Чилдибаева асел жумагуловна



Pdf көрінісі
бет10/93
Дата15.10.2023
өлшемі5,89 Mb.
#185534
түріДиссертация
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   93
Байланысты:
Диссертация Чилдебаева А.Ж.
Сонғы ми (копия), lyaz
Ferula iliensis
Krasn. ex Korov.,
Limonium Michelsonii 
Lincz., Іле және Шарын өзендерінің 
жайылмасында кездесетін өсімдіктерден 
Berberis iliensis
M.Pop., 
Lonicera 
iliensis
Pojark., Кеген және Нарынқол аудандарының биік тау аңғарларында 
кездесетін, табиғи каучук алынатын, сирек кездесетін, эндемдік түр 


13 
Taraxacum kok-saghyz
Rodin., Іле Алатауының шығыс бөлігінде кездесетін 
өсімдіктерден 
Ikonnikovia kaufmanniana
(Regel) Lincz., осы тау жотасының 
орталық бөлігінің өсімдіктерінен 
Iris albertii
Regel., 
Oxytropis almaatensis
Bajt. және 
Erysimum croceum
M.Pop. сияқты Қазақстанның «Қызыл кітабына» 
тіркелген түрлер жатады [22-30].

И.И.Кокорева (2013) Іле Алатауында сирек кездесетін, эндемдік 
түрлерді Алматы Бас ботаникалық бағының жағдайында интродукцияға 
ендіріп, олардың биологиясына ерекше мән берген [31].
Академик И.О.Байтулин (2010) Қазақстанның сирек кездесетін, таралу 
аймағы шектеулі, эндемдік түрлерін зерттеуге қатысты бірқатар сүбелі үлес 
қосты. Атап айтқанда 2010 жылдары И.О.Байтулиннің жетекшілігімен 
Қазақстанда сирек кездесетін, табиғи каучук алынатын 
Taraxacum kok-saghyz
Rodin. өсімдігі бірлескен халықаралық жобаның аясында зерттелді [32].
Осыдан кейін И.О.Байтулиннің Ю.А.Котуховпен бірлесіп жазған 
«Қазақстан Алтайының түтікті өсімдіктер флорасы» (2011) деген 
монографиялық еңбегі жарық көрді [33]. Осы еңбегінде авторлар Алтай 
флорасында кездесетін 250-дей эндемдік және субэндемдік түрлердің тізімін 
берген. Жалпы Қазақстан Алтайының флорасын зерттеуде Ю.А.Котуховтың 
сіңірген еңбегі орасан зор. Ю.А.Котухов, А.Н.Данилов, О.А.Ануфриева 
сияқты Алтай ботаникалық бағының білікті флористерімен бірлесе отырып, 
алдымен 14, кейіндеу 18-дей сирек кездесетін, эндемдік түрлерді 
популяциялық деңгейде зерттеп, олардың қазіргі жағдайына баға берген және 
Алтай ботаникалық бағының жағдайында интродукцияға ендірілген [34]. 
Осы еңбектерінде авторлар зерттеуге алынған өсімдіктердің биологиясына, 
экологиясына, көбею жолдарына ерекше мән берген. Сонымен бірге, Алтай 
ботаникалық бағының жағдайында өсімдіктерді интродукцияға ендіру 
жұмыстарының нәтижелері жөнінде толық мәліметтер берген. Бұл жойылу 
қаупі төніп тұрған, сирек кездесетін, эндемдік өсімдік түрлерін қорғауға 
қатысты жүргізілген ауқымды зерттеу болып табылады. 
Соңғы уақытта техниканың қарқынды дамуына және өндіріс 
орындарының артуына байланысты жылдан-жылға табиғатқа адамның әсер 
етуі жиілеп, қарқын алып барады. Осыған байланысты биологиялық 
алуантүрлілікті сақтаудың қажеттігі туындады. Қазіргі таңда биологиялық 
алуантүрлілікті сақтау Конвенциясы, өсімдіктерді қорғаудың Ғаламдық 
стратегиясына сәйкес келеді. Қазақстанда биологиялық алуантүрлілікті 
сақтау мақсатында жұмыстар жүргізіліп жатыр. Биоалуантүрлілікті сақтау 
және оның ресурстарын тиімді пайдалану мәселелерінің өзектілігін жоққа 
шығаруға болмайды. Бұл - әлемдік деңгейде көтеріліп келе жатқан мәселе 
[14, 35]. 
Табиғаттағы бір түрдің жойылуы, биологиялық алуантүрліліктің бір 
түрге кемуі ғана емес, сонымен бірге өсімдіктер жабынының ғасырлар бойы 
қалыптасқан тепе-теңдігінің бұзылуы деген сөз. Сирек кездесетін, эндемдік 
және жойылуға жақын өсімдік түрлерін зерттеу биологиялық алуантүрлілікті 
сақтаудың ең маңызды бөлігі болып табылады. Сирек кездесетін, эндемдік 


14 
және жойылуға жақын өсімдік түрлерін қорғауға қатысты жүргізілетін 
зерттеулердің алғы шарты өсімдіктердің осы түрлерінің таралу аймағына 
инвентаризация жүргізу ценопопуляцияларының қазіргі кездегі жағдайына 
баға беру және олардың биологиясын зерттеу болып табылады.
Ол үшін зерттеуге алынған түрдің популяцияларына геоботаникалық 
сипаттамалар беріп, экологиялық және биологиялық тұрғыдан мониторинг 
жүргізу қажет. Бұл жерде әсіресе фенологиялық бақылаудың орны ерекше. 
Сол арқылы өсімдіктің қай кезде гүлдеп, жеміс беретін мезгілін нақты 
анықтауға мүмкіндік болады. Ол өз кезегінде сирек кездесетін, эндемдік 
түрлердің тұқымдарының коллекциясын құруға және генофондын сақтауға 
мүмкіндік береді. Осы тұқымдар арқылы зерттеуге алынған өсімдіктер 
интродукцияға ендіріледі.
Сонымен бірге сирек кездесетін, жойылуға жақын эндемдік түрлердің 
популяцияларын бастапқы қалпына келтіру және олардың интродукция 
ареалын кеңейту мақсатында бұл түрлерді реинтродукциялау әдістемелерін 
жолға қою қажет [36]. 
Сирек кездесетін, эндемдік түрлерді қорғауға қатысты жүргізілетін іс-
шараларды ғылыми тұрғыдан негіздеу үшін, түрдің экологиясын зерттеуге 
бағытталған жұмыстарды мейлінше кеңейте түсу қажет. Ол табиғатты 
қорғауға және оның ресурстарын пайдалануға жауапты министрліктер мен 
ведомствалар тарапынан қатаң бақылауды қажет етеді. Ал ботаник ғалымдар 
сирек кездесетін, жойылып кету қаупі төніп тұрған эндемдік және реликт 
өсімдік түрлерін популяциялық деңгейде зерттеумен кең көлемде айналысуы 
керек. Бұл, біріншіден, сирек кездесетін, эндемдік және реликт өсімдіктердің 
белгілі бір түрлерінің популяциясының қазіргі кездегі жағдайына ғылыми 
тұрғыдан дұрыс баға беруге; екіншіден, оларды қорғауға қатысты нақты 
ұсыныстар жасауға мүмкіндік береді. Сондықтан да өсімдіктердің сирек 
кездесетін, эндемдік түрлерін популяциялық деңгейде зерттеу бүгінгі таңда 
кезек күттірмейтін, аса маңызды мәселенің бірі болып табылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   93




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет