39
2. МАТЕРИАЛДАР МЕН ЗЕРТТЕУ ӘДІСТЕРІ
2.1 Зерттеу нысаны мен аймағы
Бөлім:
Magnoliophyta (Angiospermae)
– Магнолиофиттер
Класс:
Magnoliopsida -
қосжарнақтылар
Класс тармағы:
Rosiideae -
раушангүлділер
Қатар:
Rosales -
раушангүлділер
Тұқымдас:
Rosaceae
Juss. – раушангүлділер
Туыс:
Rosa
L.
Түр:
Rosa iliensis
Chrshan.
Біздің зерттеу нысанымыз Қазақстан флорасында сирек кездесетін,
эндемдік
R.iliensis
өсімдігі. Ол биіктігі 1,5 м
шамасында болатын, ылғалы
жеткілікті жерде өсетін шырмалғыш жасыл-қоңыр бұтақтары бар мезофильді
тікенекті бұта. Өркендері жасылдау-қоңыр түсті, ұштары аздап ширатылған.
Алдыңғы жылғы бұтақтары жасыл-бозғылт-қоңыр,
кейінірек ашық қоңыр
түсті болады (3 сурет).
Сурет 3 -
R.iliensis
өсімдігінің табиғи популяциясы
Бipжылдық бұтақтары көп тармақтанған тікенді әртүрлі қабықша
ораған.
Жапырақтың беткі беті жұмсақ, ұзынша немесе қандауыр тәрізді,
үшкірленген. Өсімдіктің биіктігі 1,9 м және бөрікбасының диаметрі 3,5х3,5 м
құрайды. 2-3 жұптан құралған жапырақшаларының ұзындығы 25 мм, ені 10
мм болады. Вегетация кезеңі 13.IV±10 және 196±8 күнге созылады [164].
Жапырағының ұзындығы шамамен 6-7 см, 2-3 жұпты жапырақшаларының
жиынтығынан тұрады. Гүлдері қызғылт-ақ түсті,
қалқанша тәрізді
гүлшоғырына
жиналады,
сиректеу
жалғыздан;
тостағанша
40
жапырақшаларының ұштары үшкір, сырты қысқа түкті. Гүл сағағында 4-6-
дан гүлі бар. Гүл сағақтары ашық түсті, ұзындығы 1,5-2 см болатын, гүл
ілмешектері 10-12 мм-дей жалпақ-ланцет тәрізді немесе қатты қысқарған,
үшкір ланцет тәрізді, түкті болады. Күлте жапырақтары қысқа түкті, жоғары
жағы сүйірленген 5-7 мм ұзындықта болатын, жемісі піскен кезде дискісімен
бірге түседі. Түкті жіптесінді аналық аузы тілімденген.
Жемістері піскен
кезде тостағанша жапырақшалары дискісімен қоса түсіп қалады. Гүлдеу
уақыты ұзаққа созылады (мамыр айының басынан қазан айының соңына
дейін). Қыркүйек-қазан айларында піседі. Барлық жемісі бip ұялы, пішіні шар
тәрізді,
сәл ғана ұзынша, сопақ немесе жұмыртқа тәрізді, ұсақ, жалаңаш,
тегіс, диаметрі 5 - 7 мм, пісіп-жетілгенде қара түсті болады. Әдетте орташа
жемісінің ұзындығы 6-7 мм, ені 3-4 мм. Жемісте 1-4 тұқым болады. Тұқымы
тығыз дөңгелек. Teгic, жылтыр, жаңадан
жиналған жемістегі тұқым
шырынды болуы мүмкін. Тұқымының ұзындығы 2-4 мм, ені 1-2 мм
шамасында [165-166].
R.iliensis
өсімдігін Алматы облысының Іле өзені жайылмасынан 1947
жылы В.Г.Хржановский сипаттап жазған. Бұл эндемдік түр Шарын,
Мойынқұм және Іле-Балқаш-Алакөл флоралық аудандарына жататын шөлдің
өзендерінің жағалауларында өседі [167-168].
R.iliensis
өсімдігінің таралу аймағы соңғы 45-50 жылда Іле өзенінің
Қапшағай ГЭС-ін салуға байланысты күрт қысқарды. Іле өзенінің
жайылмасы Аяқ-Қалған курортының ауданынан
бастап Қапшағай көпіріне
дейін толығымен су астында қалды. Мұнда ұзындығы 160-180 км және ені 3-
5 км болатын «Қапшағай су қоймасы» деп аталатын жасанды көл пайда
болды. Бұл, біріншіден,
Достарыңызбен бөлісу: