Цифровая дидактика indd



Pdf көрінісі
бет258/264
Дата28.11.2023
өлшемі3,99 Mb.
#193967
түріУчебное пособие
1   ...   254   255   256   257   258   259   260   261   ...   264
Байланысты:
Сагалиева Дидактика
Практика 2
 
 

– жазбаша емтиханға арналған сұрақтар-аптасына бір дәрістік 
және/немесе практикалық (зертханалық, студиялық) сағатқа 3 
сұрақ (оның ішінде тапсырмалар) есебінен.
Жазбаша емтиханға арналған билеттер кемінде жиырма бес 
теориялық сұрақтан немесе екі теориялық сұрақтан және бір тапсыр-
мадан немесе бір теориялық сұрақтан және әр билетте екі тапсырма-
дан тұрады.
Жазбаша жұмыстарды және білім алушылардың оқу жетістіктерін 
бағалаудың объективтілігін бақылау үшін жауап парақтарын шифрла-
уды немесе кодтауды пайдалану ұсынылады.
Оқытушы тест тапсырмаларының базасын триместр /семестр 
аяқталғанға дейін екі апта бұрын «Platonus» ААЖ-ға жүктейді 
(тестілерді импорттайды), барлық жүктелген сұрақтарды дұрыс 
көрсету үшін міндетті түрде «қарайды». Тестілеуді тағайындау білім 
алушы ағымдағы бағаларды қойғаннан кейін жүзеге асырылады. 
Тестілеуді тағайындау емтихандар кестесіне сәйкес жүзеге асыры-
лады. 
Оқытуды цифрландыру жағдайында оқу процесін ұйымдастыру 
кезінде билеттер бойынша жазбаша емтихан нысанында аралық атте-
статтау емтиханын қабылдау кездейсоқ сандар генераторын он-лайн 
қолдана отырып жүргізіледі. Кездейсоқ сандар генераторының 
бағдарламаларын таңдау және пайдалану ұсыныс бойынша жүзеге 
асырылады.
Емтихан алушы ақпаратты берудің кез келген байланыс 
құралдарын (оның ішінде ZOOM, Cisco WEBEX чаты бойынша және 
т.б.) пайдалана отырып, «білім алушылар билетінің нөмірін жасау 
нәтижелерінің парағын» толтырады және таңдалған билет мәтінін 
әрбір білім алушыға дербес жібереді.:
– веб-конференциядағы чат-әрбір білім алушыға дербес файлмен 
(билетті жөнелтуді-жеткізуді алдын ала тексеру);
– WhatsApp – топтың чаты болған жағдайда, сенімді телефон 
нөмірі және білім алушының Толық аты-жөні бар болса-әрбір 
білім алушыға жеке-жеке файл;
– файлды (билетті) жіберудің басқа тексерілген байланыс 
құралдары.
Білім алушыға билет бойынша жауап дайындау үшін уақыт 
беріледі – 15-20 минут. Жауап дайындау аяқталғаннан кейін білім 
алушы дайындалған файлды (файлдың электрондық нұсқасы, немесе 


451
чат бойынша сканерленген нұсқа (фотосурет) (ZOOM, Cisco WEBEX 
және т.б.), немесе оқытушы көрсеткен электрондық мекенжайға 
жібереді. Білім алушы билет сұрақтары бойынша сөз сөйлейді және 
емтихан алушының сұрақтарына жауап береді.
Емтихан нәтижелері ААЖ емтихандық-рейтингтік ведомосына 
енгізіледі. Электрондық форматтағы емтихан парағы қол жеткізу 
құқығы шектеулі электрондық бақылау папкаларында сақталады. 
Үлгерімді ағымдағы бақылау нәтижелері бойынша анықталатын 
жіберу рейтингісінің бағасы негізінде пән бойынша емтиханға жіберу. 
Пән бойынша қорытынды бақылауға рұқсат беру рейтингі кемінде 
50% ТК болуы тиіс.
Үлгерімнің орташа балын (GPA) арттыру мақсатында емтиханды 
қайта тапсыру үшін білім алушы жазғы семестрде осы пән бой-
ынша оқу жұмыс жоспарында көзделген оқу сабақтарының барлық 
түрлеріне қайта қатысады, рұқсат алады және қорытынды бақылауды 
тапсырады.
Бұл жағдайда білім алушы қайтадан оқу пәніне жазылу рәсімінен 
өтеді.
«Fх» «қанағаттанарлықсыз» бағасын алған кезде оқу пәнінің 
(модульдің) бағдарламасын қайта өтпей-ақ ЖОО-ның Академиялық 
күнтізбесіне сәйкес қорытынды бақылауды (емтиханды) бір реттен 
артық емес қайта тапсыруға жол беріледі.
«F» бағасына сәйкес келетін «қанағаттанарлықсыз» баға алған 
жағдайда білім алушы осы оқу пәніне (модульге) қайта жазылады, оқу 
сабақтарының барлық түрлеріне қатысады, бағдарламаға сәйкес оқу 
жұмысының барлық түрлерін орындайды және қорытынды бақылауды 
қайта тапсырады.
Транскриптке FX және F бағаларын қоса алғанда, қорытынды 
бағаны көрсете отырып, білім алушы зерделеген барлық оқу пәндері 
және (немесе) модульдер жазылады».
Емтихан сессиясы кезеңінде ЖОО ректорының бұйрығымен 
біліктілігі апелляцияланатын пәндердің бейініне сәйкес келетін 
оқытушылар қатарынан апелляциялық комиссия құрылады.
Апелляциялық комиссияның өз жұмысында білім алушыларды 
тестілеу логтарын (тест тапсырмалары бойынша жауаптар логтарын) 
пайдалану мүмкіндігі бар. Апелляциялық комиссияның шешіміне 
сәйкес емтиханды қайта тапсыру емтихан сессиясы кезеңінде, 
бірақ емтихан сессиясы аяқталғаннан кейін үш жұмыс күнінен 
кешіктірілмей жүзеге асырылады.


452


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   254   255   256   257   258   259   260   261   ...   264




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет