Чилдибаева асел жумагуловна



Pdf көрінісі
бет76/93
Дата15.10.2023
өлшемі5,89 Mb.
#185534
түріДиссертация
1   ...   72   73   74   75   76   77   78   79   ...   93
Байланысты:
Диссертация Чилдебаева А.Ж.

ҚОРЫТЫНДЫ 
 
Алматы облысындағы Іле және Шарын өзендерінің жайылмаларынан 
Қазақстан флорасында сирек кездесетін, таралу аймағы шектеулі, эндемдік 
R.iliensis
өсімдігінің 3 популяциясын тауып, GPS навигаторы арқылы 
координаттарын анықтап, оларға геоботаникалық сипаттамалар беріп, 
трансекталар салып, ондағы осы түрдің дарақтарының жастық спектрін 
(өскіндерін, ювенильдік, вергинильдік, имматурлық, жас генеративтік, 
жетілген генеративтік, субсенильдік) анықтап, популяцияларының қазіргі 
кездегі жағдайына ғылыми тұрғыдан баға бердік. 
R.iliensis
өсімдігінің негізінен вегетативтік жолмен, атпа тамырлары 
арқылы көбейетіндігі дәлелденді. Оның тұқымымен көбеюін жоққа 
шығармаймыз, бірақ өзен жайылмасындағы тоғайларда бұл түрдің тұқыммен 
көбею мүмкіндігі өте төмен. Біздің пайымдауымызша, бұл бірқатар 
себептермен байланысты. Біріншіден, 
R.iliensis
өсімдігінің жемістерімен 
құстар, ең алдымен тоғайда тіршілік ететін торғайлар, қырғауылдар, сондай-
ақ ұсақ сүтқоректі кемірушілер (тышқандар) қоректенеді. Екіншіден, өзен 
жайылмасындағы қалың ағаштар мен бұталардан тұратын тоғайларда, егер 
өскіндер пайда болса да, олар жарықтың жетіспеуінен тез арада өліп қалып 
отырады. Нақтырақ айтқанда тоғайдың ағаштар мен бұталардан тұратын 
өсімдіктер қауымдастығының компоненттерімен жарық үшін бәсекелестікке 
R.iliensis
өсімдігінің өскіндері төтеп бере алмайды. Үшіншіден, Іле мен 
Шарын өзендерінің бойына көктемнен күзге дейін, суатқа малдар түседі 
(отар-отар қойлар мен ешкілер, мүйізді ірі-қара малдар, үйір-үйірімен 
жылқылар). Олар түс кезіндегі аптаған ыстықта өзен бойындағы ағаштарды 
көлеңкелейді, сол жерде жайылады, нәтижесінде 
R.iliensis
өсімдігінің жас 
өскіндерін 
таптап 
тастайды. 
Төртіншіден, 
жаз 
айларында 
өзен 
жағалауларына демалушылар мен әуесқой балық аулаушылар көп келеді. 
Олар өздерінен кейін үйінді-үйінді қоқыстар қалдырады, ең бастысы от 
жағып, тамақ пісіріп, ошақтағы отты сөндірмей кетеді. Осылардың барлығы 
сирек кездесетін, таралу аймағы шектеулі 
R.iliensis
өсімдігінің тұқымы 
арқылы көбеюін шектейді және оның популяцияларының қалыпты жағдайда 
дамып, табиғи жолмен қалпына келуіне көп нұқсан келтіреді. 
Іле және Шарын өзендерінің жайылмаларынан табылған 
R.iliensis
популяцияларының өсімдіктер жабыны мен флоралық құрамы бірдей емес. 
Оның басты себебі, осы 
R.iliensis
өсімдігі табылған 3 популяцияның теңіз 
деңгейінен қаншалықты биіктікте орналасқандығымен, жылдық ылғалдың 
мөлшерімен, Іле және Шарын өзендерінің гидрологиялық режимімен, 
сонымен бірге ауаның температуралық режимімен және қысымымен тікелей 
байланысты. 
Шарын өзені жайылмасынан (бірінші популяциядан) жоғары сатыдағы 
өсімдіктердің 2 бөлімге, 3 класқа, 25 тұқымдасқа, 51 туысқа жататын түтікті 
өсімдіктердің 62 түрін тіркедік. Олардың ішінде жоғары сатыдағы споралы 
өсімдіктерден қырықбуындар (
Equisetophyta
)
 
бөліміне, қырықбуындар 


156 
(
Equisetopsida
)
 
класына, қырықбуындар (
Equisetaceae


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   72   73   74   75   76   77   78   79   ...   93




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет