Тәрбие сағатының тақырыбы: Ерлік - ұрпаққа мұра.
Мақсаты: Оқушыларды туған жерін, Отанын сүюге, халқына адал қызмет етуге тәрбиелеу. Олардың достық, адамгершілік қасиеттерін, патриоттық сезімдерін дамыту.
Көрнекілігі: шарлар, ұрандар, Ауғанстан жерінің картасы.
Сабақ жоспары:
І. Ұйымдастыру.
ІІ. Мерекелік әдеби-музыкалық монтаж.
ІІІ. Ауған соғысының ардагерлерімен сұхбат.
ІҮ. Құттықтаулар.
Өту барысы: І. Ұйымдастыру.
ІІ. Мерекелік әдеби-музыкалық монтаж.
Кіріспе сөз
Қасенғазина Назым Әуезқызы: 22 жыл бұрын 1989 жылдың 15 ақпанында Кеңес әскерлері ауған жерінен біржолата шықты. Он жылға созылған бұл соғыстан елге қйтқан жауынгерлердің көбі мүгедек болып оралды. Талайы жат жер топырағын құшты. Бұл соғыста ТМД елдерінің 15000 жуық адамы құрбан болды. «Ерлік қашан да елге мүра, ұрпаққа - ұран» болатыны белгілі. Соның бір үлгісі ретінде ауған майданының ардагер жауынгері – Бейбіт Аманғалиүлы ортамызда. Бүгінгі біздің «Ерлік - ұрпаққа мұра» атты тәрбие сағатымыздың «Интернационалист – жауынгер» сізге арналады.
1-жүргізуші (Айгул), ІІ-жүргізуші (Жасулан)
Айгул: Ат басына күн туса,
Ауыздығымен су ішер.
Ер басына күн туса
Етігімен су кешер – дегендей ХХ ғасырдың аяғында, яғни 1979 - 1989 жылдары ауған жеріндегі соғыс апатын шеккен азаматтарымыз аз емес.
Жасулан : 1978 жылдың сәуір айында Ауғанстанда революция жасалды. Революциялық кеңес және Республика үкіметі құрылып, төраға қызметі Н.М.Таракиге жүктелді. Жаңа үкіметтің нақтылы реформалық іс – әрекеттері дамыған социалистік елдердегі құрылысқа ұқсас болды. Жаңа өмірдіңқалыптасуы барысында басқарушы партия арасында алауыздық пайда болып, өзара тартыс басталды.
Айгул: 1979 жылы желтоқсанда КСРО әскерлері ауған жеріне енгізілді. Бұл әрекет елдегі жағдайды одан ірң шиеленістірді. Ауғанстан жерінде болған ұрысқа 22200 Қазақстандыққатысып, оның 701 жауынгері қаза болса, 484 адам мүгедек болып оралды. 20 жауынгер хабарсыз кетіп, 2205 жауынгер орден, медальдармен марапатталды.
Жасулан : Міне, осы Ауған соғысының аяқталғанына 19 жыл өтіпті. Сол кездегі әсерге алынған жас жігіттеріміздің бірталайы соғыс зардабын тартып, қазіргі уақытта Ауған соғысының ардагері атанып отыр.
Айгул : Бүгінгі біздің «Ерлік – ұрпаққа мұра» атты ашық тәрбие сағатымызға ауған ардагерлері Түсіпов Бейбіт келіп отыр, қошеметпен қарсы алайық.
Нурсагат : Батырлыққа уызынан жарыған,
Ер төркіні байрағынан таныған.
Өзі ақын, өзі әнші халықта
Кім айта алар
Болмаған, - деп - Әнұран?!
Әнұран орындалады.
Гүлмайда: Көп аузынан түспейтін,
Отан деген немене?
Оның тұлға, түс, кейпін
Достым, білгің келе ме?
Отан - сенің ата-анаң Отан - досың, бауырың,
Отан - өлкең, астанаң,
Отан - аудан, ауылың Отан - тарих, Отан - тіл,
Жасаған елің, өз халқың!
Отан - өлең, Отан - жыр
Көтерген көкке ел даңқын.
Отан – осы достарым,
Көңілге мұны түйе біл!
Отан деп өсіп жан - жағың,
Оны ардақтап, сүйе біл!
Адайбек : Әуелің Отан - ана алды
Ауыл алды, аунаған шөптің қасы.
Сағынғанда тым ыстық көрінеді
Жаста ойнаған үйшік қып сайдың тасы.
Отан дейміз от жаққан жерімізді,
Отан дейміз өсірген елімізді.
Отан дейміз туған жер, атамекен-
Биік тау, орман, тоғай, көлімізді.
Акниет: Мен оның түнін сүйем, күнін сүйем,
Ағынды өзен, асқар тау, гүлін сүйем,
Мен оның қасиетті тілін сүйем,
Мен оның қасиетті тілін сүйем,
Мен оның құдіретті үнін сүйем.
Бар жәндігін сүйемін қыбырлаған,
Бәрі маған «Отан» - деп сыбырлаған
Жаным менің, кеудемді жарып шық та,
Бозторғайы бол оның шырылдаған!
Отан!
Отан!
Бәрінен биік екен
Мен оны мәңгілікке сүйіп өтем.
Отанды сүймеуің де күйік екен,
Отанды сүйгенің де күйік екен.
Ән «Мен - қазақпын ».
Арман : Отан белгілі бір адам үшін оның өзінің елі ғасырлар бойы ғұмыр кешіп және солай болып қалуы үшін жанын пидақып күресіп келе жатқан өңір, өлке ғана емес, туған шаңырағы, ата - ана, бала - шағасы, жары, дос – жаран туысы. Солармен бірге жалғанған көретін қызығы мен бақытты тұрағы, өлгеннен кейін де, ұрпақтарына рухы жар болып жататын топырағы.
Еламан : Сақтады олар елін, жерін, қонысын
Ақтады олар азаматтық борышын
Сол үшін де қолтығынан сүйейік,
Ардагерге - майдангерге
Иейік біз барлық жерде
Басымызды сол үшін.
Әйгерім : Сапқа тұр, ақ ниет адамдар
Кел қосыл бейбітшіл шеруге
Тыныштық жауларын жеңуге.
Бейбіт күн тулары самғасын
Тыныштықтулары шарласын,
Жетім боп ана мен балалар,
Ойран боп от басы қалмасын.
Жол берме соғысқа азамат
Сен ғана тыныштық қорғаны.
Айгул: Ауған соғысында интернационалдық борышын өтеген қаншама жас жауынгерлер қаза тапты. Оларды еске алу мақсатында 1 минут үнсіздік жариялайық.
Перизат : Жастық шақта жалын жұтып, қан кешкен,
Жарқын дүние жанарынан сан көшкен.
Ардагерлер – естелігі ерліктің,
Ұрпақтары - бұтақтары,
Қасиеттің, өсиеттің, ұмытылмас мәңгі естен.
Жасулан : Акниеттин орындауында «Орден на продажу» әні.
Айнагул : Туған жердей жат жердің болмайтыны-ақиқат, Оған көңлің толмайтыны - ақикат.
Алтын торда алтын құс өсірсеңде, бұлбұл құс
Өскен бағы болмаса, қонбайтыны - ақиқат.
Би: « Гулдер»
Адилет : Жаулардан қарсы келген жасқанбаған
Жасаған ерлігіне мастанбаған.
Ұрпаққа өмір жолың өнеге боп,
Тарихта ардагерлер асқан бағаң.
Нурик : Қызығы балалықтың тарқамаған,
Кезінде - ақәр ауылдан, әр қаладан
Аттанып қан майданға сендерсің ғой
Соғыстың бар азабын арқалаған.
Айгул : Абзалдың орындауында ән: «Зачем».
Еламан : Қазіргі бейбіт өмір солдаттары:
Еліме сақшымын, қалқатай,
Қазір мен, сағындым нақ шыным
Күт мені, әзірлен, - дейді.
Жасулан : Ән «Ауылым»
Айгул : әзіл – сықақ Нурик мен Адайбектин орындауында.
ІІІ. Ауған соғысы ардагерлерімен сұхбат.
Жасулан : Құрметті ауған соғысының ардагерлері, осы соғыс туралы сіздерге қоятын оқушылардың бірнеше сұрақтары бар.
Арман : Адам жүрегіне жара , санасына ауыр салмақ салып, сұм соғысқа өз еркіңізбен бардыңыз ба?
Еламан : Соғысқа шыдамай өз – өзіне қол жұмсаған адамдар болды ма ?
Нурайым : Бейбіт өмірде өмір сүріп жатқан адамдарға тілегіңіз.
ІҮ. Құттықтаулар.