Екі ядросы болады: үлкен ядро — зат алмасу, қозғалу, қоректену, тыныс алу қызметін атқарады; кіші ядро — жыныстық жолмен көбеюді жүзеге асырады.
Көбеюі.
Кірпікшелілер қорегі мол болса, жазда көбеюге кіріседі. Көбею кезінде кірпікшелінің екі ядросы да біраз созылып, ортасынан қынала бастайды. Осы кезде кірпікшелі жәндік қоректенуін тоқтатады. Ядролар біртіндеп екі жартыға бөлінеді де, екі жаққа қарай таралады, сөйтіп жаңадан екі жасуша пайда болады. Әрбір жаңа жасушада жеке кірпікшенің жетімсіз мүшелері – жиырылғыш вакуоль, ауыз қуысы және басқалар түзіледі. Қолайлы жағдайда кірпікшелілер бірнеше жас ұрпақтар бере бөлініп көбейеді.