Мақсаты:
Білімділік: Әр түрлі мамандық туралы білімдерін кеңейту, түрлі мамандыққа, жұмыс түрлеріне қатысты сөздерді (құрылысшы, мұғалім) айта білу. Құрылысшы мамандығымен және олардың еңбегімен таныстыру; құрылыс материалдарының бөлшектерін ажыратуға үйрету. Геометриялық фигураларды қиюға және олардан қалаған нысандарын құрастыруды үйрету.
Дамытушылығы: Тәжірибе эксперименттік әрекет арқылы танымдық қабілеттерін дамыту. Тұрмыстық заттарды ұқыпты пайдалануға тәрбиелеу. Жалпы ұғым беретін үй, қала т. б сөздерді қалай түсінгендерін анықтап, қайталап отыру, сөздік қорындағы сөздерді әр түрлі грамматикалық формада (жекеше, көпше) түрде қолдана білуге үйретуді әрі қарай тереңдете жалғастыру. Қию техникасын, ұқыптылықты дамыту.
Тәрбиелік: Әр түрлі мамандыққа қызығушылығын тудыру және еңбек адамдарына құрмет сезіммен қарауға тәрбиелеу. Іс - әрекеттің кез келген түріне шығармашылықпен келуді тәрбиелеу.
Әдіс - тәсілі: Түсіндіру, көрсету, сұрақ жауап, әңгімелеу, суретпен жұмыс.
Көрнекілігі: Мамандықтардың суреттері, үй, дидактикалық материалдар, ақ қағаз, желім, түрлі - түсті қағаздар, көрнекі суреттер, АКТ
Билингвальды компонент: Мен құрылысшы боламын – я буду строителем, үй - дом, құрылыс - стройка.
Жүру барысы:
Сәлемдесу – тәрбиенің басы,- деп қонақтармен амандасу.
- Сәлеметсіздер ме!
- Здравствуйте!
- Good morning!
Шаттық шеңбер.
Күн күлімдеп нұр төкті, бізге жолдап...
Балалар: Сәлем!
Жақсы сөздер нұр септі, бізге жолдап...
Балалар: Сәлем!
Еске сақтап кеңесті, достарға сыйла...
Балалар: Сәлем!
Кел, қосылып айтайық бір - бірімізге...
Балалар: Сәлем!
Тәрбиеші: Балалар қазір жылдың қай мезгілі?
Балалар: Күз мезгілі.
Тәрбиеші: Күз мезгілінің неше айы бар?
Балалар: 3 айы бар. (қыркүйек, қазан, қараша)
Тәрбиеші: күз мезгілінің қандай ерекшеліктері бар?
Балалар: салқын болады, жауын жауады, жапырақтар сарғайып жерге түседі, құстар жылы жаққа ұшады.
Тосын сәт. Қызыл телпекті қыз келеді.
Қызыл телпек: Сәлеметсіздер ме құрметті балалар! Мен Қызыл телпекпін. Орманда саңырауқұлақтар теріп жүріп мынадай әдемі хатқалта тауып алдым. Бұның ішінде шешімі күрделі де қиын жұмбақ жасырылған. Мен бұл жұмбақтардың шешімін таба алмай осы жерге сендерден көмек сұрай келдім. Кәне, сендер жұмбақ шешкенді жақсы көресіңдер ме? Олай болса маған көмектесіңдерші...
Тәрбиеші: Балалар Қызыл телпек қызымызға жұмбақтың шешуін табуға көмектесеміз бе?
Балалар: Әрине.
Жұмбақ жасыру:
1) Мектептің жүрегі,
Білімнің тірегі. (Мұғалім)
2) Сауықтырар сырқатты,
Жылы үнмен тіл қатты. (Дәрігер)
3) Қалпағы ақ қарасаң,
Дәрiгер емес, бiрақ ол.
Дәм мәзiрiн қаласаң,
Алға ұсынып тұрады ол. (Аспаз)
4) Өскен шашты жаратпайтын,
Қайшысы бар жалақтайтын. (Шаштараз)
5) Қолында қалағы
Зәулім үй салады
Ол кім? (Құрылысшы)
Тәрбиеші: Жарайсыңдар, балалар. Жұмбақтың шешімін таптыңдар. Олай болса бұларды бір сөзбен қалай атаймыз?
Балалар: Мамандықтар.
Тәрбиеші: Балалар, мұғалім – балаларды оқытып, тәрбиелейтін маман иесі.
Дәрігер – ауырған адамдарды емдеп жазатын маман иесі. Аспаз – дәмді тағамдар пісіретін маман иесі. Шаштараз - шашымызды әсемдеп, қиятын маман иесі. Құрылысшы – әсем үйлер мен балабақша т. б ғимараттарды салатын маман иесі.
Олай болса балалар осы мамандықтар арасынан біз бүгін «Құрылысшы» мамандығымен тереңірек танысамыз.
Қызыл телпек: Балалар құрылысшы мамандығы қандай мамандық?
Тәрбиеші: Құрылысшылар үй қалайды. Құрылыста үй жобасын жасайтын – сәулетші, тас қалаушы, темірлерді байланыстыратын - дәнекерлеуші, ағаш шебері, сылақшы, краншы, шатырлаушы еңбек етеді.
- Сендердің үйлеріңде осындай жұмыс жасайтын адамдар бар ма?
(ата - анасы, ата - әжесі қандай жұмыс жасайтындары туралы әңгімелеп айтады).
Дидактикалық ойын: «Әр мамандықтардың тиісті құралын тауып белгіле?»
Мақсаты: Балалардың мамандық иелерінің құралдарын ажырата білуін дамыту.
Ойынның шарты: Балалардың алдына сурет беріледі, әр маман иесінің құралдарын сызба арқылы қосу.
Тосын сәт: Құрылыста жасайтын құрылысшы маман келеді.
Құрылысшы ағай: Сәлеметсіздер ме, балалар! Мен құрылыста қызмет етемін. Әдемі кірпіштерден үй саламын. Үйді салу кезінде бірінші іргетастан бастаймыз. Одан кейін тас қалаймыз, төбесін ағаштармен жауып, үстіне қаңылтырмен шатырын орналастырамын. Есік, терезелерін қондырамыз.
Заттық дидактикалық ойын: «Құрылысшының құралын тап?»
Мақсаты: Құрылысшының құралын ажырата білуін дамыту.
Ойынның шарты: Барлық құралдар арасынан құрылысшыға қажет құралды тауып айту.
Қимылды ойын: «Өз үйіңді тап»
Мақсаты: Балаларды ептілікке, шапшаңдыққа тәрбиелеу. Тез ойлау қабілеттерін жетілдіру.
Шарты: Әуен ойналып балалар серуендеп жүреді. Әуен тоқтап, жауын жауған кезде, көп қатарлы үйге қыз балалар, бір қатарлы үйге ұл балалар өз орындарын табады.
Шығармашылық - Аппликация
Олай болса түрлі - түсті қағаздан әдемі үйімізді жапсырамыз ( үйді жапсыру жолдары түсіндіріледі).
Сергіту сәті:
Қортынды: Балалар, біздер қызыл телпекке жұмбақтың шешуін табуға көмектестік.
Құрылысшы мамандығы қандай болатынын білдік пе?
Үй салу үшін қандай құрылыс материалдары керек екен?
Қандай құралдар қажет екен?
Балалардың жауабы:
Сау болыңыздар!
Атырау қаласы.
Достарыңызбен бөлісу: |