптеген елдерде экологиялық парктер салуда қолданылады, 
бақтық итмұрындары үшін ұластырғыш телінген бүршік болып табылады. 
Бақшаға қояндардың кіруіне кедергі ретінде периметр бойынша 
отырғызылатын итмұрын «тipi тосқауыл» қызметін атқарады. Ол бақшаны 
күтпеген жерден соғатын суық желден де қорғайды (Ф.Ф.Захарич, 1958). 
Итмұрын бұтақтары теміржол бойындағы жыраларды, топырақ үйінділерін 
және тау жоталарын бекіту үшін қолданылады. Өзінің мықты, терең 
орналасқан тамыр жүйесінің арқасында итмұрындар төбелердің және 
жыралардың шайылып кетпеуін қамтамасыз етеді [56].
Көгалдандыруда қолданылуы бұл культураның декоративті өсімдік 
қана емес, сонымен қатар фитонцидті қасиетке ие екендігін көрсетеді. 
Сонымен бірге итмұрын антимикробты әсер беретін атмосферадағы кумарин 
тобына жататын ұшқыш байланыстарды (аэрофилиндер) түзеді (Морозов, 
2004) [57-58].
Қазіргі таңда қоршаған ортаны тазартуға бағытталған жаңа 
фитотехнологиялар жасалып жатыр (В.А.Быков, А.А.Жученко, 1998, 2001). 
Осы мақсатта итмұрынды агроэколандшафтарда қолдану дәрілік 
өсімдіктердің түрлерін кеңейтуге көмектеседі, сонымен бірге емдік 
бақшаларды ашуда қолданылады [59-61].
Итмұрынды медицинада және шаруашылықта мақсатты қолдану осы 
өсімдіктің қалдықсыз өндіріс технологияларын құруға жол ашпақ. Соған 
байланысты итмұрындардың мәдени плантациясын өсіру, олардың 
экономикалық тиімділігін арттырады. Қазірдің өзінде дамыған Еуропа 
елдерінде итмұрынды тағамдық және парфюмериялық өндірісте, 
медициналық препараттарды дайындауда кеңінен қолданып келеді.
Жоғарыда айтылған мәліметтердің барлығы итмұрынның барынша 
құнды және жаңашыл культура ретінде халық шаруашылығында маңызды 
eкенін көрсетеді, ал оның медицинада, парфюмериялық-косметикалық және 
азықтық өнеркәсіпте қолданылуы, сонымен бірге адам өмірі үшін 
экологиялық жағдайды жақсартуда адамға оң әсер беретін, жағымды 
эмоцияларды тудырушы, тіпті физикалық және рухани денсаулығын 
жақсартуға көмектесуші ретінде қолданылатыны анықталды [62]. 
Итмұрын бұтасынан тікенекті қоршау жасау үшін жиі қолданады. 
Итмұрын сәндік гүлдер өcipy шаруашылығында бұрыннан белгілі және 
танымал объекті болып саналады. Қазіргі кезде дүние жүзі бойынша 12 000-
нан астам сорттары белгілі [63], ал Қазақстанда да сорты аудандастырылып 
сәндік өсімдіктер ретінде өсіріледі. Оның ішінде тікелей Қазақстан 
ғалымдары шығарған сорттар да бар [64]: 


19 
1.
Полиантты (көпгүлді) итмұрындар, шығу-тегі жағынан жабайы 
көпгүлді итмұрынның -
R. multiflora
(табиғи мекені - Жапония, Кюсю а.) 
пирамидалы және пирамидалы-шашақты формаларымен байланысты. 
Бақтық формаларының гүлдері ақ және алқызыл болады. Мұндай 
формаларды әсіресе, Прибалтикада (Калининград, Клайпеда, Рига, Таллин) 
мәдени жағдайда кеңінен отырғызады.
2.
Шай итмұрындар, екі жақын мәңгі жасыл түрлердің гибридизациясы 
нәтижесінде алынған, шығу-тегі жағынан субтропикалық сорттардың 
жиынтығы: қытай итмұрыны -
R. chinensis
және үнді итмұрыны -
R. indica.
Шай итмұрындардың гүлдеу кезеңі ұзақ. Гүлдері ашық-алқызыл түстен, 
қызыл түске дейін болады және хош иісті келеді. Бұл итмұрындарды кешенді 
күрделі будандастырудың көмегімен алынады. Итмұрынның бұл сортының 
бастапқы формалары толық анықталмаған, бірақ француз итмұрыны
- R. 
gallica,
Дамаск итмұрыны -
 R. Damascena
деген болжам бар. 
3.
Бұл кешенде ерекше орынды ремонтантты итмұрын -
 R. Bifera (R. 
centifolia
мен
R. сinensis
болжамды гибриді) алады. Декоративті бақтық 
итмұрындардың ерекше кешені табиғи бұталы формаларды түзеді. Бұл 
комплекске келесі түрлерді жатқызады: 
4.
Қатпарлы итмұрын -
R. rugosa.
Табиғи ареалы - Қиыр Шығыс, 
Камчатка, Сахалин, Жапония, Қытай. Сәнді бақтық өсімдіктер 
шаруашылығында қатпарлы итмұрын танымал объект, ол дәруменге бай 
және азықтық өсімдік (күлтелерінен тосап дайындайды) болып табылады. 
5.
Көкшіл итмұрын -
R. glauca.
Табиғи таралған жері - Орталық 
және Атлантикалық Еуропа, Кіші Азия, Карпат. Декоративті бұта, жас 
бұтақтары, жапырақтары тығыз көкшіл қабатпен жабылған. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   93




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет