Цифровая дидактика indd


Рефлекция кезеңін орындау механизмі



Pdf көрінісі
бет223/264
Дата28.11.2023
өлшемі3,99 Mb.
#193967
түріУчебное пособие
1   ...   219   220   221   222   223   224   225   226   ...   264
Байланысты:
Сагалиева Дидактика

Рефлекция кезеңін орындау механизмі 
Оқытушы
Педагогикалық 
процестің рефлек-
сиясы, өзінің және 
оқушылардың 
іс-әрекетін білу 
Жаңа 
педагогикалық 
тәжірибенің 
құрылуы,шеберлікті 
дамыту 
Педаго-
гикалық 
процестің 
тиімділігі 
Оқушы
Процестің реф-
лексиясы, өзін-өзі, 
өзінің тәжірибесін, 
өзінің іс-әрекетін 
және басқа білім 
алушылардың, 
оқушылар мен 
мұғалімдердің 
іс-әрекеттерін білу
Жаңа білімнің 
тууы, тәжірибенің 
қалыптасуы, 
тұлғаның өзіндік 
дамуы
Рефлексия барысында білім алушылар елестетуден түсінуге 
дейінгі кезеңді өз бетінше бағалай алуы маңызды.Бұл үрдістің 
оқытушытарапынан мәжбүрлеуінсіз жүзеге асырылуы өте маңызды.
Б.Блумның ойынша сұрақтар нақты механизм бола алады. 
Мұғалімдер қойған сұрақтар тек рефлексия процесінің белсенділігін 
ынталандыру әдісі емес, сонымен бірге дайындықты көрсету тәсілі 
және өз-өзіне тәуелді рефлексияға апарар жол (сырттан көмексіз) 
екендігіне назар аудару керек. Білім алушыларға сұрақ қоюды ынта-
ландыру мұғалім үшін оқыту үдерісінде маңызды, сонымен бірге 
онша қиын емес міндет. Бұл міндет мұқият және жүйелі жұмысты 
қажет етеді.
Рефлексияны белсендірудің тағы бір ынталандырушысы – 
мұғалімнің сабақта болып жатқан оқиғалар туралы субъективті 
пікірі.Бұл білім алушылардың іс-әрекеттері туралы бағалау (біз 
бұның керісінше, жұмыс белсенділігінің төмендеуіне әкелуі мүмкін 
екенін айтып өттік), сонымен қатар олардың өз сезімдерін бағалау, 
өз күмәндерін білдіру мүмкіндік терінбілдіреді. Серіктестіктің 
шынайылығы мен көзқарасы пікірталас атмосферасын ашық және 
нәтижелерін жемісті етуге мүмкіндік береді.
Рефлексия процесінде мұғалім білім алушылардың жұмыс 
нәтижелерін бағалайды. Технологиялық режімдегі оқу процесінің 


385
тиімділігін диагностикалау механизмі туралы сұрақ жиі туындайды. 
Жұмыстың бірінші және екінші кезеңінде мұғалімнің дауыстап 
бағалаудан бас тартуы маңызды. Бұл процедуралық диагностика-
дан толықтай бас тарту керек дегенді білдірмейді. Бірақ жұмыстың 
соңында диагностиканың нәтижелерін айтуға болады. Жоғарыда 
көрсетілгендерден басқа, сыни ойлауды дамыту режіміндегі жұмыс 
тиімділігі диагностикасының ерекшелігі – оқытушы мен тыңдаушылар 
ізденіс,мазмұны мен рефлексиясын түсінукезеңдеріндегі жұмыс бары-
сындаидеялар мен динамикадағы практикалық тәжірибе туралы 
түсініктердің дамуы барысын қадағалай алады.
Бұл кезең екінші кезеңде зерттелген жаңа материалды тануда 
мотивацияның пайда болуына немесе күшеюіне ықпал етеді. Бұл 
түсінік жаңа ақпаратты енгізуді болжайды. Сыни тұрғыдан ойлаудың 
негізгі моделінің соңғы сатысы – ойлау. Бұл әсіресе маңызды, өйткені 
дәл осы жерде шығармашылық даму, жаңадан алынған ақпараттарды 
білу жүзеге асады. Барлық осы қадамдар өзара байланысты ғана емес, 
сонымен бірге бір біріне тәуелді, 7.2-кестені қараңыз.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   219   220   221   222   223   224   225   226   ...   264




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет