популяциясын бұл жерде қанағаттандырарлық жағдайда
деп айтуға келмейді. Біріншіден, бұл жер
R.iliensis
өсімдігінің
таралуының ең жоғарғы биіктік шегі, одан жоғары бұл түр кездеспейді
және климаттық жағдайы да қолайсыздау, салқын келеді. Екіншіден,
Шарын өзенінің жайылмасын
Fraxinus sogdiana
Bunge. қалың көлеңкелі
орман түзіп, жауып тұрады, нәтижесінде
R.iliensis
үнемі көлеңкеде
қалады, оған жарық жетіспейді. Үшіншіден, Шарын ағысы қатты тау
өзені, көктемгі (қар ерігенде) және жазғы (мұздақтар ерігенде, нөсерлі
жаңбыр жауғанда) тасқын орын алған кездерде, өзен жайылмасын, көп
мөлшерде және ұзақ уақыт су басады, соның салдарынан
R.iliensis
мезофит бола тұра, судан көп зардап шегеді. Осылардың барлығы
R.iliensis
өсімдігінің вегетативтік мүшелерінің морфо-анатомиялық
құрылысында айқын көрініс береді. Бұл жерде
R.iliensis
өсімдігінің
жапырағы жұқа, әрі селдір келеді, сабақтары майысқақ әлсіз, жоғарғы
ұшы ширатылған болады. Мұның жарықтың жетіспеуіне байланысты
өсімдіктің вегетативтік органдарында (жапырағында, сабағында)
арқаулық ұлпаларының нашар жетілгендігімен түсіндіруге болады.
Өсімдік сирек гүлдейді және жемісті де аз байлайды.
Іле
өзенінің
жоғарғы
ағысының
(екінші
популяция)
жайылмасында
R.iliensis
популяциясы қанағаттандырарлық жағдайда
жыл сайын гүлдеп, жеміс береді. Іле өзенінің ортаңғы және төменгі
ағыстарының жайылмасы
R.iliensis
өсімдігі үшін барлық жағынан ең
қолайлы орта болып табылады. Бірақ та Іле өзенінің ортаңғы ағысы
жайылмасындағы
R.iliensis
популяциясы
Қапшағай
су
электростанциясының салынуына байланысты соңғы 50 жылда жасанды
көлдің астында қалып, жойылып кеткен.
Ал Іле өзенінің Қапшағай су электростанциясынан төменгі ағысы
жайылмасындағы (үшінші популяция)
R.iliensis
популяциясы, соңғы
жылдары осы аумақта қалыптасқан, келеңсіз экологиялық жағдайға
байланысты, сирей бастаған. Дей тұрғанмен де бұл жерде
R.iliensis
жыл
161
сайын гүлдеп, жеміс байлап тұр. Іле өзенінің төменгі ағысының
жайылмасын бұрынғыдай жылма-жыл су баспайды, жер асты суының
да деңгейі көп төмендеген. Осылардың барлығы Қазақстан флорасында
сирек кездесетін, жойылу қаупі төніп тұрған, таралу аймағы шектеулі
R.iliensis
өсімдігінің табиғи популяцияларын қорғаудың қажеттілігін
көрсетеді.
Іле және Шарын өзендерінің жайылмаларынан табылған
R.iliensis
популяцияларының
топырақтарына
жүргізілген
зерттеулер,
ол
жерлерде аллювиальды-шалғындық жеңіл саздақты, құмшауытты
топырақтардың кең таралғандығын көрсетті. Шарын өзенінің
жайылмасынан (бірінші популяция) салынған топырақ кесіндісінің
генетикалық горизонттарынан алынған сынамаларға жүргізілген
химиялық талдаулардың нәтижелері бойынша топырақтың үстіңгі А
горизонтындағы
қарашіріктің
мөлшері
4,07%-ды
құрады.
Гидролизденген азоттың мөлшері өте төмен (28 мг/кг), ал жылжымалы
фосфордың (36 мг/кг) және жылжымалы калийдің мөлшері (480 мг/кг)
жоғары болды. Сілтілік ортада (pH мәні 8,03) 4,52% дейін карбонаттар
болды. В горизонтында қарашіріктің мөлшері күрт төмендеді (0,77%).
Қоректік заттар да күрт төмендейді: жеңіл гидролизденетін азоттың
мөлшері 25,2 мг/кг, жылжымалы фосфор – 8 мг/кг, жылжымалы калий –
100 мг/кг. Ортаның карбонаттылығы мен сілтілігінің СО
2
мөлшері
артады (5,51% және pH мәні 8,83). Топырақтың жоғарғы горизонтының
ылғалдығы 28,3%, ортаңғы горизонттарының 24,3%, тереңірек 70 см –
10,7%.
Іле өзенінің жоғарғы ағысы жайылмасына (екінші популяция)
салынған топырақ кесіндісінің генетикалық горизонттарынан алынған
сынамаларға жүргізілген химиялық талдаулардың нәтижелері бойынша
жоғарғы А горизонтының қарашірік мөлшері аз (0,31%), ал одан кейінгі
В горизонтында біршама жоғары (0,71%) болды. Мұны жоғарғы
горизонттың біршама жас және жақында суменен әкелінген шөгінді
екенін білдіреді. Гранулометриялық құрамы бойынша барлық
профильде басым фракция ұсақ құм (50-70%) болып табылады. Осы
құмды топырақтың сіңіру сиымдылығы өте төмен және 100 г топыраққа
4,04-6,4 мг-экв аралығында болды. Жоғарғы горизонттарда сіңірілген
катиондардың ішінде магний (48,5-53,6%) және кальций (45,9-48,5%)
жоғары болды. Топырақ тұздалмаған, бірақ ортаның pH мәні сілтілі
келеді (8,4-9,11). Жазғы кезде анықталған топырақтың ылғалдылығы 27
см тереңдікке дейін 7,4%, 63 см тереңдікке дейін 10,1%, одан төмен
25,5% көрсетті.
Іле өзенінің Қапшағай су электростанциясынан төменгі ағысы
жайылмасынан (үшінші популяция) алынған топырақ сынамаларына
жүргізілген
талдаулардың
нәтижелері
бойынша,
оның
гранулометриялық құрамында ұсақ құмды фрациялар басым болды
(82,4-86,4%). Қарашірік мөлшері жоғарғы А горизонтында аз (0,73%) ал
162
төменгі В горизонтында одан да аз (0,49%) болды. Жеңіл
гидролизденетін азот 0-8 см қабатта 25,2 мг/кг, ал төменгі
горизонттарда екі есе төмен (14-16,8 мг/кг). Топырақтың барлық
профилі бойынша жылжымалы фосфордың құрамы өте төмен (3-10
мг/кг), жоғарғы горизонтта жылжымалы калийдің мөлшері жоғары (340
мг/кг), төменгі горизонттарда төмен (50-150 мг/кг). Сіңірілген
негіздердің мөлшері аз, 100 г топыраққа 5-7 мг-экв келеді. Сіңірілген
катиондардың ішінде магний (56-79%), содан кейін кальций (37,3-
41,9%) болады.
Жаздың ортасындағы аптаған ыстықта алынған топырақ
сынамалаына жүргізілген талдаудың нәтижесі, бұл кезде оның қатты
құрғағанын көрсетті. Барлық профильдегі ылғалдылық 1,5-2%
аралығында болды, бұл гигроскопиялық ылғалдылыққа жақын.
Сонымен Іле және Шарын өзендерінің жайылмаларынан
Достарыңызбен бөлісу: |