157
туысқа жататын түтікті өсімдіктердің 128 түрін тауып тіркедік.
Жетекші тұқымдастарға
Asteraceae
Dumort.,
Poaceae
Barnhart.,
Fabaceae
Lindl.,
Cruciferae
Juss.
және
Caryophyllaceae
Juss.
жатады. Осы 5
тұқымдастың өкілдері популяция флорасының 44,5% құрайды. Бірінші
орында
Asteraceae
Dumort. тұқымдасы 17 түрден тұрады немесе
популяция флорасының 13,2%-ын құрайды,
екінші орында
Poaceae
Barnhart. тұқымдасы 15 түрден тұрады немесе популяция флорасының
11,7%-ын құрайды. Үшінші орында
Fabaceae
Lindl.
тұқымдасы 10
түрден тұрады немесе флораның 7,8%-ын құрайды, төртінші орында
Cruciferae
Juss. тұқымдасы 8 түрден тұрады немесе флораның 6,2%-ын
құрайды,
бесінші орында
Caryophyllaceae
Juss. тұқымдасы 7 түрден
тұрады немесе флораның 5,4%-ын құрайды. Қалған тұқымдастардың
түрлерінің жиынтығы популяция флорасының 55,4%-ын құрайды.
Өсімдіктердің тіршілік формаларынан 3 популяцияда да
гемикриптофиттер, яғни көпжылдық шөптесін өсімдіктер айқын
басымдыққа ие. Шарын өзенінің жайылмасының (бірінші популяция)
флорасының 46%, Іле өзенінің жоғарғы ағысы жайылмасының (екінші
популяция) флорасының 49,3%,
Іле өзенінің төменгі ағысы
жайылмасының
(үшінші
популяция)
флорасының
41,5%
осы
гемикриптофиттер құрайды. Екінші орында терофиттер, яғни даму
циклы қысқа біржылдық және екіжылдық өсімдіктер тұрады –
сәйкесінше бірінші популяцияда 20,6%, екінші популяцияда 36,8%,
үшінші популяцияда 40,8% құрайды. Үшінші және төртінші орындарда
микрофанерофиттер (бұталар, жартылай бұталар, бұташықтар) мен
макрофанерофиттер (ағаштар) тұрады.
Соңғы тіршілік формаларының
түрлік құрамы да, сәйкесінше пайыздық көрсеткіші де осыған дейінгі
тіршілік формаларымен салыстырғанда көп төмен. Бірақ бұлар өзен
жайылмасының өсімдіктер жабынында маңызды рөл атқарады.
Біріншіден, олар жоғарғы ярустарды түзетін
доминант немесе
субдоминант болып табылады және қалың тоғай немесе адам өтпес
қалың қопа түзіп өседі. Екіншіден, дарақтарының сандық көрсеткіші
жағынан да басқа тіршілік формаларынан айқын басым болып келеді.
Өсімдіктердің экологиялық типтерінен 3
популяцияның алғашқы
екеуінде мезофиттер басымдық көрсетеді. Бірінші популяцияда (Шарын
өзенінің жайылмасы) олар флораның 41,3%, екінші популяцияда (Іле
өзенінің жоғарғы ағысы) флораның 42,6% құрайды, ал үшінші
популяцияда (Іле өзенінің төменгі ағысы) керісінше ксерофиттер басым
болып келеді, флораның 48,5% түзеді. Мұндай ауытқушылықты Іле
өзенінің Қапшағай су электр станциясының төменгі ағысында соңғы 45-
50 жылда қалыптасқан келеңсіз экологиялық жағдаймен түсіндіруге
болады.
Шаруашылықтағы маңыздылығы жағынан
Достарыңызбен бөлісу: