148
2020 жылы
ерте көктемде
сәуір айынан бастап
R.iliensis
өсімдігінің
екінші жылғы өскінін өлшеуді жалғастырдым. 38 кестеде көрсетілгендей
алғашқыдағыдай әр 7-10 күн аралығында өскен өркендерді өлшеп отырдым
(40 кесте).
Ең биік өркен
бірінші популяцияда
151 см, ал келесі кезекте
үшінші
популяцияда
131 см және соңғы
екінші популяцияда
126 см құрады. Олардың
сыртқы көріністері 12 суретте көрсетілген.
А
Б
В
Г
А - Үш
популяцияның сыртқы көрінісі; Б – бірінші
популяция; В – екінші популяция; Г – үшінші
популяция
Сурет 12 –
Бірінші, екінші
және
үшінші популяциялардың
екінші
жылғы
өскен сыртқы көріністері
153
Үшінші жылы өсімдік гүлдеп, жеміс берді. Оның биіктігі 236 см жетті.
Мұны интродукциялық жұмыста үлкен жетістік деп білеміз. Олай дейтініміз,
табиғи жағдайда дәннен пайда болған өскіннің гүлдеп, жеміс беруі өте ұзаққа
созылатын процесс.
Алайда,
R.iliensis
тұқым арқылы интродукцияға
енгізудің сәттілігі
көбінесе келесі маңызды іс-шараларға байланысты. Біріншіден, жемістерді
тұқымдарымен уақтылы жинау; екіншіден, тұқым материалының тазалығын
кондицияға дейін жеткізу; үшіншіден, тұқымдарды кептіру және сақтау
технологияларын
сақтау;
төртіншіден,
егу
алдында
тұқымдарды
стратификациялаудан өткізу; бесіншіден, учаске топырағын егуге мұқият
дайындау; алтыншыдан, тұқым себу мерзімдері мен нормаларын дұрыс
анықтау; жетіншіден, агротехникалық шаралардың барлық түрлерін
қатаң
сақтау болып табылады. Жоғарыда аталған іс-шаралардың біреуінің сәл
ауытқуы немесе нашарлауы біздің
R.iliensis
тұқым арқылы интродукцияға
енгізуге бағытталған күш-жігерімізді жоққа шығаруы әбден мүмкін.
Жалпы,
Алматы
облысының
Іле
және
Шарын
өзендері
жайылмаларының үш популяциясынан жиналған тұқымдардан өнген
R.iliensis
өсімдігінен бірдей топырақты-климатты жағдайда олардың жер үсті
және жер асты бөліктерінің өсуі мен дамуында елеулі айырмашылық
табылған жоқ. Үш популяциядан жиналған тұқымдардан өнген өсімдіктердің
биіктіктері мен бұталардың диаметрі шамамен бірдей болды және сәйкесінше
49 см және 35 см құрады.
Тіршілігінің
бірінші
жылындағы
тамыр
жүйесінің
топырақ
горизонттарында өсуі мен таралу ерекшеліктеріне келетін болсақ, олардың
өсуінде бірдей жағдайларда айтарлықтай айырмашылық жоқ екенін көрсетті.
Мысалы, Шарын өзенінің жайылмасынан (бірінші популяция) жиналған
тұқымнан
өскен
R.iliensis
өсімдігінің бірінші жылғы кіндік тамырының
топыраққа ену тереңдігі - 49 см, Іле өзені жайылмасының жоғарғы ағысынан
(
екінші популяция
) жиналған тұқымнан өскен
R.iliensis
өсімдігінің бірінші
жылғы кіндік тамырының топыраққа ену тереңдігі - 50 см, ал Қапшағай ГЭС-
нен төмен Іле өзенінің ортаңғы ағысынан (
үшінші популяция
) жиналған
тұқымнан өскен
R.iliensis
өсімдігінің бірінші жылғы кіндік тамырының
топыраққа ену тереңдігі - 54 см құрайды. Тамыр жүйесінің ену
тереңдігіндегі, таралу радиусындағы шамалы ауытқулар топырақтың
қалыңдығымен, әртүрлі
мөлшердегі тасты блоктардың, плиталардың
сынықтары мен ерітінділердің қалдықтарымен тікелей байланысты.
Қорыта келе,
R.iliensis
өсімдігін интродукцияға ендіру арқылы бірнеше
маңызды мәселелерді бір уақытта шешуге болады. Олардың негізгілері -
Қазақстан флорасының осындай құнды, сирек кездесетін және жойылып кету
қаупі төнген
Rosaceae
Juss тұқымдасының таралу аймағы шектеулі, эндемдік
R.iliensis
өсімдігін сақтау мәселелері. Сондықтан оны тек Бас ботаникалық
бақта ғана емес, Қазақстан Республикасының барлық жергілікті ботаникалық
бақтарында интродукцияға енгізуді, сол арқылы оның қауіпсіздігін
қамтамасыз етуді ұсынамыз. Екіншіден,
R.iliensis
жемістерінде 12,5%-ға
154
дейін «С» дәрумені бар бағалы дәрілік, техникалық, дәруменді және эфир
майлы өсімдік. Сондықтан оны интродукцияға
енгізу итмұрынның осы
түрінің жасанды плантациясын құруға және сол арқылы Қазақстан
Республикасының дәрумендік өнеркәсібі мен фармацевтика өнеркәсібін
қажетті табиғи және арзан шикізатпен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
Үшіншіден,
R.iliensis
сонымен бірге ол мамырдың бірінші онкүндігінен
тамыз айының соңына дейін ұзақ уақыт гүлдейтін бағалы сәндік өсімдік.
Қалқандағы гүлдері қызғылт реңкті ақ түсті, бұл өсімдікке ерекше сәндік
көрініс береді.
R.iliensis
күзде жеміс беру кезеңінде де сәндік қасиетін
жоғалтпайды. Оның қалқанға жиналған қара жемістері өсімдікке ерекше,
қайталанбас сән береді.
Сондықтан,
R.iliensis
өсімдігін
интродукцияға
енгізуге
тек
республикалық және облыстық маңызы бар ірі қалаларда ғана емес, сонымен
қатар шағын қалалар мен аудан орталықтарында, сондай-ақ шалғай елді
мекендерде саябақтарды, скверлер мен аллеяларды көгалдандыру үшін
сенімді түрде ұсынуға болады. Сондай-ақ ботаникалық бақтарда
R.iliensis
өсімдігін Қазақстанның бау-бақтық итмұрындардың
жаңа сәндік сорттарын
шығару мақсатында оны бақша итмұрындарының мәдени сорттарымен
будандастыру үшін аналық өсімдік ретінде пайдалануға болады.